Критерийлердің Жарамдылығының Бағалауы
Арнайы Жасалған және Қабылданған Критерийлер (Сілт: Тарау. 17(ә))
A23. Жарамды критерийлер келесі сипаттамаларға ие: өзектілік, бейтараптылық және ұғымдылық. Критерийлер арнайы жасалуы мүмкін, немесе бекітілуі мүмкін, олар заңдар мен ережелерде жазылады, немесе процесс бойымен ашық түрде мамандардың қолымен жасалады. Реттеушінің қойған критерийлері маңызды болып саналынады, егерде бұл реттеуші жоспарланған қолданушы болса.16 Кейбір бекітілген критерийлер белгілі бір мақсатта жасалуы мүмкін және өзге жағдайларда қолдануға келмеуі мүмкін. Сала, белгілі бір аймақтағы қалдықтардың факторлардың кэффициенттері кіретін реттеушінің жасаған критерийлері өзге аймаққа қолданғанда қателіктерге душар етуі мүмкін; немесе тек нақты нормативті актілерді жазуға ойлап табылған критерийлер, олар бірнеше критерийлерді жасап шыққан реттеушіге қарағанда жоспарланған қолданушыға қиын түседі.
A24. Арнайы жасап шығарылған критерийлер кәсіпорында арнайы мамандалған техника, не түрлі көздерден шығатын қалдықтар туралы ақпарат болса қолдануға тиімді болуы мүмкін. Арнайы назар бейтараптық пен өзге сипаттамаларды бағалау кезінде керек болуы мүмкін.
A25. Қабылданған критерийлер ақпаратты ашқаннан кейін кездегі критерийлерді құрамына кіргізуі мүмкін, олар ЖЖГ қағидасының белгілі бір шекаралар туралы, тәсілдер, болжамдар, ластау факторлары туралы түсіндірме жазбаларында болады. Кейде қабылданған критерийлер жарамсыз болып қалуы мүмкін, тіпті түсіндірме жазбаларында болса да, бұл критерийлер 17(ә) тарауында жазылмаған нәрселерді қамтымаса болады.
A26. Айта кететін жайт, критерийлерді қолдану кепілдіктің деңгейіне тәуелді емес, яғни, олар толық тексеруге жарамаса, олар шектеулі тексеріске келмейді, және керісінше.
Кәсіпорынның Ұйымдастырушылық Шекарасы ішіндегі Іс-әрекеттер (Сілт: Тарау. 17(ә)(i), 23(ә)(i), 34(д))
A27. Кәсіпорынды ЖЖГ қағидасына енгізуі үшін оның қандай әрекеттерді иеленгенін не басқарғанын анықтау кәсіпорынның ұйымдастырушылық шекарасын анықтау деп аталады. Кейбір жағдайларда заңдар мен ережелер ЖЖГ қағидасында кәсіпорын үшін шекараларды реттеу мақсатында жасайды. Ал өзге жағдайларда критерийлер кәсіпорынның ұйымдастырушылық шекарасын анықтауға арналған түрлі әдістер арасында таңдау болуы мүмкін. Сала, критерий ЖЖГ қағидасын қаражаттық құзыретпен реттеу мен бірікке кәсіпорындарды бөлек қарастыратын өзге көзқарас арасындағы таңдауға мүмкіндік бере алады. Кәсіпорынның ұымдастырушылық шекарасын анықтау серіктестік, әріптестік, және күрделі сенімге негізделетін қатынастар сияқты сияқты күрделі сараптамаларды талап етеді. Сала, кәсіпорын белгілі бір партияның меншігі болуы мүмкін, ал материалдарды жасау өзге біреудің меншігі болса.
A28. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық шекарасын анықтау өзге критерийлердің ‘опреативті шекара’ деп атайтын нәрседен бір бөлек. Оперативті шекара 1, 2 және 3 Салаларындағы қалдықтардың қайсысы ЖЖГ қағидасына кіргізілетіні туралы болады және ол ұйымдастырушылық шекараны орнатқаннан кейін анықталады.
Адекватты Жариялау (Сілт: Тарау. 17(ә)(iv), 74(в))
A29. Ақапаратты жариялау режімінде реттеушінің қорытынды жазуына сәйкес келуі үшін сәйкес заң мен ережелер бойынша жасалады. ЖЖГ қа,идасында мұндай заттардың жариялануы ерікті қорытынды жасауда маңызды болуы мүмкін, ол қолданушыларға ЖЖГ қағидасын дайындау үшін маңызды қорытындыларды түсінуге көмек береді:
-
Кәсіпорынның ұйымдастырушылық шекарасына қандай операциялар кіретіні туралы, және егерде қабылданған критерий түрлі әдістер арасындағы таңдауға жол ашса, қандай әдістер бұл шекараны анықтауға көмектеседі (A27–A28 таруларын қараңыз);
ә) Маңызды өлшеу әдістері мен таңдалатын кепілдік қорытындылануы, оларға мыналар жатады:
-
1 және 2 Саладағы қай қалдықтар ЖЖГ қағидасына кіргенін анықтауға пайдаланған әдістер (A30 тарауын қараңыз);
-
Қабылдануға тұрарлық критерийлерді қолдануда жасалған кез келген маңызды интерпретациялар, оның ішіне ақпарат көзі мен түрлі әдістер арасындағы таңдауға болатын болса, немесе белгілі бір кәсіпорынның өз әдістері қолданылса; және
-
Кәсіпорынның осыған дейін тіркелген қалдықтардың қайта қарастырылуын анықтауы.
52б) ЖЖГ қағидасындағы қалдықтарды топтарға бөлу. A14 тарауларына айтылғандай, ЖЖГ қағидасының қай жерінде атмосфераға шығарған қалдықтар туралы жазылса,сол жерде қалдықтар мен олардың бақалшақтары туралы есептеулер жүргізіледі;
в) Кәсіпорынның шығаратын қалдықтарын есептеу кезіндегі қателіктерге байланысты мәлімдеме, оған мыналар жатады: оның себептері; олардың шешілуі; олардың ЖЖГ қағидасына әсері; және 3 Саладағы қалдықтар туралы мәдімдеме (A31–A34 тарауларын қараңыз)
-
3 Саладағы қалдықтардың табиғаты, оның ішінде ЖЖГ қағидасына кіргізуге жарамайтындар да; және
-
Енгізілген 3 Саладағы қалдықтарды сараптау негізі; және
г) ЖЖГ қағидасының салыстырмалылығына негізгі периодтары не негізгі жылы арқылы әсер ету.
1 Сала мен 2 Саладағы Қалдықтар
A30. Критерийлер деп біз әдетте , 1 Сала мен 2 Саладағы барлық маералларды, немесе екі саладағы барлық қалдықтарды атаймыз. Бұл салардың қалдықтары алынынп тасталған жерлер болса, ЖЖГ қағидасында қай қалдықтар қосылып, қай қалдықтар түрлері алынып тасталғанын айта кеткені жөн. Әсіресе қосылған қалдықтардың қайсысына кәсіпорын жауап бермесе маңызды.
3 Сала Қалдықтары
A31. Кейбір критерийлер 3 Сала қалдықтарын мәлімдемеге тіркеуді талып етсе, көбіне көп 3 Сала қалдықтарын тіркеу міндетті емес деп саналады, себебі ол кәсіпорынның жоғары мен төменгі жаққа шығаратын барлық ластауыштарын санауды талап етеді. Кейбір кәсіпорындар үшін өз мәлімдемелеріне 3 Сала қалдықтарын болжалды болашақ қолданушылары үшін қажет болады, мысалы, 3 Саланың қалдықтары алғашқы екеуінің қалдықтарынан артық болады, бұл шартпен көптеген кәсіпорындар кезігеді. Бұл жағдайда 3 Саладағы қалдықтар ЖЖГ қағидасына енгізілмесе, кепілдік құжатын дайындауды пайдасыз деген шешімге келеді.
A32. 3 Сала қалдықтары ЖЖГ қағидасына енгізілсе, ластау көздерінінң қайысысын енгізу керектігін шешу сұрағы маңызды болып келеді, әсіресе, тізімге енгізілген ластау көздері соншалықты үлкен болмаса.
A33. Кейбір жағдайларда 3 Салапһның қалдықтарының мөлшерлік өлшеуін жасауда қолданылған ақпарат кәсіпорын келесі ретте қолдана алады. Мысалы, әріптесің әуе тасымалы кезінде шығарған қалдықтарын есептеу негізі ретінде осы ақпараттарды негізге ала алады. Ал кейде 3 Саланың қалдықтары туралы ақпарат шекарадан тыс бір жерде де қолданыла алады. Бұл ақпараттарды алмаған жағдайда тәжірибеші маман 3 Саланың қалдықтарын тиісті тәрізде сипаттай алмай қалуы мүмкін. Олай болғанда 3 саланың қалдықтарын келісімнен алып тастауға тура келеді.
A34. Сонымен қатар 3 Саланың қалдықтарын мөлшерлік анықтау әдістері есептеуге өте тәуелді болып, одан әрі бұрмалаушылықтарға әкелсе, келісімнен алып тастау дұрыс болады. Мысалы, әуе тасымалы кезіндеггі шығарылатын түрлі ластауыштарды есептеу әдістері бір-бірінен өте түрленіп келеді. Егер 3 Сала қалдықтары келісімде келтірілсе, оарды есептеу әдістері мен сәйкес қателіктер бірге келтірілген абзал.
ЖЖГ Қағидасын Жасаудағы Кәсіпорынның Міндеттері (Сілт: Тарау. 17(б)(ii), 76(в))
A35. A70 тарауында айтылғандай, кейбір кәсіпорындар үшін олардың жазған мәлімдері пайдаға аспауы туралы сұрақтар тәжірибеші маманды ЖЖГ қағидасының жаңармаған қорытындысын жасауға тиімсіз деген шешімге алып келдіруі мүмкін. Бұл жағдай кәсіпорында ЖЖГ қағидасын жасауда тәжірибесі аздау болғанда болуы мүмкін. Сондықтан мұндай кезде есептеу мен мәлімдемелеу жұмыстарын дайын жұмыстарға тіреліп жасаған жөн.
Критерийлерді Дамытушы Туралы (Сілт: Тарау. 17(б)(iii))
A36. ЖЖГ қағидасы реттеу мен қалдықтарды сату үшін дайындалған болса, критерийді дайындаған реттеуші екені білініп тұрады. Ерікті мәлімдеме жазу жағдайында критерийдің кімнің анығында дайындағаны көрінбейді, тіпті ол туралы ЖЖГ қағидасында айтылса да.
Келісімнің Шарттарын Өзгерту (Сілт: Тарау. 15, 18)
A37КМХС 3000 тәжірибеші маманың келісімнің шарттарын оған белгілі бір құзырлар болмағанда өзгертпеуді талап етеді.17 Кепілдемені өзгертудің анық себебі болмауы мүмкін, мысалы, белгілі бір қалдықтардың көздерін саладан алып тастауға сұраныс келеді, бұл тәжірибеші мамнның өзінің шешімін өзгерту ықтималдылығынан туындайды.
Жоспарлау (Сілт: Тарау. 19)
A38. Әріптестіктің жалпы стратегиясын анықтаған кезде ЖЖГ қағидасының түрлі аспектілері мен әрленуіне назар аудару дұрыс. Мысалы, кейбір кезде кәсіпорын ішкі бақылаудың дұрыстығы мен жарияланатын ақпараттың дұрыстығы туралы кепілденуіне зәрі болуы мүмкін, ал кейде, керісінше, ақпараттың нақты ғылыми, операциялық техникалық сипаттамалрын керек етеді.
A39. Азырақ талаптар немесе күшейтілген талаптар (A19 тарауын қараңыз) азғантай топта да орындала алады. Топ кішкене болған сайын оның ішіндегі мүшелер арасындағы байланысу оңайрақ түседі. Кішкене топқа келісім шарттарының күрделі болуы тиімсіз. Мысалы, кіші меморандум құжатталған қарым қатынас стратегиясы бола алады, егерде 19 пунктінде айтылған барлық сұрақтарды қамтыса.
A40. Тәжірибеші маман кәсіпорынмен келісім жүргізуді жеңілдету үшін нем басқару үшін ұйымдастыру мәселесін талқылай алады. Бұл талқылаулар көп жүргізілетінмен, кепілдіктің стратегиясы мен оның жобасы тәжірибеші маманның құзырын талап етеді. Жалпы келісім стратегиясы мен келісім жобасы ішіндегі нәрселерді талқылау кезінде келісімнің тиімділігін түсіріп алмас үшін мұқияттылық қажет.
A41. Кепілдікті жасау процесі қайталанбалы болып келеді. Тәжірибеші маман жобаланған процедураларды жасағанда алынған нәрселер тәжірибеші маманға сол процедуралардың табиғатын, уақыты мен шекарасын анытқтауға көмектеседі. Кей кезде ақпарат тәжірибеші маманның назарына келісімнің алдыңғы бөлімдеріне қарағанда өзгеше түрде келуі мүмкін. Мысалы, процедураларды жасау барысында анықталған жүйелік қателіктер қосымша қызметтерді талап етуі мүмкін.
Мамандар мен Өзге Тәжірибеші мамандардың Жұмыстарын Қолдануды Жоспарлау (Сілт: Тарау. 19(г))
A42. Келісім бірнеше топтардың бірігуінен жасалуы мүмкін, жалпы бір не одан да көп сарапшылар болуы мүмкін, (A19 тарауын қараңыз). КМХС 3000 ішінде сарапшының жұмысын қолдану туралы бірнеше талаптар жазылады, ол келісімнің табиғаты, уақыты мен шекарасын жасау анықтау кезінде керек болуы мүмкін.18
A43. Өзге тәжірибеші маманның жұмысы кәсіпорын не өзге ұйым алыс қашықтықта орналасса қолданыла алады. Келісім жасаушы топ өзге топқа келісімді дайындауға тапсырса, ЖЖГ қағидасында мыналар болуы мүмкін:
-
Өзге тәжірибеші маманның әдептілік нормаларды түсінуі және тәуелсіз болуы.
-
Өзге тәжірибеші маманның кәсіби шеберлігі.
-
Өзге тәжірибеші маманның қоршаған ортаға әсерді бақылап отыруы.
Келісімді Жобалау мен Дайындаудың Маңыздылығы
Келісімді Дайындау кезіндегі Маңыздылықты Анықтау (Сілт: Тарау. 20–21)
A44. Критерийлер ЖЖГқағидасының дайындығыныың маңыздылығын талқылай алады. Критерий маңыздылықты түрлі қырынан талқылай алғанымен, маңыздылықтың ішіне мыналар кіреді:
-
Бұрмалаушылықтар, соның ішінде қалып қойған нәрселер, жеке не топтай ЖЖГ қағидасына әсер етсе, маңызды болып саналады;
-
Маңыздылық туралы шешімдер қоршаған жағдайларға байланысты, және қателіктердің табиғаты мен бұрмалаушылықтары әсерінен тәуелді болады; және
-
ЖЖГ қағидасының болжалды қолданушыларына маңыздылықты анықтау болжалды қлолданушылардың топ ретінде олардың ақпараттың қажеттіліктеріне тіреледі. 53
A45. Егер қабылданған критерийде маңыздылықтың коцепциясы болмаса, жоғарыда айтылған сипаттар есептеу процесіне негіз болады.
A46. Тәжірибеші маманның маңыдылықты анықтауы кәсіби шешім болып табылады, және болжамды қолданушылардың өажеттіліктеріне тәуелді. Тәжірибеші маман қолданушыларға төмендегідей талаптар қоюы қажет:
-
ЖЖГ қағидасының басты әрекеттері туралы білу, және оның ішіндегі ақпаратты байыптылықпен зеттеу;
ә) ЖЖГ қағидасы маңыздылығы бойынша тәртіптелгенін түсіну;
б) Қалдықтарды есептеу әдістерінде жетіспеушіліктер барын түсіну (A54–A59 тарауларын қараңыз); және
в) ЖЖГ қағидасындағы ақпарат негізінде анық шешімдер қабылдау.
A47. Болжалды қолданушылар және олардың мүмкін деген қажеттіліктері:
-
Инвесторлар мен сатарман, жұмысшылар және одан да әрі қоғам мүшелері сияқты мүдделі тұлғалар. Олардың ақпараттық мүдделері акцияларды сату мен сатып алу сияқты шешімдермен болуы мүмкін; сату, сауда, немесе белгілі бір ұйымға жұмысқа орналасу; немесе саясатшылар секілді өзге ұйым не өзгелерге таныстыру.
-
Қалдықтарды сату жағдайындағы базар қатысушылары, олардың сұраныстары айырбас затарын жасаумен байланысты (мысалға, рұқсатнамалар, несиелер мен жәрдемақылар), олар сызба арқылы жасалады, және талаптарды бұзу жағдайында өтемақы салынады.
-
Реттеушілер мен саясатшылар, ашық реттеу режімінде. Олардың ақпараттық сұраныстары ашық реттеу режімін бақылауға, сонымен қатар климаттың өзгеруіне байланысты өкімет шешімдеріне байланысты келеді.
Тәжірибеші маман кепілдік мәлімдемесін оқитын адамдарды танымауы мүмкін, әсіресе оны оқуғы рұқсат бар адамдардың саны өте көп болса. Олай болғанда, болжалды қолданушылар басты қатысушылар ретінде маңызды және әдеттегі сұраныстары бойынша бөліне алады. Болжалды қолданушыларды түрлі жолдармен анықтауға болады, мысалы тәжірибеші маман, немесе қызығушылық танытатын жақ, немесе заң не ережелер арқылы.
A48. Маңыздылық туралы шешімдер болып жатқан жағдайларға тәуелді жасалады, және оларға өлшемдік және сапалық факторлар әсер етеді. Кепілдік деңгейі қалай да шешімдерге әсер етсе де, толық кепілдіктің маңыздылығы шектеулі кепілдіктің маңыздылығымен теңбе-тең.
A49. Тиісті критерийлер мен пайыздық үлестерді таңдауға әсер етеуі мүмкін факторлар:
-
ЖЖГ қағидасына енгізілген элементтер (Мысалы, 1 Сала, 2 және 3 Саладағы қалдықтар, қалдықтарды азайту мен тазарту). Критерийдың лайықты болуы жағдайға байланысты, Маңыздылық тәжірибеші маманның айтып қорытындыда келтірген қалдықтарымен байланысты болады. Сондықтан, егер тәжірибеші маманның мәлімдемесі ЖЖГ қағидасын толықтай қамтымаса, маңыздылық ЖЖГ қағидасыныңы тек белгілі бір бөліктеріне анықталады.
-
Белгілі бір қалдықтың мөлшері не белгілі бір мәлімдеменің табиғаты. Кейде бұрмалаушылықтар ЖЖГ қағидасының маңыздылығына қарағанда қолданысқа ыңғайлырақ белгілі бір қалдықтардың түрлері бар. Мысалы, тәжірибеші маман белгілі бір құзырнамалар арқылы қалдықтарға маңыздылықты жазуға бел буады.
-
Қалдықтардың салыстырмалы ұшқыштығы. Мысалы, егер қалдықтар бір периодтан келесі периодқа елеулі түрде өзгерсе, ағымдағы уақыт жоғары периодқа сәйкес келсе де, маңыздылықты төменгі периодқа қолдану жөнді болады.
-
Қолданылатын критерийлерге талаптар. Кейбір кездерде нақтылыққа шек қояды, және мұны маңыздылық деп атай алады. Мысалы, критерийлер қалдықтардың алдын аоа дайындалған пайыздар бойынша дайындалғаны туралы болжамдар жасай алады.
A50. Сапалық факторларға мыналар жатуы мүмкін:
-
Ластау көздері
-
Қатысатын газдар
-
ЖЖГ қағидасының ақпараты қолданылатын мәнмәтін (мәселен, ақпараттың қалдықтарды сатуда қолданылуы, реттеушіге тапсыруға сәйкес келуі, тұрақтылықты дамыту қорытындысында қолдануға ма); және болжалды қолданушылардың жасауы мүмкін шешімдері.
-
Болжалды қолданушылардың назарын аударатын бір не одан да көп нәрсе ме, мысалы, климат өзгерісін тудыратын газ қалдығы, ол озон қабатын теседі.
-
Кәсіпорынның табиғаты, оның климатты өзгерту стратегиясы, және оған байланысты жетістіктер.
-
Кәсіпорын және кәсіпорынның жұмыс жасайтын экономикалық және нормативті орта.
Қайта тексеру Кепілдікті жақсартады (Сілт: Тарау. 22)
A51. Маңыздылық келісім кезінде болатын өзгерістердің нәттижесі ретінде қайта қарастырылуы мүмкін (мысалы, басқару немесе кәсіпорынның басты әркетенің бөлігі), жаңа ақпарат, немес тәжірибеші мамнның кәсіпорын мен оның шаруасы туралы түсінік. Мысалы, келісім кезінде анық ластауыштар бастапқыда анықталған ластауыштарға қарағанда өзгергегіні анық болуы мүмкін. Мысалы келісім кезінде тәжірибеші маман ЖЖГ қағидасы үшін маңыздылығы бастапқыда анықталғаннан төмен деп шешсе, келесі процедуралардың маңыздылығы мен табиғаты, уақыты мен көлемін анықтау маңызды болады.
Кәсіпорын мен оның Қоршаған Ортасын түсіну, оның ішінде Кәсіпорынның Ішкі Бақылауы, және Ақпарат Бұрмалауларының Тәуекелін Анықтау және Есептеу (Сілт: Тарау. 23–26)
A52. Тәжірибеші маман процедуралардың табиғатын, уақытын, және өлшемін түсіну үшін кәсіби тұжырымдауды қолданады. Тәжірибеші маманның бастапқы шешімі түсініктің пайда болу не болмауын көрсетеді. Түсініктің тереңдігі тәжірибеші маманға кәсіпорынның басқаруы кезінде уақытынан азырақ қажет. Табиғатының тереңдігі мен табиғаты,уақыты, және процестердің өлшемі шектеулі келісімдерде толық келісімдерге қарағанда азырақ.
A53. Елеулі қателіктерді түсіну мен анықтау, олардың қауіптілігін анықтау қайталамалы процесс болып келеді. Кәсіпорынды, оның табиғаты мен қателіктердің пайда болу ықтималдылығын анықтау келісім жасауға негіз бола алмайды.
Белгісіздік (Сіл.: Пара: 23(ә)(i)c, 76(г))
A54. ЖЖГ қағидасындағы есептеулер келесі себептер үшін 100% нақты болмайды:
-
Ғылыми белгісіздік: Бұл толық емес ғылыми білім үшін болады. Мысалы, биологиялық бақалшақтардағы ЖЖ газдарының жұтылу жылдамдығы, түрлі газдардың қалдықтарын көміртегі диоксидінің коэффициенті арқылы ЖЖ газдарының мөлшерін жазу толық білімге алып келмейді. Ғылыми қателіктердің жазылған қалдықтардың өлшеуге әсер етеді, және де бқл кәсіпорынның бақылау аясынан тыс болады. Әйтсе де, елеулі ғылыми бұрмалаушылықтар қалдықтар туралы құжаттардағы қателіктерге алып келеді; және
ә) Белгісіздіктерді (немесе есептеу) бағалау: бар ғылыми шекара аясындағы қалдықтарды есептеуге қолданылатын процестерден шығады. Белгісіздікті есептеу бағалаудың негізделетін ақпаратқа негізделуі мүмкін, немесе есептеу кезінде қолданылған тиімді әдіс (кейде белгісіздіктің параметрі не моделі ретінде белгілі болады). Белгісіздіктің деңгейі әдетте кәсіпорынмен басқарылады. Белгісіздіктерді есептей көбірек қаражатты талап етеді.
A55. Кәсіпорынның қалдықтарын есептеу ақиқаты кәсіпорынның қалдықтары талдауға жарамсыз деген сөз емес. Мысалы, қолданылатын критерийлер электр энергиясын өндіруден шығатын 2 Саладағы қалдықтар сағатына килоВат мөлшерімен саналуын талап етуі мүмкін. Қалдықтар ағымдағы жағдайларға үйлесетін болжамдар мен үлгілерге негіздлуі мүмкін. Қалай болғанда да, берілген жағдайларда болжамдар мен үлгілер орындалған соң ЖЖГ қағидасындағы ақпарат кепілдікдік жасауға мүмкін бола алады.
A56. A55 тарауындагы жағдай кәсіпорынның өзі қолданатын критерийлерге байланысты мөлшерлік сәйкестікпен салыстыруға болады. Кәсіпорынның нақты модельдерін пайдалану көбіне нақты есептеуге алып келеді. Оған қарағанда кәсіпорынның орташа қалдық шығару факторын есептеу азырақ нәтиже береді; сонымен қатар бқл әдіс кәсіпорынның жеке модельдері мен есептеулері жеткізу жолдарында қосымша қателіктер туғызуы мүмкін. A55 тарауында көрсетілгендей, болжамдар мен модельдер берілген жағдайларға сәйкес болған сайын ЖЖГ қағидасындағы ақпараттың кепілдік алу ықтималдылығы артады.
A57. Кейбір кездерде, әлде де, ақпарат ЖЖГ қағидасын қатты бұрмалайтын болса, кепілдік құжатын жүргізуді тиімсіз деп шеше алады. Бұл, мысалы, кәсіпорынның қалдықтарының көптен көп бөлігі ұйымдастырлмаған көздерден болса (A8 тарауын қараңыз), мұндай жағдайда қалдықтарды шығару басқарылмайды, не есептеу әдістері оңай болады, немесе қалдықтар биологиялық бақалшақтарда көмілсе. Мұндай жағдайларда кепілдік құжатын жасау не жасамау сұрағы кепілдік деңгейімен басқарылмайтынын айта кететін жөн. Яғни егер ол толық кепілдікке сәйкес келмесе, ол шектеулі кепілдікке де үйлеспейді, және керісінше.
A58. ЖЖГ қағидасындағы бұрмалаушылықтардың табиғаты, себептері мен әсерлері туралы жазылған арнайы түсіндірме жазулары болжалды қолданушылардың қалдықтарды санаудағы қателіктерден алдын алады. Бұл әсіресе, болжалды қолданушылар қандай критерийлерді пайдалану керектігін білмеген пайда болады. Мысалы, ЖЖГ қағидасы белгілі бір кәсіпорын үшін тағайындалса, да бірнеше қолданушыларға келуі мүмкін.
A59. Белгісіздік жайт ЖЖГ қағидасында өте маңызды болғандықтан, 76(г) пунктісі кепілдік құжатында міндетті түрде болуы қажет, егерде ЖЖГ қағидасында түсініктеме жазулары болса.19
Кәсіпорын және Оның Қоршаған Ортасы
Операциялардағы Үзілістер (Сілт: Тарау. 23(ә)(iii))
A60. Үзілістің тізіміне күтпеген кезде пайда болатын немесе алдын ала болжалатын, техникалық қызметтің графигінің бір бөлігі сияқты келетін сөніп қалулар кіреді. Кейбір жағдайларда операциялардың табиғаты үзікті болуы мүмкін, мысалы, объект тек үлкен қысым түскен жағдайларда қолданылса.
Климат Өзгерісінің Ерекшеліктері мен Стратегиялары (Сілт: Тарау. 23(г))
A61. Кәсіпорынның климат өзгерісі стратегиясын өзгерту шешімі экономикалық, заңдық, тұлғалық не атаққа байланысты тәуекелге алып келсе, тәжірибеші мамандарға елеулі қателіктердің тәуекелін анықтауға көмектеседі. Мысалы, кәсіпорын өзін көміртегіден бостығын жарияласа, ол қалдықтардың шығарылуын азайтып, мақсат тезірек орындалады. Немесе керісінше, кәсіпорын болашақта бақыланатын қалдық сату схемасын жасауды жоспарласа, ол қалдықтарды одан әрі көбейтуіне жол ашуы мүмкін, сонымен қатар, жоспар алдында көбірек жәрдемақы алуына септігін тигізеді.
Ақпараттың Елеулі Қателіктерін Анықтау мен Бағалауды Түсіну мен Анықтау Процедуралары (Сілт: Тарау. 24)
A62. Тәжірибеші маман кәсіпорынға түсіну қажет 24 тарауларына айтылған барлық процедураларды қалай жасайтынын білу керек болса да, ол оны жасауға тиісті емес.
Кәсіпорын, оның Қоршаған Ортасы мен Елеулі Қателіктерді Анықтауды Тану мен Есептеуді анықтайтын Аналитикалық Процедуралары (Сілт: Тарау. 24(ә))
A63. Кәсіпорын, оның қоршаған ортасы мен елеулі қателіктерді анықтауды тану мен есептеуді анықтау аналитикалық процедуралар тағайындалады. Ол тәжірибеші маманның білмеген нәрселерін анықтап беріп, елеулі қателіктердің тәуекелін есептеуде көмектеседі, есептелген тәуекелдердің нұсқасын жасауға негіз бола алады. Аналитикалық процедураларға мысалы, ЖЖГ қағидасын өндірістік көрсеткішпен салыстыру жатады. 19
A64. Аналитикалық процедуралар ерекше оқиғаларды, олардың санын, қатынасын және қай оқиғаның аудиторлық тексеруге әсері барын анықтауға септігін тигізеді. Ерекше немесе күтпеген қатынастар үлкен қателіктерді есептеу кезіндегі төніп тұрған қауіпті анықтау үшін сәйкестендіріледі.
A65. Алайда, аналитикалық зерттеулерден жоғарғы дәрежелі мәліметтер жиналған кезде (субъект туралы толық бейне көрінуі үшін және қәте қаупін бағалау үшін аналитикалық процедура кезінде болып қалуы мүмкін жағдайларды қарастыру), зерттеуледен шыққан аналитикалық процедуралар көрсеткіші кең бастапқы индикация арқылы қателердің болуы әбден мүмкін екенін көрсетеді. Сәйкесінше айтылып кеткен жағдайлар кезінде қателіктер қаупі және аналитикалық процедуралар қарастырылу сәтінде жиналған қосымша дәлелдер қарастырылады, ол мәліметтер тәжірибеші маманға істің мәнін түсінуге және аналитикалық процедуралардың көрсеткіштерін бағалау процессін жеңілдетеді.
Бақылау мен испекция (24-тармақ)
A66. Сырттан бақылаудың 2 түрі болады, олар процесс және процедура, мысалы: тәжірибеші маманның мониторинг жабдықтары, компания қызметкерлерін сұрыптау немесе қызметті бақылауды іске асыру. Бақылау процесс немесе процедураның өнімділігін көрсетеді, бақылау болғанның өзінде уақыт бірлігінде шектеулі және процесс пен процедураға бақылау әсерін тигізбей қоймайды. 54
A67. Тексеріс дегеніміз:
а) Ішкі немесе сыртқы болсын материалдар мен документтерді зерттеу қағаз түрінде де, электронды және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарымен қарастырылады. Жазбалар мен документтер тексерілуі олардың алыну көзі мен түріне қатысты сенімділік көрсеткіші. Ал ішкі хаттамалар мен документтер өнімділік бақылаудың пайдалылығын қадағалайды.
ә) Физикалық зерттеу, мысалы жабдықтарды сұрыптау.
A68. Бақылау мен тексеріс басшылық талаптарын орындайды және субъект туралы толық мағлұматпен қамтамасыз етеді. Мұндай процедуралардың мысалына кіретін істер:
• Кәсіпорын қызметі. Процесстер мен жабдықтарды бақылау, соның ішінде мониторингқа арналған жабдықтарды да, олар объектілерде алатын орны ерекше, сыртқа шығарылулар көрсеткіші ЖЖГ қағидасы бойынша 1. ЖЖГ қағидасының Кепілдігінің Келісімі КМХС 3410 239. Кепілдік
• документтер(шығарылудың зардаптарын жеңілдетуге бағытталған стратегия жоспары), жазбалар(сынан өткізілетін лабороториялардың нәтижелері және сұрыптаулар) және ішкі бақылау туралы мағлұмат жинақтау басшылығы
• Ішкі және сыртқы экологиялық жүйеге қатысты басқарушыларға арналған баяндамалар
• Басшылықпен дайындалған басқарушылық қорытындылар(мысалы директорлар кеңесінің отырысы)
Ішкі басқаруды құру туралы түсінік. (25-26 тармақ)
A69. Шектелген тиянақты тексеріс кезінде, тәжірибеші маманға, тиянақты тексерудегідей шығаруларды анықтау мен қорытындылауға қатысты болған ішкі бақылау құрудың құрауыштарын түсінуін міндеттемейді. Сонымен қатар, тәжірибеші маманның бақылаудың өткізілу түрі мен орындалғандығын бағалап қадағалауы шарт емес. Сөйтіп шектелген тиянақты тексеріс кезінде кәсіпорныдар бақылау мен мониторингге байланысты сандық бағалау және шығарылулар қорытындысының мәнісін түсінуді талап етпейді, тек басқарудың ішкі тұлғаларынан болмаса.
A70. Тәжірибеші маманның ішкі бақылаудың сәйкес құрауыштарын түсінуі, қажетті дәлелдерге сүйеніп істі аяқтауы күмәндандыру мүмкін.(Сонымен қатар А71-А72,А92-А93 және А96 пункттерін қараңыз)
• ЖЖГ қағидасының дайындалуына қатысты қауіптену орынды, қағидадағы басқарудың бұрмалану қаупі тәжірибеші маманды келісімге келу мүмкін емес деген тұжырымға әкелу мүмкін.
• Жазбаның күйі мен сенімділігіне қатысты қауіптенуі тәжірибеші маманды жеткілікті керекті дәлелдерді қолдану тек модифицияланбаған қорытындыны қорғау кезінде ғана қажет болатды деген тұжырымға әкеп соғуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |