Халықаралық экономикалық қатынастар


Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда



бет2/4
Дата29.11.2022
өлшемі42.13 Kb.
#466022
түріРеферат
1   2   3   4
АЙГЕРИМ

Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда
 

Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүние жүзіндегі барлығы үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды.


Американ ғалымы Дж. Сакстың пікірінше «қандай бір ел болмасын оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикалық оқшауланып, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ».
Халықаралық сауда – еңбек бөлінісі негізнде әр түрлі елдердің тауар өндірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың өзара экономикалық тәуелділігі.
Ғылыми – экономикалық прогрестің ықпалымен экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандану мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым–қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.
Халықаралық сауда дегеніміз – дүние жүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық тауар айналысы.
Сыртқы саудада «фритредерствоны» (еркін сауда), немесе «протекционизмді» (өз тауар өндірушілерін қолдау) таңдап алудағы ымырсыздық өткен уақыттардың еншісінде қалды. Қазіргі кезде бұл екі бағыт өзара кіргіш араласып кетті.
Фритредерство саясатын ең алғаш Адам Смит өзінің «салыстырмалы артылықшылар теориясында» анықталған. Ол:
«айырбас қандай елге болса да қолайлы; әрбір ел одан абсолютті артылықшылықтар табады» , - деп жазған Адам Смит.
XX ғасырдың екінші жартысынан бастап халықаралық сауда жоғары қарқынмен жедел дами бастады. 
Халықаралық сауданың жедел өсуіне мынадай факторлар әсер етеді:
халықаралық еңбек бөлінісі мен өндірісті интернационалдаудың дамуы;
экономикады жаңа салалардың пайда болуына және негізгі капиталды жаңартуға игі әсерін тигізген ғылыми – техникалық революция;
дүниежүзілік рыноктағы трансұлттық коорпорациялардың белсенді қызметі;
тарифтер мен сауда туралы Бас келісімнің шаралары арқылы халықаралық сауданың реттелуі;
көптеген елдердің импортына кедергілердің жойылып, кеден бажы төмендеп , еркін экономикалық аймақтардың құрылуы;
сауда – экономикалық интеграция процестерді дамып, жалпыға бірдей рыноктардың қалыптасуы;
сыртқы рыноққа бейімделген экономикасы бар «жаңа индустриалды елдердің» пайда болуы және тағы басқа.
Соңғы онжылдықтарда сыртқы сауда динамикасының әркелкілігі біліне бастады. Бұл дүниежүзілік рыноққа белсенді қатысушы елдердің өзара сауда–экономикалық қатынастарына әсерін тигізді. АҚШ дүниежүзілік рыноктағы басымдылығынан айырыла бастады.
Егер 1950 жылы АҚШ – тың үлесіне дүниежүзілік экспорттың 3/1 тиген болса, 1990 жылы ол тек қана 8/1 тең болды. Өз кезегіне алманияның экспортты АҚШ – тың деңгейіне жақындады.
Сөйтіп, 90 – жылдары Батыс Еуропа халықаралық сауданың орталығына айналды. 80 – жылдары халықаралық сауда–саттыққа Жапония едәуір жетістіктерге жетті. Бұл жылдары машина мен жабдықтар экпорттауда Жапония дүниежүзінде бірінші орынға шықты. Сол кезеңде өз тауарларының бәсекелік мүмкіндіктері бойынша Жапонияға Азияның «жаңа индустриалды елдері» - Сингапур, Гонгонг және Тайвань жақындады.
Бәсекеге қабілеттіліктің дүниежүзілік класификациясы төрт жүзге жкық критерийлерден тұрады. Олардың негізгілеріне жан басына шаққандағы табыс, инфляцияның деңгейі және сыртқы сауда балансы жатады. Классификацияда, аталғандардан басқа қазба байлықтар инфрақұрылым, байланыс құрал–жабдықтар және тағы басқа факторлар ескеріледі.
Женевада өткен дүниежүзілік экономикалық форумның баяндамасында бәсекелікті нақты мемлекете дүниежүзілік рынокқа салыстырмалы түрде бәсекелестерінен артық байлық шығару деп анықтады.
Мамандардың болжауы бойынша XXI ғасырдың алғашқы жылдарында бәсекеге ең қабілетті елдер санатында АҚШ пен Азиялық мемлекеттер болады. 2030 жылы бәсекеге ең қабілетті үш мемлекеттің қатарында АҚШ, Жапония, Қытай болмақ. Бұлардан соң Алмания, Сингапур, Оң. Корея, Индия, Тайвань, Малайзия және Швейцария мемлекеттернің мүмкіндіктері мол.
Дамушы елдердің өз экспортын диверсификациялауға (шаруашылық қызметіне жаңа өріс табуға) ұмтылыстары өнеркәсібі дамыған елдер елдер тарапынан қандай нысанда болмасын, қарсылыққа кездесуде. Дегенмен,кейбір дамушы елдер, ең алдымен «жаңа индустриалды елдер» өз экспорттарының құрылымын өзгерту ісінде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Олардың экспорттарында дайын өнімнің, өнеркәсіп бұйымдарының, соның ішінде машиналар мен жабдықтардың үлесі артты.
Женевадағы дүниежүзілік сауда ұйымының деректеріне сәйкес 1999 жылы ең үлкен экспорттаушы мемлекеттердің қатарына мыналар жатады: XX ғасырдың соңғы шиоегінде халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде Азия – Тынық мұхит аймағының рөлі күшейеді. Дүниежүзілік банктің есептеуі бойынша 2000 жылға қарай дүниежүзілік сауда көлемінің 40% Тынық мұхит бассейінде шоғырланады. Өнеркәсіп дамыған елдер арасындағы халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі олардың өзара сауда – қарым қатынастарын ұлғайтып, дамушы елдердің үлестерін азайтады.
Қазіргі уақытта негізгі тауар тасқыны, «үлкен үштік»: АҚШ – Батыс Еуропа – Жапония шеңберінде ағылып жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет