Х. ДосмҰхамедов


Дәріс №7. Пайдаланушы процедуралары



бет23/95
Дата07.12.2022
өлшемі3 Mb.
#466729
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   95
Жуйелик программалау Python

Дәріс №7. Пайдаланушы процедуралары


Дәріс мақсаты: Студенттерге Пайдаланушы процедуралары, Ішкі бағдарлама тоқталу қарастырылады.
Дәріс жоспары:
Ішкі бағдарлама

Ішкі бағдарлама – бағдарламаның жеке, тәуелсіз функционалды бөлігі. Ішкі бағдарламаға негізгі бағдарлама немесе басқа бағдарламаның кез келген нүктесінен бірнеше рет шақыру жіберуге болады. Ішкі бағдарламаны шақырған кезде негізгі бағдарлама (немесе басқа бағдарлама) тоқтап, шақырылған ішкі бағдарламаның командалары орындала бастайды.


Ішкі бағдарламаның әсерінен бағдарламалар жүйесі түсінікті құрылымға ие болады. Оны қолдану бағдарламаны ретке келтіруді жеңілдетеді, сонымен қатар бағдарламалық кодты оңтайландыру кезінде кездейсоқ қателердің болмауын қамтамасыз етеді.
Бағдарламаның кез келген аяқталған бөлігін ішкі бағдарлама ретінде рәсімдеуге болады. Сондай-ақ ішкі бағдарлама қолдануды негіздеу қажет, яғни ішкі бағдарлама келесі жағдайларда тиімді болады:

  • Бағдарламалық код жолдары бірнеше рет қайталанады;

  • Бағдарлама өзінің басты мағынасын жоғалтатын көп бөлшектерді қамтиды;

  • Басты бағдарлама өте ұзын. Мағыналы бөлшектерге бөліп, басты бағдарламаны мазмұн түрінде көрсетуге мүмкіндік береді. Ондағы әр пункт белгілі бір бағдарламаның ішжүйесі;

  • Тапсырманы орындау алгоритмі күрделі, сондықтан аталған алгоритмннің жеке бөлшектерін ретке келтіріп, оларды ішкі бағдарлама ретінде көрсету.

Бағдарламалау тіліне енгізілген дайын процедуралар стандартты процедура деп аталады, ал бағдарламаның өзімен анықталған процедура қолданбалы деп аталады. Тағайындалуына байланысты стандартты ішкі бағдарламалар модульдерге бірігеді. Бағдарлама асты модульдері import қызметтік сөзі іске қосылған кезде қолжетімді болады.
Мысалы,

1-сурет
Ішкі бағдарламаның екі түрі болады: процедура мен функция. Процедура тақырып пен денеден тұрады. Python процедура тақырыбы def қызметтік сөзі бойынша процедура атауын жақшамен, барлық параметрлерін үтір арқылы қамтиды. Параметрлер болмаған кезде жақшалар бос қалады. Процедура тақырыбының соңына қос нүсте қойылып, жаңа жолға ауысу орындалады. Командалардан тұратын дене шегіністі қамтиды. Процедураны шақыру үшін негізгі бағдарламада оның аты жазылады және барлық енгізілетін мәліметтер жақшада үтір арқылы жазылады.
N бірдей символдардың жолын экранға шығаратын процедураны анықтау мен шақыру мысалы. N символы және саны пернетақтадан енгізіледі.

2-сурет
Процедураны анықтау мен оны шақыруды ажырату қажет. Олар бағдарламалық кодта бір-біріне жақын орналаспайды. Процедураны анықтап, бірақ оны бір рет те шақырмауы мүмкін. Бірақ анықталмаған процедураны шақыру мүмкін емес. Сондай-ақ процедураны шақырған кезде оның алдын ала бағдарламалық кодта анықталуы тиіс екенін есте сақтау керек.


2-сабақ
Процедуралармен жұмыс істеу кезінде формалды және нақты параметрлерді ескеру қажет. Процедура сипаттамасының тақырыбында көрсетілетін параметрлер формалды деп аталады. Ал процедура шақыру кезінде қолданылатын параметрлер нақты болып табылады. Процедураны шақыру кезінде формалды параметрлерге нақты параметрлердің мәндері жіберіледі. Сондықтан олардың саны бірдей болу керек. Нақты параметрлердің мәндері формалды параметрлердің процедура тақырыбында сипатталу ретіне сәйкес жіберіледі.
Нақты параметрлер ретінде сандарды, символдарды, айнымалылар мен өрнектерді қолдануға болады.
Бағдарламалауда жергілікті және ауқымды айнымалылардың түсініктемелері қолданылады.
Ішкі бағдарлама деңгейінде ғана қолжетімді айнымалы желілік деп аталады. Жергілікті айнымалыны негізгі бағдарламада немесе басқа ішкі бағдарламада сол айнмалыны қамтитын ішкі бағдаламаны шақырмай қолдану мүмкін емес.
Бағдарламаның кез келген бөлігінде қолдануға болатын айнмалыны ауқымды айнымалы деп атайды.
Әдетте ондай айнымалының мәні негізгі бағдарламада анықталады.
Егер бағдарлама ішінде айнымалы алдында global кілттік сөзін жазсақ, онда ол да ауқымды болады.
Бағдарлама мысалына назар аудар.

1-сурет
Мысалда SUMMA процедурасы үшін a және b айнымалылары – формалды параметрлер, ал x және y айнымалылары – нақты параметрлер. Егер процедурада a және b айнымалыларының мағынасы өзгерсе, онда x және y айнымалыларының мағынасына әсер етпейді.
Бұл жердегі PROIZVED процедурасы параметрсіз процедура ретінде сипатталған.
Формалды параметрлер ретінде ауқымды айнымалылардың атын қолдануға болады, бірақ олар процедура денесінде аттас ауқымды айнымалымен байланысы жоқ жергілікті айнымалы ретінде қолданылатынын ескеру керек.
Көрсетілген мысалда x және y айнымалылардың мәндері негізгі бағдарламада анықталған, сондықтан олар – ауқымды айнмалылар. Және бағдарламаның кез келген бөлігінде қолданыла алады.
Олардың PROIZVED процедурасында қолданылуына көңіл бөл. Сонымен қатар с айнымалысы ауқымдық болады. Себебі SUMMA процедурасында global c командасы жазылған. Осыған байланысты ол негізгі бағдарламада және басқа ішкі бағдарлмада қолданыла алады.
Келтірілген мысалда тек d айнымалысы – жергілікті айнымалы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет