Хайретдин болғамбаев



Дата25.02.2016
өлшемі374.42 Kb.
#19836
    Бұл бет үшін навигация:
  • Бар.
ХАЙРЕТДИН БОЛҒАМБАЕВ

ОГПУ-дің Шығыс бөлімінің бастығы жол. Петорвқа берге жауабы. Тергеу барысының хаттамасы ауызша жазылған болуы керек, сөз, пікір қайталаулары, аяқталмаған ойлар, жанама түсініктер, өзара байланыссыз мәтіндер орын алыпты. Алашордашыларға тағылған негізгі айыптың бастысы болғандықтан да сұрақ-жауаптың жалпы желісін сақтай отырып, мазмұндап беруді жөн көрдік.

1922 жылдың көктемінде Оқу ағарту комиссариатының баспасөз бөлімінің атынан Орынбордан Ташкентке іссапарға аттандым. Сонымен қатар Бөкейхановтың, Байтұрсыновтың, Сәрсеновтің атынан Бұхара халық республикасындағы Валидовпен келісім жүргізу туралы тапсырма алдым, олар хат жазып берді. Мұны Орынборда Әлібек(ов - ?) пен Омаров қана білді. Ташкентке келген соң Дулатовқа хабарластым. Бұқараға келісімен Оқу-ағарту комиссары Әріптің (Арифов – ?) бөлмесіне жиналды. Ол Валидов тұратын бір өзбектің үйін көрсетті. Валидов ұлт саясаты жөнінде айтты, қазақ ұлтшылдары үшін бұл ешқандай жаңалық емес еді: башқұрттардың қазақтармен байланыс жасауы халықтардың ынтымақтастығын сақтау үшін керек деді. Сонымен қатар өзінің Каспий теңізіне дейін түйемен жеткенін әңгімеледі, келесі күні Бұқараға барып бізді өзіне шақыратынын айтты. Бізбен кімдердің болғанын білмеймін. Ертеңінде біз оның пәтеріне келдік. Мен онда 1,5-2 сағаттай болдым. Алғашқы кездесуден кейін ол менің назарымды онша аудара қойған жоқ. Содан кейін онымен кездескемін жоқ. Бір апта ауруханада жатып, Ташкентке қайттым. Әділов сонда қалып қойды. Ташкентте кімдерді көргенім есімде қалмапты, Халел Досмұхамедовпен, Бірімжановпен кездестім. Дулатов Ташкентте жоқ болатын. Құрылтайдан кейін Ташкентте бір-ақ рет болдым».

Жауаптың соңына «1929 жыл 29 қаңтар» деп. көрсетіліп, қолын қойған.

Тергеу ісіндегі жауаптардың жазбалары ретке келтірілмеген. Әр түрлі қолтаңбамен жазылған. Мысалы, жоғарыдағы жауап 26 қаңтар күні қағазға түскен сияқты, ал екінші кісінің қолымен жазылған айғақта «29» деп. көрсетілген. Арасына қиылып, желімделіп қосылған. Тергеу барысында әр оқиғаны нақтылайтын сұрақтар қойылғандықтан да келесі жауаптар алдыңғы айтылғандарды толықтырып, нақтылай түседі:

1922 жылдың наурыз-сәуір айында Бөкейхановқа , Байтұрсыновқа Валидовтен хат кеді деп. естідім. Нақты қайсысына тиісті екені есімде жоқ. Менің Байтұрсыновпен таныстығым жақсы болатын және ол жеке пәтерде тұрды. Өте сирек баратынмын. Оған барсаң не ұйықтап жатады, әйелі: «Түнде кеш жатты» - деп оятпайды, не жазу жазып отырады. Негізінен ол өзі сөзге сараң адам. Оған сұрақ беріп сөйлетпесең, өзі сөз бастамайды. Ал Бөкейхановпен сөйлесу әлдеқайда жеңіл. Бөкейханов өзінің Валидовтен хат алғанын, онда оның арнайы адам жіберуді өтінгенін айтты. Бір жолы мені Сәрсенов өз бөлмесіне шақырды. Кіріп барсам Бөкейханов пен Әділев отыр екен. Олар хаттағы өтінішіне орай мені Валидовке жіберуге ұйғарып отырғандарын хабарлады. Мен өз орныма Сәрсеневті ұсындым. Олар маған: «Ол Оқу-ағарту комиссариятында жауапты қызметте, оның Бұқараға барғаны өзге адамдардың күдігін тудырады, сондықтан да болмайды» - десті. Ақыры мен келістім, Әділев те өзін менімен қоса жіберуді өтінді. Бөкейханов: Валидовтің қандай ой бар екен, жоспары қандай, соны білуді және ешқандай уәде бермеуді, естіп-білгенімді Бөкейхановтың өзіне ғана мәлімдеуімді тапсырды. Әділев Ташкентке барып, Валидовті Бұқараның қай жерінен табуна болады, оған қалай жолығу керек, соны біліп, мағлұматтарды алдын-ала дайындап қою үшін Ташкентке жүріп кетті.



Бірнеше күннен кейін Байтұрсыновтың, Бөкейхановтың, Сәрсеновтің Валидовке жазған хатин алып мен де Ташкентке келдім. Ташкентте Дулатовпен, Халел Досмұхамедовпен жүздестім. Солар арқылы бізден бұрын Бірімжановтың Валидовпен кездесіп келгенін білдім. Ташкентте астыртын ұйымның бар екенінен хабарым мүлде жоқ еді, кімнің үйінде екені есімде жоқ, тек бір рет кездескенде: Валидов Бірімжановқа ашылып ештеңе айтпауы мүмкін, арнайы хат апаратын әрі одан көрі тәжірибелі маған ойын ашық айтуы мүмкін деген епіків айтылды, сөйтіп менің Бұқараға баруым керек деп шештік. Онда Әділев, Досмұхамедов, Есполов, Бірімжанов болды”.

Хайретдин Болғамбаевтің өзге жауаптарының негізгі өзегі осы. Бөкейханов, Байтұрсынов мойындамаған не «мән бермегенсіп қараған» бұл оқиғаның шындыққа жанасымы қандай? Тергеу жауаптарының өзгенің қолымен жазылуына арап, Д.Әділевтің өзін-өзі қайраткер ретінде көрсетуге тырысқан қисынсыз да жүйесіз жауаптарымен сәйкес келсе де, бұл мәселеге орай: Х.Болғамбаевқа қоқан-лоққы көрсетіп, мәжбүрлеп айтқызды ма деген көптеген күдік ұялаған еді. Сондықтан да жиырма жылдан астам уақыт бұл айғақтарды жария етпей келіп ек. Тергеу ісімен үстірт танысқандар, не өзге мәліметтерге сүйеніп піків қорытушылар бұл жағдайды әр қисын да түсіндіріп жүр. Біз төрелік айтпаймыз. Тек тергеушіге берілген жауаптарды іріктеп тарихшылардың назарына ұсынамыз.


Тергеудің жалғасы. Мұнда алдыңғы жауаптардан туындаған сұрақтар қойылып, нақтылана түскен.

1.Бұқараға баратын мандатты кім жазды, оны білмеймін. Бөкейханов, Байтұрсынов, Биахмет Сәрсенов берген мандатта ешқандай жасырын тапсырма жоқ, менің „Алашорда” атынан барғанымды сендіру үшін ғана жазылған. Тапсырма: Валидовтің қандай жоспары бар, соны біліп келу ғана болатын. Ескі таныстарының атынан келгендіктен де Валидов маған сенді. Бір башқұртпен бірлесе жұмыс істеу туралы айтты. Ол адамның кім екенін де білмеймін, атын да ұмыттым. Валидов кейін қайда кетті, басмашыларға кетті ме, жоқ Мәскеуге кетті ме, ол жағын да білмеймін.



2.Партия мектебінің оқытушысы Жұмабаевпен жалпыға ортақ мәселе жөнінде сөйлесіп жүрдім. Астыртын әдеби үйірме жөнінде ешқандайда әңгіме естіген емеспін.

3. Әділевке 1926 жылы қазақ театрының директоры болып тұрғанда бір қысқа хат жаздым. Одан қысқа ғана жауап алдым».

ҒАЗЫМБЕК БІРІМЖАНОВ


«24 қаңтар 1929 жыл.

Мен 1896 жылы тудым, 1914 жылы реальдық училищеде оқыдым, одан кейін майдандағы қара жұмысқа тартылғандарға көмектесу үшін Киевке бардым. Қазақтардың көпшілігі орысша білмейді, сондықтан да майданға баруды қоғамдық парызым деп есептедім. Жоғары оқу орнына түсудің реті келмеді. 1917-1918 жылдары Орынборда болдым. Менің қалыптасқан тұрақты көзқарасым болван емес. Бар ойым – оқу болғандықтан да, қазір де саяси іске шорқақпын. 1918 жылы Торғайға бардым. Сол кезде Тұнғашин мен Жанкелдин ұсыныс жасады. Уезд комиссары Аравин болатын. Онда тұрақты өкімет те, өзара бөлінушілік те жоқ болатын. 1918 жылы мен Орынбордағы „Алашордашыларға” қосылдым. Басшылары Бөкейханов, Байтұрсынов, Қаратілеуов еді. Оған дейін «Алашордашылардың» ешқайсысын білмейтінмін. Нақты бір қызмет атқарғамын жоқ.

Қызыл әскерміз деп келгендер қазақтарды тонап, аттарын тартып алып жатты. «Алашорданың» жасағы бар болатын. Жанкелдинмен келісім жүргізіп, Байтұрсыновты Мәскеуге жіберді. Сол кезде казак полкі сау ете қалды. Баратын жер қалмады. Біз казактардың билі гін мойындауға мәжбүр болдық. Мені Колчакқа жұмсап жіберді. Неге ондай тапсырма бергенін білмеймін. „Алашорданың” тапсырмасын орындауға тырыстым. Бұл 1919 жылдың көктемі болатын. 1919 жылдың басында Валидовке жіберді. Валидовтің „Алашорда” үкіметін қолдауын өтініш етті. Орынборда „Алашорданың” әскери кеңесі өтіп жатқанда Валидов те сонда болды. Ол ешқандай көмек көрсеткісі келмеді, қазақтармен арадағы байланысы да нашарлады. Содан кейін кеңес өкіметі жағына шығу ресми түрде шешілді. Торғайдағы әскери кеңес қарусыздандырылды. Кеңес жетекшілері Дулатов, Сейдалин, Қадырбаев Семейге кетті. Туған ағам сонда Семейде тұрғандықтан да мен де Семейге келдім. Семейде Бөкейхановты, Қозыбағаровты кездестірдім. 1921 жылдың басында губревкомға орналастым.

Қайтадан Орынборға, одан Ташкентке келдім. Бұл 1921 жылдың күзі болатын. Дулатовпен бұрыннан таныс едім. Ол мені газетке орналастырды. Мен Дулатовпен бірге тұрдым. 1922 жылы мен шет елге оқуға кеттім. Онда Валидовпен бірнеше рет ескі таныстар есебінде кездестім. Оған ешкімнен ешқандай хат-хабар тапсырғамын жоқ. Шет елдегі өзбектердің ұйымы туралы ештеңе білмеймін. Мәдениет жөнінде бір бірлестік болатын. Олар кілең бұқаралықтар еді, ал мен жалғыз қазақ болғандықтан да, олармен байланыс жасаудың еш қажеттігі болмады. Германияда татар және өзбек комиссиясы бар, ал тәуелсіз Түркістан мекемесі деген ұйымды естігемін жоқ. Елге қайтқанда Валидовтан ешкімге ешқандай да хат әкелген емеспін. Қызылордаға келген профессорды білесің бе, жоқ па, деген сұраққа жауабым: Оның аты Клайн, оның осында келгенін және Оқу-ағарту комиссариятының қазақ мәдениеті қоғамы арқылы мені іздестіріп жүргенін естіп, кездестім. Ол Қазақстанды араламақшы екен, маған еріп жүруді өтінді, мен бас тарттым”.

Бұл күнгі тергеу осымен аяқталған сияқты.


АХМЕТСАПА ЮСУПОВ


«1929 жыл. Қаңтар. Қызылорда.

Қостанай округінің Батпаққара ауданында туған. Қазақ. Аталары мал шаруашылығымен айналысқан. Ауыл мектептерінде мұғалім болған, Торғайдағы қалалық училищені бітірген. Шартты түрде сотталған (Ж.Аймауытовпен бірже 1922 жылы Торғайдағы ашаршылыққа ұшыраған қазақтарға үлестіруге мал айдап барғаны үшін «жергілікті жерден жазылған қызыл қыпшақтардың арызы» негізінде жалған жала жабылған. Оның барысы Ж.Аймауытовтың жауабында толық көрсетілген). Бұрын „Алашордада” қызмет еткен. „Еңбекші қазақ” газетінің қызметкері. Міржақып Дулатовтың бажасы.

Мен Ташкент қаласына 1921 жылы ақпан айында Қазақ ревкомының атынан Жанкелдиннің тапсыруымен Шығыс халықтарының арасына үгіт жүргізу үшін жіберілген „Қызыл поездың” құрамында келдім. Онда Дулатовпен, Бірімжановпен бір пәтерде тұрдым. Бірімжанов Бұқараға барып кеді. Не үшін барды, ол жағын білмеймін. Ол онда „Ақ жол” газетінде істейтін әрі оқитын. Редакцияда тұрақты істеді. Мен де „Ақ жолда” жауапты хатшы міндетін атқардым.



Әділевпен мен 1921 жылы Ташкентте құқық жөніндегі лектор болып жүргенде таныстым. Болғамбаев содан кейін кеді. Әділевтің қайда тұрғанын білмеймін. Ол Қожановқа барып жүретін. Содан кейін мен 1926 жылы қазақ театрында директор болып тұрғанда бір-ақ көрдім. Қайтып жүздескен емеспін. Ауылда жүр деп. естігемін. Қай ауылда жүрді, ол жағынан мағлұмсызбын.

Ташкентте түскен суретке келетін болсақ, Дулатовтың Семейге жүруіне, Бірімжановтың Бұқарадан келуіне орай түстік. Суретке түскендер Халел, Жаһанша Долсмұхамедовтер, Омаров, Болғамбаев Хайретдин, Жәленов Кәрім, Бірімжанов, Дулатов және мен, бадан басқа басқа Тынышбаев пен Құралшин болды-ау деймін».

Тергеудің үкімі бойынша: «төтенше комиссияның алашордащылардың ішіне енгізілген тыңшылық қызметін атқармағаны, дер кезінде хабарламағаны үшін» айыпталып, ең жоғары жазаға кесілген. Бұл мәліметті қалай түсінуге болдады? «Сексоттықтан» бас тартып, сыр сақтағаны үшін алғау керек пе, жоқ, алашқы тыңшы болуға келіскені үшін қарғау керек пе? Бұған анық жіп таға алмадық. Саяси астыртын ұйым жұмысы неше түрлі әдіс-тәсілге, амал-айлаға құрылады. Соның ішінде: «Алашорда» мүшелерінің соңынан қойылған аңду мен тыңшылық әрекеттерін біліп отыруы үшін оның «төтенше мекеменің сеніміне» әдейі кіргізілуі де мүмкін. Гүлнар Міржақыпқызы Дулатова апай бұл мәліметті алғаш естігенде қатты мазасызданып, Ахметсафаның ақ жарқын мінезін, балажандылығын айтып, «Алашордаға» тыңшылық жасауға әйелі … де, бажасы Міржақыптың да мүмкіндік бермейтініне сендірген еді. Кейін тергеу ісімен тереңдей таныса келіп, сұрақ-жауаптарының астарына айтып, жоғарыдай пікірімізді білдіргеде: «Бұл әбден мүмкін» – екендігіне келісті. Қаралау үшін де, алғау үшін де емес, тек тергеу ісіндегі дефекті жеткізу үшін ғана құлаққағыс жасай кетуді жөн көрдік.






Мемелекеттік қауіпсіздік комитеті. Архив. № 124 іс. 22 том. 7 томнан тұрады. «Елдес Омаровты және т.б. айыптау ісі. 1929 жылы қаңтар айында басталды.

Бұл томға негізінен Дінмұхамед Әділевті тұтқындағаннан 3 ай бұрын, 1927 жылы 13 қазанда жауапқа тартылып, қайта босатылған Елдес Омаров пен 15 қазанда ұсталған Халел Ғаббасовтың тергеу ісіндегі жауаптары тіркеп, бір-біріне ешқандай қатысы жоқ жайларды өзара байланыстырып (мысалы, Бетпақдаладағы, Торғайдағы, Шыңғыстаудағы), «Алашордашылар көтеріліс ұйымдастыру үшін қырға астыртын өз адамдарын жіберген, сондай-ақ ағылшын империясымен және сол кезде Парижде, Германияда тұратын Валидовпен, Шоқаевпен байланыс жасау үшін шет елге оқуға (Бірімжановты, Битілеуовті, Мұңайтпасовты) жіберген деген), «Алашорда» қайраткерлерін жаппай тұтқынға алып, түрмеге қамаған.

«Қылмысты iске» «жаңа куәгерлер» тартып, оларға бөлек iс қағазын толтырды. «Қосымша қосылған» бұл адамдар кiм едi және Байтұрсыновтың соңынан шырақ алып түсiп, қалайда айыпкер, экстремист, контреволюционер етiп көрсетуге тырысулары қалай? Осы жетпіс екі адамның басын бiрiктiретiндей ортақ мүдделерi болды ма? Соны айғақтайтындай дәлелдi себеп бар ма?

Бар.

Ол – бұл адамдардың «Алашордаға» қатысты ортақ өмiрбаяны едi. ОГПУ-дiң де, Голощекиннiң де көздеген түпкi нысанасы және барынша әшекерелеуге тырысқан қылмысы сол тұс болатын. Өйткенi «ұлтшыл», «пантюркист», «контреволюционер» деген ұғымды саяси – идеологиялық сахнада «ойнату» үшiн әуелi оны «тiрiлту» қажет-тiн.

Алдын-ала ескерте кетеріміз: сот барысындағы отарлау тарихы, ел, жер, конфискация, ашаршылық, әдебиет пен мәдени руханият туралы алаш қайраткерлерінің тергеу кезіндегі пікірлер мен сұрақ-жауаптар арнайы бөлімдерде тақырып бойынша жеке-жеке кең ауқымда талданатын болғандықтан да, бұл бөлімде тек әр азаматтың түрмеге жабылуына себепкер болған іліктес жайларды, яғни, таза тергеу тарихын ғана қамтимыз. Сонымен қатар Заки Валидов пен «Қараноғай ісіне» қатысты сұрақ-жауаптарды ыңғайластыра желіге тарттық.


Бірімжанов Ғазымбек— 1896 жылы Қостанай округнің Торғай ауданында туған. Жоғары білімді мал дәрігері. Мемлекеттік сауда басқармасында, істеген. Заңгер Ахмет Бірімжановтың інісі. Ғ.Бірімжанов өзімен бірге суретке түскен алдыңғы беттерде іске тартылған барлық айыпталушыларға қойылған сұрақтарға бір сыдырғы жауап бере келіп, өзінің Германияда оқыған кезінде Берлинда саяси баспана іздеп жүрген Заки Валидовпен кездескенін, оның СССР-дегі «Алашорда» мүшелеріне ешқандай жасырын хат табыс етпегенін айтады

«Азамат Бірімжанов Ғазымбектің қосымша жауабы. 27 наурыз, 1929 жыл.

...Мен (шет елде жүргенде – авт.) шет елдерде шығатын газеттердің ешқайсысымен де жұмыс істескем жоқ, оның ішінде “Татарстан кизелімен” де байланыс жасамадым. “Ени Түркістан” журналын жаздырып алғам жоқ, оның кейбір сандарын ғана көрдім, оқуға талаптанып едім, маған түсініксіз болды, өйткені мен түрік тілін білмейтін едім. Сондықтанда “Ени Түркістан” журналының 10 данасын жаздырып алды дегенді жоққа шығарамын. Ол журнал туралы Валидовпен сөйлескеміз жоқ».

Бұдан кейі тергеушілер Ғ.Бірімжанов пен З.Валидовтің 1922 жылы Ташкентте кездескенін көргені туралы К.Жәленовтің ақпарын растату үшін екеуін өзара беттестірген.



«Ғ.Бірімжанов пен Жәленов Кәрімнің беттескеніндегі сұрақ жауаптың хаттамасы, 29 наурыз 1929 жыл.

Сұрақ: (Жәленовке) - Ташкентте жасырып жүрген Валидиді Сіздің пәтеріңізге Бірімжановтың алып келгені рас па, ондай жағдай болды ма?

Жауап: - 1922 жылдың жазында күндіз Бірімжанов Ғазымбек институтқа Валидимен бірге келді де маған: міне, Валидов деген кісі осы, бұл адам партияның Орталық комитетіне кіру үшін келді, ол туралы өтінішін де тапсырып қойды- деді. Мұны Валидов та растады, содан соң: жауап алғанша бір-екі күн жасырынып жүру керек боп тұр, сондықтан да институттың саяжайында паналай тұруға мүмкіндік бер – деп өтінді. Мен оған келісімімді бердім».

Сұрақ: (Бірімжановқа) - Онадай жағдай болды ма?

Жауап: - Ондай жағдай болған жоқ.

Сұрақ: - Сіз бен Жәленовтің арасында бас араздықтарыңыз жоқ па?

Жауап: - Жоқ, араздығымыз жоқ. Мен өзім үшін жауап беремін.

Сұраған – Саенко.
Сонда қайсының жауабы дұрыс? К.Жәленов алдыңғы көрсетіндісінде З.Валидовты саяжайдағы үйіне паналатқаны жөнінде ешқандай мағлұмат берген жоқ болатын. Тергеуде қасарыса жауаптасқан адамның бірі де осы Кәрім Жәленов. Бұл мәселенің байыбы кейінгі жауаптарда нақтылана түседі.

Топты суретте бейнеленген адамның бірі Юсупов Ахметсафа — 1894 жылы Қостанай округінің Бақбаққара ауданында туған. «Еңбекші қазақ» газетінің әдеби қызметкері. Тергелушілер де, сыпаттама берушілер де, естелік айтушылар да жақсы баға берген бұл адамның тарихы жұмбақ. А. Юсупов — М.Дулатовтың бажасы. Жақсы араласқан. Ж.Аймауытовпен бірге Торғайдағы аштарға мал айдап барып, сонымен қоса жауапқа тартылған. Үш-төрт жыл жазаға да кесілген. Бір түсініксіз тұсы, А. Юсуповке «НКВД-ның жасырын тыңшысы: дер кезінде хабар бермегені үшін ату жазасына кесілді» деген үкім шығарылған және ол үкім орындалған. Біз, анық деректі білмегендіктен де, А. Юсуповты ақтаудан да, қаралаудан да аулақпыз. Анығы: тергеу барысында ол ешбір куәгердің көрсетіндісін мақұлдамаған жаңа айғақ та бермеген. Яғни, мұның өзі де жоғарыдағы айыптың жалғандығына саяды. Әйпесе осынша «қылмысты» біле тұрып, «тыңшылық міндетін» орындамауы мүмкін емес сияқты.



«Азамат Юсупов Ахмет-сафаның берген қосымша жауабы. І көкек. 1929 жыл.

1925 жылы Әлихан Бөкейханов профессор Швецовты ертіп Қызылорда қаласына келгенде мен Қызылордада болатынмын, Әлиханмен жүздестім. Ол бұрыннан жақсы таныс менің әйеліме сәлем беру үшін біздің пәтерге келді. Оның келуінің басты себебі – Қазақстандағы жер бөлісіне қатысты кесімді жер мөлшерінің көлемін анықтау еді. Кімнен естігенім есімде жоқ, әйтеуір сол кезде: ҚССР-дің жер жөніндегі халық комиссариаты қазақ қызметкерлерінің кеңейтілген мәжілісін шақырыпты – деп естідім. Бұл кеңеске кім қатысты және онда қандай мәселе көтерілді – онысын білмеймін және ол туралы естігемін де жоқ. Ол жөнінде Бөкейханов маған ештеңе айтпады... Біреулерден: өзге де қазақ қызметкерлерімен бірге Бөкейханов Байтұрсыновтың үйінде қонақта болды – деп естідім, бірақта нақты кімдердің болғанын айта алмаймын, себебі, ол қонақта мен болғамын жоқ”.
Құлмұратов Тәжібай – 38 жаста. Қызылорда округінің Тереңөзек ауданының №1 ауылының қазағы. Үйленген. Партияда жоқ. Кешірімге байланысты түрмеден босатылған. Бұл – Д.Әділевтің көрсетіндісі бойынша оның түрмеде жатқан ағасы Байсейіт Әділевтің қашып шығуына көмектесті делінген адам. Оның айтуынша: Байсейітке түрмеден қашу туралы ақылқоспаған. Жазығы – оның қашуына қол ұшын бергендігі екен. Ол үшін бір құлынды бие алыпты. Көрсетіндісінің соңын:

Кәрібаев Нұрлан Қызылорда қаласында кіммен кездесті, ол жағын білмеймін. Мен Дулатовтың үйінде Нұрлан Кәрібаевпен бір-ақ рет, 1927 жылы Байсейіт беріп жіберген құлынды биені әкеп берген жолы ғана бірге болдым. Біз бірге бардық, Нұрлан: Байсейіттің тапсырмасы бар еді – деді, қандай тапсырма екенін ол маған айтқан жоқ. Біз келген кезде Дулатовтың үйінде қонақтар бар екен, мен ауыз үйде қалдым да Нұрлан ішкі үйге кіріп кетті, іле кері шықты да маған: Дулатов ертең таңертең кел деп айтты- деді. Есполовты тіпті көргемін де жоқ. Бұдан басқа ештеңе де айта алмаймын, хаттама маған оқылды...”-деп аяқтаған.



Әй, қазақ-ай! Жылқы десе – басын да бәйгеге тігіп жібереді- ау! Тәжібайда одан үлкен «саяси мақсат та» жоқ шығар. Міржақып Дулатовқа Нұрлан Кәрібаевтің жолыққанын айту арқылы «контрреволюциялық астыртын құпия ұйымның Голощекинді қастандықпен өлтіру және қырда көтеріліс ұйымдастыру туралы жоспарын талқылап, Д.Әділевке тиісті нұсқау бергенін» растағаны Т.Қалмұратовтың қаперіне де кірмеген.

«Жәленов Кәрім мен Әділов Дінмұхамедтің беттесуіндегі сұрақ – жауаптың хаттамасы.

27 мамыр (май) 1929 жыл.

Жәленовке сұрақ: Әділов Дінмұхамедпен қай уақыттан бері таныссыз?

Жауап: 1921 жылдың жазында Әділов Ташкент қаласында тұрды ма, жоқ па, мен білмеймін. Тек, 1921 жылдың күзінде, не қысында мен осы Ташкент қаласындағы Қазақ институтында көргенім есімде. Ол институтқа алба-жұлба боп келді, келді де киюге киім сұрады. Оған кім костюм алып берді, қазір есімде жоқ, алайда Д.Әділев оқушылармен бірге тұрдай-ау деймін. Келесі күні Әділев: өзінің Ферғанадан келгенін, Жанұзақовтың басмашыларының арасында болғанын айтты. Бір қышлақта бандылардың үстінен қызыл әскерлер түсіп қалыпты да Әділев ол жерден қашып құтылыпты да осында әзер жетіпті. Оның өзінің айтуы бойынша ол Жанұзақовқа жолығуға барыпты, бірақ не үшін барғанын айтса да қазір ұмытып қалыппын.

Осыдан кейін мен Қожановқа бардым да Әділевтің маған айтып бергенінің бәрін оған мағлұмдадым: Қожанов: Әділев өте қабілеттті қызметкер, бірақ та ол жас, сондықтан да бір нәрсеге ұрынып қалуы мүмкін. Оны институтқа оқытушы ғып орналастырып қойып, бақылап жүру керек” – деді.

Жәленовке сұрақ: - 1921 /?/ жылы көктем айында Әділев Ташкент қаласына келгенде оның Бұқараға бара жатып жолай аялдағанын білдіңіз бе, жоқ па?

Жауап: Әділов өзінің Бұқараға барғанын елдің бәріне айтып жүрді.

Жәленовке сұрақ: Мүмкін сіз Әділевтің басмашыларға қалай тап болғанын есіңізге түсірерсіз?

Жауап: Ондай әңгіме есімде жоқ.

Тағы да соған сұрақ: Ташкенттегі қазақ қызметкерлерінің бір тобы қатысып, Валидовтың кеңес өкіметіне деген көзқарасына байланысты мәселені талқылаған және астыртын ұйым құру жөнінде ұсыныс жасалған мәжіліс өтті ме, жоқ па?

Жауап: Менің қатысуыммен ондай мәжіліс болған жоқ. Ал мен жоқ жерде ондай жиналыс өтті ме – одан да хабарым жоқ».
Жалпы осы екінші томның соңына дейінгі көрсетінділер мен бетпе-бет жауаптасу кезіндегі айғақтарды салыстырсақ, Д.Әділевтің Бұқараға барғаны расталады. Мәселе: астыртын ұйымның қандай тапсырмасымен барды немесе битілеуовшілеп «жер көргісі келіп» тағы да «партизаншылап» кетті ме, нақты шындық осында. Тергеудегі айғақтамаларға жүгінсек, Д.Әділевке ешкімде ондай өкілдік бермеген.

ІІІ том: “Омаров Елдес Омарұлы және басқалар туралы іс”.

Тергеудің бұл томы Ахмет Байтұрсыновтың анкетасымен ашылған. Ол 1928 жылдың 5 қазанында Алматыға көшіп келіп, КазПИ-де сабақ берді. 1929 жылдың 2 маусымында Қызылорда қаласында өтетін әдебиетшілер мен тілшілердің жиналысына шақырылады да, сол жерде қамауға алынып, қайтадан Алматының түрмесіне жөнелтіледі.



Байтұрсынов Ахмет 1870 (нағында 1873 ж. - авт.) Қостанай облысының Торғай ауданында туған. Партияда жоқ. Арнайы орта білімді. КазПИ-дің оқытушысы. 1921 жылы Орынбор қаласында контрреволюциялық ұйым құрып, Орта Азиядағы пантюркистік ұйымдардың басшысы Валидовпен байланыс жасағаны үшін, қылмыскер деп табылды. Сондай-ақ 1927 жылы далада (?) қарулы көтерілісті дайындау туралы мәселені талқылауға қатысты. Сол үшін РСФСР қылмысты істер кодексінің 58 статьясының 2, 4 және 11 тармақтарына сәйкес жасаған қылмысы бойынша жазаға тартылды.
«Байтұрсынов Ахметтің тергеудегі қосымша жауабы.

18/ҮІ-29 жыл.

Менің әдеби шығармаларымның ішінен самодержавие тұсында басылып шыққандары: Крыловтың мысалдарының аудармасы және “Маса” деген атпен шыққан өзімнің төл өлеңдерім мен аудармалардың жинағы. Кеңес өкіметі тұсында мен әдеби іспен айналысқамын жоқ. Көркем шығарма туралы мәселеге келетін болсақ, мен көркем дүниенің құндылығын оның қандай идеяны негізге алғандығымен емес, адамның жандүниесіне, сезіміне қалай әсер етуіне байланысты бағалануы керек – деген көзқарасты жақтаймын.

Қазақстандағы әдеби ағымдармен таныспын, бірақта олардың ешқайсысына да іштартпаймын, себебі мен үшін әдеби бағыттардың қайсысы: пролетарлық немесе ұлтшылдық сарын әдебиетте басымдық танытса да, бәрібір. Оқу орындарындағы жастарды тәрбиелеу жолындағы ұстаздықтәлімім және әдебиет жөніндегі дәрістер жоғарыдағы айтқан пікірімнің негізінде жүргізілген. Ал Орынбор мен Қызылорда қаласындағы Қазақ ағарту институтындағы дәріс берген “Мәдениет тарихы” пәнінің бағытына келетін болсақ, онда мен өзімнің негізгі арнамды – адамзаттың дамуының қозғаушы күші мен қуаты – ғылым мен техника деген пікірді жетекшілікке алдым.

Бірде, 1927 жылы Қызылорданың Қазақ халық ағарту институтында тарих пәнінен дәріс оқып тұрған кезімде маған: болашақта өкімет бола ма? – деген сұрақ қойылды. Бұл сұрақ, мемлекет билігі туралы оқылған дәрістерден: адам баласы барлық заманда да биліксіз өмір сүрмеген – деген сөзден туындады.

Мен ол сауалға: ғылым – тәжірибеге негізделеді, ал өткеннің тәжірибесіне жүгінсек – адамзат биліксіз өмір сүріп көрмепті. Сондықтан да, тәжірибеден өткізіп алмай, болашақта өкімет билігі бола ма, жоқ па, оған ғылыми тұрғыдан баға беруге болмайды - деп жауап бердім.

Егер де ұмытып қалмасам, менің жауабым сонымен тәмәмдалған сияқты болатын. Ал социалистік құрылыстың даму болашағы мен содан келіп туындайтын мемлекеттік биліктің тағдыры жөніндегі сұрақтар маған берілген емес.

Қазақ әдебиетінің ағымдары туралы мәселені мен ешкіммен де бірігіп талдағам жоқ. Оның ішінде, Мағжан Жұмабаев жасаған әдеби плотформаны Бөкейхановпен бірігіп оқыған емеспін. Қалай болған күннің өзінде де, мен Мәскеуге барған кезімде Мағжан Жұмабевті Бөкейхановтың пәтерінен көрмегенім анық, сондай-ақ Жұмабаевтің де пәтерінде болғамын жоқ.

Нақтысын айта алмаймын, бірақ Жұмабаев пен Бөкейханов мен орналасқан жатаханаға (ол РСФСР- дің Халық ағарту комисариатының Мәскеудегі жатаханасы болатын, 1924 жылы күзде мен өлкетанушылардың құрылтайына қатысу үшін барғамын) келді ме, әлде бәрімізде өлкетанушылардың құрылтайының мәжілісінде кездестік пе, әйтеуір, бір жүздескенім рас. Сондай-ақ, “Табалдырық” әдеби үйірмесінің бағдарын оқығаным да есімде жоқ. Әрине, әдеби шығармаларды оқыған болармыз, алайда ешқандай қолжазбаның болғаны жадымда сақталмапты, ал Сәрсембиннің газетте жарияланған мақаласы есімде. Мен Мәскеуде болған кезімде оны Жұмабевпен бірге көріп қалғаным бар.

Орынбор қаласында тұрғанда Сәрсембин менің үйіме келген емес. Әйтеуір менің жадымда қалмапты. Тіпті, өлкетанушылардың құрылтайынан кейін мен соның өзін көрдім бе, жоқпа па, білмеймін.

Жұмабаевтің әдеби бағдарын (платформасын) талқылауға арналып Алдоңғаровтың үйіндегі мәжілістің өткендігінен бейхабармын, тіпті, Алдоңғаровтың үйіне бір рет бас сұққан емеспін.

Шоқаевқа қатысты білетінім: оның Парижде тұратындығы ғана. Тек 1924 жылы Парижде өткен дүниежүзілік өнер көрмесіне барған қазақ әншісі Әміре Қашаубаев ол жақтан қайтып келген соң Шоқаевті көргенін айтқан болатын. Бұдан басқа ол туралы ештеңе де айтқан жоқ, мен одан сұрағаным жоқ. Бұл сөзді Әміре менің үйіме әдейі келіп айтты ма, жоқ, көшеде кездейсоқ кездесіп қалғанда айтты ма, ол жағы есімде қалмапты.

Менің берген жауабым өзіме оқылды, менің айтқан сөздерім дұрыс түсірілген, сол үшін қол қоямын. – А. Байтұрсынов. Сұраған – Саенко.
Әңгіме тек “Табалдырық” әдеби үйірмесі туралы өрбіген. Бұл туралы арнайы бөлімде жеке талдау жасалатындықтан да түсініктеме беріп жатпаймыз. Қашан тергеу аяқталғанша Ақаң – Ахмет Байтұрсынов өзі ұстанған бағытынан танбаған. Ол кісінің берген жауабына орай бірде – бір көлденең сұрақ өзгелерге қойылмаған. Қолтаңбасы сондай әдемі. Алдыңғы томдарда айыптау көрсетінділері М.Дулатовқа қарай бағытталса, ендігі сұрақ-жауаптың дені А.Байтұрсыновтың төңірегіне топтастырылған. Соған орай бұрын жауап беріп кеткен Елдес Омаров та қайта сұралған. Тергеу хаттамасында суреті сақталған. Шашы қысқа, шоқша сақалды, мұрты басылған, жұқа өңді, қабағы түйілген, арық кісісі екен. Сұрақ 1929 жылы 20 маусымда алынған. Ол жауапта : Колчак үкіметі құлаған соң 40 адамның Атбасарға барғаны, одан Семейге келгені айтылады да, әрі қарай мынаны баяндайды.

... Ол адамдардың біразы кейіннен Семейге бет алды. Мен Танашев Сәбір мен Қалидқан және Қадырбаевтің әйелі бәріміз кері қайттық. Мен және Танашев Қалидқан екеуіміз Жангелдинге кешірім сұрап бардық. Ол бізді Орынбордағы Қазақ төңкеріс комитетіне жіберді. Орынборға бармас бұрын мен өзімнің ауылыма келіп, онда бір айдай тұрдым. Содан соң: Челябі уезінің құрамындағы қазақ болыстарының өкілі ретінде олардың Қазақстан Республикасының құрамына қосу туралы өтініштерін жеткізу үшін Орынборға, дәлірек айтсам Орынбор арқылы Мәскеуге аттандым. Орынборда жолай бір ай аялдауға тура келді, себебі, Байтұрсыновтың да Мәскеуге баратындығын біліп ол кісімен бірге жүру үшін күтіп жаттым, өйткені, менің өзімнің онда жалғыз баруым өте қиынға соғатын еді.



Мәскеуде Байтұрсыновпен бір айдай бірге тұрдым. Сондай-ақ бұл кезде қазақ қызметкерлерінің ішінде Ермеков пен Бөкейханов Абдолла (солай деп жазылған – авт.) Мәскеуде тұрды. Бізбен бірге Қалидқан Танашев та келді. Содан кейін біз жол-жөнекей келе жатып қабырғасын сындырып алған Сейдазым Қадырбаевтің Мәскеуден жүз шақырымдай жерде жатқанын білдік. Ол туралы тұрақты өкілдікке Қадырбаевпен бірге келе жатқан Заки Валидовтің өзі айтты. Қадырбаевтің Заки Валидовке қалай кезігіп жүргені есімде жоқ. Зады, ол Мәскеуге келе жатқан бетінде жолай соғып, өзіне кешірім жасауға көмектесуін өтінбек ойы болған шығар.

Мәскеудің сыртында біздің бастаңғы ұйымдастырғанымыз. Оған мына адамдар қатысты: мен, Абдолла Бөкейханов, Байтұрсынов, Танашев, содан кейін Ереков және Валидов болды-ау деймін. Сонымен бірге Башқұрстан мен Татарстанның өкілдіктерінің бірнеше қызметкерлері, оның ішінде Сейдғалиев пе, әлде Сұлтанғалиев па бір адам болды, ал осы екеуінің нақты қайсысы болды, оны ашып айта алмаймын. Бастаңғының аты - бастаңғы, іштік – жедік, түстендік. Бізбен бірге башқұрт пен татар қызметкерлерінің әйелдері болды. Осы бастаңғыдан кейін Валидовпен кездескен емеспін. Бұл бастаңғыда біз саяси мәселелерді, оның ішінде ұлттық өлкелер туралы мәселені талқыладық па, жоқ па, ол жағы есімде қалмапты. Мүмкін ондай әңгімелер айтылса – айтылған да шығар. Байтұрсынов ол кезде ВКП /Б/ - ның мүшесі болатын, сондықтан да барлық партияда жоқтарды оның мүшелігіне өтуге үгіттеді. Байтұрсынов ол кезде менің өзіме жеке ұсыныс жасады. Ермеков Байтұрсыновтың ұсынысын қызу қолдады, бірақ та оның өзі неге екенін білмеймін, өтпей қалды. ВКП /б/ туралы “Алашорданың” арнайы нұсқауы болған – болмағанын білмеймін. Менің өзім де Байтұрсыновтың сол ұсынысын жақтадым, Бөкейханов Әлихан да бұл пікірді қостады.

Қайталап айтамын, жоғарыдағыдай жағдайда Мәскеу қаласында кездескеннен кейін қайтып Валидовты көргемін жоқ. Онымен хат алысқамын жоқ және “Алашорда” қайраткерлерінің арасында онымен кім хат алысып тұрғанын да білмеймін. Байтұрсыновтың 1921 жылы Бұхарадан Валидовтен хат алғанын мен білмеймін. Біз екеуіміз қазақтарды тыл жұмысына алған дүниежүзілік соғыс кезінде Минскі қаласында бірге істедік. Ал 1921 жылы Орынбор қаласындағы кеңес - партия мектебінде де қызметтес болдық. Содан кейін ол Ташкентке кетті. Неге кеткенін маған айтқан жоқ, білмеймін. Валидовтан хат алғаннан кейін, астыртын ұйымның тапсырмасымен Болғамбаевтің Ташкентке кеткені туралы ештеңе де білмеймін”.

Ешқандай контреволюциялық астыртын ұйымның болмағанына, диверсиялық қастандықтардың жасалмағанына, айыпкер деп түрмеге қамалған адамдардың бетпе-бет жүздесуiнде қылмысты iстiң дәлелденбегенiне қарамастан, қылмыстық жазаға тартты.



1988 жылғы Қазақ ССР жоғарғы сотының анықтамасынан: «Қылмыстық iстердiң материалдарында Әдiлев пен Болғанбаевтың 1921 жылы Ташкентте бiрге болғаны туралы, содан кейiн олардың Валидовпен жолығуы үшiн Бұхараға барғаны туралы деректер бар. Ал ол кезде (Валидовтың – авт.) қасында бұл екеуi емес, Ташкенттен барған Бiрiмжанов пен Битiлеуов болған. Олардың (Әдiлев пен Болғанбаевтың) берген жауабына қарағанда, Валидовтың көмегiмен шет елге кетудi көздеген, сол үшiн онымен (Валидовпен) келiсiм жүргiзу мақсатымен қызмет орнының командировкасын пайдаланған. Кейiннен бұлардың екеуi, Бiрiмжанов пен Битiлеуов шет елге оқуға кетуге мұрсат алды».

Соңғы соттың бұл анықтамасы бойынша, Әдiлев пен Болғамбаевтың Валидовке баруында саяси-контреволюциялық iс-әрекет жоқ, жүзеге аспаған тiлек бар. Жоғарыда көрсеткеніміздей, Д.Әділевтің Бұқараға барудағы мақсаты мүлдем басқа болып шықты. “Партизан” бунтарь” Д.Әділев З.Валидовтің демеуімен шет елге өтіп кетуді көздеген. Алайда Бұқарадағы аумалы-төкпелі жағдай, өзінің шалдықпалы дертке ұшырауы ол ойын жүзеге асыруға мүмкіндік бермеген. З.Валидовтің кейін 1967 жылы Стамбулда шыққан “Естеліктерінде” бұл екі азаматтың Бұқараға келуі барынша тиянақты айтылған.

Ал ендi осы Болғамбаев кiм?

Болғамбаев Хайретдин – 1893 жылы Ақмола округiнiң Нұра ауданында туған. Петропавлдағы совет-партия мектебiнiң оқытушысы.Қазақ тұрмысы, оның саяси құрылымы, отаршылдық езгiнiң зардаптары, жазалау саясатының құрбандары, түркістандықтардың қасіретті тағдыры туралы мақалалары «Қазақ», «Сарыарқа», “Бірлік туы” газеттерiнде жарияланған. «Алашорданың» Ақмола комитетiнiң мүшесi. Бiлiмi арнайы орта, 1920-1921 жылдары Орынбордағы партия совет қызметкерлерiн дайындайтын мектепте сабақ бердi. «Голощекиннiң «Кiшi Октябрін» сынап мақала жазған, лекцияларында оған қарсылығын ашықтан ашық айтқан. Байсалды, iскер, ұйымдастырушылық қасиетi басым, ВЦИК-тiң кешiрiмiне iлiнген адамның бiрi.

Хайретдин Болғамбаевтың Ташкентке барғаны рас па? Рас екен. 1988 жылғы Қазақ ССР жоғарғы сотының анықтамасынан:

«Омаров, өзiнiң 1921 жылы Орынбордағы совпартшколдың оқу бөлiмiнiң меңгерушiсi болғанын, сол кезде Болғамбаевтың сонда оқытушы боп iстегенiн айтты. Сол жылдың көктемiнде Болғамбаев одан Ташкентке командировкаға баруға рұқсат сұрайды, бұл келiсiм бередi. Бiрақ та оның ұзақ уақытқа дейiн қызметке қайтып оралмауына байланысты, ол (Омаров) бұл жөнiнде саяси ағарту басқармасының меңгерушiсi Кенжинге ескертедi. Соңғысы (Кенжин) өзiнiң қарамағындағы қызметкерi Хохловскийге мұның (Омаровтың) көзiнше:Ташкентке кеткен Болғамбаевты тұтқындау және оны күзетпен алып келу туралы телеграмма салу туралы тапсырма бердi. Бұл тапсырманың орындалғаны – орындалмағанын ол (Омаров) бiлмедi, алайда соңғысын (Болғамбаевты) қайтып Орынбордан көрмеген.

Алайда, тергеушiлер Омарвтың бұл куәлiгiн растайтын немесе оны жоққа шығаратын дәлелдердi, сондай-ақ қызмет орнына қайтпағаны туралы деректердi iздестiрмеген.

Бұл туралы Омарвпен бетпе-бет болған куәлесуде Болғамбаев: өзiнiң Орынбордан жолданған телеграмма туралы ештеңе бiлмегенiн айтты, бiрақ та онда қайтып оралмағанын жоққа шығарған жоқ. Оған қоса, Валидовтың хатын Бөкейханов (әуелде Байтұрсынов болатын – авт.) оқыған кезде, бұрын мұлдем қарам-қарсы пiкiр бiлдiргенiне қарамастан, Омаровтың онда жоқ болғандығын куәландырады.

Омаров, бұдан кейiн Әдiлевтың Орынборға 1921 жылдың басында келгенiн, Болғамбаевпен бiр бөлмеде тұрғанын, өзiне жұмыс iздеп жүргенiн, ал көктемде Ташкентке кеткенiн айтқан».

Тергеудiң барысына қарағанда Байтұрсыновтың Валидовқа жазылған хатқа мүлдем қатысы жоқ боп шықты, тіпті, ол хаттың жазылған - жазылмағаны да анықталмады. Тек Болағамбаевтың қызметiне қайтып оралмауы ғана iлiкке – себеп болуы мүмкiн, оның өзi де соттың үкiмiне емес, әкiмшiлiк шараға лайық. Командировканың қаржысын (егер пайдаланған болса) мекеменiң өндiрiп алуы тиiс.Тергеушілер осыдан кейін хат иесін Бөкейханов пен Дулатов етіп көрсеткісі келген сыңай танытады.



«Азамат Болғамбаевтың тергеудегі қосымша жауабы. 23/YI.29 жыл. Сұрақ: Ташкентке барар жатқаныңызда сіз Бөкейхановтың Дулатовқа не басқа адамға жазған хатын апардыңыз ба, жоқ па?

Жауап: Ташкентке бара жатқанымда Бөкейханов Дулатовқа хат беріп жіберді ме, жоқ па, ол жағы есімде қалмапты. Бөкейхановтың Дулатовқа хат бергені тіпті ойымда жоқ”.

Сонымен Ахмет Байтұрсынов «астарын контреволюциялық ұйым» құрды ма, жоқ па? Пантюркист Валидовпен хат алысқаны рас па, жалған ба?



Оған жауап iздеп, қосымша тергеу жүргiзбей-ақ, Қазақ ССР Жоғары сотының 1989 жылғы 4 қарашадағы анықтамасына жүгiнсек те жеткiлiктi. Мәселенiң басы сонда толық ашылған, яғни, Дiнше Әдiлевтің көрсетуi түгелдей терiске шығарылған. А. Байтұрсыновтың жауабының мазмұны мынадай:

«...Әдiлевтың берген жауабына Байтұрсынов пен Бөкейханов төмендегiндей түсiнiк бердi: олар «Алашорда» таратылып, 1920 жылы Совет өкiметi жағына шыққаннан кейiн ешқандай да саяси iспен айналыспаған, ешқандай контреволюциялық ұйым құрмаған.

Бұл жөнiнде берген Әдiлевтың жауабы ойдан шығарылған, олар Валидовтен ешқандай да хат алмаған. Оларға (Байтұрсынов пен Бөкейхановқа – авт.) Валидовтың бағыты (платформасы) белгiлi болатын, бiрақ та оған бұлардың ешқандай қатысы жоқ.

Сонымен қатар, Байтұрсынов Әдiлевпен бетпе-бет кездесiп, куәласқанда, ол (Байтұрсынов) соңғы адамға (Әдiлевке): «Алаш» партиясы құрылған күннен бастап, оның (Әділевтің) ағасымен пікір араздығы бар екендігі, сондықтан да бұған (Әдiлевке) еш нәрсенi сенiп тапсырмайтындығын айтты. Өз кезегінде Әдiлев өзiнiң ағасының Байтұрсыновпен қырғи қабақ, дұшпандық қарым – қатынаста болғандығын мойындады.

Дулатов та, Омаров та, Есполов та, Болғанбаев та, Бiрiмжанов та, Жәленов те және басқалар да контреволюциялық ұйым құрғандығы жөнiндегi Әдiлевтің сөзiнiң жалған екендiгiн дәлелдедi. Содан кейiн аталған адамдардың барлығы да тұтқындалып, олардың бiрнешеуiн ерiксiз түрде «мойындаттырған жауап» алынды.

...Соның iшiнде, бiрiнеше рет қатарынан жүргiзiлген тергеуден соң, Болғанбаев мынадай жауап бердi: Валидовтан келген хатты Сәрсеновтiң бөлмесiнде оқыған Бөкейханов, ал Байтұрсынов онда мүлдем жоқ болатын. Жасырын ұйым ашу туралы әңгiме қозғалмады. Валидовқа мұны (Байтұрсынов) жiберудi ұйғарды, ал Әдiлев болса – мұнымен бiрге баруға өз бетiнше тiлек бiлдiрдi, өйткенi ол (Әдiлев) Валидовтың көмегi арқылы шет елге өтiп кетудi көздедi. Оған да мандат берiлдi, бiрақ ешқандай да мөр басылған жоқ. Валидовқа қандай да бiр уәде беру туралы ұсыныс жасалмады.

Сонымен, тергеудегi жауаптан көрiнiп отырғандай бiр ғана оқиға туралы Әдiлев пен Болғанбаевтiң жауаптарына үлкен қайшылық бар, бұл Әдiлевтің берген барлық жауаптарының дұрыстығына күмән тудырады, сондықтан да бұлар қылмысты іске негiз бола алмайды».


Ал Германияда бірге болған « айыпкер Битілеуов Дамолланың қосымша тергеуде берген жауабы.1929 жылғы 26 маусым /июнь/ мынадай:

Менің есіме маған берілген сұрақтан кейін мына жай түсті, мен Берлиннен қайтар кезде Дулатовқа мәлімет – хабар беру үшін Бірімжанов пен Валидов хат жазған кезде мен ол хаттың ішіндегі шартты белгілерді қойын дәптеріме көшіріп алдым ба, әлде бетін жыртып ап бере салдым ба білмеймін, ал тері өңдеу ісі жөніндегі кітаптың ішіндегі сөзді көшіріп алдым. Әйтеуір, сондағы жазылғандардың барлығын Дулатовқа бердім, оны есіме жақсы сақтадым. Мұның барлығын Бірімжанов пен Валидовтің көзінше және олар қай жерге не деп жаз десе – солай жаздым. Сондықтан да кітаптың беттерінің арасына шашырап жазылған сөздер рет-ретімен және мазмұнына сәйкес орналастырылды ма, жоқ, басқаша оқу тәртібі болды ма, оны білмеймін. Тері өңдеу ісі жөніндегі кітаптағы сөздерді қандай тәртіппен көшіріп бердім, ол да қаперімде қалмапты.”


Осыдан кейін: “аптаж”, “хадрез”, “сашгаф”, “каклем”, “нуги”, “латиф”, “Загиди”, “Загид”, “Л кадак” – деген сөздерді жазып, әр бетін, әр күнін көрсетеді. «Шифр» деп жүргені осылар. Міржақыпты, Ғазымбекті қалайда шет елдің шпионы етіп көрсетуге тырысқан. Бұл өтірікті тергеуші Саенко құрастырды ма? Әрине, оның тырысуынсыз бұл іс дәл осылай бет алмас еді.

Бірімжанов Ғазымбектің қосымша тергеуде берген жауабы: 26 маусым /июнь/ 1929 жыл.

«Шет елде жүрген кезімде “Ақжол” газетіне екі-ақ рет мақала жаздым. Біріншісін Берлинге келісімен-ақ жаздым, онда өзімнің жол-жөнекей көргендерімді, алған әсерімді баяндадым. Екінші: шет елде оқып жүрген өзбек студенттерінің үндеуі еді, соны қазақ тіліне аударып, “Ақ жол” газетіне жолдадым. Ол газетте жарияланды ма, жоқ па, білмедім.”

Өзбек студенттерінің көмек сұрап үндеу тастауының себебі, біз шет елге оқуға кеткен кезде қаражатты бір жылға лайықтап алған едік, алайда, СССР-дағы және Германиядағы ақшаның құнсыздануының өсуінен біздің қалтамыз қағылып шыға келді. Міне, сондықтан да өзбек студенттері ашық хат арқылы үндеу жариялауға шешім қабылдап еді .

Ол (Валидов – авт.) маған университетте оқып жүрген кезімде келіп жолықты. Ол бірден менің пәтеріме келді. Менің мекен-жайымды қалай білгенін білмеймін, ол кісімен хат жазыспағаным анық есімде. Менің адресімді ол Париждегі Мұстафа Шоқаевтан біліп келуі мүмкін, өйткені біз онда барғаннан соң біраздан кейін ол (Шоқаев – авт.) Берлинге соғып, бізге Түркістандықтарға жолыққан болатын, алайда мен ол адаммен таныс емеспін, мүмкін, Мұңайтпасовты танитын шығар, себебі екеуі де бір жерден болатын. Біз Шоқаевпен бірнеше рет кездестік және оның пәтерінде де болдық. Ол өзінің қаражатының жоқтығына шағынып жүрді...

Кеңес өкілдігінің жағынан оған шет елден Отанына қайтып келу туралы, оның бостандығына толық кепілдік беретіні жөнінде ұсыныстар жасады, бірақ одан Шоқаев бас тартты.

Оның жалған деректерге сүйеніп жазған мақалаларына байланысты мен оған: неге бұлай еттіңіз?- деп сұрақ қойдым. Ол жадағайлап қана нақты көкейкесті мәселелер жөнінде әзірше жаза алмайтынын білдірді. Мен оның себебін былай деп түсіндім: ол ақтардың шығарып тұрған шет елдегі газеттерімен байланыс жасағандықтан да оларға қарсы діттеген, көкейін тескен және даулы мәселелерді жазуға дәті жетпей жүр екен ғой - деп түсіндім. Өзінің СССР-ға қарсы тікелей ұйымдастырып жүрген әрекеттері туралы маған ештеңе де айтпады. Берлинде бір аптадай тұрды да қайтадан Парижге кетіп қалды.

Валидов әуеліде менің пәтерімде тұрды, мен сол күні-ақ оған лайықты пәтер тауып бердім, сол үйде қашан өзі Константинопльге кеткенше тұрды. Мен Валидовтің, Валидов менің пәтеріме барып келіп жүрдік. Ол кеңеске қарсы әрекет жүргізді ме, жоқ па, онысын маған айтқан жоқ. Әр әңгіме сайын еркін Түркістан туралы үзбей айтумен болды, бірақ оны қалай жүзеге асырмақшы, бұл жағынан мағлұмдар етпеді. Ол Шоқаевтың ақ орыс эмигранттарымен істес болғанын ұнатпайтын. Битілеуов Дамолланың Берлиннен СССР-ге жүрер кезінде Валидов те Берлинде болатын, Битілеуовтің қайтар кезінде ол менің пәтерімде болуы да мүмкін. Ал соңғысы (Битілеуов – авт.) қайтар алдында менің пәтерімде тұрды, мен оны вокзалға жалғыз өзім шығарып салдым. Битілеуов арқылы Валидов Дулатовқа және басқа адамдарға хат беріп жіберді ме, жоқ па, ол анық есімде қалмапты. Егерде Битілеуов солай деп көрсетіп отырса, онда хат бергені ғой. Ал шифрланған хат жазуға менің қатысым болды деп Битілеуовтің көрсетуі негізсіз, өйткені, мен шифрдің тілін білмеймін. Маған көрсетілген шифрланған хаттағы жазу – Битілеуовтің жазуы. Әріптердің түсіне қарап, кейбір сөздерді Валидовтің жазуы мүмкін деп есептеймін. Мүмкін, шифрлау үшін жазу үлгісі мен сөздің мағнасы онша қажет те емес шығар”

Қолы – Ғазымбек Бірімжанов.

Сұраған – Саенко».
Заки Валидов өзінің естеліктерінде Ғазымбек Бірімжановтың Германияға оқуға келгенде онымен кездескенін жазады. Алайда онда Әлихан Бөкейхановқа, не Ахмет Байтұрсыновқа, не Міржақып Дулатовқа шифрмен хат жолдағаны туралы ештеңе де айтылмайды. Бұл тергеудегі басты мақсат – «Алашорда» қайраткерлерін шет елде эмиграцияда жүрген Заки Валиди мен Мұстафа Шоқайдың іс-әрекетімен қалайда байланыстыру. Осы тұста Әлихан Бөкейханов тағы да тергеуге алынады. Алдыңғы жолы түрмеге түсіре алмаған тергеушілер бұл жолы қатты кіріседі. Алматы мен Мәскеу тергеушілері бір-біріне ескерту хат жазысады. Келісіп тор құрады.
«Халық комиссарлары кеңесінің жанындағы Біріккен Саяси Басқарманың Шығыс бөлімі. 7 маусым /июнь/ 1929 жыл.

ПП ОГПУ – дің ҚССР бойынша орынбасары Ж.Алшанскийге. Алматы.

Бөкейхановтың үстініен түскен / жинақталған құжаттардың /материалдардың/ шұғыл тұтқындауға жеткіліксіздік жасауына байланысты, біз тергеу жұмысын мынадай есеппен, егерде ол біз таққан айыпты жоққа шығарып жауап берген жағдайда, оны тұтқындамай босатып жіберетіндей етіп жүргіздік.

Бөкейхановтың 26/Y- 29 күнгі жауабының хаттамасын қоса жіберіп отырмыз.

ГПУ –дің шығыс бөлімінің көмекшісі – қолы».
Шындығында да Ә.Бөкейхановтың жауабы нақты және аса ыждахатты. Өзіне түскен күдіктің көлеңкесін өзгеге түсірмеген. Сұрақ-жауап Мәскеу қаласында алынған да көшірмесі Алматыға жолданған сияқты.
«1929 жылғы 27 мамыр күнгі Әлихан Бөкейхановтың берген жауабы.

Алаш орданың” ұйымдастырылған күнінен бастап оның тарқаған күніне дейінгі атқарған ісі туралы мен Каширин жолдасқа жауап берген болатынмын.



Ал, менің Валидовпен арадағы қарым-қатынасыма келетін болсақ, онда мен онымен соңғы рет Уфадағы Мемлекеттік кеңесте кездесіп, әңгімелескен едім. Онда біз өзіміздің жауларымызға қарсы қалай бірігіп күресетініміз жөнінде ақылдастық, оның ішіне кеңес өкіметі де кіреді, әрине, оның ішінде Дутов туралы нақты талдадық, ал кеңес өкіметі жөнінде арнайы сөз болған жоқ, жоғарыда айтқанымыздай, ол өзінен өзі түсінікті жай еді. Мен де, Валидов те дәл осылай түсінді. Біздің әңгімеміз бен жасаған жоспарымыз жүзеге асқан жоқ, өйткені Уфа кеңесінде сайланған Үкіметті Сібір Үкіметі тұтқынға алды. Бұдан кейінгі қалыптасқан жағдайға байланысты екеуіміз кездесе алмадық, ешқандай байланыс орнатудың да реті келмеді.

Байтұрсынов пен Ермеков туралы: олар 1920 жылы (жазда) Мәскеуде болды. Олар мұнда Қазақ Автономиялы Республикасын құру туралы Комиссияның мәжілісіне қатысу үшін келді. Олар мұнда Валидовпен кезікті ме, жоқ па, оны айта алмаймын, бірақ та білетінім, Ермеков Қазақ Республикасының құрылтай жиналысына 1920 жылдың қазан айында келді, ал Валидов болса 1920 жылдың қыркүйек айында Бакуде өткен Шығыс халықтарының құрылтайына қатысты. Сондықтан да, олар Валидовпен ешқандайда байланыс жасаған жоқ деп ойлаймын. Қалай дегенменде олар бұл туралы маған еш нәрсе айтқан жоқ.

Мен мына жайды үзілді-кесілді бас тарта отырып мәлімдеймін: Уфадағы мәжілістен кейін мен Валидовпен ешқандай байланыс жасағаным жоқ, оған Болғамбаевті жолығуға жұмсағаным да жоқ және Валидовтен ол арқылы хат та алғаным жоқ.

1919 жылы “Алаш орда” тарқаған соң, біздер, бұрынғы ұлтшылдар, бұрынғы алашордашылар қандай да бір арнайы ұйым құрып, кеңес өкіметіне қарсы күресуге талаптанған жоқпыз. Ұлтшылдық іс-әрекет туралы ешкімменде ой бөліскен жоқпын, өйткені, мен ұлт туралы ұлтшылмен ұлтшыл ретінде пікір алысатын екі-ақ адам бар, ол - Байтұрсынов пен Дулатов, ал бұлармен ұлттық күрес тәсілдері жөнінде әңгімелескен емеспін, егерде ұлт жөнінде олармен сөз қозғай қалсақ, біздің “ұлтшылдығымыз” тек тағдырға налып “көз жасын төгумен” шектелетін.

Мен Жер туралы саясат жөніндегі пікірім мынаған келіп саяды: жерді орыстармен (қоныс аударып келушілермен) қазақтарға тең бөліп беруге болмайды, өйткені, орыстар жерді өңдеу мәдениетін жақсы меңгерген, олар қалайда ұтымды пайдаланады да кезі келгенде қазақтарды қанауға кіріседі. Жер туралы менің “ұутшылдығым” осы мәселеге келіп тіреледі».
Зады бұл түске дейінгі тергеу болса керек, себебі, сол күні жазылған тағы да бір жауап бар. Әлде, тергеуші Бөкейхановты тұтқындай аларлықтай себеп таппаған соң үзіліс жариялап, арасында түрме бастықтарына барып ақылдасып келуі де мүмкін. Бұл сұрақтың соңында қолы жоқ, кейінгі тергеумен қосып бір-ақ қол қойған. Соған қарағанда үзіліс ұзаққа созылмаған. Іске тігілген жауаптардың біразы ілгеріде келтірілді, ал басқа жауаптарында қамтылатын мәселелер арнайы тақырыпқа орайластырылған тарауларда талданатын болғандықтан да бұл арада таратып жатпаймыз.

Шындап келгенде, тергеу орындары 1921 жылы Орынбор мен Ташкентте өткен мәжілістер конреволюциялық астыртын ұйымның бас қосуы емес, Орынбор қаласында өткен Бүкілқазақтық құрылтай екендігіне, онда «кеңес өкіметіне қарсы астыртын ұйымның платформасы» емес, аштан қырылып жатқан қыр еліне көмек көрсету туралы баспасөздерде ашық жариланған Үндеу қабылданғанына, осы ділгір шараны ұйымдастыру үшін жан-жаққа жіберілген адамдар – көтерілісті ұйымдастырушылар емес, аштарға жылу жиюшылар екеніне ықылас қойып, бас ауыртып жатпады. Тек тағылатын айыптың неғұрлым көп болуына тырысты. Оған 1929 жылы мамыр айында тұтқынға алынған Жүсіпбек Аймауытовқа: 1921-1922 жылдары қырда қарулы көтеріліс ұйымдастырмақ болған - деген төмендегі айып дәлел.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет