Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Дыбыс жазу құралдарының тарихы
2. Электромагниттік дыбыс жазу тарихы
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Барманкулов М. Вес мир у вас в квартире. Алматы., 1972.
2.Молдабеков А. Хабардың бес белесі. Алматы., 2000
3.Масғұтов С. Көгілдір экран-өмір айнасы. Алматы., 1976
4.Вачнадзе Г. Весмирное телевидение. Тбилиси., 1989
5.Барманкулов М. Телевидение: деньги или власть. Алматы., 1997
6.Тұрсынов Қ. Көгілдір экран құпиясы. Алматы., 1999
7.Кузнецов Г. ТВ-журналист. Москва., 1980
8.Саппак В. Телевидение и мы. Москва., 1988
9.Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы.
Алматы., 1978
10 -Дәріс. МАГНИТТІ ДЫБЫС ЖАЗУҒА ҚАЖЕТТІ АЛҒЫШАРТТАР
Дәріс сабағының мазмұны:
-
Электронды арналардағы жаңа технологиялар.
-
Компьютерде дыбысты өңдеу.
Магнитті дыбыс жазу процесі арнайы акустикалық және техникалық жарақтандырылған студияда жасалынатыны белгілі.
Электронды журналистика тәжірибесінде студиядан тыс хабарлар да көптеп жасалынады. Олар арнайы ПРС, ПТС қондырғылы станциялары арқылы жүргізіледі. Хабарлар белгіленген жоспарлар бойынша белгіленген уақытта арнайы студияларда жүзеге асырылады. Хабарға қажетті техникалық құралдарды операторлар, инженерлер дайындауы қажет. Сонымен қатар, хабарға қатысушылармен бірге, жүргізушілерге де қатысты төмендегідей жайлар талап етілуі қажет:
Акустикалық жарақтандырылған бөлме дыбыстың сапалы жазылып, оған жаңғырық араласпауы үшін қажет.
Қажетті микрофон таңдау, егер хабар дөңгелек стол пішінінде болса көп бағытты конденсаторлы, үлкен залдардан жазылатын болса аспалы т.б. микрофондар тапсырыспен алынып және ғимараттың акустикалық ерекшеліктері ескерілуі керек.
Егер мәтін оқылытын болса, онда қажетті паузаның сақталуын ескерген жөн. Әйтпейінше монтаж жасалу кезінде қиындық туады.
1.Микрофонның сезімтал екенін ескеру. Қағазды сытырлатпау. Парақ беттерін аударған уақыттағы қағаздың сыбдыры микрофон құралына өте қатты естіліп, дыбыс сапасына зиян келтіреді. Сондықтан, қағаздың шетін алуға ыңғайлы етіп бүктеп қою керек. Немесе, сытырлатпай ақырын жылжытып отырған жөн.
2.Әдеттерді шектеу, артық дыбыс шығармау кейбір хабарға
қатысушылар қаламды тықылдатып, немесе үшын шығарып шытырлатып отырады. Кейбіреулер отырған орындарын қозғай береді, сол
сияқты т.б. әдеттерді қайталамауын ескертіп қою да дыбыс жазуға
қажетті шарттардың бірі. Қандай жағдайда дыбыс жазылмасын журналистік этиканың сақталуы. Неғұрлым қысқа, нұсқа, нақты, тұжырымды сөйлеу. Аудитория мәдениетін сақтау. Дауыс ырғағын, сөз екпінін, сөйлеу мәнерін, паузаны қадағалау.
3.Техниқалық ақауға жол бермеу, бола қалса тыңдарман психологиясына зиян келтірмейтіндей түсінік беру. Әрине, мұндай шектеулердің қөпшілігін компьютер арқылы да жүзеге асыруға болады. Кейбір шуларды тазартуға мүмкіндіктер бар. Міне, осылай эфирдің сапалылығы, тазалығы, барлық нормала ры сақталып жазылған дыбыстық эффектілердің өз тыңдармандарын табуы жолындағы енбекке журналистердің шығармашылығы қосыла келіп, озық эфирліқ өнім пайда болады.
Электронды арналардағы жаңа технологиялар туралы сөз болғанда бір мәселеге ерекше назар аудару керек. Ол бүгінгі таңдағы форматтар туралы. Қазір дыбыс пен бейнені жазудың екі стандарты кең тарап отыр. Бірінші дәстүрлі аналогтық жүйе, дыбыс табиғатын, тербелістерін ескеріп, магнитті лентаға жазу және қайта жаңғырту сияқты операциялармен шектеледі. Оның үлес салмағы қазір едәуір көп болғанымен, жыл өткен сайын азайып келеді. Аналогтық форматты цифрлық жүйелер ауыстыруда. Бұл жүйеде аналогтық сигналдардың барлығы белгілі бір алгоритм бойынша сығымдалып сақталып жазылады, соған сәйкес ойналады. Яғни олардың негізін сығымдау және кері қайта қалпына келтіру сияқты операцияларды жүзеге асыратын компьютерлік чиптер, процессорлар құрайды.
Осыдан келіп қазіргі заманғы мамандар акустикалық сигналды табиғатына қарай екі топқа жатқызады. Музыкалық аспаптардың әуендері, ән салу, сөйлеу, сондай-ақ табиғи шулар бастапқы сигнал деп аталады да, электроакустикалық құралдарда өңделгеннен кейін екінші өзгермелі сигнал деп аталады. Компьютердегі дыбыс табиғатын, оны өңдеудің ерекшеліқтерін зерттеуші А. П. Загуменнов өзінің «Компьютерная обработка звука» қітабында былай деп жазады: «Акустикалық сигнал уақытқа байланысты әр түрлі деңгейдегі тербеліс береді. Оның ең жоғарғы және төменгі мөлшері динамиқалық диапазонды құрайды және әдетте децибелмен өлшенеді. Сонымен қатар акустикалық сигналдың спектрі табиғатынан әр түрлі болып келеді. Яғни оның импульсі өзгермелі болып келеді. Дыбыстың осындай үйлесімді тербелістерден тұратындығы компьютерлік алгоритмін жасауда ескеріледі. Аналогтық сигналды пифрға ауыстыру үш кезеңнен тұрады: іріктеу, кванттау және кодтау. Іріктеу кезінде алғашқы сигналдың дыбыс тербелістері, қуаты мен жиілігі уақыт өлшемімен бір жүйеге іріктеледі. Кванттау мен кодтау компьютердің аналогтық-цифрлық өзгерткішінің мүмкіндігіне байланысты алғашқы сигналдың табиғатын сақтап, өзгермелі диапазоның жасау және оны компьютер тіліне айналдыру болып табылады, әдетте тікелей екілік кодпен жазылады».
Бұл өте күрделі өзгермелі процесс, осы салада жүргізіліп жатқан ғылыми ізденістер сан салалы болып келеді, бірізді пікір де қалыптасып болмаған. Дыбыс табиғатын өзгертпей, қалай табиғи күйінде жеткізе аламыз деген сұраққа жауап табу қиын. Өйткені, бұл жерде субьективтілік те басым түсіп жатады, әр адам дыбысты әркелкі қабылдайды, бір талғамның болуы да мүмкін емес. Бірақ, бір нәрсе анық, қазіргі заманғы қомпьютерлердің қуаты мен иқемділігі, дыбыс жазудың алгоритмдері мен сығымдау тәсілдері барынша жетілдірілген, қарапайым адамдардың есту қабілетін толық қанағаттандырып, дыбыс пен әуенді табиғи қалпына өте жақын күйде бере алады. Ал кейбір кәсіпқой музыканттарға ұнамаса, ол субъективті қабылдауы болса керек. Оның үстіне қазіргі техникалық құралдардың деңгейі де, бағасы да әр түрлі.
Сонымен, цифрлық дыбыстың сапасы компьютерлік чипке – аналогтық-цифрлық және кері өзгерткішке байланысты. Кейбір осындай сапалы өзгерткіштер бір секундта 48000 тербеліске дейін іріктеп, кванттап, кодқа түсіреді. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Осыған байланысты тағы бір тауқімет туындайды. Дыбыстың сапасы неғүрлым жоғары болған сайын ол компьютердің ресурстарын көп пайдаланады, сақтап қоюға көп кеңістік қажет болады. Мысалы, стерео режимінде жоғары сапалы бір минуттық музыканы жазу үшін 10 мегабайттан аса диск кеңістігі қажет екен. Осыдан келіп оны сығымдау қажеттілігі туындайды. Қазір мұның да үздік алгоритмдері түзілген, олар ұқсас тербелістерді біріктіру, адам құлағы ести бермейтін жиіліктерді алып тастау сияқты жолдармен мағлұматтарды төрт, кейде тіпті он есеге дейін қысқартып, қомпьютерде өңдеуді жеңілдетеді. Ал дыбыс сапасындағы өзгерісті екінің бірі аңғара да бермейді.
Дыбысты компьютерге көшірудің артықшылықтары қандай дегенде мына мәселелерге назар аударамыз:
цифрлы сигнал сапасын ешқашан жоймайды, өздігінен өзгермейді, мысалы, елу жылдан кейін де сол күйінде сақталады, ал аналогтық магнитті лента ұзақ сақтауға жарамайды және қайта көшіру кезінде сапасы, деңгейі төмендей береді;
компьютерде өңдеу орасан шығармашылық мүмкіндіктерге жол ашады,
көп каналды өндеу, қосымша дыбыстармен араластыру, деңгейін өзгерту онай жүзеге асырылады,
шу деңгейі өте төмен, аналогтық жүйеде механикалық шу, үйкелістер көп кедергі келтіретіні белгілі,
қашықтыққа беру мүмкіндігі өте жоғары, цифрлы әуен сол күйінде дүниежүзінің кез келген бұрышында ойналады, интернетпен де жіберуге болады, ал табиғи дауысты сапалы деген телефон желісімен де екінші қашықтыққа өзгеріссіз беру мүмкін емес,
лазерлік технологиялармен кірігуі, СБжәне ОУТ) технологиялары музыканы сақтау мен жеткізудің бүгінгі таңдағы ең үздіқ құралдары болып қалыптасты,
дыбыс режиссері мен операторы жұмыстарын едәуір жеңілдетті,
орасан музыкалық мұражайлар жасауға және оны еркін
тасымалдауға мүмкіндік берді, мысалы қазір МРЗ тәсілімен миллиондаған әндер, музыкалық шығармалар таратылуда,
радиотарату ісін автоматтандыруға жол ашты, мамандардың уақытын үнемдеуі және басқалар.
Осының ішінде музыканы компьютерде өңдеудің жаңа шығармашылық мүмкіндіктеріне қысқа тоқталып өткен орынды. А. Загуменнов бұл процестерді үш топқа бөледі: қарапайым редақциялау, дыбыс процестері және дыбыс эффектілері.
Қарапайым редақциялау кезінде дыбыс материалы компьютерде өңделіп, артық тұстары алынып тасталады, орындары ауыстырылады және басқа да монтаждаудың дағдылы міндеттері атқарылады. Мысалы, жазып алған сұхбатыңыздың кез-келген тұсын кесіп алып тастайсыз, немесе орнын ауыстырасыз, қайталанған сөздерді, іркілістерді жоясыз және басқалар. Ал, абайсызда қателік жіберіп қойсаңыз кері оралып, жұмысты қайта жалғастыруыңызға болады. Аналогтық лентамен жұмыс істегенде байқаусыз қиған тұсыңызды қайта қалпына қелтіру тіпті де қиын.
Дыбыс процестеріне мына міндеттер жатады:
дыбыс тербелістерін біріктіру;
кері аудару, әдетте стереоэффектті қалпына келтіру үшін жасалады;
тербеліс деңгейлерін өзгерту, мысалы тым жоғары, қатты шыққан дыбысты төмендетеді, т.с.с;
тұрақты тоқты өзгерту;
қалыптандыру, дыбыс деңгейін бір дәрежеге көтеру үшін
қажетті аса маңызды фунқция, оны қолданғанда дыбыс деңгейінің
кенеттен төмендеп кетуі, бәсеңсуі болмайды, сапасына нұқсан
келтірмей, бұл операция осындай ой-шұқырларды теңестіреді;
панораманы кеңіту, дыбыстың шекарасын, ауқымын кеңітеді;
жиілігін түзету, бір сапа деңгейінен екіншісіне ауыстыру, мысалы, интернетте тарату үшін жоғары сапалы дыбыс қажет емес, сондықтан оны төмен жиілікке түсіру арқылы файлдың көлемі ықшамдалады және тез тасымалдануы үшін жеңілдетіледі;
әр түрлі сүзгілер, олар дыбысқа қосымша реңк беру үшін қолданылады.
Дыбыс эффектілері ретінде мыналар қарастырылады:
сигналды тежеу;
тербелісі мен фазасын өзгерту;
дыбысталу деңгейі мен уақытын өзгерту;
ерекше эффектілер қолдану;
жаңғырық;
караоке және басқалар.
Компьютерде дыбысты өңдеу тәжірибесі күн өткен сайын толыға түсуде және бұл бағытта мыңдаған адамдар ізденістер жүргізіп, жаңа мүмкіндіқтерді ашып, бар технологияны жетілдіруде, көптеген арнайы мектептер мен жоғары оқу орындары мамандар даярлау ісімен айналысуда. Болашағы зор нарық ретінде де қалыптасып үлгерді.
Радиотелевизиялық технологиялар да бір орнында қалып қоймай күнделікті даму үстінде. Соңғы кезде ол жаңа бір технологиялық секіріс жасап, бұған дейін радио ҒМ диапазонына көшуіне байланысты дыбыс сапасы едәуір жақсарып, жаңа деңгейге көтерілген еді. Барлық радиохабарларын тарату цифрлы форматқа көшірілуде. Бұл үрдіс шетелдерде жаппай қолға алынуда. Мұндай жағдайда цифрлы радиоқабылдағыштар арқылы қазіргіден жоғары сапалы тіпті ауқымды естілетін дыбыс сапасына қол жеткізіледі. Шағын ғана радиоқабылдағыш құралдар сізді қай жерде жүрмеңіз ақпаратпен қамтамасыз етіп, болып жатқан оқиғаларды, ауа райын, ақша бағамдарын біліп отырасыз және сазды музыкалық шығармаларды тыңдайсыз.
Интернет арқылы радиотарату да кең қолданысқа енуде. Қазір оның екі мүмкіндігі бар. Оның біріншісі, реал-аудио яғни нақты уақытпен жер шарының кез-келген нүктесіндегі әуе толқынына тарап жатқан станцияларды тыңдау. Екінші, веб-серверлерде сақталған радиохабарларын тыңдау. Оларды тікелей, болмаса өз компьютеріңізге көшіріп алып тыңдауға болады. Осыған байланысты өз радиохабарларыңды интернет арқылы тарату қаражат шығынын талап етпейтін мол мүмкіндік ашады. Кез-келген журналист, музыкант интернетке өз хабарларын орналастырып, ешқандай радиожиілік сатып алмай-ақ, тендерге қатыспай-ақ хабар тарата алады.
Осы жұмыстарды атқаратын компьютерлік бағдарламалардың сипаты төмендегідей:
Ең көп тарағаны музыкалық редакторлар болып табылады, олар қарапайым дауыс жазудан бастап, монтаждау, жекелеген эффектілерді қолдану сияқты кең ауқымды шараларды компьютерде атқаруға мүмкіндік береді. Солардың қатарында, АёоЬе Аиёіііоп, Сооі Есііі, \¥ауеЬаЬ, Зошісі Ғог§е бағдарламалары кең тараған. 8атр1ішсіе Мазіег бағдарламасы көп каналды дыбыс жазуға, әр каналды жеке өңдеуге және соның барлығын біріктіріп тұтас музыка, не хабар жасауға көмектеседі.
Көп каналды жазудың артықшылығы әрқайсысын жеке өңдеп, сан рет өзгертуге болатындығы, ал нәтиженің басқа жолдарға әсер етпейтіндігі. Осындай тәсілмен көбіне музыкалық аранжировка жасалады, яғни музыка мен дауысты сәйкестендіру, деңгейлестіру жүзеге асырылады, минусовкалар, фонограммалар даярланады. Мұндай музыкалық құралдар МГОІ редакторлар деп аталады. Оның бір мысалы, Сақе\үа1қ бағдарламасы.
Компьютерде дүниеге келген музыкалық шығарманы нотаға түсіретін арнайы Ғіпаіе сияқты бағдарламалар да бар, онда компьютер өзі әуеннің ырғағын, жиіліктерін, деңгейін бағалап, нота сызығына түсіреді, қағазға бастырып алуға мүмкіндік жасайды. Сол сияқты музыкалық синтезаторлар, үлкен музыкалық қордан жаңа туынды жасауға мүмкіндік беретін бағдарламалар да бүгінгі музыканттар мен әуесқойлардың көмекшісі болып табылады. Солардың ішіндегі кең тарағаны кәдімгі Ямаха синтезаторлары.
Аналогтық көздерден, яғни магнитофондар мен грампластинкалардан музыканы көшіру кезінде пайдаланылатын өз бағдарламалары да бар. Мысалы, Оіатопсі Сш Ашііо Қезіаигаііоп, ІЧоізе Қ.егіисііоп Эігесі X бағдарламалары осындай сапасы төмен әуендердің шуын азайтып, артық тырсылдар мен фондарды, ескі эффектілерден тазартуға көмектеседі.
Интернеттегі музыка әлеміне арналған, оларды іздеу мен табуға көмектесетін бағдарламалар қатары да көптеп саналады. Сол сияқты әр түрлі музықалық форматтардағы әуен мен дауысты тыңдауға жол ашатын әмбебап ойнатқыштар қатары да жүздеп, мыңдап саналады. Жалпы, бұл саладағы компьютерлік бағдарламалар қатары да күн сайын өсіп, толығып, жақсарып отыратындығын естен шығаруға болмайды.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Электронды арналардағы жаңа технологиялар.
2. Компьютерде дыбысты өңдеу.
3. Әлемдік теледидардың даму бағыттары мен жаңашыл тенденциялары.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Барманкулов М. Вес мир у вас в квартире. Алматы., 1972.
2.Молдабеков А. Хабардың бес белесі. Алматы., 2000
3.Масғұтов С. Көгілдір экран-өмір айнасы. Алматы., 1976
4.Вачнадзе Г. Весмирное телевидение. Тбилиси., 1989
5.Барманкулов М. Телевидение: деньги или власть. Алматы., 1997
6.Тұрсынов Қ. Көгілдір экран құпиясы. Алматы., 1999
7.Кузнецов Г. ТВ-журналист. Москва., 1980
8.Саппак В. Телевидение и мы. Москва., 1988
9.Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы.
Алматы., 1978
11 -Дәріс. РАДИОХАБАРЛАРЫНЫҢ БЕЙНЕЛЕУШІ ҚҰРАЛДАРЫ
Дәріс сабағының мазмұны:
-
Радиожурналистика - дыбыстық коммуникация.
-
Дыбыстық образ.
Радиожурналистика - дыбыстық коммуникация. Оның ерекшелігі дыбыстың табиғатымен, мүмкіндіктерімен және оны адамның психологиялық тұрғыдан қабылдауымен тікелей байланысты. Материалдың логикалық мазмұны, әдеби мәтін үзінділерінің ішқі тұтастығы, дәлелдер, пікірлер және дәйектерді келтіру жүйесі дыбысталған сөздің (ауыз екі тілдің) заңдылықтары негізінде құрылуы тиіс.
Радиохабардың тиімділігі мен әсерлілігі хабарды ұйымдастыру барысында бейнелеу құралдарын жүйелі әрі сауатты түрде қолданумен тікелей байланысты. БАҚ-тың ықпалды әрі кең таралған қолайлы түрі – радио табиғатында тыңдаушылармен бейнелік немесе образдық қарым-қатынас жасауға негізделген, яғни дыбыс арқылы адамның елестету қабілетінің жұмыс белсенділігін арттырады.
Дыбыстық образ дегеніміз дыбыстық элементтердің жиынтығы (сөз, музықа, шулар). Адамның мінезі, тұрмыс-тіршілігі немесе хабарда әңгіме арқауы болатын нысаналар, өмірліқ құбылыстар туралы дұрыс мазмұнда, әрі әсерлі етіп баяндау, яғни солардың бейнесін сөз арқылы сомдап, тыңдаушынын көз алдына келтіру.
Радионың бейнелеуші құралдары бір-бірімен тығыз байланысқан екі топқа бөлінеді:
Біріншісіне тұрақты, сандық өзгерістерге ұшырамайтын дыбыстық материалдар жатады: сөз, музыка, шулар (шынайы, өмірлік, студиялық) және студиядан тыс жазылған деректі жазбалар - бұлар табиғи немесе пішін тудырушы бейнелеуші құралдар.
Екіншісі - өзгеріске ұшырайтын, өзіне қолайлы әрі ыңғайлы етіп қолдануға болатын, радиожурналистің шығармашылық қажеттілігіне тәуелді техниқалық немесе стиль қалыптастырушы бейнелеуші құралдар, яғни монтаж және дыбыс құрастырудың техникалық тәсілдері.
Табиғи немесе пішін тудырушы бейнелеуші құралдар:
СӨЗ. Сөз - адамдардың тіл қатысуында қолданылатын негізгі өнім. Радиожурналистикада сөздің алатын орнын зерттемес бұрын, алдымен сөзге анықтама беріп алайық. Мағжан Жұмабаев бұл жөнінде төмендегідей ой түйеді: «Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа білдіре аламыз һәм басқа адамдардың ойларын біле аламыз. Сөз болмаса, адамда білім болмас еді. Атын атап, сөзбен бекітіп тастамасақ, жанда суреттер, ұғымдар тұрмас еді. Сөз болмаса, сөзбен адамзаттың бір-бірімен ұғысуы болмаса, жер жүзіндегі осы күнгі адамзат тұрмысы деген тұрмыс та болмас еді. Қысқасы, жан көріністерінің ең қымбаты - ой. Ой тілі - сөз». Ал Ахмет Байтұрсыновтың қағидасына сүйенсек «бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яқи қиялымызды, яки көңіліміздін күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады. Ішіндегі пікірді, қиялды, көнілдің күйін тәртіптеп, қисынын, қырын, кестесін келтіріп сөз арқылы тысқа шығару - сөз шығару болады». Яғни Мағжанша айтсақ, адамдардың ішкі жан дүниесіндегі толғаныстарды жеткізудің негізгі құралы, сонымен қатар ойдың тілі - сөз болса, ал Ахметше көңіл түкпіріндегі өзгерістерді, құбылыстарды жай тілмен емес, көркем, қисыны келіскен сөзбен кестелеп, жүйелеп жетқізу әр азамат үшін парыз болмақ. Ал сөз қадірін бірінші кезекте бағалайтын журналистер үшін Ахмет Байтұрсыновтың бұл талабы негізгі қағида болуы тиіс.
Ең алдымен сөзбен жұмыс істегенде журналистің алдында тұратын үш міндетті жүйелеп өтейік:
Біріншісі - журналист көңіл қойып, назар аударған оқиғаны және оның барлық болмысын сөзбен дәл әрі нақты мазмұнда суреттеп тыңдаушыға жеткізе білуі қажет.«Айтушы өз ойын өзі үшін айтпайды. Өзге үшін айтады. Сондықтан ол ойын өзгелер қиналмай түсінетін қылып айту керек. Ол үшін айтушы сөйлейтін тілін жақсы қолдана білуі тиіс. Яғни әр сөздің мағынасын жақсы біліп, дұрыстап сөйлемді тізе білуі тиіс. Тілді қолдана білу деп айтатын ойға сәйқес келетін сөздерді таңдап ала білуді және сол сөздерді сөйлем ішіне орын-орнына дұрыстап қоя білуді айтамыз». Бұдан шығатын тұжырым сөзді дұрыс тауып қана қоймай, оны оқиғаның бар болмысын, негізгі мән-мазмұнын шынайы етіп суреттейтіндей дәрежеде қолдану керектігі.
Екінші міндет - сөздің оқу мақамын дәл табу, кез-келген мәтінді нақышына келтіріп оқи білу шеберлігі. Бернард Шоу айтқандай «иә» немесе «жоқ» сөздерін жазудың бір ғана тәсілі бар, ал айтудың 50 түрі бар, көп жағдайда кері мағынада, яғни айтылу мақамын таппасаңыз кез-келген сөздің өзіндік мәні, берер мазмұны жойылады.
Кез-келген мәтіндегі әрбір сөзді нақышына келтіріп айтып, оқу мақамына салып, жан-тәніңмен тебірене отырып оқысаң, баяндалған оқиғаның болмысын өзіндік бояуымен әсерлі етіп жеткізе білсең тыңдаушыға әсер етпей қоймайды. Кез-келген мәтінді - ауа-райы болжамынан бастап қайғылы жайттар, елең еткізер оқиғаларға дейін - ресми түрде немесе селқос баяндауға болады, сонымен қатар тыңдаушыны толғандырып, селт еткізердей етіп жеткізуге де болады. Бұл үшін журналист шығармашылық адамы болуы тиіс, мәтінді ішкі түйсікпен терең сезініп, тақырып мазмұнына қарай дауысын құбылтып отыруы керек.
«Біз басқаларды тыңдағанда олардың айтқандарын құлақпен қабылдаймыз, содан кейін барып тыңдағанымызды көзбен көреміз» Қ.С.Станиславсқий), яғни айтылғанды көзбен көру тыңдау болса, ал сөйлеу - ойша елестетіп, бейнелеп тұрған образдарды (ұғымдарды) сөзбен сомдау болмақ.
Үшінші міндет - журналист логикалық және экспрессивті акценттерді, екпіндерді іздеуі қажет.
Сөздің әсер ету күші, сөздің әсерлі әрі бейнелі шығуы үшін журналист дауыстың күшіне емес оқу мақамының (интонация) деңгейіне (жоғарылату немесе төмендету), екпіндердің дұрыс қойылуына (фонетикалық акценттер), тыныс алудың реттілігіне көңіл қоюы керек. Дауыс күшімен әсер етем деу қате, бұл жағдайда қажетті көңіл-күй туғызу қиын болмақ, бұл тәжірибеде дәлелденген қағида.
Екпін - сөз мәнінің көрсеткіші, сөздегі ой дәлдігінің көрсеткіші. Екпінді дұрыс қолдану дегеніміз оны қай сөзге қою керектігін таба білу ғана емес, оны қай сөздің арасында қолданбау керек екенін сезіну.
Ахмет Байтұрсынұлы «буын екпіні мен сөз екпінінің қолайлы орналасуы сөйлеу әуезділігін тудырады» дейді. Ауызекі сөйлегенде түрлі сөздердің үндері орайласып, ұнамды құралуын, құлаққа жағымды болып естілуін сөйлеу әуезділігі десек, онда екпіннің айтар ойды жеткізудегі ролін бағамдауға болады, яғни екпінді дұрыс қолдану сөздің кестесін келтіріп айтудың негізгі шарты.
Тыңдаушыларды хабарға тартудың бір жолы - студия қонағымен еркін сұхбаттасып, шынайы әңгіме айтуға жетелеу. Ауызекі сөйлесудің негізгі пішіні - диалог, яғни нақты бір проблеманы шешудің жолдарын бірлесе іздестіріп жүрген немесе бұл бағытта білетін ақпараттарымен ой бөлісуді көздеген екі немесе бірнеше адамның әңгімесі.
Радиодағы диалог құрудың өзіндік ерекшеліктері бар, яғни сөйлеуші адам мен тыңдаушы арасын кеністік бөліп тұрады, тікелей байланыс жоқ. Бірақ журналист тыңдаушылардың назарын өзіне аударып, белсенді тыңдаушыларды ойша елестетіп, алдын-ала оның реакциясын бақылап, ойын түсініп, әңгіме барысында туындайтын сұрақтарды біліп, екеуара әңгімелесіп, бетпе-бет отырғандай әсерде ақпараттардың берілу ретін, логикалық шешімдердің жүйесін құрып алады. Радиоәңгімені диалогтың, яғни ауызекі сөйлеу стилінің элементтерін қолдану арқылы шынайы әрі тартымды етіп құруға болады, ауызекі сөйлесудің мақамын пайдалану, сөздердің құрылу тәртібін бұзу, адам сөйлеп отырып қажетті сөзді таппаған жағдайда немесе ойланған кезде қолданатын сөз арасындағы кідірістерді табиғи қалыпта қолдану. Диалогта ой дамып, қозғалыста болғаны жөн, әр түрлі көзқарастар мен дәйектемелердің жан-жақтылығынан ойлар туындап, әңгіменің бар мазмұны өз мәнінде ашылғаны дұрыс.
Радиода журналистің бар ойын, пікірін, сезімін жеткізу құралы теқ қана сөз десек, онда ауыздан шыққан әрбір сөзге жете мән беріп, тілдің құдіретін жан-тәнінмен сезе білуің қажет. Ал ол үшін Ахмет Байтұрсынұлынша айтсақ: «Тілдің міндеті - ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, қөңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. Мұнын бәріне жұмсай білетін адамы табылса, тіл шама-қадырынша жарайды. Бірақ тілді жұмсай білетін адам табылуы қиын. Ойын ойлаған қалпында, қиялын меңзеген түрінде, қөңілдің түйгенін түйген күйінде тілмен айтып, басқаларға айтпай білдіруге көп шеберлік керек».
Ғалым Н. Омашұлы радиохабарындағы сөздің жетекші ролін бағалай келіп, төмендегідей ой түйеді: «радионың негізгі бейнелеуші құралы - сөз. Бұл оның барлық жанрларына тән болуы тиіс. Дегенмен әр жанрдың тілдік құралдарын іріктеу мен үйлестіру принциптері бір-біріне ұқсамайды. Осыған орай түрлі жанрларда сөздердің образдылық қызметі де өзгеріп отырады. Ол бірде көрнекілік ролін атқарса, енді келесіде публицистикалық текстің бейнелеуші және эмоционалдық негізі ретінде көрінеді».
Радиохабарды есту арқылы қабылдайтын болғандықтан, мәтіннің немесе сценарийдің айтылатын әңгімеге, сөйленетін сөзге айналу процесіне аса зор мән беріледі. Яғни «радиохабардың бастан аяқ ойдағыдай тыңдалуы үшін тек мазмұнды болуы жеткіліксіз. Себебі, маңызды деген материалдың өзің біркалыпты дауыспен (монотонды) оқу адамның логикалық ойлау жүйесін іске қосқанымен, сезіміне әсер етпейді, әрі адамның логикалық пайымына, сезіміне жазбадан гөрі сөз күшімен, үн тілімен әсер ету оңайырақ та, мүмкіндік те мол». Ал «адам дауысынын ырғақтарын, үн реңдерін мәтінге толық түсіру мүмкін болмайды. Немесе қағазға жазылған сөз өзінің қосымша бейнелеуші құралы –
үннен айырылады, сол арқылы мазмұны да кемиді» (3. Паперный).
Сондықтан мәтінді ауызекі тіл стиліне бейімдей отырып жазып, баяндап отырған жайттың мазмұнын ашатын, айтылатын ойды нақты айшықтап суреттейтін негізгі деген сөз тіркестерін іріктеп қағаз бетіне түсіріп, әрі айтылатын әр сөздің ауызша айтқандағы әсер ету деңгейі бірінші кезекте ескерілуі қажет.
Радиохабарлардың мазмұнымен қатар эфирден берілу формасы, естілу ерекшелігі де тыңдаушыны тартып, оның көңіл-күйіне әсер етіп, дыбыс арқылы оқиға бейнесі сомдалуы қажет. Бұл жерде басты қызметті атқаратын нәрсе - сөйлеушінің дауыс ырғағы. Адамның жанды дауысы, оның ырғақтары мен үн реңдері хабар мазмұнын, берілу пішінін жандандыратын ең басты құрал.
Достарыңызбен бөлісу: |