Халықаралық резервтер және ақша агрегаттары



Дата03.07.2016
өлшемі21.5 Kb.
#175850
МОНЕТАРЛЫҚ ШОЛУ
Халықаралық резервтер және ақша агрегаттары (2005 жылғы қараша). 2005 жылғы қарашада Ұлттық Банктің халықаралық резервтерінің төмендеуі орын алды.

Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері ағымдағы бағалармен 8,9 % (немесе 766,5 млн. долл.) 7870,9 млн. долл. дейін төмендеді. Қаржы министрлігінің сыртқы борышына қызмет көрсету және Ұлттық қордың активтерін толықтыру таза валюталық қорлардың (ЕАВ) 809,9 млн. долл. төмендеуіне әкелді. Алтындағы активтер жүргізілген операциялардың және оның әлемдік нарықтардағы бағасының 4,5% өсуі нәтижесінде 43,4 млн. долл. ұлғайды.

Елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда (ағымдағы бағалармен), яғни Ұлттық қордың ақшасын қоса алғанда (алдын ала деректер бойынша 6 172,3 млн. долл.) 14 043,2 млн. долл. болды. Өткен айға төмендеу 3,1 % құрады.

Ұлттық Банктің таза сыртқы активтерінің 2005 жылғы қарашада төмендеуі ақша базасын 4,8% 609,7 млрд. теңгеге дейін сығымдауға себеп болды.

2005 жылғы қарашада ақша массасы 1,1% 2012,5 млрд. теңгеге дейін қысқарды. Ақша массасы төмендеуінің негізгі факторы депозиттік ұйымдардың таза сыртқы активтерінің 27,2% төмендеуі болды.

Айналыстағы қолма-қол ақша (М0) қарашада 5,1% 395,5 млрд. теңгеге дейін төмендеді, ал депозиттік ұйымдардағы депозиттер 0,1% 1617,0 млрд. теңгеге дейін төмендеді. Қарашадағы депозиттермен салыстырғанда айналыстағы қолма-қол ақшаның төмендеу қарқынының алға шығуы соңғылардың ақша массасының құрылымындағы үлесінің 79,5%-дан 80,3%-ға дейін ұлғаюына себепші болды.



Ақша базасы азайған кезде ақша массасының өсуі ақша мультипликаторының 2005 жылғы қазандағы 3,18-ден қарашадағы 3,30-ға дейін өсуіне негіз болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет