Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет4/113
Дата15.02.2024
өлшемі5.11 Mb.
#491930
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113
АЛАШ МҰРАТЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰНДЫЛЫҒЫ 29 09 2022

 
 



I СЕКЦИЯ 
А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТТАНУ 
ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
 
ҰСТАЗ ЖОЛЫ: БЕСТАМАҚҚАРҚАРАЛЫ КЕЗЕҢІ (1895-1909) 
 
Алмасбек Ахметұлы Әбсадық 
А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры
филология ғылымдарының докторы
 
ЖОЛ БАСТАУЫ – БЕСТАМАҚ. Орынбор мұғалімдер мектебін 
аяқтаған түлектерге қоғамға қызмет етудің екі жолы түсетін. Бірі – «жан бағып, 
шен тағуға» кең мүмкіндік беретін үкімет органдарының кеңсесіндегі шенеунік, 
екіншісі – қырдағы қазақ балаларын оқытатын бейнеті көп, зейнеті аз «ауыл 
мұғалімі» қызметі. Ел арасында бұл мамандықты «народный учитель», яғни 
«халық мұғалімі» деп атады. А.Байтұрсынұлы екіншісі жолды таңдап, 
мұғалімдік қызметке аттанып, «халық мұғалімі» кәсібімен 1895-1909 жылдар 
арасында ол бұрынғы Торғай облысының Ақтөбе, Қостанай, Меңдіқара 
уездерінде, Семей облысының Қарқаралы уездеріндегі ауылдық мектептерде 
ұстаздық қызмет атқарады. Ағартушының қырдағы ұстаздық қызметінің 
хронологиялық кезеңдерін былайша белгілеуге болады: 
1. Ақтөбе уезі Бестамақ болысы Арынғазиев мектебінде 1895 жылдан 
басталған (шамамен 1897-98 жылдарға дейін) ұстаздық қызмет; 
2. Қостанай уезі Аманқарғай болысы Әулиекөл болыстық мектебі 
(шамамен 1898-1900 жылдар); 
3. Қостанай уезі Меңдіқара болысы Орынбаев мектебі (шамамен
1900 жылдардан 1902 жыл аралығы); 
4. Қостанай педагогикалық сыныбы (шамамен 1900 жылдардан 1902 жыл 
аралығы); 
5. 1902-1904 жылдары Ақмола, Семей облыстары халық мектептері 
директорының ісжүргізушісі қызметі; 
6. 1904-1909 жылдардағы Қарқаралы уездік орыс-қазақ мектебі. 
1923 жылы А.Байтұрсынұлының 50 жасқа толуына орай «Ақ жол» газеті: 
«Орысқа жақындасып, Еуропа тәрбиесін алған қазақ оқығандары өз халқына 
қарамай, жан бағу дегенді жеңіл көріп, шен қуып, кеңсеге кіріп, хүкіметке 
жағынып, «жақсы адам» атанып жүргенде, оқудан шығысымен қырдағы қалың 
қазақтың ішіне барып, бар білгенін қазақ балаларына үйретуге ынта қылып, 
қазақтың қара тіліне шыр кіргізбей сақтап, қайта түзей беруге қам қылған Ақаң 
еді» (Байтұрсынов, 1991: 15), - деп жазуы ағартушының қырдағы (қазақ 
арасындағы) ұстаздық қызметінің негізгі мазмұнын ашқан тұжырым еді. 
Оқу-ағарту істерінің әкімшілігі мұғалімдік мамандық игерген жас ұстазды 
Торғай облысы Ақтөбе уезінің Бестамақ болысына ұстаздық қызметке 
аттандырады. Ол 1893 жылдың 2 қаңтарында Ақтөбе болысының №2 ауылында 
ашылып, 1894 жылдың 13 ақпанында Бестамақ болысына көшірілген 
«Арынғазиев мектебінде» (1 сурет) жұмыс жасайды (Васильев, 1896: 160).



1 сурет. 1896 жылы Ақтөбе уезінде жұмыс жасаған ауыл мектептері 
А.Байтұрсынұлы Ақтөбе уезі Бестамақ болысындағы Арынғазиев мектебінен 
соң, одан соң Қостанай уезі Аманқарағай болысының Әулиекөл болыстық 
мектебінде бірнеше жыл ұстаздық ете келе Қостанай қаласына ауысады. М. 
Әуезовтің «…Қостанай уезіндегі Әулиекөл деген жерде екінші рет оқытушы 
болған. Әулиекөлден үшінші рет ауысып барған школы Қостанай қаласы…» 
(Әуезов, 1991: 18) 
деген ақпараты – осы ауыс-түйіске байланысты жазылған болса 
керек. Бірақ ұстаздың қай жылы Қостанайға ауысқанын нақты айту қиын. 1902 
жылы арналған «Адрес-календарь Тургайской области на 1902 год» атты 
статистикалық анықтамалықтағы деректерден оның Қостанай уезі Меңдіқара 
болысының №4 аулында орналасқан «Орынбаев (Урунбаев) мектебінде» және 
Қостанай педагогикалық сыныбында мұғалім болып қызмет атқарғанын көреміз 
(Адрес-календарь, 1902: 76; 80). 
Аталмыш оқу мекемелері туралы, яғни Қостанай 
педагогикалық сыныбы мен Орынбаев (Урумбаев) мектептері туралы ақпарат 
Ахметтанушыларға бұрын-соңды белгісіз болып келді. 
Қостанай педагогикалық сыныбының ашылу оқиғасының қысқаша тарихы 
мынадай: 1892 жылдан бастап Торғай облысы көлемінде тез көбейіп жатқан 
бастауыш мектептерді мұғалімдермен қамтамасыз ету мақсатында облыстық 
әкімшілік 1894 жылы Қостанай қаласынан екі жылдық Педагогикалық класс ашу 
мәселесін көтереді 
(Васильев, 1896: 157-158). 
1897 жылы аталмыш Педагогикалық 
класс Ы.Алтынсаринның басшылығымен 1884 жылы Троицк қаласынан Қостанай 
уезінің жаңа орталығы Новониколаевскіге көшірілген 2 сыныптық орыс-қазақ 
мектебі жанынан ашылады. Сыныптың ашылуы туралы «Тургайская газета»
1897 жылдың №108 санында арнайы хабарлама жазады. Онда Орынбор 
мұғалімдер мектебіне бөлінген 17 стипендияны Қостанайдағы Педагогикалық 
курсқа ауыстыру мәселесі көтеріледі 
(ТОВ, 1897: №108). 
1902 жылдың 
анықтамалық ақпаратында Педагогикалық сыныптың меңгерушісі болып 
М.Н.Греховодов деген ұстаз қызмет атқарғандығы тіркелген. Сонымен қатар 
сыныпта дін сабағын жүргізушіден бөлек, екі мұғалім қызмет атқарған. Бірі – 
Василий Иванович Гурылев, екіншісі - А.Байтұрсынұлы 
(Адрес-календарь, 1902: 76). 
Қостанай Педагогикалық сыныбының айтулы түлектері ретінде С.Көбеев, 
М.Дулатұлын атауға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет