7-БОӨЖ тапсырмалары Балалар әдебиетіндегі проза жанрының дамуы.
Сағат саны-1
Әдістемелік нұсқау: Мәнжазба оқу материалдарын, әдебиеттерді толық оқып шығуынан кейін жасалатын жазба жұмыс. Ол мәтіннен қысқаша түсінік алып, керекті жерлерін алу. Автордың негізгі ойлары мәнжазба жазуда сөзбе-сөз көшіріліп алынбайды, өзіндік оймен қорытынды жасалып жазылады. Бұл мәтіннің мазмұнын тиімді қамти алуын көздейді. 10-15 беттен кем емес.
1 – тапсырма. Н.Ақышевтің « Ертегілер» тобымен берілген ертегілерін дауыстап, мәнерлеп оқып шығыңыз. Қазақтың ауыз әдебиеті шығармаларындағы ертегілерге ұқсас тұстары мен ерекшеліктерін атап көрсетіңіз. Төменде аталған ертегілерді оқып, өз ойыңызды білдіріңіз.
Ертегілер: «Бөгде комбайн», «Балалар елін бағындыру», «Адам қорыған көл».
2 – тапсырма. М.Гумеровтің «Ерегес» повесінің сюжеті мен композициясын сөз етіңіз. Кейіпкерлері туралы өз ойыңызды ортаға салыңыз. Әрбір кейіпкерге қысқаша мінездеме жазыңыз. Тақырыбы мен кейіпкерлері өзіңіз оқыған қандай шығармалармен үндес?
Домбай
|
Гүлбағила
|
Шабақ ағай
|
Айдархан ағай
|
Ләзиза
|
|
|
|
|
|
3 – тапсырма. С. Қалиевтің «Қандай болып өсемін», Т.Молдағалиевтің «Үлкен болғым келеді» жинақтарының құрылысы және шығармалардың тәрбиелік мәні туралы өз бағаңызды айтыңыз.
Жинақты талдауда мына мәселелерге көңіл аударыңыз:
Жинақ қай жылы, қандай баспадан шыққан?
Жинақ қанша бөлімнен тұрады?
Бөлімдерде қандай жанрлық шығармалар берілген?
Балабақшада (бастауыш сыныпта) ақынның қандай шығармаларын оқуға іріктеп алар едің? Неліктен?
Достарыңызбен бөлісу: |