Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет50/113
Дата15.02.2024
өлшемі5.11 Mb.
#491930
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   113
АЛАШ МҰРАТЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰНДЫЛЫҒЫ 29 09 2022

Пайдаланылған әдебиеттер 
1. Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар 
мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б., Сужикова А.- Алматы: 
Алматыкітап баспасы, 2009
2. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және 
денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998
3. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы.-Алматы: Ана тілі баспасы,1992 
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ – ТІЛ БІЛІМІНІҢ КЕМЕҢГЕР ТҰЛҒАСЫ 
 
Айдарова Гүлжан Кенжекейқызы 
Аға оқытушы,магистр 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты 
Қазақстан, Арқалық 
Aydarova1969@mail. ru 
Көшен Аружан Ермекқызы 
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының IV курс студенті 
Қазақстан,Арқалық 
koshen.aruzhan@bk.ru 
Аннотация. В данной статье представлен художественно-идейный анализ наиболее 
актуальных произведений своего времени Ахмета Байтурсынова. В своих произведениях 
поэт заложил основы для учебно-просветительской деятельности, для поднятия культуры 
страны. В настоящее время огромное, богатое наследие в области духовного и научно-
образовательного наследия, оставленное великим учителем сегодняшнему поколению, не 
только занимает место в истории страны, но и сегодня является актуальной проблемой. 
Ключевые слова: Учитель нации, наука, образование, наследие, произведения. 
Summary. This article presents an artistic and ideological analysis of the most relevant 
works of his time by Akhmet Baitursynov. In his works, the poet laid the foundations for 


100 
educational and educational activities, for raising the culture of the country. Nowadays, the huge, 
rich heritage in the field of spiritual, scientific and educational heritage left by the great teacher to 
today's generation not only occupies a place in the history of the country, but is also an urgent 
problem today. 
Keywords: Teacher of the nation, science, education, heritage, works. 
Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығын күш-жігерін оқу-ағарту ісіне, 
ел мәдениетін көтеруге арнаған. Өз қоғамындағы барлық маңызды мәселелерді 
өз шығармаларында басты тақырыпқа негіз етіп алған. Оқу, білім, өнер 
тақырыбында 1911 жылы жазған «Қазақ өкпесі» деген мақаласында: «Ата 
жолдасы — надандық, өнерсіздік қазір қазақтан айырылатын емес. Олжалы 
жерде үлестен қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз бәрі де 
надандықтың кесапаты», — деп күйіне жазған Ақаң халқын оқу-білімге, 
мәдениетке тартуға көп еңбек етті. «Бала оқытатындар баланы жақсы оқыту 
жолдарын білу керек. Бала оқытуын жақсы білейін деген адам, әуелі басқаларға 
үйретпекші нәрселерін өзі жақсы білерге керек, екінші баланың табиғатын 
біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек. Оны білуге баланың туғаннан 
бастап, өсіп жеткеніне тәнімен қатар ақылы қалай кіретін жолын білерге керек. 
Баланың ісіне, түсіне қарап ішкі халінен хабар аларлық болу керек. Ол үшін 
бала турасындағы ғылымды білерге керек» [1; 252], — деп оқытушы
мұғалімдерге талаптар қояды да, ары қарай осы талаптарды орындағанда қазақ 
оқытушыларының да, оқушыларының да ұтатын тұстарын көрсетеді: «Қазақ 
ісіндегі неше түрлі кемшіліктердің көбі түзелгенде оқумен түзеледі. Бұл күндегі 
үлкендердің көбі біздің жаңалық ісімізді жатырқап, жаңалық пікірімізді 
түсінбей, айтқанымызды тыңдамай отыр деп түйіндеп көрсеткен. Олар өтіп, 
кейінгі жастардың да заманы жетер. Сондықтан жастардың қалай оқып, қалай 
тәрбиеленуі — бәрінен бұрын ескеріп, бәрінен жоғары қойылатын 
жұмыс».Ахмет Байтұрсынов өзінің оқу-ағарту мәселесіне көп көңіл бөлді. 
«Қазақша оқу әлі бір белгілі тәртіпке келіп жеткен жоқ, кемшілігі есепсіз көп. 
Қазақша оқу кітаптары жаңа ғана көрініп келеді: тәртіппен оқытарлық 
мұғалімдер аз, оқу программасы жоқ, белгілі оқу жылы жоқ, салған мектептер 
жоқ, мұғалімдерге арналған айлық ақы жоқ, қазақша оқуды аймаққа бірдей 
жеткілікті етерлік жасалған өрнек жоқ, оқыту ғылымын үйрететін 
даримұғалимин жоқ», — деп қазақ мектептерінің заман талабынан тысқары 
қалып отырған жай-күйін күйзеле жазады. 
Ұлт ұстазы А.Байтұрсынов қалдырған рухани және ғылым-білім 
саласындағы орасан зор мол мұра ел тарихында алатын орнымен ғана емес, 
бүгінгі таңда да мән-мағынасын жоймаған көкейкесті мәселе болып табылады. Ол 
отаршылдық пен езгіге қарсы шыға отырып, қазақ көсемсөзінде тұңғыш рет 
отаншылдық, патриоттық ой-пікірлерді таратушы болды. Ахмет идеясы елді 
оятты. Дәуірдің негізгі оқиғаларына өзі куә болып, ой елегінен өткізген елі мен 
жерінің тағдыры қатты толғантқан жас дарындар отаршылдық идеяға қарсы 
болып, қазақтың еркін өмір сүруін қалады.Ахаң армандаған азаттық рухтың 
биіктігі, гуманизм, демократтық көзқарас отансүюшілік, туысқандық идеясын ту 
етті.Мұхтар Әуезов «Ақаңның елу жылдық тойы деген мақаласында «сол 


101 
уақыттарда «Қазақ» газетінің бетінен анда-санда оқып отырған әсерлі анық сөздер 
қауіптің пішінін айқын қылып көрсетіп, мектептегі жас балалардың сезімін түзу 
жолға беттеткендей болушы еді. Жастардың жаңа туып келе жатқан әлсіз ойын 
«жол мұндалап», жетегіне алып бара жатқандай байқалушы еді. Мектептегі 
сабағын оқымайтын бала «Қазақ» газетін көрген жерде қадалып тұрып қалатын» 
деген сөздері «Қазақ» газетінің, оның редакторы Ахмет Байтұрсыновтың болашақ 
қазақ оқығандарының адастырмас ақ жолға жөн көрсетушісі, бағыт сілтеушісі 
ұстаз болғанын осы мақаладан көреміз.ХХ ғасыр басындағы ұлт тағдырын 
жырлаған қазақтың рухани көсемдерінің бірі М.Дулатов — А.Байтұрсыновтың 
ұлт қызметі жолындағы сенімді серіктесі. Бүкіл өзінің саяси-қоғамдық, 
ағартушылық және әдеби-публицистік қызметінде Ахметтің қасында болған 
идеялас жолдасы, сенімді досы және інісі Міржақып Дулатов екеуінің өмірінде 
ұқсас жайлар көп болған. 1913 жылдан бастап Орынборға тұрақтап, Ахметпен 
бірге «Қазақ» газетін шығарған. Міржақып шығармалары, Ахмет еңбектері 
тәрізді, ХХ ғасыр басындағы демократтық, ағартушылық көсемсөзге азаттық, 
теңдік идеясын ала келді. Ақын халықтың ақылы мен сезіміне әсер ете отырып, 
оларды ел тағдыры, қоғам алдындағы міндет жайлы ойлануға бастайды. 
Міржақып Дулатов өзінің «3–июнь законы һәм қазақ» деген мақаласында: «Қазақ 
халқы қанша надан болса да, патшалық істерін тексеруге Думада қазақ істері 
қаралмай болмайды. Қазақстан өкіл болмағанда, басқа депутаттар қанша шешен 
жүйрік болса да, қазақ жайын білмеген соң, сырттан тон піше алмайды деген. 
Қазақты үкімет «надан» деп сылтау қылса да, әуелгі екі Думадағы депутаттардың 
көбі надан емес еді. Оқыған, шешен, қазақ жайын жақсы білетін адамдар еді. Енді 
Думада жер, дін, земство, билік, оқу һәм басқа қиын мәселелер қаралмақшы. 
Қазақтың өзінен депутат болмаса, әлгі мәселелер жайынан қазақты жек көретін 
Пуришкеевичтер не айтпақшы, жаны ашыйтын Милюковтар не демекші» Ахмет 
Байтұрсыновтың 1913 жылы жазған «Орынбор. 13-октябрь» деген мақаласында 
көтерген мәселелері бір: «Қазақтың дүниеде болған болмағанымен жұмысы жоқ 
депутаттар, хұкімет кіргізген проект қандай болса да, жарайды деп қабыл ете 
салады. Қазақ үшін басын ауыртпайтындардан, я тегі басқа жұртқа күн тумасын 
дейтіндерден. Олар көп болған соң, олардың дегені болмақшы. Думада көп 
жағының дегені закон болып шықпақшы. Олардың дегені болып шыққан закон 
қазақты не оңдырмақшы?!» — деп жазды [1; 250].Бұл жерде ағартушы қазақ 
халқына заң туралы түсініктерін білу үшін және әртүрлі жағдайларда 
қолданылуы жайлы пікір айтқан. 
Міржақып Дулатов «Тіл-құрал» деген мақаласында: «Шын қазақша 
жазылып, тіл мәселесін қолына ала туған осы «Қазақ» екенін ешкім бекер дей 
алмас, бұл неден? Әрине, шығарушыдан дейміз», — деп жазған [6]. 
Ал, қазақ тіл тазалығын сақтау үлкен проблемалық мәселе ретінде жан-
жақты талқыға түсуі, орыс классиктерінің шығармалары мен Абай, Ыбырай 
өлеңдерінің жариялануы қазақ поэзиясы туралы ғылыми мәндегі жаңа әдеби-
теориялық көзқарасты туғызды. Қазақ баспасөзі әдебиет мәселесіне арналған 
сыни мақалалар ұлт әдебиетін тануға арналған түсініктерді берген., Әдеби-
теориялық ұғым-түсініктер қазақтың жазба әдебиетінің дамуымен тығыз 
байланыста көрініп, қазақ баспасөзі бетіндегі мақалалар арқылы өркен жариялана 


102 
бастады.Ахмет Байтұрсынов шығармашылығын талдағанда «Қазақтың бас 
ақыны» деген көлемді мақаласы ғалымның әдебиеттану саласындағы алғашқы 
зерттеу еңбегі еді. Осы мақала «Қазақ» газетінің 1913 жылғы үш санында 
басылған. Мақалада автор Абайдың қазақ халқының өмірінде алатын орнына 
тоқталып, шығармаларының мазмұн тереңдігі мен ақындық шеберлігі, орыс 
әдебиетімен байланысы туралы ойлар айтып, ақын өлеңдерінің эстетикалық, 
тәлім- тәрбиелік маңызы ашылған.«Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы 
боларға керек. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек. 
Ұнамды, орынды, дәмді болуына ойдың шеберлігі керек: мағыналы, маңызды 
болуына білім керек. Абайда осы үшеуі де болған. Бұлардың үстіне, Абай көсем, 
үлгі шығарып, өнеге жайғыш болған. Абайда өлең сөздің неше түрлі үлгісі 
болған», — деп жоғары бағалайды [1; 219].Ағартушының бұл пікірі арқылы сөз 
қасиетін аса жоғары бағалаған.Ахмет Байтұрсыновтың өзі Абай өлеңдерін түсініп, 
сүйіп оқыған. Сондықтан да Абай мұрасының өзгеге ұқсамайтын ерекше 
қасиеттерін дәл көрсеткен. «Абайдың әр нәрсенің асылын танығаны, білгені 
көрінеді. Абайдың өлеңдері қазақтың басқа ақындарының өлеңінен үздік 
артықтығы, әр нәрсенің бергі жағынан алмай, арғы асылына қарап 
сөйлейтіндігінде. Басқа ақындардың сөзге шеберлігі кем болмаса да білімі кем 
болғаны даусыз», — деген Ахаң сөздерінде әр нәрсенің кілті терең білімде деген 
ой жатыр [1; 220].Қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді сөз еткен мақалаларында 
Ахмет Байтұрсынов өз заманының өзекті деген тақырыптарына қалам тартып
халқына қамқор болу, елге қызмет жасау идеясын насихаттады. Мұның бәрі 
азаттық туын қазақ көсемсөзінде желбіретіп, «Ұятың, арың оянсын» деген Абай 
дәстүрін тарихи сабақтастықпен дамытқан. ХХ ғасыр басындағы қазақ 
әдебиетінде өзіндік ерекшелігімен жаңа бір қырынан танылды. Сол шоқтығы 
асқақ тұлғалар қатарында Ахмет Байтұрсыновтың орыны ерекше. 
Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттығы мен егемендігін бүгінгі таңда бүкіл 
дүниежүзі танып, мойындап отырған тұста ғасырдан ғасырға жеткен мәдени мол 
мұраларымызды қазақ халқы өз игілінде қолдануда. XX ғасыр басында Ахмет 
Байтұрсынұлы «Қазақ» газетін ашып, ұлттық білім берудің негізгі ұстанымдары мен 
тұжырымдарын әлемдік контексте қарастырған әрі ғылыми тұрғыда негіздеген 
өміршең мақалаларын қалдырды.Ақын, публицстит, ағартушы — қазақ көсемсөзінің 
атасы қазақ тілінің негізін салушы. Өзінің шығармашылығында қазақ тағдырына 
байланысты сан алуан көкейкесті мәселелерді қозғап, халқына жеткізуге, көкірек 
көзін ашуға ұмтылған заманның озық ойлы ұлт ұстазы. Ағартушы,ұстаз ел есінде 
өзінің өнеге болар өмірімен, шығармаларымен қалды.Ағартушының әдеби мұрасын
бүгінгі ұрпақтары ұмытпайды. Еліне,ұлтына,келешек ұрпақ - біздерге осыншама 
ғибратты ғылыми негізгі толық дәлелденген ойларды асыл сөздермен нақтылап 
берген қазақ ұлтының ұлағатты ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының бұл істері зиялы 
қауымға үлгі болып қала бермек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет