148
дағдысының жеткіліксіздігі, STEM-бағдарламаларының жетіспеуі, мектеп
түлектерінің STEM саласы бойынша дайындықтарының әлсіздігі, STEM
сабақтарын жоспарлау мен ұйымдастырудағы қиындықтар. Ағылшын тілінен
аударғанда STEM ғылым, технология, инженерия және математика дегенді
білдіреді. Қысқартудың әртүрлі нұсқалары бар (STEM, STEAM, STREM), олар
бірдей мағынаны білдіреді, бірақ атауларындағы
аздаған өзгешеліктерге
байланысты— өнер, робототехника, медицина және т.б бағыттар қосылады
STEM-бұл жаңа білім беру саясаты және оқыту мен оқудың жаңа тәсілі.
Біріншіден, бұл пәнаралық оқыту, онда бір тақырып бірнеше бағыттар арқылы
қарастырылады — мысалы, химия, физика, математика, биология және
дизайнды бірге оқытады. Екіншіден, STEM оқушыларға әртүрлі жобалар жасау
барысында жобалық оқытуды қолдануды ұсынады, Ал, Канада, Финляндия,
Гонконг, Германия, Австралия, Қытай, Ұлыбритания, Израиль, Корея,
Сингапур, Швеция, АҚШ-та осы STEM-білім беру бағыты мемлекеттік
деңгейде жүргізіледі екен [1].
Цифрлық экономикасы жоғары дамыған АҚШ-та STEM-білім беруді
дамыту бойынша 2015-2020 жылдарға арналған
стратегиялық жоспар
қабылданған екен. 86 Заманауи цифрлық технологияларды дамыту және адам
қызметінің барлық салаларын цифрландырудың жылдам қарқынмен өтуіне
байланысты «STEM» білім беру маңызды және өзекті мәселе болып табылады.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру ұйымдарының
цифрлық инфрақұрылымын (сымсыз коммуникациялар, бұлтты технологиялар,
микросерверлер, 89 компьютерлер мен перифериялық жабдықтар, жергілікті
желі, кең жолақты интернетке қол жеткізу және т.б.) дамыту жұмысы
жалғастырылады. Мектептер химия, биология, физика пәндері кабинеттері-мен,
STEM-кабинеттермен жарақтандырылады–деп атап көрсетілген .
Қазіргі жағдайда көптеген жұмыстар мен әрекеттерді роботтар,
компьютерлер, сандық технологиялар орындауда. Демек, стандартты емес
ойлаудың жаңа креативті тәсілдері, жеделділік, мультифункционалдылық және
жаңа технологиялардың тез өзгеретін векторларына сай жылдам әрекет ету
іскерлігі қажет. Тез өзгеретін әлемде білім беру жүйесіне де өзгеріс қажет екені
сөзсіз. Бәсекеге қабілетті адами капиталды дайындау үшін жекелеген
ғылымдарды оқыту жеткіліксіз. STEM оқытуды интеграциялық тұрғыда
қарастыру қажет, яғни жаратылыстану ғылымдары, технологиялар, инженерия
және математика салалары бойынша бір уақытта дағдылар дамиды (Science,
Technology, Engineering and Mathematics). STEM-тәсілінің
ерекшелігі ондағы
барлық пәндер өзара тығыз байланыста. Мысалы, біздің алдымызда ғарыш
зымыранын ұшыру, көпір салу, мұнайды тазарту немесе роботты жинау міндеті
тұр десек, физика, химия, математика және бағдарламалаудың әртүрлі
салаларында кең таным мен дағды болуы қажет. Сондықтан, STEM пәндерді
«жобаларды» дайындайтын кезде, оларды оқытудың бірыңғай сызбасына
біріктіреді. Демек, интеграцияланған оқыту пәндер бойынша емес, тақырыптар,
жобалар бойынша жүргізіледі. Осындай білім беру ортасында балалар білім
алады және оларды дереу пайдалануды үйренеді. Пәндердің мазмұнын терең
149
түсінумен қатар, STEM бойынша білімдерді кіріктіру маңызды, нәтижесінде
білім алушылардың болашақта техникалық немесе ғылыми бағыттар бойынша
мамандықты таңдау мүмкіндіктерін кеңейтуге әкеледі. Оқытудың өзі ғылыми
принциптерді, технологияны, жобалау
мен математиканы бір STEM-
бағдарламасына біріктіретін проблемалық-бағытталған оқу әрекеті негізінде
құрылуы қажет. STEM тәсілі негізінде пәндер мазмұны, ортақ тақырыптар
интеграциялық
тұрғыда
оқытылса
мынадай
негізгі
дағдылар
мен
құзыреттіліктер қалыптасады: 1. Сұрақтар (ғылым) қою және шешу міндеттері
(инжиниринг). 2. Модельдерді жасау және пайдалану. 3. Зерттеулерді
жоспарлаужәне
жүргізу.
4.
Деректерді
талдау
және
түсіндіру.
5. Математикалық операциялар мен есептеулерді жүргізу үшін қажетті ойлау
түрлерін дамыту және пайдалану. 6. Түсіндірме (ғылымға негізделген) бере білу
және жобалау шешімдерін таба білу (инжиниринг). 7. Бар фактілердің негізінде
дәлелдей білу. 8. Ақпаратты алу, бағалау және дұрыс беру.
Зертханалық практикум, физика, химия, биология және т.б. пәндерді
STEM оқытудың маңызды құрамдас бөлігі деп санауға болады. STEM
зертханаларының мақсаты-теориялық материал бойынша алынған білімді
тереңдету, әртүрлі шамаларды өлшеудің әдістемелерімен танысу, әртүрлі
құралдардың жұмыстарын зерттеу, тәжірибелік мәліметтерді жинау және өңдеу
технологияларын үйрену, инженерлік графика және дизайн жасау дағдыларын
дамыту [2].
Жаратылыстану пәндеріне қатысты STEM технологиясын келесі
бағыттарда қолданған тиімді болып саналады: Макроәлемде өтіп жатқан табиғи
құбылыстарды зерттеуге: мұнда шынайы өмірдегі әртүрлі
нысандардың,
құрылыстардың, құралдар мен жабдықтардың (ракета, машина, әуе, су
кемелері, зауыттар мен фабрикалар үлгілері, кезкелген өндірістің инженерлік
технологиясы, физикалық, химиялық, биологиялық құбылыстар) прототиптерін
90
жасап
шығару.
Оларға
STEM
технологияның
құрылымдау
(конструирование), технологиялық модельдеу сынды түрлері жатады. Нақты
әлемдегі үдерістерді компьютерлік, ақпараттық-бағдарламалық тұрғыдан
жасақталған, STEM технологияларының озық түрлерінің ( математикалық
модельдеу, инженерлік графика, дизайн жасау, сандық зертханалар) көмегімен
бақылап, зерттеп, қандайда бір өнімдер жасауға болады .
Сандық
зертханалар
–
жаратылыстану
цикліндегі
сабақтарда
демонстрациялық және зертханалық сабақтарды жүргізу үшін қажетті
қондырғылар мен бағдарламалық қамтамасыз ету құралдары. Виртуальды
зертхана – компьютерде химиялық, физикалық, биологиялық т.б. үдерістерді
модельдейтін (үлгілейтін), оның шарттары мен жүргізу параметрлерін
өзгертуге мүмкіндік беретін компьютерлік бағдарлама. Ендеше, мынандай
сұрақ тууы орынды, мектеп бағдарламасына STEM технологиясын қалай енгізу
керек? Ол үшін, егер сіз химиядан жоба тақырыбын алсаңыз, онда сол жобаға
қатысты пән мұғалімдерімен бірлесе отырып химиядан(Science)
қандай
жұмыстар жасалуы керек, компьютерлік бағдарламалар Power Point, Prezi
негізінде таныстырылымдар дайындау(Technology), тақырып бойынша
жасалатын жобаның немесе құрылымның моделін жасау, механизмдерді жинау
150
(Engineering), математикадан жобаға қатысты қандай расчетта (Mathematics)
жасалатынын келісу керек және бірлесе отырып этаптар бойынша жоба
жұмысын жүргізеді. Енді, мұғалім өзі білмейтін білімді оқушыға үйрете алама
деген сұраққа жауап беріп көрейік. Мұнда Ресей ғалым педагогтары ең
алдымен, мұғалім ментор, оқушыға мәселені шешуге көмектесетін тәлімгер
болуы керек екенін айтады. Оқушыны шығармашылыққа дайындау үшін, оған
осы жаттығуды орындаудың, оқудың жолдарын айту қажет емес, оларды
шығармашылық вирусына ұшырату керек, ол үшін балаға еркіндік беру қажет
екенін айтады. Мен де осы ұсыныстармен келісемін.
Оқушыны қызықтыру
үшін Қандай жұмыстар атқаруға болады? Мұнда басты мәселе, жоба
жұмысының нәтижесінде қандай өнім алынатынын, жүйенің неден тұратынын,
әр бөліктің қалай жұмыс жасайтынын нақты біліп алып, ол туралы
оқушылармен әңгімелесу керек деп ойлаймын. Әрбір жоба нақты бір мәселені
шешуі керек.
STEM білім беру қағидаларын пайдаланып оқыту арқылы функционалды
білім беру негізі қалыптасады, тұлғалық зор мүмкіншіліктер ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: