Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет51/113
Дата15.02.2024
өлшемі5.11 Mb.
#491930
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   113
АЛАШ МҰРАТЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰНДЫЛЫҒЫ 29 09 2022

 
Әдебиеттер тізімі 
1. Байтұрсынов А. Ақ жол. — Жалын,Алматы 1991. — 464 б. 
2. Сейфуллин С. Ахмет Байтұрсынұлы елуге толды // Байтұрсынов А. Ақ жол. — 
Жалын,Алматы1991. — 464 б. 
3. Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. — Мектеп: Алматы, 1976. — 136-б. 


103 
4. Әуезов М. Ақаңның елу жылдық тойы // Байтұрсынов А. Ақ жол. — Жалын: 
Алматы, 1991. — 17-б. 
5. Дулатов М. Шығармалар. — Т. 1. — Жазушы: Алматы, 1991. — 384 б. 
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ҚАЗАҚ МОРФОЛОГИЯСЫНЫҢ
НЕГІЗІН САЛУШЫ 
 
Ауезова Шынар Сериковна 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты 
Аға оқытушы, магистр 
 
 
Аннотация
В статье отмечается, что изучение грамматического строя казахского языка исходит к 
работе Ахмета Байтурсынова «Тіл - құралы». Рассматривается формирование науки о 
казахском языке начинается с определения областей фонетики, изучающих звуковую 
систему языка, графики и орфографии, изучающих систему письма, грамматики, изучающих 
морфологию и синтаксический строй языка. Так же анализируется одна из актуальных 
проблем грамматики, рассматриваемая в области морфологии. 
Ключевые слова: лингвистика, грамматика казахского языка, морфология, глагол," Тіл 
-құрал", части речи. 
Annotation 
The article notes that the study of the grammatical structure of the Kazakh language comes 
from the work of Akhmet Baitursynov "Til - Kuraly". The formation of the science of the Kazakh 
language begins with the definition of the areas of phonetics, studying the sound system of the 
language, graphics and spelling, studying the writing system, grammar, studying the morphology 
and syntactic structure of the language. Also one of the actual problems of grammar is analyzed in 
the article.
Key words: linguistics, grammar of the Kazakh language, morphology, verb, "Тіл - құрал", 
parts of speech. 
Ахмет Байтұрсынұлының бай шығармашылық мұрасының басым бөлігі – 
лингвистикалық еңбектері. Бұлар тіл деңгейлерінің бәріне қатысты болып 
келеді, тақырыбы жағынан да өте әр тарап. Оның лингвистикалық ізденулері 
«Тіл – құрал», «Әліпби» сияқты арнайы еңбектерімен ғана шектелмейді. 
Ғалымның түрлі тіл мәселесіне қатысты өзіндік пайымдаулары, теориялық 
тұжырымдары бұлардың сыртында көсемсөз түріндегі жазғандарынан да, 
сондай-ақ «Әдебиет танытқыштан» да үнемі кездесіп отырады. 
Қазақ тілінің фонологиялық жүйесі, грамматикалық құрылысы жөніндегі 
негізгі зерттеулерін былай қойғанда, оның назарынан әдеби тіл, тіл мәдениеті, 
этнолингвистика, прагматикалық грамматика, «оқыту ғылымы» мәселелері де 
еш уақыт тыс қалған емес, ол артына бұлар жөнінде де бірсыпыра құнды 
бағдарламалық пікір қалдырды [1, 6 б.]. 
Қазақ тілі грамматикалық құрылысының ана тілімізде зерттеліп жарық 
көруі ХХ ғасырдың алғашқы 10-15 жылдарынан басталады. Оның бастауы – 
1914 жылы «Тіл құралы» деген атпен Орынборда жарық көрген Ахмет 


104 
Байтұрсынов жазған оқулық. Қазақ тілі туралы ғылымды қалыптастыруды 
А.Байтұрсынов тілдің дыбыстық жүйесін зерттейтін фонетика, жазу жүйесін 
зерттейтін графика мен орфография, морфологиясы мен синтаксистік 
құрылысын зерттейтін грамматика салаларын айқындаудан бастады [2, 54 б.]. 
ХХ ғасырдың басында Қазан төңкерісінен кейінгі халықты жаппай 
сауаттандыру мақсатына орай негізгі жұмыс практикалық деңгейде 
жүргізілгендіктен, морфологияның да мәселесі осы тұрғыдан қызу қолға 
алынып, алғашқы әліппелер, бастауыш мектептерге арналған бағдарламалар 
жазылып, басылып шыға бастады. Осы тұста қазақ халқының саяси-әлеуметтік, 
қоғамдық өміріне белсене араласқан А. Байтұрсынұлының тіл біліміндегі еңбегі 
де айрықша болды. Ғалымның қазақ тілі заңдылығына икемдеп реформалаған 
араб жазуы, қазақ балаларына арнап жазған сауат ашу әліппесі, (Байтұрсынұлы 
А. Оқу құралы. Орынбор, 1912) қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулығы 
(Байтұрсынұлы А. Тіл – құрал. Орынбор, 1914 жыл және кейінгі басылымдары) 
қазақ мәдениеті үшін маңызды жаңа белес еді. А.Байтұрсынұлының
«Тіл – құрал» аталған 3 бөлімнен тұратын оқулығының морфологияға арналған 
бөлімі алғаш рет 1914 жылы, фонетикаға арналған бөлімі 1915 жылы, 
синтаксиске арналған бөлімі 1916 жылы жарық көріп, кейіннен әрқайсысы
6-7 реттен толықтырып қайта басылып отырған [1, 7 б.]. 
Қазақ тілі грамматикасына арнап ХІХ ғасырдың екінші жартысынан 
бастап орыс ғалымдары жеке кітаптар шығара бастағаны белгілі. Сөздердің 
түрленуі, жаңа сөздердің жасалуы тәрізді морфологияның жалпы мәселелері 
ғана қаралған бұл зерттеулер Н.И. Ильминский, М.А. Терентьев,
П.М. Мелиоранский, В. В. Катаринский сияқты түркітанушылардың қаламынан 
туды. Бұл еңбектер қазақ тіл білімінің күрделі теориялық мәселелерін қамти 
алмады. Орыс түркітанушылары қазақ тілі мәселелерін сөз еткенде, өздерінің 
ана тілі болып есептелетін орыс тілі үлгісіне сүйенді, соған негіздеп, қазақ тілі 
туралы топшылаулар жасады [2,74 б.]. 
Бұларға қоса ол авторлардың қолданған терминдік атаулары да қазақ тілі 
үшін «жат жұрттық» болды. Дегенмен орыс тілді авторлар жазған еңбектердің 
қазақ тілі туралы ғылымның дамуына белгілі мөлшерде болса да бастама, үлес 
болғанын атап өту керек. А. Байтұрсынұлы еңбектерінен бастау алған қазақ тіл 
білімінің сөз құрамы, сөздерді таптастыру, сөз таптарының лексика-
грамматикалық табиғаты секілді мәселелерінің ғылыми-теориялық тұрғыдан 
зерттеле басталуы қазақтың ұлттық мамандарының өсіп-жетілуімен тікелей 
байланысты болды [2, 95 б.]. 
Бұл еңбектердің не себепті орыс тілінде жазылғандығын, түпкі мақсатын 
Ахмет Байтұрсынұлының «Бастауыш мектеп» деп аталатын мақаласындағы 
мына бір жолдардан айқын көруге болады: «Үкіметке жағымдысы – қол 
астындағы жұрттың жазу-сызуы, тілі, діні бір болу. Ресей қол астына түрлі 
тілді, түрлі дінін, жазу-сызуды тұтынып отырған жұрттар бар. Солардың бәрі 
тілін, дінін, жазу-сызуын орысқа аударса, үкіметке онан артық ұнамды іс 
болмас... әуелі балалар ана тілімен оқымай, орыс тілімен оқысын, ана тілімен 
оқыса да, орыс қарпімен оқысын дейді». Демек, жоғарыдағы еңбектердің орыс 
тілінде жазылуы патшалық Ресейдің өз қол астындағы халықтарды 


105 
орыстандыру саясатынан туған. Мәселен, Н.И. Ильминский кезінде: «... мой 
краткий опыт прочтут только те, которые занимаются восточными языками и 
уже знают по-татарски, я в грамматической части указал почти только 
отличный от татарских киргизские формы. Впрочем, моя цель дать восточным 
языкам хоть сколько-нибудь определенное понятие о характере киргизского 
наречия», деп жазады [3, 4 б.]. 
Ал Алтай тілінің грамматикасында: «и так, главная цель грамматики 
практическая, миссионерская, собственно научной цели мы не имели в виду» 
делінген [4,3б.]. Қазақ тіл білімінің атасы А.Байтұрсынұлының аталған 
еңбегінде сөздерді топқа бөлудің жалпы тіл біліміндегі сонау Платон, 
Аристотель еңбектерінен бастау алатын дәстүрлі қалпы көрінеді.
Тіл бөлшектерін логикалық ілім негізінде топтастырушы Платон сөздерді есім 
және етістік деп бөлсе, осы бағытты жалғастырушы Аристотель өзінің 
«Риторикасында» сөздерді есім, етістік, жалғаулық деп үш топқа бөледі. А. 
Байтұрсынұлы да қазақ тіліндегі сөздерді әуелі атауыш сөздер, шылау сөздер, 
одағай деп үлкен үш топқа бөледі [5, 199-263 б.]. 
«Тіл құралы» еңбегінің «Сөз тұлғасы» деп аталатын төртінші бөлімінде 
тұлғасына қарай сөздер түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, қосалқы, қосымшалар 
деп аталған да, әрқайсысы жеке-жеке талданып түсіндірілген. Бұл бөлісте 
біріккен, қысқарған сөздердің жоқтығы болмаса, басқалары морфологияға 
қатысты кейінгі зерттеулердің барлығында да бар [2, 95 б.]. 
Грамматиканың морфология саласында қарастырылатын ең өзекті 
мәселелердің бірі – сөз таптары мәселесі. А. Байтұрсынұлы сөз таптарының 
табиғатын айқындауда қазақ тілінің өзіндік ерекшелігін ескеріп, сөз 
таптарының жалпы теориясына сүйенгенін байқаймыз. Ол «Тіл-құралдың» 
Сөз басында былай дейді: 
«Араб һәм орысша наху, сарфларында (грамматика) оқылатын заттан 
мұнда да оқылады. Айырмасы сол ғана: арабша я орысша айтылған есімдер 
мұнда қазақша айтылады. Олай болғанда оқылатын заты бір, аты ғана басқа» 
[6]. 
Сөздерді сөз таптарына топтастыруда ұстанатын принциптердің 
(семантикалық, морфологиялық, синтаксистік) негізінде А. Байтұрсынұлы 
атауыш сөздерді мынадай сөз таптарына бөледі: нәрсенің атын көрсететін – зат 
есім, нәрселердің сынын көрсететін – сын есім, нәрселердің есебін һәм ретін 
көрсететін – сан есім, есімдердің орнына жүретін – есімдік, заттардың еткен 
етпеген істерін көрсететін сөздер – етістік сөз таптары. Ал шылау сөздерді 
үстеу, демеу, жалғаулық, одағай сөз таптарына саралайды. 
Сөйтіп, А.Байтұрсынұлы сөздерді мағынасына қарай тоғыз тапқа бөледі. 
Олар: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, демеу, жалғаулық, 
одағай. 
Ғалым атауыш сөздерге зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістікті 
жатқызады. Ал одағай сөздер еліктеуіш және лептеуші деп екіге жіктелгенімен, 
әрқайсысы жеке сөз табы ретінде танылмаған. Шылау сөздер іштей үстеу, 
демеу, жалғау деп бөлініп, олардың әрқайсысының жеке сөз табы ретінде 
қаралуынан 
автордың 
сөздерді 
таптастыруда 
семантикалық 
белгіге 


106 
сүйенетіндігі байқалады және оны автордың өзі де «Сөздер мағынасына қарай
9 тапқа бөлінеді» [5, 197 б.] деп ашық ескертеді. Қазақ тіл біліміндегі сөз 
таптастыру проблемасының тарихына арналған Т. Қордабаевтың ХХ ғасырдың 
50-жылдарының басына дейінгі кезеңді қамтыған шағын шолу мақаласында да 
А. Байтұрсынұлының мағыналық принципті басшылыққа алғаны айтылады [7]. 
Ғалым әр сөз табын мысал арқылы түсіндіре отырып, әрқайсысына 
анықтама береді, сұрақтарын көрсетеді: «Сөздердің кейбіреуі нәрсенің өзін 
атайды. Мәселен, жер, тау... осындай нәрсенің өзін атайтын сөздерді есім 
дейміз. Зат есім туралы «кім?», не?» деп сұраймыз. 
«Сөздің кейбіреулері нәрсенің сынын атайды. Мәселен, жақсы, жаман... 
Осындай нәрселердің сынын көрсететін сөздер сын есім деп аталады. Сын 
есімнің сұрауы қандай?». Ғалымның әр сөз табын сипаттаудағы бұл тәсілі де 
қазақ тілі грамматикасына арналған мектеп оқулықтарында күні бүгінге дейін 
сақталып келеді. 
А. Байтұрсынұлы зат есімді жалқы есім (Ахмет, Семей, Қызылжар) және 
жалпы есім (кісі, қала, ұлт), деректі (жер, су, ән) және дерексіз (жан, ой, мінез, 
қуаныш) деп бөледі. Зат есімнің жеке тұрған және көптік жалғау қабылдаған 
кездерін жекелік айырыс (ата, ой, шелек) және көптік айырыс деп ажыратып 
көрсетеді, тәуелдік жалғау жалғану жағдайына байланысты жай қалып (ата, ой, 
шелек) және тәуелді қалып (атам, ойым, шелегім) деп жіктей отыра 
тәуелденудің оңаша, ортақ түрлерінің жақтарын айтады [5, 201 б.]. 
Тілдегі негізгі грамматикалық ұғымның бірі грамматикалық категория 
болып табылады. Грамматикалық категория өзара тектес, мәндес, ыңғайлас, әрі 
бір-біріне қайшы мәндегі бірнеше, кем дегенде екі түрлі грамматикалық 
мағыналар жиынтығынан тұрады. Ол грамматикалық мағыналар белгілі 
парадигмалық сипаттағы грамматикалық тұлғалардың жүйелері арқылы беріледі. 
Сол арқылы грамматикалық категория белгілі грамматикалық топтағы сөздердің 
(сөз таптарының) түрлену жүйесі болып, сөз табы ретінде ерекшеленеді, әрі сол 
сөз табының грамматикалық белгісі болып табылады [8, 56 б.]. 
Грамматикалық категория сөз таптарына қарай топталып жіктеледі. 
Грамматикалық категория түрлері күні бүгінге дейін А.Байтұрсынұлы 
еңбектерінің негізінде өзгеріссіз сақталып келеді. Кейбір сөз табында 
грамматикалық категория 
болмайды 
(мысалы, 
сан 
есім, 
есімдік);
ал грамматикалық категориялары бар сөз таптары зат есім, сын есім, етістік. 
Олар мыналар: Зат есімнің көптік категориясы (жекелік, көптік айырыс); 
тәуелдік категориясы (оңаша, ортақ тәуелдік; үш жақ бар); септік категориясы 
(сөздердің үйлесуіне сеп болады); септеу бесеу: 1) ілік жалғау (іліктеу) ның;
2) барыс жалғау (барыстау) ға; 3) табыс жалғау (табыстау) ны; 4) жатыс жалғау 
(жатыстау) да; 5) шығыс жалғау (шығыстау) дан. 
Сын есімнің шырай категориясы (сыр сынында үш шырай бар: 1) жай 
шырай; 2) талғаулы шырай); 3) таңдаулы шырай); 
Етістіктің етіс категориясы (1) сабақты етіс, 2) салт етіс; 3) ортақ етіс; 
4) өздік етіс; 5) өзгелік етіс; 6) беделді етіс; 7) ырықсыз етіс; 8) шығыс етіс;
9) дүркінді етіс; 10) өсіңкі етіс); болымды-болымсыздық категориясы (ма, ме); 
рай категориясы (1) тұйық рай; 2) билік рай; 3) ашық рай; 4) шартты рай;


107 
5) ереуіл рай; 6) реніш рай; 7) қалау рай; 8) сенімді рай; 9) сенімсіз рай; 10) мұң 
рай; 11) көніс рай; 12) қайрау рай; 13) азалы рай; 14) теріс рай; 15) болжал рай); 
шақ категориясы (осы шақ, өткен шақ, келер шақ); жіктік (жақ) категориясы 
(үш жақ; жекеше, көпше) [1, 9б.]. 
Етістік болымды (жауды, тасыды) және болымсыз (жаумады, тасымады), 
көсемше (айта бердім, айтып бердім, барғалы тұрмын) және есімше (айтушы, 
қазған, жазатын) деп бөлінген. Ғалым етістіктің салт, сабақтығын да етіс 
категориясы ішінде қарап, он түрлі етіс түрін анықтайды: 1) сабақты етіс; 
2) салт етіс; 3) ортақ етіс; 4) өздік етіс; 5) өзгелік етіс; 6) беделді етіс) (қазіргі 
өзгелік етістің –дыр, -дір, -тыр, -тір жұрнақтары арқылы жасалған етіс түрі: 
жаздырды, айттырды); 7) ырықсыз етіс; 8) шығыс етіс (ортақ етістің үстіне 
өзгелік етіс жұрнағы қосымша жалғануы арқылы жасалған күрделі түрі: 
күрестір, табыстыр); 
9) дүркінді етіс (-ғыла, -гіле жұрнақтары (жазыла, атқыла) және 10) өсіңкі 
етіс (ыңқыра, -іңкіре жұрнақтары арқылы жасалған түріңкіре, ұйықтаңқыра 
модификациялық етістіктер) [5, 231-234 б.]. 
Автор оқулығында райдың он бес түрін анықтайды: 1) тұйық рай 
(қарамақ, жүрмек); 2) билік рай (жаз, жазба, жазсын); 3) ашық рай (жыла, 
жуын); 4) шартты рай; 
5) ереуіл рай (қарсылықты сабақтас құрмалас сөйлемі алғашқы 
компонентінің баяндауышы шартты райдың жұрнағы арқылы жасалғанда осы 
баяндауыш қызметіндегі етістік) Мысалы, «сұрасаң да бермеймін, сүйресең де 
ермеймін» деген сөздерде «сұрасаң да», «сүйресең де» деген ереуіл рай;
6) реніш рай (барсамшы, айтпасамшы); 7) қалау рай; 8) сенімді рай (алмаймын, 
тұрмағайсың, болғай); 10) болжал рай (оқыр едім ақшам болса); (ішер едің су 
болса), барар еді (жалдаса); 11) мұң рай (айтар ма едім, жүрер ме едің);
12) көніс рай (кетемін-та, барамын-та, көреді-та); 13) қайрау рай (барайыншы, 
баршы, барсыншы); 14) азалы рай (жүрсейші, қалмасайшы, барсайшы);
15) теріс рай барса игі едім, алса игі едің, жүрсе игі еді) [5, 234б.]. 
А. Байтұрсынұлы үстеуді 5-ке бөледі: нықтаулық үстеу (ең, әбден, тым, 
өте – қазіргі күшейту, әдейі, қасақана – қазіргі мақсат үстеулері); 2) сынаулық 
үстеу (шалқасынан, адамша – қазіргі сын бейне үстеуі); 3) өлшеулік үстеуі 
(қазіргі мөлшер үстеуі); 4) мезгілдік үстеу, 5) мекендік үстеу [5, 256-259 б.]. 
Ғалымның үстеуді сөз табы ретінде тануында қазақ тіл білімінің кейінгі даму 
барысында бірқатар тілші ғалымдардың пікіріне әсер еткен жаңсақ пікірі де 
болды. Оған, біріншіден, үстеудің өзіндік лексика-грамматикалық табиғатының 
ерекшелігі, екіншіден, үстеуді сөз табы ретінде анықтауға келгенде, сөйлемдегі 
қызметіне қарай икемделу себеп болған секілді. Автор жақсы оқиды, еңіреп 
жылады, ауылға шейін қуды, қалаға барды деген сөйлемдердегі жақсы, еңіреп, 
ауылға шейін, қалаға сөздері мен сөз тіркесін үстеуге жатқызады. Бұл көзқарас 
кейінгі С.Жиенбаевта, С.Аманжоловта, І.Кеңесбаевта кездеседі. Ал сөйлемдегі 
қызметіне қарап, бір сөзді бірнеше сөз табына телудің қателігі туралы 
Қ.Жұбанов кезінде кесімді пікір айтқан болатын. Ғалым әлі бір-бірінен енші 
алысып болмаған сөз таптары бар екенін ескере отырып (бала, жас, жарық, 
сұлу, бай, батыр, жарлы, кедей сөздері), 


108 
«Бір мал тек сиыр ғана, немесе тек жылқы ғана бола алады да, әрі сиыр, 
әрі жылқы бола алмайды. Сол сияқты жақсы деген бір сөз әрі сын есім, әрі 
үстеу бола алмайды, не сын есім ғана, не үстеу ғана немесе басқа бір сөз табы 
ғана бола алады. Жақсының сын есім екендігі даусыз ғой деймін», деген пікірін 
білдіреді [8, 213 б.]. 
А.Байтұрсынұлы демеулерді жеке сөз табы ретінде тани отырып, іштей 
сұрау демеу: ма (ба, ме, бе, да) және жай демеу (ғой, ақ, әше, бәсе, әлде, та, 
тағы, бәлкім) деп бөліп қарайды. Үйткені, үйтпесе, сүйтіп, сүйткен, сүйтсе де, 
сайын секілді біріккен сөздерді де, басқа тілден еніп, сіңіскен дей отырып, һәм, 
я, яки, егер, уаларды да осы демеу сөздер қатарына енгізеді. Ал 
жалғаулықтардың қазақ тілінде өте аз екенін ескертіп, олардың бәрін санамалап 
шығады; менен (бенен, мен, бен), үшін, шейін, дейін, таман, сайын, гөрі, 
арқылы, тақырыпты, туралы. Жалғаулықтардың орнына жүретін басқа сөздер 
ретінде әрі, соң, бойы, бөтен, өзге, жанына т.б. сөздерді атайды [5, 260 б.] 
Одағайды автор іштей: 1) ілездік одағай; қазіргі еліктеуіш сөздердің екі 
түрі де кездеседі: лап, жалт, мырс, дүрс) 2) еліктеу одағайы (қазіргі дыбыстық 
еліктеуіш сөздер: шыр-шыр, маңқ-маңқ); 3) шақырыс одағайы (қазіргі 
императивті одағайлар) деп үшке бөледі [5, 261 б.]. 1950 жылдарға дейін 
еліктеуіш сөздер одағай құрамынан ажыратылмай, осылайша бір сөз табы 
ретінде қаралып келгені де белгілі. 
Міне, А.Байтұрсынұлының тіліміздегі сөздерді сөз таптарына бөлуі, әр 
сөз табын іштей мағыналық топтарға, категорияларға жіктеуі бүгінгі таңда 
өзіміз көріп отырғандай, көп өзгеріссіз қазақ тіл білімінде орнығып қалды.
Ал Ахаңның сөз таптарына, сөз таптарының түрлі мағыналық топ, 
категорияларына қатысты кейбір пікірлеріне жоғарыдағы салыстырулар 
көрсеткендей қазақ тіл білімінің кейінгі дамуы өз өзгерістерін, түзетулерін 
енгізді. Дегенмен, бұл өзгеріс, түзетулер ғалымның қазақ тілі сөздерін 
салыстырудағы шешуші рөліне нұқсан келтіре алмайды. Сондықтан 
А.Байтұрсынұлын тіліміздегі сөздерді таптастыру ісінде берік іргетас қалаушы 
ретінде тануымыз керек. Сөйтіп, ғалым қазіргі сөз таптарының 9 түрін атап 
көрсетеді, соңынан қосылған модаль сөздер ғана жоқ. 
Түркологияда қазіргі уақыттың өзінде де қосымшаларды біреулер сөз 
өзгертуші, сөз түрлендіруші деп бөлсе, екінші біреулер олардың барлығы да сөз 
тұлғасын түрлендіре алады дегенді айтатыны белгілі. Осы мәселе 
А.Байтұрсынов оқулықтарында сонау 20-жылдардың өзінде-ақ шешімін тапқан. 
“Қосымша” терминін алғаш қазақ тіліне енгізген А. Байтұрсынұлы былай деп 
жазады: «Қосымшалар дегеніміз сөз емес, сөзге жалғанатын буындар; бұларда 
өз алдына мағына да жоқ, басқа сөзге жалғанбай бөлек айтылмайды да. 
Сондықтан бұлар қосымшалар деп аталады. Қосымшалар екі түрлі: біреулері 
жалғанған сөзінің тұлғасын ғана өзгертіп, мағынасын өзгертпейді, екіншілері 
жалғанған сөзінің тұлғасын да, ішкі мағынасын да өзгертеді. Сондықтан 
бастапқы қосымшалар тысқарғы жалғаулар я тікелей жалғау деп аталады; 
екінші қосымшалар ішкергі жалғаулар я тікелей жұрнақ деп аталады. 


109 
Түсінікті болу үшін мысал келтірейік. Жылқы – жылқышы, жылқы – 
жылқының, «жылқышы» дегенде сөздің бастапқы тұлғасы да, мағынасы да 
өзгерілді, яғни «жылқышы» деген сөз енді малдың есімін көрсетпейді, адамның 
есімін көрсетеді. «Жылқының» дегенде, сөздің тұлғасы өзгерілді, мағынасы 
өзгерген жоқ, яғни «жылқының» деген сөз бәрібір малдың есімін көрсетіп тұр. 
Бұл айтылғаннан мәлім болды: «шы» қосымша жұрнақ екендігі, «ның» 
қосымша жалғау екендігі. Жалғау аз, жұрнақ көп. Жалғау түбір сөзде де, 
туынды сөзде де болады. Жұрнақ түбір сөзде жоқ, туынды сөздерде ғана 
болады» [5,154б.]. Бұл келтірілген үзіндіден оның авторының айтпағы: 
қосымшалардың бір-бірінен өзгешелігі – оның бір тобының сөз тұлғасын 
түрлендіріп, екіншісінің тек сөз мағынасын түрлендіруінде емес, сөз тұлғасын 
қосымша атаулының бәрі де түрлендіреді, олар арасындағы өзгешелік 
жалғаулар тек сөз тұлғасын ғана түрлендірсе, жұрнақтардың оған қоса сөз 
мағынасын да өзгерте алуында [2, 96 б.]. 
Мұндай тұжырымдар ғалым еңбектерінің әр тұсында кездесіп отырады. 
А.Байтұрсынұлы оқулықтары қазақ тілінде жазылған тұңғыш еңбектер. Соған 
қарамастан ықшамды түрде баяндала тұрса да, көптеген мәселелерді өте 
білгірлікпен, көрегендікпен айта алған. Ғалымның енгізген терминдерінің 
барлығы дерлік күні бүгінге дейін еш өзгеріссіз қолданылып келеді. «Тіл 
құрал» еңбегі кейінгі қазақ тілі морфологиясының ғылыми негіздерінің 
қалыптасып, дамуына сара жол салды. Қорытындылай айтқанда морфология 
ғылымының бастауы А. Байтұрсынұлы еңбектерінен басталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет