Халықаралық ҚҰҚЫҚ ПӘні бойынша оқУ Әдістемелік кешен 050115 «Құқық және экономика негіздері»

бет5/8
Дата11.06.2016
өлшемі0.68 Mb.
#128348
1   2   3   4   5   6   7   8

Бақылау сұрақтары:

  1. Халықарарлық құқықтық мойындаудың жолдарын атап беріңіз.

  2. Қазіргі кездегі халықаралық мойындаудың маңызы қандай?

Әдебиеттер:

  1. Сарсембаев М.А. Международно – правовые отношения государств Центральной Азии. Алматы: Галым. 1995. -368с.

  2. Сарсембаев М.А. Дипломатическое и консульское право. Алматы: Данекер. 1999.

  3. Сарсембаев М.А. Международное право. Алматы: Данекер. 2001. -344с.

  4. Токаев К.К. Организция Объединненных Наций: Полвка служения миру. Алматы: Атамура. 1995. -189с.

8 – тақырып. Халықаралық шарттар құқығы

Сабақтың мақсаты мен міндеті: халықаралық құқықтағы шарттар ұғымымен түрлері, оларды бекіту сатыыларымен формаларына сипаттама беру.

Негізгі сұрақтар:

  1. Халықаралық шарттар түсінігі мен белгілері

  2. Халықаралық шарттардың топтасуы

  3. Халықаралық шарттарды бекіту сатылары

  4. Шарттардың күшке ену жолдары

  5. Халықаралық шарттардың жарамсыздығы.

Халықаралық құқық субъектілерінің арасында өзара келісілетіннің барлығы халықаралық шарттың объектісі немесе заты болып табылады. Ол материалдық және материалдық емес құндылықтар, әрекет немесе әрекетсіздік болуы мүмкін. Халықаралық, сонымен қатар ішкі мәселелелер де халықаралық шарттардың объектілері болуы мүмкін, оларды шешу шарттық процестің барлық қатысушылары үшін мүдде болады. Шарттық тәжірибеде халықаралық құқықтың барлық негізгі қағидаларының орындалуы міндетті. Мысалы, егер халықаралық құқық субъектілері мемлекеттік шекараларда делимитациялау және демаркациялау туралы шартқа қол қойса, онда мұндай жағдайда аумақтық тұтастық қағидасы мен шекаралардың қол сұғылмайтындығы қағидаларын орындау басты орында болады. Шарттық процеске қатысушылар экономикалық келісім ережелерін талқылаған кезде, олардың назары өздеріне жүктелген міндеттемелерді адал орындау қағидасына, туындаған дауларды бейбіт түрде реттеу қағидасына, мемлекеттердің ынтымақтасу қағидаларына аударылады. Егер шарттық ережелер адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелеріне қатысты болса, онда мемлекеттер өздеріне адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау мәселелеріне қатысты болса, онда мемлекеттер өздеріне адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын құрметтеу қағидасына, халықтардың тең құқықтылығы мен өзін-өзі басқару қағидасына сәйкес міндеттемелерді алады.

Халықаралық шарт объектісінен оның мақсатын айыра білу керек, яғни ол осындай шарттардың әрекет ету нәтижесінде мемлекеттердің қол жеткізгілері келетін мақсаттары болып табылады. Мақсат әрқашан да нақты сипатта, ол көбіне-көп халықаралық шарттың Кіріспесінде, кейде оның негізгі бөлігінде көрсетіледі. Басқаша айтқанда, халықаралық шарт объектісі дегеніміз оның мақсатқа жету жолындағы құралы болып табылады. Халықаралық шартты жасай отырып, онда біріккен мақсатты көрсете отырып, келісуші тараптың әрқайсысының жеке мақсаттары да болуы мүмкін.

Кез келген халықаралық шарттың ажырамас қасиеті және оның халықаралық дәстүрден ерекшелігі, мұнда субъектілердің еркі анық көрсетілетіндігінде. Халықаралық құқық субъектілерінің еріктерінің айқын сипатталуына көмектесетін құралдар мен тәсілдер халықаралық шарттың нысанын құрайды. Оларға ауызша тұжырымдар және анықтамалар, сондай-ақ шарттың әртүрлі бөліктерінің орналасу арақатынасы мен рөлі, оның құрылымы мен атауы жатқызылады. Белгілі болғанындай, халықаралық шарттар жазбаша, кейде ауызша нысанда жасалады. Мысалы, халықаралық шарттардың құқықтары туралы Вена Конвенциясының шарттық ережелері сауда шарттарының жазбаша да, ауызша да жасалу нысандарын қарастырады.

Халықаралық шарт нысанының маңызды элементтерінің бірі және оның көмегімен субъектілердің ниеттерін айқын көрсететін нәрсе – ол шартық процестің қатысушылары қолданатын тіл болып табылады. Халықаралық шарт мәтінделеген, сөзбен бекітілген келісім түрінде болуы мүмкін. Халықаралық шарттың қандай да бір міндетті тілі жоқ екенін айтуымыз керек. Белгілі болғанындай, екі тарапты шарттар келісуші екі тараптың білетін тілдерінде жасалады. Екі тараптың тілдерінде жасалған мәтіннің бірдей заңдық күші болады, яғни олар тең. Бұл ереже шарттың қорытынды баптарында жиі көрсетіледі. Кейбір жағдайларда екі тарапты шарттар екі тілде емес, үш тілдегі нұсқада жасалуы мүмкін. Оны тараптардың серіктестерінің тілін білмегендіктен, екі тарапқа да белгілі тілге жүгінумен түсіндіруге болады. Мұндай жағдайда, қарама-қайшылықтар туындайтын болса, бір мемлекеттің тілі келесі тарапқа түсініксіз болса, үшінші тілдегі мәтін түпнұсқалық (аутентикалық) болып есептеледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының Балтық елдерімен шарт жасасу тәжірибесінде шарттарды үш тілде жасау кездеседі: қазақ тілінде және шарт жасаушы Балтық елінің бір тілінде – литва, латвия, эстон тілдерінде; үшінші қолданылатын тіл – орыс немесе ағылшын тілдері болады. Халықаралық әмбебап ұйым – Біріккен Ұлттар Ұйымының аясында жасалатын шарттар, әдетте, осы ұйымның алты ресми тілдерінде – орыс, араб, ағылшын, француз, испан және қытай тілдерінде жасалады.

Халықаралық шарт нысанының элементтерінде оның құрылымын, шарттың атауын көрсететін кіріспесін, негізгі және қорытынды бөлімдерін жатқызады. Халықаралық шарт құқығы теориясында шарттың кіріспесі, халықаралық шарттың басқа бөлімдерімен теңдей заңдық күші бар ажырамас бөлігі ретіндегі маңызы көпке дейін жоққа шығарылып келді. Алайда, халықаралық шарт құқықтары туралы 1969ж. Вена Конвенциясының 31-бабында шарттық контексіне кіріспенің де кіретіні анық көрсетілген. Кіріспеде келісуші тараптардың, уәкілеттердің атаулары, дәлелдері және өкілеттерінің жарамдылығы ғана емес, сонымен бірге шарттың мақсаты да көрсетіледі. Мысалы, БҰҰ-ның 1945ж. Жарғысының Кіріспесінде соғыстың зардаптарынан құтқару, адамның негізгі құқықтарына деген сенімді бекіту, міндеттемелердің әділдігі мен құрметтеуді сақтауға шарт-жағдайлар жасауға көмектесу және т.б. мазмұндалған. Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы БҰҰ-ның қамқорлығындағы ұжымдық бітімгершілік батальонын ұйымдастыру және құрту туралы 1995ж. 15 желтоқсандағы Келісімнің Кіріспесінде БҰҰ-ның мүшесі екендігі, барлық әлемде бейбітшілікті сақтау үшін халықаралық қайымдастықтың жоғары жауапкершілігін бөлісу туралы тезис, дағдарыстарды реттеу, соғыс қаупінің алдын алу және т.б. реттеудегі БҰҰ-ның күш салуына тараптардың бірігіп үлес қосуға ұмтылулары ескеріліп өткен.

Халықаралық шарттың орталық бөлігі бөліктерге, тарауларға, баптарға, параграфтарға, тармақтарға, тармақшаларға бөлінеді. Осындай бөліктерге бөлу халықаралық шарттардың мәтінін пайдалануды, әсіресе олар үлкен көлемді болған жағдайда жеңілдетілді. Аталған элементтердің бар немесе жоқ болуы шарттың мазмұнына, қатысушылардың санына, мақсаттарына және өзге де факторларға байланысты, мысалы, жоғарыда аталған 1969ж. Вена Конвенциясы көпжақты шарт ретінде бөліктерге, бөлімдерге, баптарға, тармақтарға, тармақшаларға бөлінеді. 1949ж. Женева Конвенциясы әрекеттегі армиялардағы жараланғандар мен аурулардың жағдайын жақсарту, сондай-ақ теңіздегі қарулы күшетердің құрамынан кеме апатына ұшыраған жәбірлеуші адамдардың жағдайын жақсарту туралы мазмұны тарауларға, баптарға, тармақтарға, тармақшаларға бөлінген. Ал дипломатиялық қатынастар туралы 1961ж. Вена Конвенциясы ядролық қаруды таратпау туралы 1968ж. шарттың мазмұнды тек баптарға, тармақтарға, тармақшаларға бөлінген.

Халықаралық қорытынды ережелерінде белгілі болғанындай қол қою, бекіту, қосылу актісі, шарттың заңды күшіне ену күшіне, шарт жасалатын тілдер жөнінде мәліметтер, депозитарийді көрсету және мәтіннің түпнұсқалығы туралы тезис болады.

Халықаралық Шартта қосымша материалдардан, қол қоюдың қорытынды хаттамаларынан, ноталар немесе хаттар алмасудан, реттеу рәсімінің ережесінен тұратын қосымшалар болуы мүмкін. Қосымшаның кіріспеден, негізгі және қорытынды ережелерден өзгешелігі, ол шартта немесе қосымшада тікелей көрсетілсе шарттың ажырамас бөлігі бола алады. Мысалы, БҰҰ-ның 1945ж. Жарғысының 92-бабына сәйкес, Халықаралық Сот Статусы Жарғының ажырамас бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасының үкіметі мен Ресей Федерациясы үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға алу туралы 1994ж. 19 желтоқсандағы шарттары бар: визасыз режим мәселелері, кедендік ресімдеу, тұрмыстық шарт-жағдайлар. Белгілі болғанындай, аумақтық мәселелер жөніндегі шарттарда топографилық карталар демаркациялық (шекаралық) белгілері бар қосымшалар; ал халықаралық экономикалық шарттарда – техникалық сатндарттары, тарифтері бар қосымшалар болады.

Халықаралық шарттардың нысандарын атау сияқты элементтері де үлкен маңызға ие. Себебі, халықаралық тәжірибеде жасалатын шарттардың саны шексіз, сондықтан кездесіп отыратын шарттардың атауын есептеу қиынға соғады. Көп қолданылатын атаулардың түрлері мынадай: шарт, конвенция, келісім, пакт, хаттама, жарғы, статут, біріккен өтініш, декларация, мазмұндама, хартия, мемарандум, регламент, акт, ноталар алмасу және т.б. Бүгінгі таңда халықаралық шарттар атауларының заңдық ерекшеліктері де және мұндай атаулардың көпшілік таныған топтамалары да жоқ. Сонымен бірге, кейбір атаулардың іс жүзінде ұзақ мерзім пайдаланылуы нәтижесінде біршама заңдылыққа ие болатынын да айту өту керек. Мысалы, халықаралық ұйымдарды немесе олардың жеке органдарын құру туралы шарттар жарғылар немесе статуттар деп аталады (БҰҰ Жарғысы, ТМД Жарғысы, Халықаралық Сот Статусы). Көптарапты шарттардың қатысушылары әдетте, өздерінің құқықтары мен міндеттерін конвенция нысанында ресімдейді (Женева Конвенциясы, Гаага Конвенциясы). Қалыптасқан халықаралық тәжірибеде соғыс және бейбітшілік мәселелері, адамның құқықтары мен бостандық мәселелері жөніндегі маңызды шарттық ережелер пактімен белгіленеді (шабуыл жасамау Пактісі, Рерих Пактісі, адам құқықтары жөніндегі Пактілер). БҰҰ-ның халықаралық құқық Комиссиясында шарттардың түрлі атауларын талқылаған кезде ноталар алмасу сияқты атау туралы мәселе қызу талас туғызды. Комиссияның кейбір мүшелері ноталар алмасуды дипломатиялық қызметтің салдары ғана деп есептейді. Алайда, Вена Конвенциясы қатысушылары көпшілік бөлігі ноталар алмасуды халықаралық шартты жасаудың бір тәсілі деп есептеуі керек, себебі осындай алмасу арқылы тараптардың келісімдері ресімделеді деп айтып өтті. Үкімет басшылары мен мемлекет басшылары мемлекет басшыларының өтінішетері мен мазмұндамалары сияқты шарттық актілер халықаралық- құқықтық қатынастарды үдемелі орын алуда. Осы заманғы жағдайда оларда маңызды саяси, экономикалық және әскери мәселелер жөніндегі келісімдердің, келіссөз жүргізудің нәтижелері көрініс табады.

Халықаралық шарттар құқықтарының теориялық курсы үшін халықаралық шарттардың жіктелуінің үлкен маңызы бар. Жіктеуге мыналар негіз болады:

-Шартқа қатысушылардың сандық құрамына байланысты: екі тарапты және көп тарапты. Екі тарапты шарттар, өз кезегінде әр тарапта бір қатысушы болатын әдеттегі екі тарпты шарттарға және бір тарабында да, екінші тарабында да бірнеше қатысушылары бар шарттарға бөлінеді. Көп тарапты шарттардың ішінде қатысушаларды шектеулі шарттар (топтық немесе шектелген деп аталатын) және жалпы (әмбебап) шарттар болатынын айыра білу керек.

- Халықаралық шарт объектілерінің түріне байланысты: саяси, экономикалық, арнайы мәселелер бойынша. Шабуыл жасамау туралы, дипломатиялық және елшілік қатынастарды орнату жөніндегі, аумақтық мәселелер жөніндегі шарттар және т.б. саяси шарттарға жатқызылады. Экономикалық мәселелер жөніндегі шарттар санатына тауар жеткізілімі және тауар айналымы жөніндегі, есептік-несиелік шарттар, өндірістік меншікті қорғау туралы, қосарланған салықтан құтылу үшін шартар және т.б. жатқызылады. Арнаулы мәселелер жөніндегі халықаралық шарттар көлік, ауыл шаруашылық, ғылым және мәдениет, денсаулық сақтау, құқықтық мәселелер көлемінде жасалады.

- Халықаралық шарттарды жасайтын органдарға байланысты шарттар мемлекетаралық, үкіметаралық, ведомствоаралық болып бөлінеді. Қазақстан Республикасы Президентінің «Халықаралық шарттарды жасасу, орындау және күшін жою тәртібі туралы» заң күші бар Жарлығының 3-бабына сәйкес, халықаралық ұйымдар шетелдік мемлекеттер мен Қазақстан Республикасының атынан мемлекетаралық шарттарды жасайды; үкіметаралықты – Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан; ведомствоаралықты – Қазақстан Республикасының министрліктерінің, мемлекеттік комитеттерінің және өзге де орталық атқару органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей есеп беретін және бағынатын мемлекеттік органдардың атынан жасайды.

- Халықаралық шарттың жасалатын мерзіміне байланысты мерзімді және мерзімсіз шарттар болады. Халықаралық шарттың қорытынды ережелерінде қандай да бір шарттың әрекет ету мерзімі келісіледі. Мысалы, конвенциялық шарт ережелері, әдетте, мерзімсіз болады. Тауар жеткізілімі, лизинг мерзімдеріне байланысты экономикалық шарттар мерзімді халықаралық шарттарға жатқызылады.

- Заңдық салдарына, ұлттық заңдардың өзгеруіне байланысты халықаралық шарттарды өзі орындалатын және өзі орындалмайтын халықаралық шарттар деп бөледі. Егер мемлекетте халықаралық шарт ұлттық заңдарды қосымша, нақтылайтын норма қабылдамай-ақ қолданылатын болса, онда ол өзі орындалатын болып есептеледі. Мұндай санатқа, әдетте қаржылық мәселелерге байланысты Қазақстан қатысатын шарттар жатқызылады. Өздерінің мәні бойынша шарттар халықаралық болып есептеледі, олардың реттейтін қатынастарына әсер ету нысаны бойынша өздері орындалатын болады, өйткені Қазақстандағы қаржылық заңдарда олар имплементтелмеген. Алайда, осы заманғы шарттық тәжірибеде олар кездесіп қалады. Мәселен, халықаралық бухгалтерлік есеп аясындағы, салық салу, инвестициялық қызмет, қаржылық қызмет көрсету, бәсекелестік ережелеріндегі шарттар. Әрекеттегі ұлттық заңнамағы өзгерістер енгізуі тиіс шарттық ережелер өздері орындалмайтын болып есептеледі.

Халықаралық шарттарды жіктеу үшін ұсынылған негіздертолық көлемде емес және оның қолданбалық маңызына қарағанда теориялық маңызы анағұрлым көбірек.

Шартқа қатысушылардың сандық құрамына байланысты: екі тарапты және көп тарапты. Екі тарапты шарттар, өз кезегінде әр тарапта бір қатысушы болатын әдеттегі екі тарпты шарттарға және бір тарабында да, екінші тарабында да бірнеше қатысушылары бар шарттарға бөлінеді. Көп тарапты шарттардың ішінде қатысушаларды шектеулі шарттар (топтық немесе шектелген деп аталатын) және жалпы (әмбебап) шарттар болатынын айыра білу керек.

- Халықаралық шарт объектілерінің түріне байланысты: саяси, экономикалық, арнайы мәселелер бойынша. Шабуыл жасамау туралы, дипломатиялық және елшілік қатынастарды орнату жөніндегі, аумақтық мәселелер жөніндегі шарттар және т.б. саяси шарттарға жатқызылады. Экономикалық мәселелер жөніндегі шарттар санатына тауар жеткізілімі және тауар айналымы жөніндегі, есептік-несиелік шарттар, өндірістік меншікті қорғау туралы, қосарланған салықтан құтылу үшін шартар және т.б. жатқызылады. Арнаулы мәселелер жөніндегі халықаралық шарттар көлік, ауыл шаруашылық, ғылым және мәдениет, денсаулық сақтау, құқықтық мәселелер көлемінде жасалады.

- Халықаралық шарттарды жасайтын органдарға байланысты шарттар мемлекетаралық, үкіметаралық, ведомствоаралық болып бөлінеді. Қазақстан Республикасы Президентінің «Халықаралық шарттарды жасасу, орындау және күшін жою тәртібі туралы» заң күші бар Жарлығының 3-бабына сәйкес, халықаралық ұйымдар шетелдік мемлекеттер мен Қазақстан Республикасының атынан мемлекетаралық шарттарды жасайды; үкіметаралықты – Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан; ведомствоаралықты – Қазақстан Республикасының министрліктерінің, мемлекеттік комитеттерінің және өзге де орталық атқару органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей есеп беретін және бағынатын мемлекеттік органдардың атынан жасайды.

- Халықаралық шарттың жасалатын мерзіміне байланысты мерзімді және мерзімсіз шарттар болады. Халықаралық шарттың қорытынды ережелерінде қандай да бір шарттың әрекет ету мерзімі келісіледі. Мысалы, конвенциялық шарт ережелері, әдетте, мерзімсіз болады. Тауар жеткізілімі, лизинг мерзімдеріне байланысты экономикалық шарттар мерзімді халықаралық шарттарға жатқызылады.

- Заңдық салдарына, ұлттық заңдардың өзгеруіне байланысты халықаралық шарттарды өзі орындалатын және өзі орындалмайтын халықаралық шарттар деп бөледі. Егер мемлекетте халықаралық шарт ұлттық заңдарды қосымша, нақтылайтын норма қабылдамай-ақ қолданылатын болса, онда ол өзі орындалатын болып есептеледі. Мұндай санатқа, әдетте қаржылық мәселелерге байланысты Қазақстан қатысатын шарттар жатқызылады. Өздерінің мәні бойынша шарттар халықаралық болып есептеледі, олардың реттейтін қатынастарына әсер ету нысаны бойынша өздері орындалатын болады, өйткені Қазақстандағы қаржылық заңдарда олар имплементтелмеген. Алайда, осы заманғы шарттық тәжірибеде олар кездесіп қалады. Мәселен, халықаралық бухгалтерлік есеп аясындағы, салық салу, инвестициялық қызмет, қаржылық қызмет көрсету, бәсекелестік ережелеріндегі шарттар. Әрекеттегі ұлттық заңнамағы өзгерістер енгізуі тиіс шарттық ережелер өздері орындалмайтын болып есептеледі.

Халықаралық шарттарды жіктеу үшін ұсынылған негіздертолық көлемде емес және оның қолданбалық маңызына қарағанда теориялық маңызы анағұрлым көбірек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет