Хабарлар ы series physics and information technology



Pdf көрінісі
бет14/26
Дата02.05.2024
өлшемі0.62 Mb.
#500294
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26
---stem------ (2)

ISSN 1991-346X
2. 2023
аспектілеріне, дағдыларға және физикалық көзқарасқа оң әсер ететін 
ғылымды, технологияны, инженерияны және математиканы пайдалана 
отырып, оқытудың ең жаңа әдістері ретінде пайдаланылуы мүмкін деген 
қорытындыға келеді. 
Қарастырылған 36 мақаланың барлығында сапалы, сандық және аралас 
әдістер сияқты әртүрлі зерттеу әдістері қолданылған. Әдебиеттерде ең көп 
қолданылатын зерттеу тәсілі ― сандық әдістер болып табылады. Ал аз 
қолданылатын зерттеу тәсілі ― сапалық әдістер. Көптеген ғалымдардың 
еңбектерінен зерттеу тәсілдері ретінде аралас әдістерді қолданғанын 
байқадық. Зерттеушілер деректерді жинау үшін тесттер, сұхбаттар, 
сауалнамалар, бақылау, аудио/бейне жазу құралдарын және т.б. қолданған. 
Талдау нәтижелері физиканы оқытуда STEM-PJBL көмегімен зерттеулерді 
енгізу университет деңгейінде әлі де өте шектеулі екенін көрсетеді. Бұл зерттеу 
сонымен қатар физиканы зерттеудегі STEM-PJBL тиімділігін талдайды. 
Алдыңғы әдебиеттерге шолу тек STEM білімінде жобаға бағытталған оқыту 
модельдерін (PJBL) енгізудің тиімділігін қарастырды. Бұл зерттеу алдыңғы 
зерттеулерге қарағанда нақтырақ қамтумен талданады, атап айтқанда 
физиканы зерттеудегі STEM-PJBL тиімділігі зерттеледі. Бұл зерттеу автордың 
сипаттамаларына, мақала атауына және мақала нәтижелеріне негізделген 
STEM-PJBL тиімділігін, ерекшеліктерін түсіндіреді.
Ғылыми әдебиеттерді талдай келе, болашақ физика мамандарын STEM-
ді жобалау негізінде даярлауда келесі аспектілерді қолданудың қажеттігін 
есепке алдық: 
Білім беру бағдарламасына сәйкес негізгі білімді меңгерудің мақсатты 
деңгейін нақтылау. 
Физикалық құбылыстанмен байланысты тақырыптар бойынша STEM-ге 
негізделген сабақ жоспарын әзірлеу кезінде мұғалімдер алдымен курстың 
мақсатын және оқушылардың оны меңгеру дәрежесін нақты анықтауы керек. 
Оқу мақсаттарын игеру үшін мұғалімдер оқу бағдарламасын құруда әртүрлі 
қиындықтар туғызу міндетін қарастыруы керек. Яғни, жеңіл меңгерілетін оқу 
мақсаттарына аз сағат бөліп, ал тереңірек меңгерілетін оқу мақсаттарындағы 
негізгі ойларды бөлектеу үшін оқу бағдарламасында бірнеше рет қойылуы 
керек. 
Оқыту нәтижелерінің мақсаттарына жету үшін жеңіл меңгерілетін STEM 
жобаларды әзірлеу немесе өмірмен байланысты кейстерді құру. 
STEM сабақтарының дәстүрлі оқытудан айырмашылығы, негізінен 
жобалық оқыту түрінде жүзеге асырылады. STEM оқу үдерісінде жобаларға 
негізделген, бірақ негізінен білім алушылар жобаны бір-екі аптада аяқтауы 
немесе практикалық мәселені шешуі үшін жеңіл меңгерілетін микро 
жобаларды әзірлеу үшін оның қолжетімді құралдар мен нысандарды 
пайдаланады. 
3. STEM білім беруге негізделген бағалау механизмін құру.


204
N E W S of the National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan
STEM сабақтарды жоспарлау кезінде қорытынды бағалау механизмін 
құруға назар аударылуы керек. Оқу тақырыбының мазмұнына сәйкес, білімгер 
жобаны жүзеге асыру туралы есеп беруі, өндірістік нәтижелерді ұсына алуы, 
тіпті сәтсіздіктердің қысқаша мазмұнын жаза білуі керек.
STEM білім берудің мәнін терең зерттеу идеясы проблемалық және жобалық 
оқытуды қарастыруға байланысты кумулятивті әсерге негізделеді. Осылайша, 
болашақ физика мамандарының алдыңғы бөлімдерді зерделеу кезінде жинаған 
білімдері, дағдылары мен тәжірибелері білім беру бағдарламаларына сәйкес 
пәндерді оқу кезінде меңгерген білімдермен үйлесіп, олардың оқуға деген 
ынтасын күшейтеді. Болашақ физика мамандарының жинаған бұл білімдері, 
дағдылары мен тәжірибелері жай ғана қолданылып қана қоймай, оқу іс – 
әрекетінің сапалы жаңа нәтижесін – ЅТЕМ өнімді әзірлеуге үйретеді. Бұл 
үдеріс STEM білім берудің формалары мен әдістерін зерттеу арқылы кезең-
кезеңімен іске асырылады.
STEM білім берудің физиканы оқытудағы ерекшеліктерін айқындауға негіз 
болған STEM білім берудің формалары мен әдістеріне тоқталайық.
STEM case – пәнаралық сипаттағы нақты экономикалық, экологиялық 
және әлеуметтік мәселелерге негізделген нақты жағдаят.
STEM-ойын – пәнаралық тәсіл негізінде білімгерлердің оқу-танымдық іс-
әрекетін эмоционалды саланы дамыту арқылы ұйымдастырудың құралы. 
STEM-жоба – пәнаралық қағидаларға негізделген және белгіленген 
мәселені шешуге бағытталған өзара байланысты компоненттердің жүйесі. 
STEM – зертхана - STEM-білім беруді енгізу мен дамытуға бағытталған 
эксперименттік ғылыми-зерттеу, оқу-зерттеу жұмыстарын жүргізетін ғылыми 
мекеме бөлімі. 
Физиканың білім беру бағдарламаларын, STEM білім беру ресурстарын, 
ғылыми әдебиеттерді талдай келе, физиканы оқытудағы STEM білім берудің, 
оның болашақ физика мамандарын даярлаудағы ерекшеліктерін айқындадық. 
Болашақ физика мамандарын даярлаудағы STEM білім берудің 
ерекшеліктері төмендегідей:
- Физика білім беру бағдарламасының жеке пәндері бойынша емес, оның
мазмұнына сәйкес тақырыптар бойынша біріктірілген оқытуды тиімді іске 
асырудың мүмкіндігі;
- Физикадан алған ғылыми-техникалық білімдерін нақты өмірде қолдану;
- Болашақ физика мамандарының сыни тұрғыдан ойлау және проблемаларды
шешу дағдыларын дамыту;
- Болашақ физика мамандарының өз қабілеттеріне деген сенімділіктерін
қалыптастыру; 
- STEM негізінде белсенді байланыс және топтық жұмысты тиімді іске
асыру;
- Болашақ физика мамандарының техникалық пәндерге қызығушылықты
дамыту;


205
ISSN 1991-346X
2. 2023
- STEM жобаларға креативті және инновациялық тәсілдерді
сабақтастырудың мүмкіндігін арттыру;
- Әр білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып,
олардың іс-әрекеттері арқылы техникалық шығармашылыққа деген ынтаны 
дамыту;
- Кәсіби бағдар беру;
- Болашақ физика мамандарын өмірдің технологиялық инновацияларына
дайындау. 
Жалпы қорыта келгенде, аталған бағытта ғылыми зерттеулерді іске асыру 
барысында алынған нәтижелер 4-ші өнеркәсіптік революцияның білім беру 
жүйелеріне тигізетін әсері сияқты әлемдік деңгейдегі өзекті мәселелердің 
шешімін іздеуге мүмкіндік береді. 
Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындарында физикалық және 
химиялық ғылымдар даярлау бағыты бойынша болашақ физика мамандарын 
даярлаудың білім беру бағдарламаларына STEM-ге негізделген жаңа пәндер 
әзірленіп оқу үдерісіне ендірілу болашақтың еншісіндегі өзекті мәселе болып 
табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет