Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) кезекті алдын ала онлайн келісу



Дата15.07.2016
өлшемі32.1 Kb.
#200361

Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) кезекті алдын ала онлайн келісу


Қажетті деректер

1.  ЖСН.


2. Тіркелу міндетті емес.

3. Назар аударыңыздар: келу уақыты астаналық уақытпен көрсетіледі.

 

Қызмет көрсету тәртібі

Қызмет үш қадам бойынша көрсетіледі:



  1. «ХҚКО таңдау» - ЖСН енгізіп, қажетті ХҚКО-ны көрсетіңіз.

  2. «Келуді жоспарлау» ХҚКО-да қажетті қызметті көрсетіп, қолайлы келу уақытын көрсетіңіз (күні мен уақыты).

  3. «Алдын ала келісу нәтижесі» - сізге алдын ала келісу нәтижесі туралы хабарлама келеді.

Қызметті таңдау

Әрбір тармақтың астында ХҚКО қызметтерінің тізілімі берілген, оларды алу үшін кезекті алдын ала келісе аласыз.



Құжаттама

Паспорттар мен жеке куәліктер алу үшін құжаттар тапсыру.



Операциялық зал



    1. Түрлі анықтамалар алу.

    2. Аңшы куәлігін алу.

    3. Жүргізуші куәліктерін алу.

    4. Шағын кемелерді басқару құқығына куәлік алу.

    5. Түрлі актілерді ресімдеу және беру.

    6. Зейнетақы төлемдерін, әлеуметтік жәрдемақылар белгілеу.

    7. Балаларды МДМ-ге есепке алу.

    8. Атақтар, санаттар беру.

    9. Түрлі ақпарат, статистика беру.

    10. АХАЖ қалпына келтіру, қайталама беру.

    11. «Болашақ» бағдарламасына және т.б. қатысу үшін құжаттар қабылдау.

    12. Жылжымайтын және жылжымалы мүлікті және т.б. мемлекеттік тіркеу.

    13. Түрлі бағыттар беру.

    14. Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу.

    15. Запастағы офицерлерді әскери есепке алу және одан шығару.

    16. Запастағы солдаттарды, сержанттарды әскери есепке алу және одан шығару.

    17. Әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу және одан шығару.

    18. Өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен тетіктерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды қоса алғанда, тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен тетіктерді, оларға тіркемелерді сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу.

    19. Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою.

    20. Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу және оларға куәліктер беру.

    21. Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу.

    22. Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу.

    23. Неке қиюды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу.

    24. Неке бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу.

    25. Некелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу.

    26. Бала (қыз) асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу.

    27. Тегін, атын, әкесінің атын өзгертуді тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу.

Азаматтарды тіркеу

1. Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу


2. Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеуден алу

Құжаттарды тіркеу

Дайын құжаттарды беру.



Құжаттар беру (жеке куәлік пен паспорт)

Дайын паспорттар мен жеке куәліктер беру.



Кеңес беру

Мамандардан кеңес алу.



ЭЦҚ алу

ЭЦҚ алу.


Банк

Қызметке мемлекеттік баж төлеу.



Жеңілділік терезесі

Жеңілділікке ие тұлғаларға қызмет көрсету терезесі.



Талонмен/хабарламамен әрі қарай не істеу қажет

Бұл талон арқылы Пайдаланушы кезекке тұруды алдын ала келісу кезінде көрсеткен қызметтерді жалпы кезектен тыс пайдалану құқығына ие болады.



Қызмет көрсету нәтижесі

Кезекті онлайн брондау аяқталғаннан кейін көрсетілген ХҚКО-да таңдалған уақытта "Брондау" батырмасын басып, талондар беру терминалы арқылы электронды кезек талонын алу қажет. ЖСН көрсетіңіз, одан кейін терминал электрондық кезек талонын береді, осы бойынша сізді тағайындалған терезеде 30 минут ішінде қабылдайды.



Начало формы

Конец формы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет