Гуманитарлық білім” факультеті «География және қоғамдық пәндер» кафедрасы



бет16/30
Дата14.06.2016
өлшемі1.76 Mb.
#136023
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30

ОБСӨЖ №16



1.Сабақтың тақырыбы: Қоғамның саяси жүйесі.

2.Сабақтың жоспары:

1. Саяси жүйенің шешетін негізгі меселелері.

2. Саяси жүйе құрылымы мен түрлері

3. Саяси жүйенің түрлері.


3.Теориялық мәліметтер:

1. «Жүйе» ұғымын XX ғасырдың 20 жылдары ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс биологы Л. Фон Борталанфи (1901-1972). Ол бұл терминді клетканың сыртқы ортамен алмасу процесін көрсету үшін пайдаланды. Ғалым жүйеге өзара байланыста болатын элементтердің біртұтас жиынтығы ретінде қарады. Жүйенің бір элементі өзгеріске ұсыраса, барлық тұтастық өзгереді. Жүйе сыртқы дабылдарға және өзінің ішкі элементтерінің талаптарына жауап қайтару ақасында дамиды.

Кейін жүйелік тәсіл қоғамдық ғылымдарда пайдаланыла бастады. Социологияда қоғамды өзара байланыста болатын 4 жүйешіктен ( эконо-микалық, саяси, әлеуметтік және рухани) тұрады деді. Жүйешіктің әрқайсысы белгілі бір қызметті атқарады, іштен және сырттан түсетін талаптарға құлақ асып, жауап қайтарады. Олар қосылып жалпы қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етеді.

Саяси жүйе тероиясының пайда болғанына көп уақыт болған жоқ. Оны XX ғасырдың 50 жылдарында Американың саясаттанушысы Давид Истон ойлап тапты. Ол саяси жүйенің қызмет ету тетіктерін былай сипат-тайды. Саяси жүйе сыртқы ортамен «кіріс», «шығыс» принциптері арқылы байланысады.

«Кірістің» 2 түрі бар: талап және қолдау. Талапты халықтың билік органдарына қоғамдағы құндылықтардың, қазына мен қаржының, қоғам-дық қордың әділетті, дұрыс немесе әділетсіз, бұрыс бөлінуі туралы пікірі, билік органдарына үндеуі деуге болады. Ол қоғамда белгілі бір қажеттіліктің , мұқтаждықтың бар екендігін білдіреді және әр түрлі болады. Мысалы, еңбекақыны көтеру, білім алу мүмкіндігін арттыру, азаматтардың құқықтарымен еркіндігін қорғау және т.б. Мұндай талаптар көбейіп, оларға билік органдары назар аудармаса, саяси жүйе әлсірейді.

Қолдау қоғам мүшелерінің саяси жүйеге ниеттестігін, адалдығын, саяси институттарға сенетіндігін білдіреді. Ол үстемдік етіп отырған саяси жүйені күшейтеді. Қолдауға, мысалы, салықты дер кезінде төлеу, әскерлік міндетті атқару, ұлтжандылық білдіру, сайлауға белсене қатысу, қабылданған шешімдерді, заңдарды уақытында бұлжытпай орындау және т.б. жатады.

Шығыс- саяси жүйе жұмысының нәтижесі. Онда саяси жүйе түскен талап- тілектерге сәйкес саяси шешімдер қабылдайды, оларды жүзеге асыру жоспары қарастырылады. Оны халықтың талап- тілектеріне жауап деп түсінуге болады. Мысалы, шығысқа қабылданып жатқан заңдарды, атқарушы биліктің қаулыларын, соттардың шешімдерін және т.б. жатқызуға болады. Саяси жүйе орасан зор әлеуметтік мәлімет, хабарла-маларды қарастырып, оларды нақтылы шешімдерге айналдырады. Олар жаңа талаптарды тудыруы мүмкін. Сөйтіп «кіріс» пен «шығыс» әрдайым бір- біріне әсер етіп отырады. Саяси өмірдегі бұл кері байланыс қабылдан-ған шешімдердің дұрыстығын тексеру, оларды түзету, қателерді жою, қолдауды ұйымдастыру үшін үлкен маңызы бар. Кері байланыстың бұрын таңдалған бағыттан бас тартып, басқа бағдар алуға, жаңа мақсат қойып, оған жету жолын таңдауға да мәні зор.

Д. Истонның идеялары Г. Алмонд одан әрі дамытты. XXғ. 50-60 жылдары көптеген бұрын отаршылдықта болған Африка, Латын Амери-касы елдері егемендігін алып жаңа даму жолына түскен. Олардың біразы батыс саяси жүйесін қабылдады. Алайда ол келеңсіз зардаптарға әкелді. Д. Истон соны зерттеді.

Саяси жүйе төмендегідей қызметтерді атқарады:

1. Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз ету. Ол биліктің тәртіпке келтірілген, ережелерде, қалыптарда бекітілген, яғни иституционалданған түрі. Сондықтан ол конституцияға негізделген жалпыға міндетті заңдар шығарады. Сол арқылы қоғамда тәртіп орнайды. Егер оны бұзушылар болса, оларға тиісті шара қолданылады.

2. Саяси жүйе қоғамдық қатынастарды реттейді, жекелеген әлеумет-тік топтар немесе көпшілік халықтың мақсат- мүддесіне сәйкес адамдар-дың тіршілік әрекетінің әр түрлі салаларын басқарады. Ол әлеуметтік институттар қызметінің мақсаттарын айқындайды, солардың негізінде оларды орындаудың саяси жобаларын жасайды.

3. Саяси жүйе қоғамда жинақтаушылық, топтастырушылық қызметті атқарады. Ол ортақ әлеуметтік- саяси мақсаттар мен құндылықтардың айналасында барлық әлеуметтік топтар, таптар, жіктердің белгілі бір бірлестігін қамтамасыз етеді.

4. Экономиканың қалыпты жұмыс істеп, прогресті дамуына қажетті саяси жағдай жасау. Мысалы, саяси жүйе өндіріс құрылдарына меншік түрлерін құқықтық тұрғыдан бекітеді, қаржы жүйесін реттейді, салық саясатын жүгізеді.

5. Қоғамды, оның мүшелерін ішкі және сыртқы бүліндіргіш әрекет-терден қорғау. Мысалы, ұйымдасқан қылмыс, сыртқы агрессиядан (әскери, экономикалық, информациялық) және т.с.с.

Сонымен, қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйымдар мен мекемелердің жиынтығын айтады. Бұл жүйе саяси деп аталады. Себебі мемлекеттік істер алға қойған мақсатты, амал- әдістерді, оларға жету жолдарын қамтитын арнайы жете зерттелген шаралар, саяси бағыт арқылы жүзеге асырады. Сонымен қатар оны жүйе дейді. Өйткені оған мемлекеттен басқа мемлекеттік билікке ықпал ету үшін басқалармен бәсекеге түсетін, одақтарға кіретін, мәмілеге келетін мемлекеттік емес көптеген ұйымдар да кіреді. Бұл саяси қатынастардың күрделі көріністі жүйелілікті, тұтастықты білдіреді.



2. Зерттеушілер саяси жүйенің мынадай негізгі төрт бөлігін атайды: 1) саяси институттар; 2) саяси қатынастар; 3) саяси ережелер; 4) саяси мәдениет. Соларға қысқаша сипаттама берелік.

Саяси институттарға (ұйымдар, мекемелер) мемлекет, саяси партия-лар, кәсіподақтар, кооперативтік, жастар, әйелдер, т.б. ұйымдар мен бірлестіктер жатады. Бұл ұйымдардың бәрі таптық, топтық, ұлттық, жы-ныстық , кәсіби, жас мөлшеріне қарай және т.с.с. байланысты пайда болатын көптеген әлеуметтік мақсат- мүдделерді білдіріп, қоғау үшін құрылады.

Солардың ішіндегі ең негізгісі- мемлекет. Ол қоғамда белгілі бір тәртіп-ті орнатады, оны басқарады, экономикалық және әлеуметтік құрылымын қорғайды. Ол үшін мемлекеттің арнайы аппараты, еріксіз көндіретін күштеу, зорлау органдары (әскер, сот, полиция, милиция және т.т.) болады. Солардың көмегімен ол адамдардың жүріс- тұрыс, іс- әрекетін реттейді. Мемлекет қоғам атынан оның ішкі және сыртқы саясатын атқара алады.

Мемелкеттік емес ұйымдардың арасында қазіргі қоғамның саяси өмірінде ең үлкен рөл атқаратындар- саяси партиялар. Олар мемлекеттік билікті жүзеге асыруға, саяси жүйені, идеологиялар мен доктриналарды, қоғамдық пікірді, саяси сана мен мәдениетті қалыптастыруға ат салысады.

Қоғамның ең бұқаралық ұйымына кәсіптік одақтар жатады. Олардың ықпалы әр елде әр түрлі. Біздің елімізде олар халық шаруашылығын өркен-детудің маңызды міндеттерін шешуге қатысады.Еңбекшілердің заңды талаптарын қорғайды, еңбек заңдарының қатаң сақталуын қадағалайды. Олардың денсаулығын сақтауға, мәдени- тұрмыстық қажетін өтеуге қамқорлық жасайды. Тұрғын үйлерді бөлу, балабақшасына орналастыру, мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстарын бас-қарады. Қазір оның ықпалы төмендеп кетті.

Қоғамның саяси жүйесіне діни ұйымдар да кіреді. Олардың рөлі, әсіре-се, феодалдық қоғамда зор болды. Ол кезде олар ақсүйектер билігін де өздеріне қаратқысы келді. Сондықтан олар мемлекеттік билікпен қатар өздерінің заң шығарушы, атқарушы, сот билігін де құрды. Олардың ішін-дегі ең озбыры католик шіркеуінің XIII ғасырда өздеріне қарсыларды ерекше қатал қудалаған сот, полиция ұйымы- инквизиция еді. Олар 5 миллионға жуық адамды қуғын- сүргінге салып, біразын тірідей отқа жағып жіберді. Капитализм кезінде дін орындарының әсері әлдеқайда бәсеңдеді, бірақ саяси өмірде ықпалын тоқтатқан жоқ. Бұрынғы Кеңестер Одағы кезінде олар қатты қудаланған болатын. Қазіргі кезде жағдай өзгерді. Қайткен күнде де соңында миллиондаған дінге сенушілері бар ұйыммен санаспауға болмайды.

Қоғамдық жүйенің екінші бөлігін саяси қатынастар құрайды. Оған таптардың, этникалық бірлестіктердің, тұлғалар мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің арасындағы қатынастар кіреді. Олардың басқа (экономика-лық, ұлттық, діни, отбасылық және т.с.с.) қатынастардан айырмашылығы мұнда олардың саяси және мемлекеттік билікке қатынасы көрініс береді.

Саяси жүйенің үшінші бөлігі саяси ережелер (нормалар) есептеледі. Олар саяси институттардың өзара бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз етеді және саяси жүйенің ережелік негізін құрайды. Олардың ішіндегі ең маңыздысына Конституция және соған сүйнетін заңдар мен басқа нормативтік актілер жатады. Оларға белгіленген тіртіпті бұзғаны үшін мемлекет тарапынан шаралар қолданылады. Сонымен қатар саяси қызметті атқару үшін қоғамдық ұйымдар жасаған және солардың ішіндегі қатынастарды реттеуге арналған ережелердің де маңызы зор. Оларға ең алдымен сол ұйымдардың жарғылық ережелері жатады.

Саяси жүйенің төртінші белгісі – саяси мәдениет. Ол саяси сана мен іс- әрекетте, саяси көзқарастарда, идеяларда, теорияларда, саяси тұғыр-намаларда, бағдарламаларда, шешімдерде саяси ережелерге қатынаста көрініс табады.

Саяси жүйенің басты қызметі- қазына, байлықты бөлу саласына бақылау жасау. Олардың дұрыс бөлінбеуі ел ішінде әр түрлі әлеуметтік топтар арасында алакөздік, дау- дамай тудыруы мүмкін. Саяси жүйе оған жібермей, қайшылықтарды қиюластырып, келістіріп, шиеленістерді өршітпей, өрбітпей, жан- жақты бітістіріп отырғанда ғана өз рөлін ойдағы-дай атқарады.

Біз осыған дейін бір мемлекеттің ішіндегі саяси жүйе туралы сөз еттік. Сонымен қатар саяси жүйе дүниежүзілік (БҰҰ), аймақтық (Еуропалық одақ, НАТО және т.б.), екі жақты («Шығыс пен Батыс» қатынастары) болуы да мүмкін.



3. Саяси жүйенің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Олар бұл мәселеге әр жақтан қарайд, әр түрлі өлшемді (критерийді) пайда-ланады. Мысалы, марксизм формациялық көзқарасты басшылыққа алып (өндіріс тәсілінің және қоғамның таптық құрылымының өзгешеліктеріне қарай) оны құлдық, феодалдық, капиталистік және коммунистік саяси жүйе деп бөледі.

Ал У. Ростау және т.б. «экономикалық өсу сатысы» деген тұжырымда-маны алға тартады. Олардың ойынша, адамзаттың даму тарихы мынадай бес сатыдан тұрады: 1) дәстүрлі қоғам; 2) өтпелі қоғам; 3) алға басу (жыл-жу) қоғамы; 4) индустриалдық және 5) индустрияланғаннан кейінгі (постин-дустриялдық) қоғам. Бірінші сатыға алғашқы қауымдық, рулық және фео-далдық қоғамның бір бөлігін, екінші сатыға өндірістік революцияны, үшіншісіне 70-80 жылдардағы капитализиді, төртіншісіне 2000 жылға дейінгі капитализмді жатқызады. Бұлайша сатыға бөлудің өлшемі ретінде техникалық даму деңгейін алады. Марксизмнің басшылыққа алатын өндірістік қатынастарымен олар санаспайды.

Саяси жүйені оның саяси тәртібіне (режиміне) қарай тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық деп бөледі. Мұнда топтастырудың негізіне биік, тұлға және қоғам арасындағы өзара іс- әрекеттің сипаты мен тәсілі негізге алынады. Тоталитарлық саяси жүйеде жеке адам мен қоғам толығымен билікке бағынады. Мемлекет қоғамдық өмірдің барлық сала-сын өзінің бақылауына алады. Авторитарлық саяси жүйеде билік басын-дағы жеке адам немесе адамдар тобы шексіз билікке ие болады. Парла-мент, оппозициялық партиялар болғанымен олардың ықпалы шамалы келеді. Мемлекеттің сайланбалы органдары, азаматтардың құқықтарымен еркіндіктері шектеледі. Демократиялық тәртіпте тұлға құқығы биік тұра-ды, билік жұмысын қоғам бақылауға алады. Онда биліктің өкілдік органдарын жалпыға бірдей сайлау арқылы халық сайлайды, азаматтарға саяси құқықтармен еркіндіктер беріледі, елде заңдылық билейді.

Француз саясаттанушысы Ж. Блондель саяси жүйені басқарудың мазмұны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөледі: 1) либералдық демократия. Ол саяси, мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі, жекешілдік, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа алады; 2) комму-нистік жүйе. Ол әлеуметтік иеліктің тең бөлуге бағдар ұстайды; 3) дәстүрлі саяси жүйе. Ол ат төбеліндей ақсүйектердің саяси және экономикалық үстемдігіне негізделеді; 4) дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған саяси жүйе. Онда авторитарлық басқару белең алады; 5) авторитарлық- консервативтік жүйе. Онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік сақ-талады, халықтың саяси билікке қатысуына шек қойылады.

Батыс саясаттанушыларының арасында саяси мәдениеттің жағдайына қарай, құндылықтар жүйесінің негізінде саяси жүйені жіктеудің төмен-дегідей 4 түрі кең тараған: ағылшын- америкалық, құрылықтық- еуропалық, индустрияланбаған немесе жарым- жартылай индустрияланған, тотали-тарлық.

Саяси жүйенің ағылшын- америкалық түрі ондағы саяси мәдениеттің біріңғайлылығымен, біртектілігімен сипатталады. Бұл елдерде мемлекеттің алдында қойған саяси мақсат – мұратын және оған жетудің жолдары мен әдіс- тәсілерін халықтың бәрі қолдайды. Ол мәдениет еркіндік, қауіпсіздік, тиімді есепқорлық, пысықтық, ұқыптылық, сияқтық либералдық құнды-лықтарға негізделеді. Билік тармақталған, ол толығымен жүзеге асады. Мұндай жүйе тұрақты және тиімді қызмет атқарады. Оған АҚШ-ты, Англия, Австралия, Канаданы жатқызуға болады.

Құрылықтық (континенталдық)- еуропалық саяси жүйенің саяси мәде-ниеті, ұстанатын құндылықтары әр түрлі келеді. Онда ескі мәдениеттің жұрнақтары мен жаңа мәдениет астарласып жатады. Алайда оның бәрінің либералдық құндылықтарға, заңдылыққа сүйенген ортақ негізі бар. Сондықтан олар өзара келісім тауып, жымдасып жатады.

Тоталитарлық жүйеде жіктеудің саяси мәдениеттің таптық сипаты бар. Сырттай қарағанда ол біртектес сияқты. Оның құндылықтарын қоғамның барлық мүшелері мойындайды. Бірақ оны еріксіз жасайды. Билеуші партия саяси жүйенің барлық элементтерінің іс- әрекетіне бақылау жасайды.

Саяси жүйені жіктеудің тағы басқа да түрлері бар. Ол мәселенің көпқырлығын көрсетеді. Сондықтан саяси жүйені топтастырғанда әр түрлі өлшемді, белгілерді, тәсілдерді басшылыққа ала отырып қарастырған жөн.
4.Бақылау сұрақтары:

1. «Жүйе» ұғымын кім және қашан ғылыми айналымға енгізді?

2. Саяси жүйе теориясын қашан және кім ойлап тапты?

3. Саяси жүйенің қызметтері?

4. Саяси жүйенің негізгі төрт бөлігі?

5.Саяси жүйе саяси тәртібіне (режиміне) қарай нешеге бөлінеді?

6. Батыс саясаттанушыларының арасында саяси мәдениеттің жағдайына, құндылықтар жүйесінің негізінде саяси жүйе нешеге жіктелді?

7. Құрлықтың ( континентальдық) еуропалық саяси жүйенің саяси мәдениеті, ұстанатын құндылықтары?


5.Студенттің үй тапсырмасы:

Конспект


6.Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

Сұрақтарға жауап беру

Тест

Глоссарий



7.СӨЖ тапсырмасы: Саясаттану қызметтері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет