Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет109/113
Дата15.02.2024
өлшемі5.11 Mb.
#491930
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   113
АЛАШ МҰРАТЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰНДЫЛЫҒЫ 29 09 2022

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Выготский, Л.С. Дефектология мәселелері. – М.: Ағарту, 1995 ж. 
2. Сүлейменова Р.А. Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың 
әдістемелік тәсілдері. Ашық мектеп. 2012. 
3. Білім берудегі инклюзивті тәсілдер арқылы жаттықты жеңу. ЮНЕСКО. 2003 
4. Искакова А.Т., Мовкебаева З.А., Айтбаева А.Б., Байтұрсынова А.А. Инклюзивті 
білім беру негіздері (оқулық). - Алматы: L-Pride, 2013 ж. 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУЛЫҚТАРЫНДАҒЫ А.БАЙТҰРСЫНОВ 
ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ 
Галымжанова З.Т. 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының аға 
оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі 
Ахмет Байтұрсынұлы – заманына сай туып, дәуірдің жарығы мен 
қараңғысын бірдей бағдарлап, жамандығынан жерініп, жақсылығынан үйрене 
білген адам. Ол – бір басында сан-саналы өнер тоғысқан, телегей теңіз 
энциклопедиялық білім иесі болған, қиындыққа толы тартысты ғұмырында 
қараңғылықта қалған қалың елін жарқын болашаққа сүйреуден басқа бақыт бар 
деп білмеген бірегей тұлға. 


259 
Балаларға білім берудің бірінші басқышы – бастауыш мектеп. Сондықтан 
А.Байтұрсынұлы оқу–білімнің осы бірінші сатысына қатты назар аударады. 
1914 жылы «Қазақ» газетінде «Бастауыш мектеп» атты көлемді мақаласын 
жариялап, мұнда бастауыш мектептері қандай болуы керек деген мәселе қойып, 
сол кездегі қазақ жеріндегі ауыл мектептерінің жағдайы мәз емесін, оларда 
қажетті 
бағдарлама, 
оқу 
құралдарының 
жоқтығын, 
мұғалімдердің 
әрекеттенбейтіндігіне терең тоқталды. Бастауыш мектеп миссионерлік 
саясаттан тыс болуы керек деп келе, халық сауатын ана тілінде ашуы керек, 
атап айтқанда бастауыш мектеп 5 жылдық болсын, алғашқы үш жылда балалар 
ана тілінде, кейінгі екі жылда орысша оқысын-деген ұсыныс білдіреді. 
Бастауыш мектептерде оқу жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, жағрапия, 
шаруа-кәсіп, жаратылыстану пәндері жүретін болсын деп нақтылайды. 
Оқу-білім іздеп Орынбор қаласына барған кезде ЬІ.Алтынсарин 
салдырған мұғалімдер даярлайтын оқу орны «Учительская школаға» түсіп, 
кейіннен өзі де сол ұстазының жолын жалғастырады. Тек бала оқытып қана 
қоймай, «Қалай оқыту керек», «Нені оқыту керек» деген сұрақтар төңірегінде 
де ой қозғап, тұңғыш әліппе – «Оқу құралын» (1912ж) бастырып шығарады. 
Бастауыш білім беруге арналған бұл оқулық білім алушы жеткіншектердің жас 
ерекшеліктеріне орай, талап-талғамына сай жазылған. Ғалым-ұстаз онда 
балаларды қызықтыратын, ой-арман, қиялын ұштайтын халық ауыз әдебиетінің 
үлгілерін, ертегіден бастап, мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаштарды кеңінен 
пайдаланды. 
Халыққа білім беру мәселелерімен шұғылданып, оқу-ағарту жүйесін жаңа 
тұрғыдан негіздеуге алға қойған негізгі мәселесі – көпшілік жұртқа білім беру 
мәдениетін, ғылым саласын өркендету, жаңадан ашылып жатқан қазақ 
бастауыш мектептерге арнап оқулықтар, әдістемелік еңбектер, бағдарламалар 
жазу ісіне ден қойғаны оның өмірінің іс-әрекетінен айқын байқалады.
Ұлттық педагогиканың (этнопедагогиканың) ғылым ретінде дамып, 
қалыптасуы сол ұлтқа білім берумен, яғни оқумен, оқытумен, тәрбиемен 
байланысты деп пайымдаған данышпан Ахаң ең әуелі халыққа білім беру ісін 
қолға алып, жетілдіруді алдына мақсат етіп қойды. 
Адамдық диқаншысы қырға шықтым, 
Көлі жоқ, талы жоқ, құрға шықтым,
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім, 
Көңілін көтеруге құл халықтың - деп халқының 
болашағын болжап, көзін ашып, көкірегін оятуға күш салды [1]. 
Ақын арманы «адамдық диханшысы» болып халқына қызмет ету.
Ұлы тұлға бұл арманын орындады. Ол туған халқы үшін қасықтай қаны 
қалғанша қалтқысыз қызмет етті. Халқының, елінің сәулелі жұлдызына 
айналып, шын мәнінде «адамдық диханшысы» атанды. 
Әдебиет адамды биік қоғамдық идеяларға, зор арман-мұраттарға 
жетелейді, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, табандылыққа баулиды, адалдық 
үшін күресуге жігерлендіреді. Оқушы әдеби шығармадан көптеген мәселелерге 
жауап-шешім іздейді. Ендеше, көркем әдеби шығарма өзінің үлкен қоғамдық, 


260 
тәрбиелік маңыздылығымен де эстетикалық сезімге әсер етіп, өмірде адамның 
бойындағы, мінезіндегі, әдемілікті, әсемдікті қалай түсіну керектігін үйретеді. 
Мектеп оқушыларының жас және психологиялық ерекшеліктерін есепке 
ала отырып тәрбие өлшемдерін сарапқа салған шақта бастауыш сынып 
оқушысының тәрбиесіне қойылатын талаптарды былайша жіктеуімізге болады: 
Отанын, ата-анасын, мектебін сүюі, еңбексүйгіш, шығармашыл, белсенді 
құлшынысты, адал, әділетті адамдарды, кітап оқуды, қолөнермен 
айналысқанды, жақсылық жасағанды ұнатуы тиіс, айналасындағылармен 
жолдас болуы, өзіне дос таңдай білуі керек. 
Бастауыш 
сыныптың 
«Әдебиеттік 
оқу» 
оқулықтарына 
А.Байтұрсынұлының 
шығармаларының 
ішінен 
тәрбиелік 
мәні 
зор 
туындыларының енгізілуі де тегін болмаса керек. Өйткені оның шығармалары 
зерделі ұғым мен тағылымды тірліктің насихатталуымен де құнды екені 
даусыз. Жасөспірім шақтағы оқушы санасына сіңірілетін тәрбиенің басты 
құралына 
әдеби 
туындылар, 
соның 
ішінде 
Ахмет 
Байтұрсынұлы 
туындыларының енуі соқпаққа түскен ағартушылық-педагогикалық ізденістің 
бастауы деп түсінген жөн. Сондықтан осы тақырыптарды өту барысында үлкен 
ізденіс, жан-жақты дайындық жасау арқылы пәндік материалмен бірге 
тәрбиелік тағылымды қоса меңгертуге күш салған дұрыс.
2 сыныптағы «Әдебиеттік оқу» оқулығында Ахмет Байтұрсынұлының 
«Мен қалай оқуға бардым?» деген шағын әңгімесі берілген [2]. Мәтінді оқып 
таныстырған соң, Ахаңның асыл арманы, оқу-білімге деген құштарлығы, оның 
ата-анасының қолдауы жайында әңгімелеп беруге болады. Бұл жердегі оқушыға 
насихатталатын негізгі мәселе – оқуға деген құлық. Әркімнің оқуға өз еркімен, 
ыждағатымен келуін, қазіргі қиындықтардың есейген шақта бір күнгідей 
болмай өтіп кететінін жеткізу керек. Сонау қиын-қыстау кезеңнің өзінде 
оқудың жайын ойлап, Әбіш деген құрдасына еріп, еліктеп, әрі қызығып білімге 
құмартқан Ахметтің ісі бүгінгі жаңа заманда, ғылым мен білімге, өркениетке 
қол созған жаңа дәуірде үлгі боларлық жай екені мақтанышпен айтылғаны жөн. 
Ойнауға барған балаға құрдасы Әбіштің кітап оқып отырғанын көргендегі әлсіз 
сезімі, арманы оны алыстарға жетелеген жоқ па? Сөйтіп Сұлтанмахмұттың 
сөзімен айтқанда «қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болатынын» ол 
кезде сезбесе де, өзі секілді балалардың білімнің бастауы – әліппеден бастап, 
үлкен ғылым жолына түсуіне жарқын із салып бергендей болды. «Өнер-білім 
бар жұрттар, тастан сарай салғызды» деп жырлаған Ыбырайдың, «Жасымда 
ғылым бар деп ескермедім, пайдасын көре тұра тексермедім, есейген соң 
түспеді уысыма, қолымды мезгілінен кеш сермедім» деген Абайдың ілімімен 
үндестік тапқан Ахаңның бұл әңгімесі оқушыларға тәлім берер, қазыналы 
білімнің мәнін ұқтырар туынды екеніне сөз жоқ. Бір ғажабы – осылардың 
мұрасын терең зерттей отырып, олар көтерген мәселелерді бар жанымен ұға 
отырып, ол осы үшеуінен тартылатын үш арналы жолды бір өзі бойға сіңіріп 
таңдап алғандай. Шынында қараңыз: Шоқанның ғалымдығы, Ыбырайдың 
ағартушылығы, Абайдың ақындығы мен ағартушылығы А.Байтұрсынұлының 
өмірлік мұратына айналған. Бұларды заманға лайықты нақты істермен 
жалғастыра, дамыта түседі.


261 
Көрнекті ағартушылар салған жолды жалғастырып, қазақ халқының 
болашағы үшін күрескен Ахаңның туындылары қай жастағы оқырманға болсын 
жеңіл, әрі тағылымды. Айтар ойы мен үйретер тәлімі мол шығармалар екені 
даусыз. Пәндік сабақ барысында Байтұрсынұлы шығармаларына бөлінген сағат 
саны көп болмаса да берілген шығармалардың шоқтығы биік. Оқушыларды 
еңбекқорлыққа, оқу-білімге, тату тірлікке шақырып, бірлесіп істеген істің 
әрдайым берекесі болатынын ескертіп отырады. Аудармаларының өзінде соңғы 
түйінді шешімге үлкен ой, болашаққа үміт, ұрпаққа өнеге қалдырып отырған. 
3 сыныпта «Оқу құралы» деп аталған әліппе кітабының бастамасындағы 
өлеңі «Оқуға шақыру» деген тақырыппен ұсынады: 
Балалар, оқуға бар, жатпа қарап! 
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ! 
Шақырды тауық мана әлдеқашан, 
Қарап тұр терезеден күн жылтырап. 
Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да, 
Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да. 
Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп, 
Барады аралар да ұшып балға. [3] 
Қазақ балаларын алғаш мектепке «Кел,балалар, оқылық!»деп шақырған 
Ыбырай атамыз секілді Ахмет Байтұрсынұлының да қарапайым қазақ баласын 
«білім» жолына түсуге шақыруы бекер емес. Дүниенің кілті – білімде екенін 
жадағай ұранмен жеткізбей, әдеби туындылары арқылы айтқан. Сол жолда 
өздері тынбай еңбек етіп, күш-қайраттарын сарп еткен. Ғасырдан-ғасырға асыл 
мұра болып жеткен өміршең туындылардың мәні уақыт өткен сайын 
құндылығы артып келе жатқандай. Олай дейтініміз бүгінгі өркениетке 
ұмтылған дамушы елдердің санатына кірген Қазақстанның болашағы тек 
білімді жастардың қолында болып отыр. Нано технология, ғарыштық көкжиек, 
жылдам ақпарат дегендеріңіз ғылым мен білім тетігін меңгерген, сауатты, көп 
тілді азаматтардың ғана қолынан келетінін көріп отырмыз. Қай дәуірде 
болмасын, жастар ізденбесе, үйренбесе бәрінен де құр қалары анық. Ендеше, 
Ыбырай мен Ахмет салған сара жолдан ажырамай, білімнің шыңына жету үшін 
мектеп партасындағы оқушыға сапалы білім, саналы тәрбие керек.
Олай болса Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларының тәрбиелік 
потенциалы бүгіні күнге дейін өз күшін жойған жоқ. Ағартушы 
шығармашылығының негізі - адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу болды. 
Оның пікірінше, осындай қасиеттер түгелдей бір адам бойында 
қалыптасқанда ғана ол парасаттылықпен біреуге жанашыр бола алады. Ахаң 
шығармаларының бәрі адам жанының небір түпкірлеріне үңілетін, 
адамгершілікке тұнып тұрған озық идеяларға толы. Оның ойынша оқытудың 
негізгі мақсаты – пән мазмұны бойынша ақпараттар беру ғана емес, жалпы 
іскерлікті, адамгершілік қасиеттерді қатар қалыптастыру болуы тиіс. 


262 
Бастауыш мектеп жасындағы оқушыны тәрбиелеуде естіген тағылымдық 
әңгіменің, оқыған әдеби туындының, көрген көркем фильм мен ата-ана 
өнегесінің басты қызмет атқаратынын үнемі назарда ұстаймыз. Оқыта отырып 
ойландырып, кейіпкер бейнесінің жақсылығы мен жамандығын саралатамыз. 
Оқушының кішкентай кезінен кішіпейіл, қамқор, бауырмал болуына ықпал 
жасап, имандылық пен мейірімділікті, еңбекқорлық пен төзімділікті қадірлеп, 
жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелейміз. Бұл реттегі 
А.Байтұрсынұлы шығармаларының маңыздылығы әлі күнге өзектілігін 
жоғалтқан емес. Уақыт өткен сайын әбден екшелген, парасатты пайымнан 
туған өміршең туындылардың жас ұрпақ тәрбиесіне қызмет ете беретініне 
кәміл сенеміз. Қазақ бола тұра қазақ тілін, мәдениетін ұмытып, ата-бабамыздың 
салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарынан ажырап қалған, шетелдік компьютерлік 
ойындар мен катігездікке құрылған фильмдерге еріп кеткен жастарымызды 
теріс жолдан қайтаруымыз үшін өзіміздің төл әдебиетімізді тәрбие құралы 
ретінде қолдана білсек ұтылмасымыз анық. Ағартушы-ақынның туындыларын 
тек оқу үрдісінде ғана емес тұтастай тәрбие үрдісіне қосудың маңызы зор, 
ұлттық құндылықпен сусындап өскен жас өреннің танымы биік, көкжиегі кең 
болады. 
А.Байтұрсынұлы: «Біз әрқашанда білім алуға ұмтыламыз, негізінде, ең 
бірінші тәлімге ұмтылуымыз керек» деп білімнен бұрын тәрбиеге көңіл аудару 
керектігін, тәрбиесіз адамға берілген білімнен ешқандай пайда жоқтығын баса 
көрсеткен [4]. Біз осы қағиданы әрқашан жадымызда ұстауымыз керек. Ең 
алдымен, жаны таза, иманды, арлы, намысты, ұлттық құндылықтарды, салт-
дәстүрді сүйетін, еңбекқор тұлға тәрбиелеуге ұмтылуымыз керек.
А.Байтұрсынұлының өлеңдерінен рухани қуат жинап, аудармалары 
арқылы сананы жаңғыртып, оқушыларды жан-жақты тәрбиелеудің маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет