part in the discussion (Олар талқылауға қатысатын болып келісілді).
Children were to spend their holiday in the camp (Балалар демалысын лагерьде өткізетін болып келісілген болатын).
Өткен шақ формасында келген контексте «to be» модаль етіс тігінен кейін негізгі етістік жедел өткен шақ формасында келуі мүмкін және де жедел өткен шақ формасы жоспарланған ісәре кеттің жүзеге аспағанын білдіреді.
We were to have met at the university but my friend didn’t come (Біз университетте кездесуіміз керек еді, бірақ менің досым келмеді).
Талқылауға жатпайтын бұйрыққа немесе нұсқауға байла нысты міндеттілік пен қажеттілікті білдіреді.
The adviser of the group is to check the attendance of the students (Топтың жетекшісі (эдвайзері) студенттердің сабаққа қатысуын тексеріп отыруы керек).
By the end of the term the students are to write course paper in their specialty (Студенттер оқу жылының соңына дейін өз мамандығы бойынша курс жұмысын жазуы керек).
Жүзеге асуы тиіс, орындалуы көзделген ісәрекетті білдіреді. He always said that he was to serve for people (Ол ылғи да өзінің халыққа қызмет етуге жаралғандығын айтатын).
At the end of his speech he said: «From my childhood I liked to treat people. From that time I understood that I was to be a doctor» (Ол сөзінің соңында былай деді:
«Мен жас кезімнен адамдарды емдегенді ұнататынмын (Мен сол кезден бастап өзімнің дәрігер болу үшін жаратылғанымды түсіндім)».
Шартты бағыныңқылы сөйлемде келетін модаль етістіктің мағынасында «to be (to)» етістігі «to be» етістігімен синонимдес болып келеді.
If they are to work together they must agree everything
(Егер олар бірге жұмыс істеуге тиіс болса, онда олар бәрін келісіп алуы керек).
If you are to study at Biology department, you have to in vestigate the wild life (Егер сіз биология факультетінде оқымақшы болсаңыз, онда хайуанаттар дүниесін зерттеуіңізге тура келеді).
4) мүмкіндікті білдіреді. Бұл мағынада «to be» модаль етістігі нен кейін негізгі етістік ырықсыз етіс формасында (Passive Infini tive) келеді.
After some days the shoots are to be seen (Бірнеше күннен кейін өскіндер көріне бастайды).
We realized that no results were to be released from the experiment (Біз тәжірибеден ешқандай нәтиже ала алмайтынымызды білдік).
«To be» модаль етістігінің бұл мағынасы «can/may» етістікте рімен синонимдес болады.
«Need» модаль етістігі
«Need» модаль етістігі толық мағыналы негізгі етістік және модаль етістік (етістікке тән сипаттарын жоғалтқан) ретінде де қызмет атқара алады.
«Need» етістігінің модаль етістік ретінде бір ғана формасы бар. Бұл етістіктен кейін келетін негізгі етістік «to» шылауымен келеді. «Need» модаль етістігі қажеттілікті білдіреді. Бұл көбінесе сұраулы және болымсыз сөйлемдерде келеді. Сұраулы сөйлемде айтушының ісәрекетті жүзеге асыру қажеттілігіне күмән келтіре тінін білдіреді.
Need we stay here three days? (Бізге осында үш күн болу қажет пе?)
Need you give a talk in the subject, too? (Сіздің бұл пәннен де баяндама жасауыңыз қажет пе?)
Болымсыз сөйлемде «need» модаль етістігі қажеттіліктің жоқ екенін білдіреді.
You needn’t copy out all the words (Сізге барлық сөздерді көшірудің қажеті жоқ).
We needn’t continue the experiment (Бізге тәжірибені әрі қарай жалғастырудың қажеті жоқ).
Болымсыздық мағынаны біддіргенде, болымсыздық мағына басқа формалар арқылы беріліп, «need» етістігі болымсыз түрін де келмеуі де мүмкін және сөйлем ішінде басқа жерде тұруы да мүмкін.
I don’t think you need to buy a new car (Мен сізге жаңа машина алудың қажеті жоқ деп ойлаймын).
I need hardly say that your red dress matches with your black bag (Мен сіздің қызыл көйлегіңізге қара сөмкеңіздің жараспайтынын айтудың қажеті жоқ деймін).
Достарыңызбен бөлісу: |