Халықаралық ҚАҚТЫҒыстарды реттеудің бейбіт жолдары а. Р.Әліпбаев, Б. З. Бюжеева



Дата08.07.2016
өлшемі120.86 Kb.
ӘОЖ: 327.56
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАҚТЫҒЫСТАРДЫ РЕТТЕУДІҢ БЕЙБІТ ЖОЛДАРЫ
А.Р.Әліпбаев, Б.З.Бюжеева - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ. Е-mail: aman19@mail.ru
Аңдатпа. Берілген мақала қазіргі ең өзекті мәселелердің бірі – халықаралық қақтығыстарды бейбіт түрде реттеуге арналған. Онда келіссөздер жүргізудің технологиясы мен делдалдылықты жүзеге асыру мәселелері де қарастырылады.

Мемлекетаралық дау-дамайларды бейбіт түрде реттеу мәселесі қазіргі заманның өткір де өзекті тақырыптарының санатына жатады. Мемлекетаралық қарым-қатынастар барысында халықаралық өмірдің барлық саласы бойынша халықаралық қатынастар субъектілерінің мүдделері мен ұстанымдарының тоғысуында қайшылықты жағдайлар сөзсіз пайда болады. Ол қолданыстағы екіжақты және көпжақты келісімшарттарды пайдалану мен түсіну барысындағы құқықтық түсініспеушіліктен басталып аумақтық кінәлаумен қоса шекаралық дүрбелеңмен аяқталады. Жаһандық, сондай-ақ аймақтық деңгейде бейбітшілікті сақтау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету көбінесе оны уақытында, толықтай және түбегейлі шешуге тікелей байланысты. Қақтығыстар мүмкіндігінше бастапқы шақтарында айқындалып шешілгені дұрыс. Тараптар қарулы қақтығыстарға жетпей реттеушілікті бастау өте маңызды.



Түйін сөздер: мемлекет, халықаралық қақтығыс, саясат, дау-дамай, ынтымақтастық, келіссөздер, келісімшарт.
Халықаралық қатынастар жүйесінің әр кезеңінде мемлекетаралық қақтығыстар өзіндік елеулі орын алып келеді. Тіпті саяси даму үдерісінің құрамдас бөлігіне айналды десе де болады. Қақтығыстардың алдын алу, олардың шешу жолдарын қарастыру, болашақта болдырмауға ұмтылу - әр елдің басты саяси бағыттарының бірі. Дегенмен де, бүгінгі әлемде қақтығыстардың орын алуы заман шынайлығы. Өйткені, бір нысанаға қатысты мүдделердің қарама-қайшылығы қақтығыстардың негізгі себепкері екендігі айқын.

Қақтығыстардың себебі жалпы алғанда қақтығыстың шығуын, пайда болуын алдын ала айқындайтын немесе болжайтын құбылыс. Жалпы қақтығыстар қажеттіліктен туындайтындығы белгілі. Егер қажеттілік қанағаттандырылған болса, ешқандай да шиеленіс те, дау-дамай да орын алмас еді. Сонымен бірге барлық қайшылықты мүдделер қақтығыстардың себебі болады деп қорытынды жасау да қате. Тек қатысушы тараптарды ымыраға әкеле алмайтын мүдделер ғана қақтығыстардың себебі бола алады.

Сонымен бірге ынтымақтастыққа қарағанда, қақтығыстар кезінде мемлекет мүдделерінің түрлілігі ауқымды және терең. Мүдделердің күрделі байланысы және оларды біржақты әрекеттер арқылы жүзеге асырудың мүмкін еместігі тараптарды өзара тәуелді етеді. Ең бастысы, тараптар өзара тәуелді екендіктерін түсіну керек, ондай болмаған жағдайда, қақтығыстарды біржақты әрекет жолымен шешуге тырысу басым болары анық.

Саяси, этникалық, халықаралық саладағы қайшылықтар әрқашанда біріккен саяси шешім іздеу жолдарымен шешілмейді. Қақтығыстың қатысушылары қайткен күнде де қақтығыстың қарулы күштен гөрі бейбіт жолмен шешуді іздеуінің бірқатар себептері бар. Солардың бірі – бір-бірін жою қаупі.

Бұл қауіптің соншалықты күшті болуы да мүмкін, тіпті тараптар қарулы күш немесе қару-жарақтың белгілі бір түрін пайдаланудан бас тартуға мәжбүр болуы мүмкін. Нақтылы мысал ретінде «қырғи-қабақ» кезінде Шығыс пен Батыс арасындағы ядролық қарсы тұруды айтуға болады. «Ядролық тежеу» тұжырымдамасына сәйкес ядролық қарудың болуы және оны жауап ретінде қолдану басқыншының күш-қуатын тоқтату және әлемдік сұрапыл соғысты жою факторы болып табылды. Сол ретте тараптар өзаралық қарым-қатынастардың күрделі де, шиеленісті болуына қарамастан ядролық қаруды қолданудан бас тартып келеді. Бірақ та осындай тежеудің өзі кейде өте қауіпті, себебі тараптардың кез келгені әдейілеп немесе кездейсоқ өзінің саяси қимылдарын немесе бірінші болып соққы бере отырып жеңуші болу үмітімен бірін-бірі жою әрекетін жүргізбей қоймауы мүмкін емес. Яғни «тежеу» тұжырымдамасы 100 пайыз сақталатанындығы күмәнді.

Қақтығысты немесе дағдарысты жағдайды шешудің келіссөздік жолын таңдаудағы екінші себеп – біржақты әрекетте біріне-бірі шек қоюдың бар болуы. Осындай шектеуліктер жасау үшін тараптар бір-бірін жазалау қаупін пайдаланады, бірақ бұл қауіптер бір-бірін толық жоюға дейін әкелмесе де, едәуір экономикалық және саяси шығын әкелуі мүмкін.

Қақтығысты бейбіт түрде реттеу басталғанда бірде-бір тарап өзінің серіктесімен қол жеткізілген уағдаластыққа (алдын ала жүргізілген келіссөздер негізіндегі келісім) сенімділік танытпайды. Осындай сақтану, қауіптену қақтығысқа қатысушылардың бір-біріне өте қатал шек қоюларын, қосымша бақылау және тексеру сияқты шараларды енгізуге мәжбүрлейді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Шығыс пен Батыс арасындағы әскери-саяси салада осындай біржақты іс-әрекетті қолдану мүмкіндігіндегі бірін-бірі шектеу үрдісі халықаралық алаңда жүзеге асырылды,

Ақыр аяғында, қайшылық пен қақтығысты жағдайдың тууы барысында тараптар қайшылық пен қақтығысты жағдайды кез келген біржақты қимылдар немесе әрекеттер арқылы шешуден гөрі о бастан біріге отырып шешу жолдарын іздеу олар үшін өте тиімді екенін түсінді. Бірақ та, бұл жол бір-біріне деген үлкен сенімділікті талап етеді.

Ал егер де, қатысушылар қарулы қарсы тұруға тартылып қойса ше? Мұндай жағдайда бұл қарсы тұрудан бейбіт жолмен шығып кетуге бола ма? Теориялық негізде екі жағдай бар.

Оның біріншісі – тараптардың нақтылы тепе-теңдік күші. Мұндай жағдайда тараптардың біреуінің жеңуі сөзсіз. Әлсіз жақ өзінің жеңілісінің сөзсіз болуын мойындап, қарулы күресті тоқтатуға тырысады. Жеңілуші тарапта күрес жүргізе беруден гөрі тізе бүгу өте тиімді болатындығы жөнінде едәуір сенімді кепілдік болу керек. Қатысушылардың біреуінің жеңілетініне қатысты бірқатар айқын белгілер де бар. Қарулы қақтығыста осындай белгінің бірі, мысалы астананың құлауы. Бірақ та, астананың құлауы жеңілісті білдірмейді. Өйткені, дұшпанның қол астында қалған аумақтағы күрес, сондай-ақ, лаңкестік іс-әрекеттер жалғаса беруі мүмкін, оның ақыры немен аяқталатындығы белгісіз дүние.

Тараптардың нақтылы тепе-теңдік күші жағдайында қақтығысты бейбіт түрде реттеуге өтуде басқа мәселелер де бар. Жеңуші тарап өзінің мақсатын толық деңгейде жүзеге асыруға тырысады, сондықтан да ол қарсыласының тізе бүгу жағдайында ғана келіссөзге келіседі. Ал жеңіліс тапқан тарап басшыларының қаруларын тастауы - олардың жеңілісін білдіреді. Көп жағдайда ол тек саяси жеңіліспен ғана байланысты емес, ол айыпталумен, сот тарапынан қудаланумен, ізіне түсумен де байланысты. Сондықтан да жеңілуші тарап қақтығысқа жаңа қатысушылар тартам ба, жаңа қару түрін қолданам ба деген бұлдыр үмітпен қарулы күресті жалғастыра береді.

Екінші жағдайда, яғни тараптар күшінің тең болуы, бір-бірін жеңе алмайтын деңгейде олардың бейбіт келіссөз жүргізу мүмкіндігі артады. Егер де қарулы қақтығыста жеңудің мүмкін емес екендігі айқын болған жағдайда туындайтын мәселе ол қашан және қалай бейбіт реттеуге өту. Бірінші жаққа қарулы қақтығыста бейбітшілік жөнінде келіссөзді бастау әрине қиын, өйткені қақтығысқа қатысушы әр тарап үшін қақтығыстан беделін жоғалтпай шығу және «өз бет-бейнесін сақтау» маңызды. Егер де осындай шешілу жолы болатын болса, онда қақтығыс немесе дағдарысты жағдай бейбіт реттеу сатысына өтеді. Мысалы, 1962 жылғы Кариб дағдарысы кезінде Кеңестер одағының мемлекет басшысы Н.С. Хрущев пен АҚШ президенті Дж. Кеннеди де «өздерінің беделін сақтай» алды. Н.С. Хрущев Кубаның қорғаушысы болса, Дж. Кеннеди АҚШ-тың мүддесін қорғай алды [1]. Кубадан кеңестік зымырандар шығарылды (бұл америкалықтар үшін маңызды). Оның орнына Н.С. Хрущев Дж. Кеннедиден Кубаға шабуыл жасамайтындығы жөнінде және Түркиядан америкалық әскерлерді шығару жөнінде келісімін алды.

Қарулы қақтығыстың аяқталуы немесе дағдарыстан бейбіт түрде шығу қайткен күнде де екіжақты үдеріс болып табылады. Мүмкін бір тарап қақтығыстан жай ғана шығады. Шындығында мұндай жағдай өте аз. Зерттеуші К.Митчеллдің байқауынша тарихта көптеген біржақты соғыс жариялау болған, ал тәжірибе жүзінде тек 1918 ж. Брест-Литовск келісімінен басқа, біржақты бейбіт бітім жариялау болған емес [2]. Ал бұл келісімді күштер аcсимметриясы ретінде қарастыруға болады. Брест-Литовск келіссөзінде ресейлік делегацияны Л.Д. Троцкий бастап барған болатын, онда олар әрі қарай күрес жүргізе алмайтындықтарынан бейбіт бітімге қол қойған болатын.

Қақтығысты бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік беретін жағдай бұл басқа елдер мен халықаралық ұйымдардың көзқарасы. Бұған мысал ретінде Нидерланды мен Индонезия арасындағы Батыс Ириан жөніндегі дауы. Даудың мәні 1949 жылы Нидерланды Индонезияға тәуелсіздігін береді, бірақта өзінің бақылауында Батыс Ирианды алып қалады. Ал Индонезияға өзінің тәуелсіздігін нығайту үшін бұл аумақ өте маңызды болғандықтан индонезиялықтар бұл аумақтың қайтарылып берілуін талап етті [3]. Бірақ та ХХ ғасырдың 50-жылдарының аяғына дейін қоғамдық көзқарас голландықтарды қолдады немесе бейтарап болды, тек 50-жылдардың аяғы-60-жылдардың басындағы отарлыққа қарсы толқын қоғамдық пікірді толығымен өзгертті. Бұл фактор, КСРО-ның Индонезияны қолдауы голландықтарға Батыс Ирианға бақылауын одан әрі сақтауы мүмкін емес екендігін көрсетті.

Жалпы қақтығыстарды реттеу көп жағдайда біртіндеп жүзеге асырылады. Біртіндеп шығу қағидасы осы үдерістің маңызды шарты болады. Шиеленісті қақтығыстан бірден біріккен қимылға ауысу көп жағдайда келіссөздердің «нәтижесіздігіне», «сәтсіздігіне» әкеледі. Тараптар біріккен шешім қабылдауға дайын емес. Нәтижесінде келіссөздерге деген сенімсіздік туындайды. Осындай жағдайда келіссөздердің жаңа сатысын бастау өте қиын. Біртіндеушілік қатысушыларға даярлануға, көзқарастарын анықтауға, шешімнің бірнеше нұсқасын жасауға, одан кейін барып соңғы шешім қабылдауға кірісуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ мәселені біртіндеп шешу тараптардың бір-біріне деген өзара сенімділігін арттырады.

Бірақ та егер оқиға, жағдай өте тез өршіп бара жатса, онда бейбіт түрде реттеу ұзаққа созылатын болса, онда дағдарыс бірден қақтығысқа, одан кейін қарулы қақтығысқа ұласып кетуі мүмкін. Дағдарысты жағдайда шиеленісті бәсеңдету тез жүруі мүмкін, тіпті бірнеше күннің ішінде, мысалы жоғарыда аталған Кариб дағдарысы.

Біртіндеп шығу қағидасы негізінде америкалық зерттеуші Ч. Осгуд «Біртіндеп шығу және шиеленісті бәсеңдету жөніндегі өзара ынта, бастамашылық тәсілін» ұсынған [4]. Оның мәні қақтығысқа қатысушының бірі екінші жақта сондай жауап береді деген оймен, біржақты түрде шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған бастама ұсынады және жүзеге асырады.

Мұндай тәсілді қолданудағы негізгі туындайтын мәселе – бастамашы екінші жақтың қалай жауап беретінін білмей тұрса да немесе қарсыласушы жақтың келіспей жауап беру жағдайына қарамастан тәуекелге бел байлайды. Сонымен бірге осындай жағдайдың болуынан сақтану мақсатында әртүрлі кепілдіктер іздейді (мысалы, кепіл болатын үшінші жақтың көмегіне жүгінеді).

Ч.Осгуд тәсілін қолдану барысында туындайтын басқа мәселе қайшылықты бәсеңдетуге бағытталған бастамашының ұсынысына екінші тараптың жауап қадамы күткендей болмауы да мүмкін. Мысалы, АҚШ атмосферада жарылыс жасауға тыйым салу жөнінде ұсынысын жариялағанда, КСРО оған ұқсас емес қимылмен жауап берді, яғни америкалықтар ойлағандай емес, ол жаңа бомба шығаруды тоқтатуды ұсынды.

Олай болса қарулы қақтығыс жағдайында – Біртіндеп шығу қағидасы:



  • күштеу қимылын тоқтату;

  • байланыс орнату, келіссөз жүргізуді даярлау;

  • келіссөз үрдісінің басталуы;

  • қол жеткізілген уағдаластықты орындау сияқты бірнеше кезеңнен өтуді көрсетеді.

Бұл аталған кезеңдердің алғашқы екі кезеңі қақтығысты реттеуде тараптардың біріккен қимылын көрсетпейді. Соған қарамастан олардың маңызы, мәні зор және олар көп уақыт пен күш-жігерді талап етеді. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының бұрынғы Таяу Шығыс мәселесі жөніндегі бұрынғы көмекшісі Г.Сандерстің айтуынша: көп жағдайда қазіргі халықаралық қақтығыстар олардың қатысушылары келіссөз өткізу үшін қолайлы жағдай жасауға, яғни келіссөз жағдайын жасауға олар өздерінің уақытының көп бөлігін жоғалтады дейді [5].

Бірінші кезеңнің негізгі міндеті – қарсы тұру (тайталас) деңгейін төмендету, яғни қақтығыстың одан әрі дамуын тоқтату, жағдайды тұрақтандыру, одан кейін қатынасты реттеуге көшу деп атауға да болады. Оның маңызы жағдайдың одан әрі дамуын бақылауға мүмкіндік туады. Қарулы қақтығыс кезінде осы кезеңдегі алғашқы қадамдар ең алдымен ұрыстарды уақытша болса да тоқтату, ол жағдайды бағалауға мүмкіндік береді.

Әрине, ұрысты тоқтату дегеніміз тараптардың бірден даулы мәселені шешудің біріккен жолын іздеді дегенді білдірмейді.

Жағдайды тұрақтандыру тез болуы да мүмкін немесе бірнеше айларға, тіпті жылдарға да созылуы да мүмкін. Бұған Таулы Карабах, Югославиядағы және тағы басқа қарулы қақтығыстар мысал бола алады.

Екінші кезеңнің (байланыс орнату және келіссөздер жүргізуге даярлық) басты мақсаты - қарулы қақтығыстың қатысушылары арасындағы мәселені талқылауға ынталандыру. Тараптар біржақты шешімді жүзеге асыру талпынысынан, енді біріккен шешімді дайындауға және қабылдауға өтуі тиіс, ол үшін ең алдымен қатысушыларға ақпаратпен және өздерінің көзқарастарымен алмасуға мүмкіндік беретін екіжақты байланыс арнасын қалыптастыруы қажет. Сондықтан да екінші кезеңді - қатынас, байланыс деп атауға да болады.

Қақтығыс немесе дағдарыс жағдайында біржақтан екінші жаққа келіп түсетін ақпараттар үзіліп келеді. Нәтижесінде қатысушылар осы мәселені талқылау мүмкіндігінен айырылады. Бұған мысал, 1962 жылғы Кариб дағдарысындағы КСРО мен АҚШ-тың жоғары басшылары арасындағы кеңес пен пікір алмасу әртүрлі арналар арқылы жүргізілді. Екі мемлекет басшылары арасында тікелей телефон байланысы («төте арна») да болады [6].

Бірақ та байланыс арнасының болуы кей жағдайда ақпаратпен алмасуды қамтамасыз етеді деп айтуға болмайды. Яғни байланыс арнасы бола тұрса да, қақтығыс қатысушыларының ақпаратпен алмасуы үшін бір-бірімен тікелей кездесуі де орын алуы ықтимал. Мысалы, Кариб дағдарысының қарсаңында, 1962 жылы 18 қазанында Дж. Кеннедидің сыртқы істер мәселесі бойынша өкілі КСРО-ның Сыртқы істер министрі А.А.Громыкомен Вашингтон қаласында мәселе бойынша ақпараттармен алмасуы үшін тікелей кездесу өткізді [7].

Байланыс арнасын тікелей байланыс арнасы, яғни қақтығысушы тараптар арасында ақпаратпен алмасу және тікелей емес байланыс арнасы (үшінші тарап арқылы) деп бөлуге болады. Тікелей және тікелей емес байланыс арнасы ресми және бейресми деп өз ішінде тағы бөлінеді.

Сонымен бірге тікелей байланыс арнасы жағдайды ушықтыруы мүмкін, егер екінші тараптан берілген ақпарат нақтылы немесе күмәнді болса. Сондықтан да кейбір жағдайларда тікелей емес байланыс арналары да өте тиімді.

Үшінші кезең – келіссөз үдерісінің бастамасы немесе оны келіссөздің өзі деп атайды. Соңғы кезең – қол жеткізілген уағдаластықты орындау. Бұл кезеңнің мақсаты келісімнің жүзеге асырылуы, сондықтан да оны имплементациялық деп атайды.

Ал қақтығыстардың алдын алу мен реттеудің саяси тәсілдері шеңберінде дәстүрлі және институционалды тәсілдер қолданылады.

Халықаралық қатынастар тәжірибесінде қарастырылған механизмдер сол уақыттағы күштер ара салмағына байланысты қолданылады. Сондықтан да қырғи-қабақ соғысы кезінде көптеген мемлекетаралық қақтығыстар мен қайшылықтар БҰҰ тарапынан қарастырылса, оларды реттеу не мүдделі тараптар арасындағы тікелей келісім арқылы, не ұлы держава тарапынан күштеп жүзеге асырылды.

Қырғи-қабақ соғысынан кейін болған өзгерістер жағдайды түбегейлі жақсарта алған жоқ, керісінше кейбір аймақтағы қақтығыстар күрделене түсті. Алайда соның өзінде мемлекетаралық қақтығыстарды реттеудің институционалды тәсілдері акторлар арасындағы коммуникация торларын құрады, олардың жүріс-тұрысын реттейтін жалпы өлшемдерді қалыптастырады және дамытады. Осылайша халықаралық қатынастардың әлеуметтенуіне негіз қаланады. Оны халықаралық қақтығыстарды зерттеушілердің барлығы дерлік белгілейді.

Бүгінгі таңда халықаралық қатынастар жүйесінде болып жатқан әртүрлі үдерістерге куә бола отырып, олардың әрқайсысының қазіргі таңдағы қақтығыстарға әсер етуін бақылай аламыз.




  1. Карибский кризис //http://www.encyclopaedia-russia.ru/article.php?id=228

  2. Әліпбаев А.Р., Бөжеева Б.З. Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы. Оқулық. –Алматы, 2012. –Б.9.

  3. Индонезия в 1949 г.//http://www.newsruss.ru/doc/index.php/ Indoneziy&hasnavig=0&q.

  4. Әліпбаев А.Р. Халықаралық келіссөздер. Оқу құралы. -Алматы: «Қазақ университеті», 2012.-Б.108.

  5. Лебедева М.М. Политическое урегулирование конфликтов http://www.twirpx.com/file/26267

  6. Попов В.И. Современная дипломатия: теория и практика. -М., 2000.-С.521.

  7. Лебедева М.М. Трудный путь урегулирования конфликтов// Вестник московского университета. Сер. 18. Социология и политология ,1996. №2 -С. 58.


Пути мирного урегулирования международных конфликтов

Алипбаев А.Р., Бюжеева Б.З.КазНУ им.аль-Фараби, г.Алматы,

E-mail: aman19@mail.ru
Аннотация: Данная статья посвящена одной из наиболее актуальных современных проблем – мирному урегулированию международных конфликтов. В ней рассматривается вопросы технологии ведения переговоров и осуществления посредничества.

Проблема мирного урегулирования межгосударственных споров относится к числу острых и актуальных тем современности. В процессе межгосударственного общения неизбежны возникновение противоречий, столкновение интересов и позиций субъектов международных отношений по всему спектру международной жизни - от правовых разногласий при применении и толковании действующих двусторонних и многосторонних договоров до территориальных претензий и пограничных споров. От их своевременного, полного и окончательного разрешения, зачастую, зависит сохранение мира и обеспечение безопасности как на региональном, так и на глобальном уровнях.



Конфликты должны выявляться и разрешаться на возможно более ранних стадиях. Крайне важно начать урегулирование до того, как стороны окажутся втянутыми в вооруженную борьбу.

Ключевые слова: государство, международные конфликты, политика, споры, сотрудничество, переговоры, договор.
Ways of peaceful settlement of the international conflicts

Alipbayev A.R., Byuzheeva B. Z. –KazNU of al-Farabi, Almaty,

E-mail: aman19@mail.ru
Abstract: This article is devoted to one of the most actual modern problems – to peaceful settlement of the international conflicts. In it is considered questions of technology of negotiating and implementation of mediation.

The problem of peaceful settlement of interstate disputes is among sensitive and hot topics of the present. In the course of interstate communication emergence of contradictions, collision of interests and positions of subjects of the international relations on all range of the international life - from legal disagreements at application and interpretation of the existing bilateral and multilateral contracts to territorial claims and border disputes are inevitable. The preservation of peace and safety both on regional, and on global levels, often, depends on their timely, full and final permission.



The conflicts have to come to light and be allowed at perhaps earlier stages. It is extremely important to begin settlement before the parties are involved in armed struggle.

Keywords: state, international conflicts, policy, disputes, cooperation, negotiations, contract.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
publications -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
publications -> Тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы Отандық тарих ғылымының методологиялық мәселелері
publications -> Магистр юридических наук Муйденова А. К., магистр юридических наук Э. О. Тойлыбекова
publications -> Қызылорда облысының экологиялық Қолайсыз аймақтарында тұратын халықТЫҢ медициналық-демографиялық жағдайының сипаттамасы
publications -> К. э н. Айдосова Б. Х., Магистр экономических наук Жунусова Э. Ж
publications -> Ибн сина, оның Өмірі, философия мен медицинадағЫ Үлесі
publications -> Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының негізі
publications -> Программа аудита денежных средств
publications -> Әож 351. 79: 556. 536. 2 Трансшекаралық суларды қҰҚЫҚТЫҚ реттеу тарихы жайында


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет