Хабаршы «Арнайы педагогика» сериясы



Pdf көрінісі
бет103/110
Дата10.02.2022
өлшемі2.25 Mb.
#455263
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   110
file20191226084701

Емдеу ұстанымдары 

 



Емдеуді ерте бастау. Ең дұрысы туыла салысымен 1 жасқа дейін (ең болмағанда 3 жасқа дейін) 

барынша кӛмек кӛрсету.  

 

Үздіксіз емдеу. 



 

Кешенді емдеу, яғни мүмкіндігінше емдеудің барлық түрлерін қолдану.  



 

Кешенді оңалту ӛткізу. 



Емдеу әдістері 

 



Дәрі-дәрмектермен емдеу (ми қанайналымын, зат алмасуын жақсартатын дәрілер). 

 



Массаж. 


Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №4(59) 2019 г. 

87 


 

Емдік дене шынықтыру (кинезитерапия). 



 

Физиотерапия  (ультражоғары  жиілікті  электромагнитті  ӛріс,  магнитотерапия,  парафин  аппли-



кациялары, диадинамикалық тоқтар, электрофорез және т.с.с.). 

 



Ортопедиялық құрылғылар қолдану. 

 



Хирургиялық ем (байламдар мен сіңір пластикасы). 

 



Ботулотоксин препараттарымен емдеу. 

 



Бағаналы жасушалармен емдеу. 

Церебральды  сал  ауруы  бар  балалардың  қозғалыс  аясын  дамытуда  басты  ролге  адаптивті  дене 

шынықтыру  ие  деуге  әбден  болады.  С.П.  Евсеевтің  (2003)  кӛз-қарасы  бойынша  бейімделгендене 

шынықтыру  –  денсаулық  жағдайында  ауытқушылықтары  бар  адамды,  мүгедек  пен  қоғамды  бірге 

қамтитындене  шынықтыру  аумағы.  Денсаулық  жағдайының  ауытқушылықтары  бар  адамның  жан-

жақтылы  даярлығын  тудыру,  мүгедекті  ӛмірге  қосуға  арналған  жұмыс  және  оның  әлеуметтік  және 

жекелік маңызы бар нәтижелері; кешенді оңалту және интергациялау үрдісі кезінде оның қалпы мен 

дамуын  оптимизациялау;  бұл  адамдық  іс-әрекеттің  спецификалық  үрдісі  мен  нәтижесі,  сонымен 

қатар  денсаулығында  ауытқуы  бар  (физикалық,  интеллектуальды,  эмоциональды-ерік,  эстетикалық, 

этикалық және т.б.) индивидтің барлық жақтары мен қасиеттерін дене жаттығулар, шынайы-орталық 

және гигиеналық факторлар кӛмегімен жетілдіру мен гармонизациялаудың тәсілі мен құралы болып 

табылады.  

Л.В.  Шапкованың  мәліметтері  бойынша  (2003)  адаптациялық  дене  шынықтыру  –  жалпы  мәде-

ниеттің  бір  бӛлігі,  дене  шынықтырудың  жүйе  астары,  қозғалыс  белсенділігіндегі  мүмкіндіктері 

шектелген  тұлғалардың  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға,  ӛмір  сапасын  жақсатру,  әлеуметтендіру 

және қоғамға интерациялау мақсатында денсаулықты нығайтуға, тұлғалық дамуға, дене және рухани 

күшті  қалпына  келтіру  және  күшейтуге  бағытталған,  әлеуметті  жұмыстың  бір  саласы  болып 

табылады.  

С.П. Евсеев адаптивті дене тәрбиелеуді, денсаулығы қалпының ауытқушылықтары бар индивидтің 

ӛмірге даярлығын, тұрмыстық және еңбек іс-әрекетіне, адаптацияланған дене шынықтыруке белсенді 

жағымды  қарым-қатынасты  қалыптастыруда  адаптивті  дене  шынықтырутің  компоненті  ретінде 

қарастырады. 

Адаптивті дене тәрбиелеу денсаулығының қалыпында қандайда бір ауытқуы бар тұлғаның жалпы 

дамуының  ажырамас  бӛлігі  болып  табылады.  Л.В.  Шапкованың  (2000)  кӛз-қарасы  бойынша  дене 

тәрбиелеу, адаптивті дене шынықтырудың қандай-да бір ұйымдастырылған түрі болып табылады, ол 

ӛмірдің жалғаспалы кезеңдерді қамтиды (мектепке дейінгі, мектеп кезіндегі, жас ӛпірім шақ), осыған 

байланысты дене шынықтырутің «құндылықтарына» қатыстырудың негізгі каналы болып табылады, 

балада  ӛзінің  денесіне  деген  сүйіспеншілігін  қалыптастырады,  сау  ӛмір  салтына  жағымды  моти-

вациясын және дене жаттығулармен жүйелі сабақтардың қажеттілігін түсінуін, қозғалыс қабілеттерін 

және қажетті білімді менгеруді дамытуға жәрдемдеседі.  

Адаптивті қозғалыс рекреация ӛзіндік сабақтарды, бос уақытты ӛткізуге, белсенді дем алуға, ойын 

және қажетті білімдерді менгеруге арналған. 

Адаптивті  спорт  физикалық,  психикалық,  ерік  қабілеттіріне  арналған  жарыстық  іс-әрекетін 

болжайды және жаттықпалы сабақтар мен жарыстар түрінде іске асырылады.  

Церебральды  патологиясы  бар  балаларға  адаптивті  дене  шынықтыруті  шешу  міндеттері  мидың 

зақымдалуымен  және  күнделікті  жүріс  тұрыстың  ерекшеліктерімен  байланысты  сипатымен  шарт-

талған қозғалыс дағдыларының мақсаттылы бағытталған дамуын алдын ала қадағалап отырады. БЦС 

бар  балаларға  адаптивті  дене  шынықтырутің  маңыздылығы  ӛсуде,  ӛйткені  оқыту,  тәрбиелеу  және 

емдеу жүйесінің жалпы бӛлігі болып табылады. 

В.П.  Кащенко  (2000)  «біз  жұмыс  істейтін  машинаның  қыр-сырын  білетінімізден  әлде  қайда  кӛп 

баланы  жақсырақ  білуіміз  керек,  оны  тәрбиелеудің  әдіс-тәсілдерін  машинаны  жүргізе  білетіндей 

білуіміз қажет»деп жазған.  

И.М.  Сеченовтың  анықтауы  бойынша  милық  іс-әрекеттің  сыртқы  айқындалулары  бұлшық  ет 

қозғалыстарына  жатқызылуы  мүмкін,  ол адаптивті  дене  шынықтыру  тәрбиелеудің  басқа  жақтарына 

жәрдемдеседі делінуінен пайымдалады.  

Дене  тәрбиелеудің  негізгі  мақсаты  баланың  қозғалыс  қызметтірін  дамыту  және  олардың 

бұзылыстарын түзету болып табылады. Церебральды сал ауруы бар балалардың дене тәрбиеленулері 

ӛзіндік  түрлілікпен  ерекшеленеді,  ӛйткені  ӛзінің  алдына  сау  балалардың  дене  тәрбиеленуінің 

мақсаттары мен міндеттерін қояды, бірақ БЦС балалардың моторикасының дамуының спецификалық 

ерекшеліктері ерекше әдіс-тәсілдерді қолдануды талап етеді.  






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   110




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет