Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет58/113
Дата15.02.2024
өлшемі5.11 Mb.
#491930
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   113
АЛАШ МҰРАТЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰНДЫЛЫҒЫ 29 09 2022

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. А.Байтұрсынұлы. Алты томдық шығармалар жинағы, Алматы, 2013, 
165-бет1-том.
2. А.Байтұрсынұлы. Алты томдық шығармалар жинағы, Алматы, 2013, Т.1,
166-бет. 
3. А.Байтұрсынұлы. Алты томдық шығармалар жинағы, Алматы, 2013, 
307-бет1-том. 
4. А.Байтұрсынұлы. Алты томдық шығармалар жинағы, Алматы, 2013, Т.1,
330-333 .
5. А.Байтұрсынұлы. Алты томдық шығармалар жинағы, Алматы, 2013, 
309-бет 1 том
 
 


130 
III СЕКЦИЯ 
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ:
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ШЕШІМДЕР 
 
 
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ 
ӘДІСТЕМЕСІ 
 
Абдрахманова Мейрамкул Турганбаевна 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты 
 
 
Аннотация. В данной статье рассматривается методика преподавания математики в 
инклюзивном образовании. Методика преподавания математики в инклюзивном образовании 
развивается в тесной связи с решением определенной поставленной задачи - развитием 
познавательной активности учащегося, воспитанием трудолюбия, выносливости, 
любознательности. 
Ключевые слова: методика преподавания математики, планирование урока, задания 
уровневого характера, устные письменные задания, наглядные пособия. 
Annotation. This article discusses the methodology of teaching mathematics in inclusive 
education. The methodology of teaching mathematics in inclusive education develops in close 
connection with the solution of a certain task - the development of cognitive activity of the student, 
the education of diligence, endurance, curiosity. 
Keywords: methods of teaching mathematics, lesson planning, level tasks, oral written tasks, 
visual aids. 
 
Инклюзивті білім берудегі математиканы оқыту әдістемесі белгілі бір 
алға қойылған міндетті шешумен - оқушының танымдық белсенділігін дамыту, 
еңбексүйгіштікке, шыдамдылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеумен тығыз 
байланыста дамиды. Сонымен қатар оқушыларды өзінің қызметін жоспарлауға,
өзін-өзі бақылау мен бағалауды жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыруға 
ығпал етеді. Математиканы оқыту практикалық сипатқа ие бола отырып, басқа 
да пәндермен, оқылатын материалдардың өмірмен тығыз байланыста болу 
арқылы, оқушыларды еңбекке баулиды, математикалық білімді стандартты 
емес жағдайда пайдалануға үйретеді. Оқушылардың сапалы білім алуы, 
олардың қоғам өміріне толықтай қатысуын қамтамасыз етіп, кәсіби және 
әлеуметтік қызметтің әртүрлі салаларында өздерін тиімді жүзеге асыруының 
негізгі шарттары болып келеді. 
Заман талабына сай қазіргі кезде мүмкіндігі шектеулі оқушыларға білім 
беру қолжетімді болып, оларға толыққанды білім беру жүзеге асырылып отыр.
Басты мәселе олардың білім деңгейін төмендетпеу үшін оларға білім беру 
қажеттіліктеріне сәйкес әдістемелер қарастырылған. 
Инклюзивті білім берудегі математиканы оқытуда мұғалім сабаққа 
дайындалуда өтілетін материалды оқушылардың даму ерекшеліктеріне қарай 
таңдап, оқытудың сәтті өтуіне жағдай жасайды. Мұғалім қосымша көңіл бөлуді 
қажет ететін әрбір оқушылар үшін әр түрлі әдістерді қарастырып, жеке жоспар 


131 
құру арқылы, жекелеген тапсырмалар блоктарын әзірлейді. Сабақ барысы әр 
түрлі білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды оқыту бағдарламаларындағы 
оқылатын материалдардың тығыз болуына, материалдарды оқытудың қай 
кезеңінде іске асыру қажетігіне байланысты өткізіледі. 
І. Инклюзивті білім берудегі математиканы оқытуда сабақты жоспарлауда 
жалпыға білім беру міндеттерімен қатар түзету-дамыту тапсырмалары да 
қамтылуы тиіс: 
1) Оқушыдағы зейін түрлерінің дамуындағы қиындықтарды анықтау; 
2) Оқушыдағы сөздік-логикалық ойлау, талдау, жіктеу, жалпылау 
процесіндегі қиындықтарды түзету; 
3) Есте сақтау қабілеттерінің мүмкіндіктерін анықтау; 
4) Қимыл қозғалыс динамикасын дамыту; 
5) Монологтық және диалогтық сөйлеу қиындықтарын түзету, дамыту; 
6) Оқушыны мадақтау, көмек көрсету, табысқа жетуге ұмтылдыру 
арқылы, мотивация жасау; 
ІІ. Инклюзивті білім берудегі математиканы оқытуда түзету - дамыту 
топтарында өткізетін сабақ қарқынын таңдау өте маңызды болып табылады. 
Бұл топтарда оқушыларға сабақта қойылған сұрақтарға жауап беруде ойлануға 
уақыт беріледі. Сабақ қарқыны баяу өткізіледі, көп есептер шығару мүмкін 
емес, сондықтан әрбір берілген тапсырма, шығарылған есеп саны аз болса да 
шешу жолдары мұқият талданып, оқушылар дәптеріне жазылады. Ол 
тапсырмаларды оқушылар үйде ата-аналарымен бірге қайталайтындай етіп, ата-
аналарға ескертіліп отырады. Таңдалған тапсырмалар деңгейлік сипатта 
қарастырылады. 
ІІІ. Мұғалім сабақта таңдалған ауызша және жазбаша жұмыстарды 
кезектестіріп орындатады. Логикалық және күрделі тапсырмалар сабақтың орта 
кезеңінде орындалып, оқушылардың есте сақтауына және зейіндерін 
жаттықтыруға көп көңіл бөлінеді. Сабақты ұйымдастырудың әртүрлі 
формаларын қолдану, жеке тапсырмалар орындату, топпен жұмыстар жасату 
арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, сабақта белсенді 
жұмыс жасауына ықпал етеді. Осы орайда мұғалім сабақтың әр кезеңіндегі 
оқушылардың іс-әрекеттерін бақылап, жазып отырғаны дұрыс.
IV. Сабақ барысында мұғалім әр оқушының мүмкіндігін ескеріп, сараланған 
жеке көзқарасты ұйымдастырғаны тиімді. Әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін 
ескеру арқылы оқытудың қолайлы жағдайлары жасалынуы қажет. 
V. Инклюзивті білім берудегі математиканы оқытуда оқушылар өтілетін 
тақырыпты қабылдауды жеңілдету мақсатында көрнекіліктерді көбірек 
қолданған тиімді. Сызбаларды, модельдерді, диаграммаларды, компьютерлік 
тренажерды қолдану, сонымен қатар жаңа өтілетін материалдарды 
презентациялар жасау арқылы түсіндіру өте қажетті көмекші құралдар бола 
алады. Оқушылар жақсы есте сақтау үшін математикалық ережелерді кескіндер 
арқылы беру әдістемесін қолдану ұтымдырақ болары айқын. Сабақты бекіту 
кезеңінде шығарылатын есеп мысалдары түсініктеме арқылы беріліп, 
оқушыларды дауыстап оқуға, сөйлеуге, өтілген жаңа материалдар бойынша 
жаңа ережелерді айтуға үйреткен дұрыс. 


132 
VI. Оқушыларға арналған тапсырмалар ауызша да, жазбаша да 
тұжырымдалып, тапсырма нақты, қысқа болғаны дұрыс. Оқушыларды тұрақты 
түрде сөйлеуге, сөйлемдерді анық айтуға, математикалық ұғымдарды бірінен 
екіншісіне біртіндеп өтуді қадағалап отыру керек.
Қорытындылай келе инклюзивті білім берудегі математиканы оқытуда: 
1) Балалардың даму деңгейіне қарамастан білім беру керек; 
2) Баланың әлеуметтік бейімделуі жеңілірек; 
3) Инклюзивті білім берудегі математиканы оқытуда оқытудың
формалары мен әдістерін қолдану арқылы сапалы білім беру; 
4) Өз тәжірибеңіз бойынша, өткізілген сабақтар, жүргізілген әдіс-тәсілдер 
бойынша мониторинг жүргізу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет