Хабаршы «Арнайы педагогика» сериясы



Pdf көрінісі
бет77/110
Дата10.02.2022
өлшемі2.25 Mb.
#455263
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   110
file20191226084701

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Арнайы педагогика» сериясы №4(59) 2019 ж. 

64 


1.  Балалардың  сезім  мүшелерінің  дамуы  және  оның  эстетикалық  қабылдау  қоршаған  орта 

нақтылығына қабілетті қылу. 

2.  Оқушылардың  бойында  эстетикалық  кӛзқарастың  кӛркемдік  талғамын  қалыптастыру  және 

дамуында әдемілікті кӛріп және де, оны түсіне білуге де үйрету. 

3. Шығармашылық қабілеті мен эстетикалық бейімделген оқушылардың бойына дамыту.  

Нашар  еститін  оқушылар,  жалпы  оқушыларға  қарағанда  эстетикалық  дамуы  баяуырақ  жүреді. 

Эстетикалық  тәрбие  процесінде  есту  қабілеті  зақымданған  балалардың  ой-ӛрісі  кеңейеді,  таным 

процестері белсендетіледі, ерік біршама жетіледі. 

Естімейтін және нашар еститін оқушыларға арналған мектептерде балаларға бейнелеу сабағының 

маңызы зор. Сурет салғанда оқушының моторикасы дамып, есте сақтау қасиеті жақсарады. 

Эстетикалық  дамуы,  бейнелеу  ӛнері  сабағында  ғана  емес,  сонымен  қатар,  шығармашылық 

тәрбиелеу  процесінде  де  орын  алады.  Оқушылар  шығармашылық  ӛнерлерімен,  мысалы,  әдебиет, 

драма, ән, би, ӛлең айты, сурет салу арқылы ӛз бойына эстетикалық тәрбиені қалыптастырады. 

Арнайы  мектепте  оқитын  естімейтін  және  нашар  еститін  балаларды  эстетикаға  тәрбиелеу  үшін, 

оларды кӛптеген мұражайларға, театр-концерттерге, табиғатқа серуендеуге, кӛрмелерге апару керек. 

Серуендеуді  арнайы  мектепте  оқитын  нашар  еститін  оқушыларға  жақын  және  түсінікті 

құбылыстардан  бастау  керек.  Мысалы,  мектеп  мұражайларын,  мектепке  жақын  кӛшелерде  орна-

ласқан-  завод,  фабрика,  почта,  магазин,  кітапхана,  дәріхана,  балалар  бақшасы,  клуб,  ауылдардағы 

шеберхана мен фермалардан серуендеуді бастау керек. 

Д) Баланың байқампаздығын, қиялын, сезімдерін дамытуға- табиғаттың ықпалы ӛте зор. 

Қазіргі  кезде,  арнайы  мектепте  оқытылатын  нашар  еститін  оқушылардың  оқу  бағдарламасында 

балаларды әр түрлі серуендерге шығару енгізілген.  

Программаларда,  методикалық  құралдарда  мұғалім  назарын  бәрінен  де  бұрын,  дидактикалық 

міндеттерді:  оқушылардың  ой-ӛрісін  кеңейту,  олардың  ӛздерін  қоршаған  әлем  туралы  түсінігі  мен 

білімін, табиғаттың ӛзара байланысты және ӛзара сабақтас құбылыстарды білу туралы білімін байыту 

танымдық мүдделерін дамыту міндеттерін шешуге бағыттайды. 

Кемістігі бар балалар үшін, табиғатта жасалатын серуендеудің маңызы зор. Табиғаттану бойынша 

серуендеу,  оқушыларға  ӛздерін  қоршаған  аймақтың  жер  бедерімен,  ӛсімдіктерімен  таныстырып, 

зерттеуді,  оның  ерекшеліктерін  анықтауды  мақсат  етеді.  Сонымен  қатар,  мұғалім  оқушыларды 

тәрбиелеуде  табиғатты  қорғау,  оған  мейлінше  ұқыптылықпен  қарау  керектігі  туралы  әңгімелесуі 

керек,  әдетте,  табиғатты  қорғау  дегенді  қолдан  отырғызылған  жасыл ағаштарды  кеспей,  қамқорлық 

жасау  туралы  мәселемен  ғана  тірейді.  Дұрысы,  бұл  мәселеге  әлдеқайда  кеңірек  қарау  керек. 

Табиғатқа  серуендеу  кезінде  балалар,  мысалы  кемістігі  және  кӛзі  жабылып  қалған  бұлақтарға 

кездесуі мүмкін. Мұндай бұлақтардың кӛзін ашып, қоқыстан тазарту – әркімнің міндеті. 

Табиғатпен  араласу  –  балаларда  мейірімділік,  қайырымдылық,  сезімталдық  қасиеттерін  тәрбие-

леудің  тамаша  мектебі.  Кімде-кім  бала  кезінде  табиғатқа  немқұрайлы  қарап,  оның  сұлулығын  кӛре 

алмай,  хайуандарға  табиғаттағы  әлсіз  тіршілік  иесі  ретінде  қарап,  қамқорлық  жасауды  үйренбесе, 

кейін  ондай  оқушылардың  адамгершілік  мейірім  күту  қиын,  ӛйткені,  қайырымдылықтың  жақын 

адамға деген нышаны адамға бала кезінен егіледі ғой. 

Кейбір жекеленген жағдайларда байқауға болатын балалардың хайуанаттарға деген мейірімсіздігі 

кӛбінесе,  оның  түсінбеушілігінен  туады.  Мәселен,  су  қоймаларына  суруен  жасаған  кезде,  кейбір 

оқушылар  бақаларды  кӛре  салып,  дереу  тас  ата  бастайтынын  жиі  кездестіруге  болады.  Мұғалім 

балаларға бақаларды, пайдалы хайуанаттарды адамдардың әрқашанда, оған қамқорлық жасайтынын 

түсіндіру керек. 

3. Тәрбие әдістері және процесінің негізгі қағидалары. 

Қазіргі  кездегі  арнайы  мектептің  педагогикалық  тәрбие  әдісі,  ұжымы  әлі  де  жете  зерттелмеген 

мәселелердің бірі. Ӛйткені, бұл жӛнінде әр түрлі кӛзқарастар бар екені байқалуда.  

Т.Е. Конникованың анықтамасы бойынша, бұл- педагог жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы 

тәрбие мақсатына жету. Ал, И.С. Марианканың анықтамасы бойынша, бұл-жеке адамға тікелей және 

жанама түрде ықпал жасау. В.А. Сластенин тәрбие әдісінің тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс-

әрекетінің  ӛзара  байланыс  тәсілдері  деп  тұжырымдайды.  Әр  түрлі  авторлардың  анықтамаларына 

сүйене отырып, келесі тұжырымдама жасауға болады. 

Тәрбие  әдісі  –  тәрбиеленушілер  мен  тәрбиешілердің  ӛзара  байланыс  іс-әрекеттерінде  оқушы-

лардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   110




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет