Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет3/113
Дата15.02.2024
өлшемі5.11 Mb.
#491930
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113
АЛАШ МҰРАТЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰНДЫЛЫҒЫ 29 09 2022

АЛҒЫ СӨЗ 
 
 
Құрметті әріптестер, студенттер және қонақтар! 
Мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының
150 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияға хош 
келдіңіздер!
ХХ ғасырдың бірінші ширегі дегенде, ең алдымен, қазақ қоғамында орын 
алып жатқан саяси-әлеуметтік оқиғалар, ұлт-азаттық күрестер, қазақ 
зиялыларының ұлт мүддесі үшін жасаған жанқиярлық еңбектері, Алаш Орда 
үкіметі дүниеге келген заман, әрине, осы оқиғалардың бел ортасында жүрген 
ұлт ұстазы және рухани көсемі болған Ахмет Байтұрсынұлы еске түседі.
Сол кезеңдегі барша зиялы қауымға тән қасиет – саяси қызметтегі 
әмбебаптық және ғылыми зерттеу саласындағы энциклопедизм болатын. Сол 
бір алмағайып заманда қазақ зиялысы қай салада болмасын қалам тартып, сол 
кездегі қоғамның әр түрлі салаларындағы өткір мәселелерін өз мақалалары мен 
баяндамаларына негіз етіп алып, өзекті тақырып ретінде көтеріп қана қоймай, 
осы мәселелердің шешімдерін айтып, талдап, аталған күрделі жағдайлардың 
аяқ-асты болып қалмай, ел билеушілерінің құлағына уақытында жетуіне 
дәнекер болып, өз мақсаттары жолында күресті. 
Солардың бірі әрі бірегейі 

қазақтың ұлы ағартушысы, тіл маманы, саяси 
тұлға, реформатор, Алаш қозғалысының негізін қалаушы әрі белсенді мүшесі, 
баспагер, журналист, публицист, мемлекет қайраткер Ахмет Байтұрсынұлы 
болып табылады. 
Ахмет Байтұрсынұлының өнегелі өмірі мен қоғамдық қызметінің 
маңызы, орны мен рөлі біздер үшін ерекше. Себебі Ұлы даланың ұлы есімдерін 
ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыру 

біздің тікелей міндетіміз екендігін 
ұмытпауымыз керек.
Бұл мәселе қазіргі уақыттағы еліміздің білім саласында білім беру 
сапасын арттыруға және оқу мен оқытуды жан-жақты жетілдіру бағытында 
жүргізіліп жатқан көптеген бастамалардың арасында ерекше орын алады. Білім 
мен ғылым жаңаланбай, ел қажетіне толық жарамай, жаңғырудың болмасы да 
ақиқат. Осы тұрғыдан алып қарағанда, сіздердің бүгінгі ғылыми-практикалық 
шара аясында еліміздің рухани-мәдени дамуына аса қажетті, толғағы жеткен 
келелі мәселелер жөніндегі зерделі толғамдарыңызды ортаға салып, ой бөлісіп, 
тәжірибелеріңізбен алмасатындарыңызға кәміл сенеміз.
Құрметті әріптестер! Конференцияға қатысып, өз ойларыңызды ортаға 
салғандарыңыз үшін Сіздерге зор алғыс айта отырып, ғылыми ізденістеріңіз 
бен қызметтеріңізге толайым табыстар мен үлкен жетістіктер тілеймін! 
Конференция жұмысы жемісті болсын! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет