Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы


-тарау. ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРҒА



бет8/12
Дата11.07.2016
өлшемі2.02 Mb.
#192480
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

18-тарау. ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРҒА
МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ

      105-бап. Туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық


                көмек көрсету

      1. Туберкулезбен ауыратын науқастар міндетті түрде медициналық байқауда болуға және емделуге жатады, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі.


      2. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастар міндетті түрде ауруханаға жатқызылып, емделуге және оңалтылуға тиіс.

      106-бап. Азаматты туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады


                деп танудың тәртібі

      1. Азаматты туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады деп тану зертханалық және аспаптық зерттеулердің нәтижелері ескеріле отырып, денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.


      2. Азаматты туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады деп тану мақсатында медициналық зерттеп-қарауды жүргізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
      3. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады деп танылған азамат денсаулық сақтау ұйымының шешіміне жоғары тұрған органға және (немесе) сотқа шағым жасай алады.

      107-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын


                азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге жіберудің
                негізі мен тәртібі

      1. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу пациенттерді мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарда оқшаулау арқылы туберкулезге қарсы және симптомдық емдеуді қамтиды.


      2. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге олардың дәрігер тағайындаған емделуден медициналық құжаттамада тіркелген бас тартуы негіз болып табылады.
      3. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын және емделуден жалтаратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы шешімді денсаулық сақтау органдарының (ұйымдарының) ұсынысы бойынша сот қабылдайды.
      4. Әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінен босатылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, ерікті емделуден жазбаша түрде бас тартқан азаматтарға соттың шешімімен мәжбүрлеп емдеу тағайындалады, бұл үшін түзеу мекемесінің әкімшілігі материалдарды босатылғанға дейін бір ай бұрын сотқа жібереді.
      5. Мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы материалдарды олар келіп түскен күннен бастап бес күн мерзімде сот мәжбүрлеп емдеуге жіберілетін азаматтың және мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы ұсыныс енгізген денсаулық сақтау ұйымы немесе әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі өкілінің қатысуымен қарайды.
      6. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматты мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы сот шешімін орындау атқарушылық іс жүргізу органдарына жүктеледі.

      108-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, мәжбүрлеп


                емделуде жүрген науқастардың құқықтары

      1. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, мәжбүрлеп емделуде жүрген науқастар Қазақстан Республикасы азаматтарының барлық құқықтарын туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымда болу режимін сақтау қажеттігіне байланысты шектеулермен пайдаланады.


      2. Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жіберу соттылыққа әкеп соқпайды.
      3. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, мәжбүрлеп емдеуге жіберілген науқастың жұмыс орны сақталады.
      4. Мәжбүрлеп емдеуде болу уақытында еңбек стажы үзілмейді және ол жалпы еңбек стажына есептеледі.
      5. Мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үйінде тұратын, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, мәжбүрлеп емдеуге жіберілген науқастардың емдеуде болуының бүкіл уақыты ішінде тұрғын үйі сақталады.

      109-бап. Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда


                туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын
                науқастарды емдеу және ұстау

      1. Мәжбүрлеп емдеуге арналған туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымда туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарды емдеу және ұстау бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.


      2. Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру, сондай-ақ онда науқастардың болу режимі уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүзеге асырылады.
      3. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарды мәжбүрлеп емдеу олардан туберкулездің микробактериялары бөлініп шығуы тоқтатылғанға дейін жалғастырылады, содан соң олар тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық жағдайда емдеуді жалғастыру үшін шығарылуға жатады.
      Емдеуге қойылған талаптар сақталған жағдайда, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқас консилиумның қорытындысы бойынша туберкулезге қарсы ұйымға ауыстырылады және онда қарапайым стационарлық жағдайда емделуді жалғастырады.

      110-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын


                науқастарды мәжбүрлеп емдеу аяқталғаннан кейінгі
                медициналық байқау және емдеу

      Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, мәжбүрлеп емдеуде болған науқастар туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымнан шығарылғаннан кейін тұрғылықты жері бойынша туберкулезге қарсы ұйымда есепке тұруға және уәкілетті орган белгілеген тәртіппен туберкулездің жұқпалы түрімен ауырудың қайталануын болғызбайтын ем алып тұруға міндетті.

      111-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарға
                әлеуметтік көмек

      Мәжбүрлеп емдеу аяқталғаннан кейін туберкулезге қарсы мамандандырылған медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарға жергілікті атқарушы органдар олардың еңбекке орналасуына және тұрмыстық жайласуына көмек көрсетеді.



19-тарау. АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАНДАРҒА ЖӘНЕ ЖИТС-ПЕН
АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ

      112-бап. АИТВ инфекциясының және ЖИТС-тың профилактикасы,


                диагностикасы және оны емдеу мәселелеріндегі
                мемлекет кепілдіктері

      Мемлекет АИТВ инфекциясын жұқтырғандарға және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға:


      1) тегін негізде ерікті түрде жасырын және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қараудың қолжетімділігі мен сапасына, динамикалық байқауды қамтамасыз етуге, психологиялық-әлеуметтік, заңдық және медициналық консультациялар беруге;
      2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде медициналық көмекке және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге;
      3) әлеуметтік және құқықтық қорғауға;
      4) ауруының сипатына байланысты қандай да бір кемсітушілік нысандарына жол бермеуіне;
      5) АИТВ инфекциясының анадан ұрыққа берілу қаупін азайту жөніндегі профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға кепілдік береді.

      113-бап. АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды


                әлеуметтік қорғау

      1. АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын балалардың мектепте және басқа оқу орындарында оқуы қамтамасыз етіледі.


      2. АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды жұмыстан шығаруға, жұмысқа, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріне және оқу орындарына қабылдаудан бас тартуға, сондай-ақ олардың өзге де құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге, сол сияқты олардың туыстары мен жақындарының тұрғын үй және өзге де құқықтарына нұқсан келтіруге жол берілмейді.
      3. АИТВ жұқтыру немесе ЖИТС ауыруы медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің өз міндеттерін тиісінше орындамауы салдарынан болған адамдардың өз өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтетуге құқығы бар.

      114-бап. АИТВ инфекциясының профилактикасы

      АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі іс-шаралар:
      1) халықтың түрлі топтарына арналған нысаналы профилактикалық және білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
      2) халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы АИТВ инфекциясы бойынша эпидемия жағдайы туралы және профилактика шаралары туралы хабардар ету;
      3) халықтың түрлі топтары үшін ақпараттық материалдар әзірлеу және тарату;
      4) АИТВ инфекциясының жыныстық қатынас және қан арқылы жұғуынан қорғау жөніндегі бағдарламаларды іске асыру;
      5) сенім, жасырын тестілеу, психологиялық, заңдық және медициналық консультациялар беру пункттерін құру;
      6) тері қабаттары бүтіндігінің бұзылуына байланысты халыққа қызметтер көрсету кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылады.

      115-бап. АИТВ-ға зерттеліп-қаралу

      1. Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың тегін негізде ерікті түрде жасырын және (немесе) құпия медициналық зерттеліп-қаралуға және АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша консультациялар алуға құқығы бар.
      2. АИТВ инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық зерттеліп-қаралуға:
      1) қанның, оның компоненттерінің, тіндердің және (немесе) ағзалардың (ағзалар бөліктерінің), жыныстық жасушалардың донорлары мен реципиенттері;
      2) өздеріне қатысты денсаулық сақтау, прокуратура, тергеу және сот органдарының сұрау салуы негізінде АИТВ жұқтырғаны ықтимал деуге жеткілікті негіздер бар адамдар;
      3) уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес клиникалық және эпидемиологиялық айғақтар бойынша адамдар жатады.
      3. Қазақстан Республикасының аумағында тұрып жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар АИТВ-ның болуына зерттеліп-қаралудан жалтарған жағдайда Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге шығарып жіберіледі.
      Қазақстан Республикасының аумағында дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитетті пайдаланатын шет мемлекеттердің дипломатиялық, өкілді және консулдық мекемелерінің қызметкерлері мен өзге де адамдары АИТВ-ның болуына зерттеліп-қаралудан тек өздерінің келісімдерімен ғана өтеді. Оларды зерттеп-қарау қажеттігі туралы ұсынысты уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен алдын ала келіседі.
      4. Кәмелетке толмаған адамдар мен әрекетке қабілетсіз адамдарды куәландыру олардың заңды өкілдерінің келісімімен немесе олардың қалауы бойынша жүргізіледі.
      5. Медициналық зерттеп-қарау кезінде АИТВ инфекциясын жұқтыру фактісін анықтаған денсаулық сақтау ұйымдары зерттеліп-қаралатын адамға алынған нәтиже туралы жазбаша түрде хабар беріп, өз денсаулығын және айналасындағылардың денсаулығын сақтауға бағытталған сақтық шараларын сақтау қажеттігі туралы ұғындырады, сондай-ақ емделуден жалтарғаны және басқа адамдарға жұқтырғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылығы туралы ескертеді.

20-тарау. ПСИХИКАСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫНАН (АУРУЫНАН) ЗАРДАП
ШЕГУШІ АДАМДАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ

      116-бап. Психиатриялық көмек алуға жүгінудің еріктілігі

      1. Психиатриялық көмек психиканың бұзылуының (ауруының) профилактикасын, азаматтардың психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды, психикасының бұзылуының диагностикасын, психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдарды емдеуді, оларға күтім жасауды және медициналық-әлеуметтік оңалтуды қамтиды.
      2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, психиатриялық көмек адам ерікті түрде өтініш жасаған кезде оның жазбаша келісімімен көрсетіледі.
      3. Кәмелетке толмаған адамға, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамға психиатриялық көмек осы Кодексте көзделген тәртіппен олардың заңды өкілдерінің келісімімен көрсетіледі.

      117-бап. Кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін атқаруды


                шектеу

      1. Азамат психикасының бұзылуы (ауруы) салдарынан уақытша, соңынан қайта куәландыру құқығымен кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп көзіне байланысты жұмысты атқаруға жарамсыз деп танылуы мүмкін.


      Жарамсыз деп тану тиісті сараптаманы жүзеге асыруға лицензиясы және (немесе) аккредиттеу туралы куәлігі бар мамандандырылған психиатриялық медициналық ұйымда құрылатын дәрігерлік комиссияның шешімі бойынша жүргізіледі.
      Азамат аталған комиссияның шешіммен келіспеген жағдайда, ол жөнінде сотқа шағымдана алады.
      2. Кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп көзіне байланысты жұмысты жүзеге асыруға арналған медициналық психиатриялық қарсы айғақтар тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді және ол бес жылда кемінде бір рет жинақталған тәжірибе мен ғылыми жетістіктер ескеріле отырып, қайта қаралады.

      118-бап. Психиатриялық көмек көрсетілетін азаматтардың


                құқықтары мен мүдделерін қорғау

      1. Азамат өзіне психиатриялық көмек көрсетілген кезде өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін өз таңдауымен өкілді шақыруға құқылы. Өкілдікті ресімдеу Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде және Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.


      2. Кәмелетке толмаған адамның немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамның психиатриялық көмек көрсетілген кездегі заңды мүдделерін қорғауды олардың заңды өкілдері жүзеге асырады.
      3. Азаматқа психиатриялық көмек көрсетілген кезде оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды адвокат немесе заңды өкіл жүзеге асырады. Психиатриялық көмек көрсететін ұйымның әкімшілігі осы Кодекстің 97-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде және 123-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, адвокат шақыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

      119-бап. Психиканың бұзылуының (ауруының) диагностикасы


                және оны емдеу

      1. Психиатр-дәрігер психиатриялық көмек көрсетеді.


      2. Психиканың бұзылуы (ауруы) диагнозын клиникалық көріністерге, зертханалық деректерге, объективті мәліметтерге сәйкес психиатр-дәрігер қояды. Диагнозды азаматтың қоғамда қабылданған моральдық, мәдени, саяси және діни құндылықтармен келіспеуіне не оның психикалық денсаулық жағдайына тікелей байланысы жоқ өзге де себептерге негіздеуге болмайды.
      3. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамға диагноз қою және оны емдеу үшін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасымен рұқсат етілген медициналық құралдар мен әдістер қолданылады.
      4. Медициналық құралдар мен әдістер аурулы ауытқулардың сипатына қарай диагностикалық және емдеу мақсаттарында ғана қолданылады және оларды адамды жазалау түрінде пайдалануға тыйым салынады.
      5. Дәрігер психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамға немесе оның заңды өкіліне немесе адвокатқа психиканың бұзылуының (ауруының) сипаты туралы, емдеу мақсаттары мен әдістері туралы ақпаратты, сондай-ақ ұсынылатын емдеудің ұзақтығы туралы, ықтимал ауруды сезіну, жанама әсерлер туралы және күтілетін нәтижелер туралы деректерді беруге міндетті. Берілген ақпарат туралы медициналық құжаттамада жазба жасалады.
      6. Осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамды емдеу оның немесе оның заңды өкілдерінің келісімі алынғаннан кейін жүргізіледі.
      7. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамның келісімінсіз немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз емдеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданған кезде ғана, сондай-ақ осы Кодекстің 94-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша ауруханаға еріксіз жатқызған кезде жүргізілуі мүмкін. Ауруханаға шұғыл жатқызылған реттерді қоспағанда, мұндай жағдайларда емдеу психиатр-дәрігерлер комиссиясының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
      8. Осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамның немесе оның заңды өкілінің ұсынылып отырған емдеуден бас тартуға немесе оны тоқтатуға құқығы бар.
      9. Емделуден бас тартқан адамға не оның заңды өкіліне емдеуді тоқтатудың ықтимал зардаптары түсіндірілуге тиіс. Емделуден бас тарту оның ықтимал зардаптары туралы мәліметтер көрсетіле отырып, психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамның немесе оның заңды өкілінің және психиатр-дәрігердің қолы қойылып, медициналық құжаттамаға жазбамен ресімделеді.

      120-бап. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші


                адамдардың құқықтары

      1. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдар Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген, азаматтардың барлық құқықтары мен бостандықтарына ие болады.


      Психикасының бұзылуына (ауруына) байланысты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруын шектеуге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ғана жол беріледі.
      2. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдардың бәрі өздеріне психиатриялық көмек көрсетілген кезде:
      1) психиатриялық көмекті тұрғылықты жері бойынша, сондай-ақ қажет болған жағдайда жүрген жері бойынша алуға;
      2) емдеудің кез келген сатысында медициналық құралдар мен әдістерді пайдаланудан, ғылыми зерттеулерден немесе оқу процесінен, суретке түсіруден, бейне жазудан немесе киноға түсуден бас тартуға;
      3) осы Кодекспен реттелетін мәселелер бойынша дәрігерлік комиссияда жұмыс істеу үшін психиатриялық көмек көрсетуге қатысатын маманды (оның келісімімен) тартуға;
      4) егер пациент он сегіз жасқа толмаған болса, жалпы білім беретін мектептің немесе интеллектуалдық дамуы бұзылған балаларға арналған арнаулы мектептің бағдарламасы бойынша білім алуға;
      5) хат-хабар алысуға, посылкалар, бандерольдер, ақша, почта аударымдарын алуға және жіберуге, телефонды пайдалануға, келушілерді қабылдауға, мерзімді баспа басылымдарына жазылуға;
      6) ең қажетті заттарды ұстауға және сатып алуға, өз киімін пайдалануға құқылы.
      3. Жіті байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық мекемелерде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылатын, психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдардың осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген құқықтардан басқа:
      1) қосымша тамақ сатып алуға;
      2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс медициналық қызметтер алуға;
      3) жеңіл керек-жарақтар, киімдер, аяқ киімдер сатып алуға;
      4) қалааралық телефон байланысын пайдалануға;
      5) қолма-қол ақшаны бақылау шотын пайдалануға құқығы бар.
      Аталған құқықтарды іске асыру осы құқықтар берілетін адамның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      121-бап. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші


                адамдарға қатысты медициналық сипаттағы
                мәжбүрлеу шаралары

      1. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегетін, қоғамға қауіпті әрекеттер жасаған адамдарға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары сот шешімі бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен қолданылады.


      2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары денсаулық сақтау жүйесінің психиатриялық ұйымдарында:
      1) амбулаториялық мәжбүрлі байқау және психиатрдың емдеуі;
      2) жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;
      3) мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;
      4) жіті байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түрінде жүзеге асырылады.
      3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін психиатриялық стационарға орналастырылған адамдар психиатриялық стационарда болған бүкіл кезеңінде еңбекке жарамсыз деп танылады.
      4. Жеке және заңды тұлғалардан түсетін ақша, оның ішінде зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар жіті байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық мекеменің (бұдан әрі - мекеме) қолма-қол ақшасын бақылау шотына мекемеде мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық науқастың пайдалануы үшін аударылады.
      5. Ақшаны пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      6. Мекеменің қолма-қол ақшасын бақылау шотының қаражатын пайдалану жөніндегі есеп пен есептілік, сондай-ақ олардың пайдаланылуын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      122-бап. Мемлекет кепілдік берген психиатриялық көмек


                көрсету және әлеуметтік қорғау

      1. Мемлекет:


      1) шұғыл және жоспарлы психиатриялық көмекке;
      2) психиатриялық сараптамаға, еңбекке уақытша жарамсыздықты айқындауға;
      3) психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдарға, оның ішінде оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес - мүгедектерге әлеуметтік-тұрмыстық көмек көрсетуге және еңбекке орналасуына жәрдемдесуге кепілдік береді.
      2. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдарға психиатриялық көмек көрсетуді қамтамасыз ету үшін және оларды әлеуметтік қорғау мақсатында мемлекет:
      1) психиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастырады;
      2) психикасының бұзылуынан зардап шегуші кәмелетке толмағандарға, оның ішінде оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес - мүгедектерге жалпы білім беретін және кәсіптік оқытуды ұйымдастырады;
      3) өндірістік-емдеу ұйымдарын, сондай-ақ еңбек терапиясына, мүгедектерді қоса алғанда, психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдарды осы ұйымдарда еңбекке орналастыру үшін жаңа мамандықтарға оқытуға арналған еңбек жағдайлары жеңілдетілген арнайы өндірістер, цехтар немесе учаскелер құрады.

      123-бап. Психиатриялық куәландыру



      1. Психиатриялық куәландыру зерттеп-қаралатын адамның психикасының бұзылуын (ауруын) анықтау, психиатриялық көмек көрсету қажеттігін және оның түрлерін айқындау мақсатында, сондай-ақ қорғаншылық, еңбекке уақытша жарамсыздықты айқындау туралы мәселені шешу үшін жүргізіледі.
      2. Психиатриялық куәландыру, сондай-ақ профилактикалық тексеріп-қарау зерттеп-қаралатын адамның өтініші бойынша немесе жазбаша келісімімен немесе оның заңды өкілдерінің куәландыру себептері көрсетілген жазбаша өтініші бойынша; кәмелетке толмаған адамға немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамға қатысты - олардың заңды өкілдерінің өтініші бойынша немесе жазбаша келісімімен жүргізіледі.
      Зерттеп-қаралатын адамды психиатриялық куәландырудың деректері мен оның психикалық денсаулық жағдайы туралы қорытынды медициналық құжаттамада тіркеледі, онда психиатр-дәрігерге көріну себептері мен медициналық ұсынымдар да көрсетіледі.
      3. Заңды өкілі қарсылық білдірген немесе ол болмаған жағдайда кәмелетке толмаған адамды куәландыру қорғаншы және қамқоршы органның шешімі бойынша жүргізіледі, оған сотқа шағым жасалуы мүмкін.
      4. Осы баптың 5-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, психиатриялық куәландыру жүргізетін дәрігер зерттеп-қаралатын адамға және оның заңды өкіліне өзін психиатр ретінде таныстыруға міндетті.
      5. Зерттеп-қаралатын адам психикасының бұзылуы (ауруы) асқынған деп жорамалдауға негіз болатын іс-әрекеттер жасаған кезде, оған өзінің келісімінсіз немесе заңды өкілінің келісімінсіз психиатриялық куәландыру жүргізілуі мүмкін, мұның өзі:
      1) оның өзіне және айналасындағыларға тікелей қауіп төндіруіне;
      2) оның дәрменсіздігіне, яғни тиісті күтім болмаған жағдайда негізгі тіршілік қажеттерін өз бетінше қанағаттандыруға қабілетсіздігіне;
      3) егер адамға психиатриялық көмек көрсетілмей қалдырылатын болса, психикалық жай-күйінің нашарлауы салдарынан оның денсаулығына елеулі зиян келуіне байланысты туындайды.
      6. Егер зерттеп-қаралатын адам осы Кодекстің 124-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен динамикалық байқауда тұрса, оған оның заңды өкілінің келісімінсіз психиатриялық куәландыру жүргізілуі мүмкін.
      7. Әртүрлі психиатриялық сараптамалар мен адамды психиатриялық куәландыру Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
      8. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларда психиатриялық куәландыру туралы шешімді психиатр-дәрігер адамның заңды өкілін хабардар ете отырып, қабылдайды.
      9. Осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, адамды өзінің келісімінсіз немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз психиатриялық куәландыру туралы шешімді мұндай куәландыру үшін осы баптың 5-тармағында санамаланған негіздердің бар-жоғы туралы мәліметтер қамтылған өтініш бойынша психиатр-дәрігер қабылдайды.
      10. Психиатриялық куәландыруға келісім беру туралы өтінішті психиатриялық куәландыруға жататын адамның заңды өкілі, кез келген медициналық мамандықтағы дәрігер және өзге де азаматтар беруі мүмкін. Көрінеу жалған өтініш беру қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
      11. Алынған мәліметтер бойынша куәландырылуға жататын адам өзіне немесе айналасындағыларға тікелей қауіп төндіретін жағдайларда, нақты адам психиатриялық куәландыруға келісімі туралы ауызша немесе жазбаша өтініш беруі мүмкін. Психиатр-дәрігер психиатриялық куәландыру туралы дереу шешім қабылдайды және ол медициналық құжаттамаға жазбамен ресімделеді де кейіннен куәландырылатын адамның заңды өкіліне хабарланады.
      12. Куәландырылатын адам өзіне немесе айналасындағыларға тікелей қауіп төндірмейтін жағдайда психиатриялық куәландыру туралы өтініш жазбаша түрде берілуге, онда мұндай куәландырудың қажеттігін негіздейтін толық мәліметтер және ол адамның (не оның заңды өкілінің) психиатр-дәрігерге көрінуден бас тартатыны туралы деректер қамтылуға тиіс. Психиатр-дәрігер шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтер сұратуға құқылы. Психиатр-дәрігер өтініште осы баптың 5-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген мән-жайлардың жоқ екенін анықтап, психиатриялық куәландырудан жазбаша түрде дәлелді себеппен бас тартады.

      124-бап. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші


                науқастарды динамикалық байқау

      1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамның немесе оның заңды өкілінің келісіміне қарамастан динамикалық байқау белгіленуі мүмкін және ол психиатр-дәрігердің тұрақты тексеріп-қарауы арқылы адамның психикалық денсаулығының жай-күйін байқауды және оған қажетті медициналық және әлеуметтік көмек көрсетуді көздейді.


      2. Динамикалық байқау психикасының бұзылуы тұрақты немесе созылмалы болып, ауыр, өзгермейтін сипат алған, асқынған ауру белгілері жиі болатын адамға белгіленуі мүмкін.
      3. Динамикалық байқауды белгілеу қажеттігі және оны тоқтату туралы мәселені шешуді амбулаториялық психиатриялық көмек көрсететін психиатриялық ұйымның әкімшілігі тағайындайтын психиатр-дәрігерлер комиссиясы немесе денсаулық сақтау органы тағайындайтын психиатр-дәрігерлер комиссиясы қабылдайды, комиссияда кемінде үш дәрігер болады.
      4. Психиатр-дәрігерлер комиссиясының дәлелді шешімі медициналық құжаттамаға жазбамен ресімделеді. Динамикалық байқауды белгілеу немесе оны тоқтату туралы шешімге осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
      5. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адам сауыққан немесе оның психикалық жай-күйі айтарлықтай әрі тұрақты жақсарған кезде бұрын белгіленген динамикалық байқау тоқтатылады. Динамикалық байқау тоқтатылғаннан кейін сол адамның өтініші бойынша немесе келісімімен не оның заңды өкілінің өтініші бойынша немесе келісімімен психиатриялық көмек консультация және емдеу түрінде көрсетіледі. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адам психикалық жай-күйі өзгерген кезде осы Кодекстің 123-бабында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен өзінің келісімінсіз немесе заңды өкілінің келісімінсіз куәландырылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда психиатр-дәрігерлер комиссиясының шешімі бойынша психикасы бұзылған (ауырған) науқастарға динамикалық байқау қайта жалғастырылуы мүмкін.

      125-бап. Психиатриялық стационарға жатқызу

      1. Адамның психикасының бұзылуы (ауруы) және психиатр-дәрігердің оған зерттеп-қарау жүргізу немесе оны стационар жағдайында емдеу қажеттігі туралы шешімі не сот ұйғарымы оны психиатриялық стационарға жатқызу үшін негіз болып табылады.
      2. Психиатриялық стационарға жатқызу Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен сот-психиатриялық сараптама жүргізу қажеттігімен байланысты болуы мүмкін.
      3. Осы Кодекстің 94-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, адамды психиатриялық стационарға жатқызу оның өтініші бойынша немесе оның жазбаша келісімімен ерікті түрде жүзеге асырылады.
      4. Кәмелетке толмаған адам психиатриялық стационарға ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің жазбаша келісімімен жатқызылады.
      5. Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адам психиатриялық стационарға оның заңды өкілінің өтініші бойынша немесе жазбаша келісімімен жатқызылады.
      6. Заңды өкілі қарсы болған немесе заңды өкілі болмаған жағдайда кәмелетке толмаған адамды психиатриялық стационарға жатқызу қорғаншы және қамқоршы органның шешімі бойынша жүзеге асырылады, ол туралы сотқа шағым жасалуы мүмкін.
      7. Адамды ауруханаға жатқызуға алынған келісім медициналық құжаттамаға жазбамен ресімделеді, оған сол адам немесе оның заңды өкілі және психиатр-дәрігер қол қояды.
      8. Адамның психиатриялық стационарда еріксіз түрде ұсталуы оны ауруханаға жатқызу жөніндегі негіздер сақталатын уақыт ішінде ғана жалғастырылады.
      9. Психиатриялық стационарға еріксіз түрде жатқызылған адам алғашқы алты ай ішінде оның ауруханада жату мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу үшін психиатриялық ұйымның психиатр-дәрігерлер комиссиясының кемінде айына бір рет куәландыруына жатады. Ауруханада жату мерзімін алты айдан астам уақытқа ұзарту Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен психиатр-дәрігерлер комиссиясының өтініші негізінде сот шешімі бойынша жүргізіледі.
      10. Ауруханаға еріксіз түрде жатқызылған адамды кезектен тыс куәландыру пациенттің өзінің немесе оның заңды өкілінің, адвокаттың қалауы бойынша жүргізілуі мүмкін.
      Осы Кодекстің 94-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша психиатриялық стационарға жатқызылған адам ауруханаға жатқызылған кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде ауруханаға жатқызудың негізділігі туралы шешім қабылдаған психиатриялық ұйымның психиатр-дәрігерлер комиссиясының міндетті түрде куәландыруына жатады. Ауруханаға жатқызу негізсіз деп танылып, жатқызылған адам психиатриялық стационарда қалғысы келмеген жағдайларда, ол дереу шығарылуға тиіс.
      11. Ауруханаға еріксіз түрде жатқызуға келіспеген жағдайда, психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адам немесе оның заңды өкілі сотқа жүгінуге құқылы.

      126-бап. Заңды өкілдерінің өтініші бойынша немесе олардың


                келісімімен психиатриялық стационарға
                орналастырылған кәмелетке толмаған адамды немесе
                сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамды
                куәландыру

      1. Заңды өкілдерінің өтініші бойынша немесе олардың жазбаша келісімімен психиатриялық стационарға орналастырылған кәмелетке толмаған адам немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адам осы Кодекстің 123-бабында көзделген тәртіппен психиатриялық ұйымның психиатр-дәрігерлер комиссиясының міндетті түрде куәландыруына жатады.


      2. Кәмелетке толмаған адам немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адам ауруханада жату мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу үшін алғашқы алты ай ішінде кемінде айына бір рет психиатр-дәрігерлер комиссиясының куәландыруына жатады. Ауруханада жату мерзімін алты айдан астам уақытқа ұзарту туралы шешім Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен психиатр-дәрігерлер комиссиясының өтініші негізінде сот шешімі бойынша шығарылады.
      3. Психиатр-дәрігерлер комиссиясы немесе психиатриялық стационардың әкімшілігі кәмелетке толмаған адамның немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамның заңды өкілдері оларды ауруханаға жатқызу кезінде қиянат жасауға жол берілгенін анықтаған жағдайда психиатриялық стационардың әкімшілігі бұл туралы қамқорлыққа алынған адамның тұрғылықты жері бойынша қорғаншы және қамқоршы органға хабарлайды.

      127-бап. Психиатриялық көмек көрсету кезінде қауіпсіздікті


                қамтамасыз ету шаралары

      1. Стационарлық психиатриялық көмекті, ауруханаға жатқызылған адам мен басқа да адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін неғұрлым аз шектеулі жағдайларда, медицина персоналы оның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтай отырып, жүзеге асырады.


      2. Ауруханаға еріксіз жатқызылып, психиатриялық стационарда болған кезінде ауруханаға жатқызылған адамға күш қолданып, қысым жасау және оны оқшаулау шаралары, психиатр-дәрігердің пікірінше, оның өзіне немесе басқа адамдарға тікелей қауіп төндіретін іс-әрекетін өзге әдістермен тыю мүмкін болмаған кезде қолданылады және ол медицина персоналының тұрақты бақылауымен жүзеге асырылады. Күш қолданып, қысым жасау немесе оқшаулау шараларының түрлері мен қолданылу уақыты туралы медициналық құжаттамада жазба жасалып, оның заңды өкіліне хабарланады.
      3. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері медицина қызметкерлеріне еріксіз куәландыруды, еріксіз ауруханаға жатқызуды жүзеге асырған кезде жәрдемдесуге, ауруханаға жатқызылатын адамды тексеріп-қарау мақсатында оның қасына бару үшін, сондай-ақ ауруханаға жатқызылған адам (ауруханаға жатқызылуға тиіс адам) тарапынан айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін жағдайларда қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті.

      128-бап. Психиатриялық стационардан шығару

      1. Психиатриялық стационардан шығару пациент сауыққан немесе оның психикалық жай-күйі стационарда одан әрі емдеуді қажет етпейтіндей жақсарғаннан кейін, сондай-ақ стационарға орналастыру үшін негіз болған зерттеп-қарау немесе сараптама аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
      2. Психиатриялық стационарда өз еркімен жатқан пациент одан өзінің жеке өтініші, оның заңды өкілінің өтініші бойынша немесе оны емдеуші дәрігердің шешімі бойынша шығарылады.
      3. Психиатриялық стационарға еріксіз түрде жатқызылған пациентті одан шығару психиатр-дәрігерлер комиссиясының қорытындысы бойынша жүргізіледі.
      4. Соттың ұйғарымы бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған пациенттің шығарылуы сот ұйғарымы бойынша ғана жүзеге асырылады.
      5. Психиатриялық стационарға өз еркімен орналастырылған пациентті, егер психиатриялық ұйымның психиатр-дәрігерлер комиссиясы оны осы Кодекстің 94-бабының 1-тармағында көзделгендей ауруханаға еріксіз түрде жатқызу негіздерін анықтайтын болса, одан шығарудан бас тартылуы мүмкін. Мұндай жағдайда оның психиатриялық стационарда болуы, ауруханада жату мерзімін ұзарту және стационардан шығарылуы туралы мәселелер 125-баптың 8-10-тармақтарында және осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен шешіледі.

      129-бап. Адамдарды психоневрологиялық ұйымдарға


                орналастыру үшін негіздер

      1. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамды психоневрологиялық ұйымға орналастыру үшін туыстарының не оның заңды өкілінің өтініші және психиатр-дәрігер қатысатын дәрігерлік комиссияның қорытындысы; кәмелетке толмаған адамға - психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы; сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамға психиатр-дәрігердің қатысуымен дәрігерлік комиссия берген қорытындының негізінде қабылданған қорғаншы және қамқоршы органның шешімі негіз болып табылады.


      Қорытындыда адамның психикасының оны әлеуметтік қамсыздандыруға арналған мамандандырылмаған ұйымда болу мүмкіндігінен айыратындай болып бұзылғаны (ауруы) туралы, ал адамның әрекетке қабілеттілігіне қатысты - сот алдында оны әрекетке қабілетсіз деп тану туралы мәселе қоюға негіздің жоқтығы туралы мәліметтер де куәландырылуға тиіс.
      2. Қорғаншы және қамқоршы органдар психоневрологиялық ұйымға орналастырылатын адамдардың мүліктік мүдделерін қорғау үшін шаралар қолдануға міндетті.
      3. Кәмелетке толмаған адамды арнайы оқыту мақсатымен психоневрологиялық ұйымға жіберу үшін адамның психикасының бұзылуы (ауруы) негіз болып табылады. Ол ата-анасының не оның заңды өкілінің өтініші және республикалық, облыстық немесе қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар қорытындысының негізінде жіберіледі. Қорытындыда кәмелетке толмаған адамды интеллектуалдық дамуы бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп жағдайында оқыту қажеттігі туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
      4. Психиатр-дәрігер, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қатысқан дәрігерлік комиссияның мамандандырылған психоневрологиялық ұйымда тұруға не оқуға медициналық айғақтардың жоқтығы туралы қорытындысы психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамды психоневрологиялық ұйымнан немесе арнайы оқытатын мектептен жалпы үлгідегі осындай ұйымға ауыстыру үшін негіз болып табылады.
      5. Психоневрологиялық ұйымнан немесе арнайы оқытатын мектептен шығару:
      1) психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамның жеке өтініші бойынша, психиатр-дәрігер қатысқан дәрігерлік комиссияның денсаулық жағдайы бойынша бұл адамның жеке тұра алатыны туралы қорытындысы болған кезде;
      2) шығарылатын кәмелетке толмаған адамға не сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамға күтім-жасауды жүзеге асыруға міндеттенетін ата-анасының, өзге де туыстарының немесе заңды өкілінің өтініші бойынша жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет