Халық ауыз әдебиеті арқылы балалардың тілін триз технологиясының әдісін қолдана отырып дамыту



жүктеу 27.36 Kb.
Дата17.07.2016
өлшемі27.36 Kb.
Халық ауыз әдебиеті арқылы балалардың тілін ТРИЗ технологиясының әдісін қолдана отырып дамыту.
Балабақшадағы балаға берілетін бүгінгі тәрбиенің ең өзек алатын жері – ол ата-бабадан қалған асыл мұра. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеп, тілдерін дамыту мақсатында халық ауыз әдебиетінің асыл-мұралары – жұмбақтар, ғажайып ертегілер, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, тәрбие әліппесі, аңыз әңгімелер, жырларды қолданудың маңызы зор тиімді тәсіл екені белгілі.

Мен баланың тілін дамытуда ауыз әдебиетінің жұмбақ түріне негізделіп жүргізген өзімнің жұмыс тәжірибем туралы сіздермен бөліскім келеді. Жұмбақтар тіл мәдениетін тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады. Жұмбақтар баланы байқағыштыққа, тапқырлыққа, баулып, ой-қиялын ұштастыра көр әсер етеді. Жұмбақ баланың ойлау қабілетін дамытады.

Тәжірибемде жұмбақтарды балаға үйрету барысында «ТРИЗ» технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдандым. Осы технологияның жұмбақпен жұмысты үш әдіс арқылы айтып кетейін.


















Осы әдістерді қолдана отырып түрлі жүйеде жұмбақтар шешіліп шығарылады.

Жүйелілік жақындау әдісінің құндылығы:

1. Тақырып таңдап алынады. 2. Ойдың жалпыдан жекеге, дербеске ауысуы.

3. Объектінің әр түрлі қасиеттері мен белгілерін айқындау арқылы абстракты- жалпыдан дербеске ауысуы. Мысалы өсімдіктерге байланысты жұмбақтар алатын болсақ,

тақырып тандалып алынады Мысалы: Ағаш




Жаз

Күз


Қыс

Көктем


Жасыл

Сары


Суарады су қажет етеді



Жазда жап- жасыл, күзде сап-сары деп айтамыз. Жазда жапырақпен, қыста жалаңаш. Көктемде бүршік жарады, күзде түсіп қалады. Бұнда біз жүйелеп көрсетіп тұрмыз. Бала өз ойын ұшқырлап шығара алады.

Топтастыру әдісінің құндылығы:

1.Тақырып алу.

2.Тақырыпты ести отыра бір ойға келу.

3.Айтылған зат немесе құбылыспен байланысты сөздерді қасиеттерді атау.

4. Тақырыпқа байланысты сөздер топтасады.

5. Келесі кезең айтылған топтастыру әдісіне негізделіп жұмбақ шығарылады.

Тақырып тандап алынады Мысалы: Ағаш


Ағаш


Бүршік

Гүл


Жеміс

Тамыр


Жапырақ

Ағаш өміріне байланысты болып топтасады



Мысалы: Бүршік жапырақ жаяды, гүлімен жеміс береді, тамырымен қоректенеді, биік болып өседі. Бұл не? (Ағаш)

Миға шабуыл әдісінің құндылығы:



  1. Тақырып таңдап алынады.

  2. Бір затты алып сипаттау

  3. Айтылған заттың ерекшелігін әрі қарай жалғастыру.

Мысалы: алма








Мысалы: Өзі дөңгелек, қызыл, тәтті, түсі әр-түрлі ағашта өседі тағы басқа сипаттау.



Бала тілін дамытуға халық ауыз әдебиетін орынды, жүйелі пайдалана білген әрбір тәрбиеші баланың санасын арттыра отарып, түсінігін кеңейтіп ұғымын байытады. Сонымен қатар баланың ойлау белсенділігі артады, өз бетімен жұмыс түрі дамиды, сөз топтарын меңгереді, өз ойын еркін жеткізе алады.







©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет