118
Еңбек уәждемесі-бұл жұмыскерлердің еңбек іс-әрекеті
арқылы қажеттіліктерді
қанағаттандыруға деген ұмтылысы.
Еңбек уәждерінің құрылуы-егер адамның әлеуметтік
қажеттіліктеріне сәйкес
қоғамда қажетті игіліктер жиынтығы бар болса, осы игіліктерді алуға қызметкердің жеке
талпынысы болса, еңбектік іс-әрекет қызметкер бұл игіліктерді алу үшін аз материалдық
және моралдық шығындарды жұмсауға мүмкіндік берген жағдайда ғана еңбек уәждері
қалыптасады.
Еңбек уәждерінің құрамы-қызметкер қанағаттандырғысы келетін қажеттілік, осы
қажеттілікті қанағаттандыру мүмкіндігі бар игілік, игілікті алуға қажетті еңбек іс-әрекеті,
еңбектік іс-әрекетін орындауға байланысты жұмсалған
материалдық және моралдық
тұрғыдағы шығындарға баға.
Достарыңызбен бөлісу: