Гуманитарлық пәндер



бет45/58
Дата07.09.2023
өлшемі149.36 Kb.
#476851
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   58
Силлабус Балалар әдебиеті

9-БОӨЖ тапсырмалары Қазақ балалар әдебиетіндегі драматургия жанрының дамуы
Сағат саны-1
Әдістемелік нұсқау: Конспект материалды толық оқып шығуынан кейін жасалатын жазба жұмыс. Ол мәтіннен қысқаша түсінік алып, керекті жерлерін алу. Автордың негізгі ойлары конспект жасауда сөзбе-сөз көшіріліп алынбайды, өзіндік оймен қорытынды жасалып жазылады. Бұл мәтіннің мазмұнын тиімді қамти алуын көздейді. Конспект жасағанда мәтіннің беттері көрсетілуі тиіс.
Әдебиет:

  1. Қирабаев С.Шындық және шығарма.-Алматы,2014

  2. «Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы» сериялы жинақтар. 30 том.2014-2015.

  3. Рахметова С., Әбдікәрімова Т., Қабатаева Б. Ана тілі. Жалпы орта мектептің 3-4- сыныптарына арналған оқулық. -Астана, 2018.

  4. Айтжанова Қ. Қазақ әдебиетін оқытудың әдіснамасы. –Алматы



10-БОӨЖ тапсырмалары Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын» жырлары
Сағат саны-1
Әдістемелік нұсқау: Мәнжазба оқу материалдарын, әдебиеттерді толық оқып шығуынан кейін жасалатын жазба жұмыс. Ол мәтіннен қысқаша түсінік алып, керекті жерлерін алу. Автордың негізгі ойлары мәнжазба жазуда сөзбе-сөз көшіріліп алынбайды, өзіндік оймен қорытынды жасалып жазылады. Бұл мәтіннің мазмұнын тиімді қамти алуын көздейді. 10-15 беттен кем емес.
1-тапсырма. «Қамбар батыр», «Алпамыс», «Ер тарғын» жырларының сюжеттік-композициялық жоспарын жасап, аннотация жазыңыз. Жырды мəнерлеп оқып, мазмұнын айтуға дайындалыңыз.
2-тапсырма. Батырлар жырындағы образдарды салыстыра талдау. Салыстыру жұмыстары үшін мынадай сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады: 1.Батырлар жырындағы əйелдер бейнесіне тəн ортақ қасиеттерді сарала.
2.Өзіндік ерекшеліктері, айырмашылықтары туралы қандай пікірдесіз?
3.Əйелдер бейнесі арқылы бұрынғы өткен əпкелеріміз, аналарымыз туралы не айтар едіңіз? Халқымыз аналарға, əйелдерге қандай көзқараста болған деп болжам жасайсыз?
4.Батырлар жырындағы ең ақылды, ең сұлу деп кімді айтар едіңіз? Өзіңе əсіресе,қай кейіпкер ұнайды? Ұнау себебін дəлелде.
5.Жырлардағы əйелдерге берілген портреттерді салыстыр. Поэтикалық тіліне назар аударып,яғни,портреттеуде қандай айшықты сөздерді пайдаланған? Ұқсас портреттеулер бар ма?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет