Халықаралық Олимпиада комитеті



бет1/2
Дата03.12.2022
өлшемі22.49 Kb.
#466378
  1   2
Халықаралық Олимпиада комитеті және оның мәртебесі


Халықаралық Олимпиада комитеті

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК; International Olympic Committee, IOС) – олимпиадалық қозғалыстың ең маңызды жоғарғы органы, билікке жатпайтын коммерциялық емес халықаралық ұйым. 1894 жылы француз бароны Пьер де Кубертеннің бастамасымен, тарихи Олимпиада ойындарын жаңарту мақсатында құрылған.


Халықаралық Олимпиада комитеті – спорт әлеміндегі ең ірі және мәртебелі ұйым. Штаб-пәтері Лозаннада (Швейцария) орналасқан. Жарғылық құжаты Олимпиадалық Хартия саналады. ХОК-тың ресми тілдері – ағылшын және француз тілдері. Олимпиада ойындарын өткізу құқығы, символ, ту және девиз Комитет меншігінде. ХОК төрағасы жасырын түрде дауыс беру арқылы 8 жылға сайланады және әрбір 4 жыл сайын құзыретін арттыру құқығына ие.
ХОК-тың алғашқы президенті болып грек ақыны және қоғам қайраткері Деметриус Викелас сайланды, ал ХОК-ты құрушы барон Пьер де Кубертен бас хатшы қызметінде болды. 1896 жылы І Олимпиада ойындары аяқталған соң Кубертен Викеластың орнына келіп, 1925 жылға дейін ХОК-ты басқарды. Бүгінге дейін комитетті басқарғандар: Анри де Боле-Латур (Бельгия, 1925-1942), Зигфрид Эдстрем (Швеция, 1946-1952), Эвери Брендэйдж ( АҚШ, 1952-1972), Майкл Моррис Килланин (Ирландия, 1972-1980), Хуан Антонио Самаранч (Испания, 1980-2001). Жак Рогге (Бельгия, 2001-2013). 2013 жылы сайланған Томас Бах ХОК-тың тоғызыншы президенті.
ХОК құрамына 70-тен аса елден 115 мүше тіркелген (2016). Комитет мүшелері өз елдеріндегі ХОК-тың өкілі саналады, яғни, керісінше болуы мүмкін емес. Қолданыстағы ережеге сәйкес, комитет мүшесі тағы да жаңа мерзімге сайлану құқығымен 8 жылға сайланады. Комитет мүшесінің жасы 70-тен аспауы тиіс. ХОК-тың атқарушы комитетінің құрамына 1921 жылдан бері президенттен бөлек 4 вице-президент және жасырын дауыс беру арқылы 4 жылдық мерзімге сайланатын 10 қатардағы мүше енеді. Сондай-ақ,ХОК құрамына 25 құрметті (бұрын ХОК мүшесі болған адамдар) және еңбек сіңірген (ХОК мүшесі болмаса да, ерен еңбек сіңіргендер) мүшелері енеді. 2016 жылғы мәлімет бойынша, ХОК 206 Ұлттық Олимпиада комитеттерін мойындаған. Ұлттық Олимпиада комитеттері ХОК-тың мойындауы арқылы жұмыс істейді. Әрбір ұлттық олимпиадалық комитет өз құрлықтарында олимпиадалық ассоциацияларға бағынады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет