Халықаралық сапаны бақылау, аудит, шолу, басқа ақпараттың ДҰрыстығын растау және ілеспе қызметтер жөнінде жинақ



бет11/26
Дата26.06.2016
өлшемі2.1 Mb.
#159291
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26

Материалдылық

  1. Келісімде жоспарлау және орындау кезінде қызмет аудиторы сипаттаманың әділетті көрсетіліміне, басқару істерінің дайындалу лайықтылығына, 2 типті есептеме жағдайында, басқару істерінің қызмет өнімділігіне байланысты материалдылықты қарастыруы керек.(Cілт.: Тарау А16-A18)

Қызмет ұйымының жүйесі жайлы түсінік алу

  1. Қызмет аудиторы келісім шегінде қамтылған басқару істерін қоса алғанда, қызмет ұйымы жүйесі туралы түсінік алуы қажет.(Cілт.: Тарау А19-20)

Сипаттамаға қатысты дәлелдеме алу

  1. Қызмет аудиторы қызмет ұйымының жүйесін алуы және оқуы керек, және сипаттамадағы келісім шегінде көрсетілген қырлары әділетті түрде көрсетілгенін бағалауы қажет; оған жатады(Cілт.: Тарау А21-A22):

(а) Қызмет ұйымы жүйесінің сипаттамасында келтірілген басқару мақсаттары барлық жағдайларда саналы екендігін;

(ә) Сол сипаттамада келтірілген басқару істері жүзеге асырылғанын;

(б) Пайдаланушы болмыстардың толықтауыш басқару істері дұрыс сипатталғанын;

(в) Қызмет ұйымы бөлімшесімен орындалған қызметтер дұрыс сипатталғанын; ол жоғарыларға қатысты қолданылған шеттету және қосу тәсілдерін қамтиды.



  1. Қызмет аудиторы сұраныстар мен басқа процедуралар арқылы қызмет ұйымының жүйесі жүзеге асырылғанын анықтауы керек. Осы басқа процедураларға жазбаларды және басқа құжаттарды тексеру, осы қызмет ұйымы қалай қызмет атқаратынын және басқару істерінің қолданысқа енгізілгенін бақылау жатады.

Басқару істерінің жасалуына қатысты дәлелдемелер алу

  1. Қызмте аудиторы қызмет ұйымындағы қай басқару істері жүйенің сипаттамасында көрсетілген басқару мақсаттарына жетуге қажет екенін анықтауы керек, және осы басқару істері лайықты түрде жасалғанын бағалауы керек. Бұл анықтама келесілерді қамтуы керек:

(а) Қызмет ұйымы жүйесінің сипаттамасында келтірілген басқару мақсаттарына қол жеткізуге кедергі жасайтын тәуекел/тәуекелтерді;

(ә) Қызмет ұйымы жүйесінің сипаттамасында келтірілген басқару істері мен сол тәуекел/тәуекелтердің байланысын.



Басқару істерінің қызмет өнімділігі жайлы дәлелдемелер алу

  1. 2 типті есептемемен қамтамасыз ету кезінде, қызмет аудиторы қызмет ұйымы жүйесінің сипаттамасында келтірілген басқару мақсаттарына қол жеткізуге қажет деп анықталған басқару істерін сынақтан өткізу керек, және олардың уақыт аралығында қызмет өнімділігін бағалауы керек. Алдыңғы уақытта басқару істерінің қанағаттандырарлық қызметі жайлы алдыңғы келісімдерде алынған дәлелдемелер нақты уақытта алынған дәлелдемемен толқтырылған болса да, сынақтарды қысқартуға негіз болмайды.




  1. Басқару істерін сынақтан өткізуді дайындау және жүзеге асыру кезінде қызмет аудиторы:

(а) Дәлелдеме алуға сұраныспен қатар басқа процедураларды орындау керек:

  1. Басқару істері қалай қолданылғанын;

  2. Басқару істері қолданысқа енгізілген тұрақтылық; және

  3. Кім және қандай құралдар көмегімен олар қолданысқа енгізілді.

(ә) Сынақталатын басқару істері басқа жанама басқару істеріне тәуелді екендігін анықтау керек, егер солай болса, сол жанама басқару істерінің қызмет өнімділігін қолдайтын дәлелдемелер алу қажеттігін анықтауы керек.

(б) Процедураның мақсаттарына жетуде өнімді қызмет атқаратын сынақталатын заттарды анықтау керек.



  1. Басқару істерінің сынақтау дәрежесін анықтау кезінде қызмет аудиторы сынақталатын тұрғындардың мінездемелері сияқты мәселелерді қарастыруы керек, оған басқару істерінің табиғаты, олардың қолданылу жиілігі (мысалы, ай сайын, күн сайын немесе күніне қанша рет екендігі) және өзгеріс дәрежесі жатады.

Сұрыптау

  1. Сұрыптауды қолданған жағдайда қызмет аудиторы: (Cілт.: Тарау А35-36)

(а) Процедураның мақсатын және үлгіні жасау кезінде сол үлгі алынатын халықтың мінездемелерін қарастыру керек;

(ә) Үлгілеу тәуекелін/тәуекелісін сәйкес төмен деңгейге дейін қысқартуға жеткілікті үлгі шамасын анықтауы керек;

(б) Әрбір үлгілеу блогы таңдалым мүмкіндігіне ие болатындай үлгілеуге заттарды таңдауы қажет;

(в) Егер дайындалған процедура таңдалған затқа қолданылмайтын болса, сол затты ауыстыруды орындау керек; және

(г) Егер дайындалған процедураларды немесе балама процедураларды таңдалған затқа қолдану мүмкін емес болса, сол затты өзгеріс ретінде қарастыру керек.

Өзгерістердің табиғаты мен себептері


  1. Қызмет аудиторы табылған кез келген өзгерістердің табиғаты мен себептерін зерттеуі керек және:

(а) Табылған өзгерістер өзгерістердің күтілген шегінде және жарамды екенін анықтауы керек; сондықтан, өткізілген сынақтау басқару істері белгілі бір уақыт аралығында өнімді қызмет атқаратынына лайықты негіз болатынын;

(ә) Ерекше басқару мақсаттарына қатысты басқару істері арнайы уақыт аралығында өнімді қызмет атқарып жатқандығы туралы қорытынды жасайтындай басқару істерін немесе басқа басқару істерін қосымша сынақтан өткізуі керек.

(б) Өткізілген сынақтау басқару істері белгілі бір уақыт аралығында өнімді қызмет атқармағанына лайықты негіз болатынын анықтау керек.


  1. Қызмет аудиторы үлгіде табылған өзгерістер аномалия болуы мүмкін деген өте сирек жағдайларда немесе арнайы уақыт аралығында орынды басқару мақсаты өнімді қызмет атқарып жатқаны туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретін басқа да басқару істері айқындалмаған болса, қызмет аудиторы бұл өзгеріс халықтың өкілі емес екендігіне сенімділіктің жоғары дәрежесін алу керек. Қызмет аудиторы сенімділіктің осы дәрежесін өзгерістер халықтың қалған бөлігіне әсер етпейтініне жеткілікті сәйкес дәлелдемелер алу үшін қосымша процедураларды орындау арқылы алуы керек.

Ішкі аудит қызметінің жұмысы22

Ішкі аудит қызметі туралы түсінік алу

  1. Егер қызмет ұйымында ішкі аудит қызметі бар болатын болса, қызмет аудиторы ішкі аудит қызметі жауапкершіліктерінің табиғаты туралы және ішкі аудит қызметі келісімдер жасауда орынды екендігін анықтауда орындалған әрекеттер жайлы түсінік алуы керек.(Cілт.: Тарау А37)

Ішкі аудиторлардың қызметін қолдануға болатын-болмайтындығын және қай дәрежеде қолдануға болатынын анықтау

  1. Қызмет аудиторы анықтауы қажет:

(а) Ішкі аудит қызметкерлерінің жұмысы келісімнің мақсаттарына сай болатынын; және

(ә) Егер солай болса, ішкі аудиторлар жұмысының қызмет аудиторы процедураларының табиғаты, уақыты мен дәрежесіне жасайтын жоспарланған ықпалын.



  1. Ішкі аудит қызметкерлерінің жұмысы келісімнің мақсаттарына сай болатынын анықтауда қызмет аудиторы бағалау керек:

(а) Ішкі аудит қызметінің дұрыстығын;

(ә) Ішкі аудиторлардың техникалық біліктілігін;

(б) Ішкі аудиторлар жұмысының кәсіби қамқорлықпен жүргізілетінін; және

(в) Ішкі аудиторлар мен қызмет аудиторы арасында тиімді байланыс болатынын.



  1. Ішкі аудиторлар жұмысының қызмет аудиторы процедураларының табиғаты, уақыты мен дәрежесіне жасайтын жоспарланған ықпалын анықтауда қызмет аудиторы қарастыруы керек:(Cілт.: Тарау А38)

(а) Ішкі аудиторлармен орындалған немесе орындалатын арнайы жұмыстың табиғаты мен пәнін;

(ә) Сол жұмыстың қызмет аудиторы қорытындыларына маңыздылығы; және

(б) Сол қорытындыларды қолдау үшін жиналған дәлелдемелерді бағалаудағы шынайылық дәрежесі.

Ішкі аудит қызметінің жұмысын қолдану


  1. Қызмет аудиторы ішкі аудиторлардың арнайы жұмысын қолдануы үшін, сол жұмыстың қызмет аудиторы мақсаттарына сай екендігін анықтауға болатындай процедураларды бағалауы және орындауы керек.(Cілт.: Тарау А39)

  2. Қызмет аудиторы ішкі аудиторлардың арнайы жұмысының жеткіліктілігін сол жұмыстың қызмет аудиторы мақсаттарына сай екендігін анықтау үшін қызмет аудиторы бағалау керек:

(а) Жұмыс жеткілікті техникалық дайындығы мен біліктілігі бар ішкі аудиторлармен орындалғанын;

(ә) Жұмыс дұрыс түрде бақыланып, тексеріліп және құжатталғанын;

(б) Ішкі аудиторлардың саналы қорытындылар жасауына жеткілікті дәлелдемелер алынғанын;

(в) Қорытындылар жағдайларға лайық және ішкі аудиторлар жасаған кез келген есептеме істелген жұмыстың қорытындыларымен бірізді екенін; және

(г) Келісімге қатысты ерекшеліктер немесе ішкі аудиторлар жариялаған әдеттен тыс мәселелер лайықты түрде шешілгенін.

Қызмет аудиторының сенімділік келісіміне тиетін ықпал


  1. Егер ішкі аудит қызметінің жұмысы қолданылған болса, онда қызмет аудиторы өзінің сенімділік есептемесінде жеке пікірді білдірген саласында сол жұмысқа сілтеме қоймауы керек.(Cілт.: Тарау А40)

  2. 2 типті есептеме жағдайында, егер басқаруды сынақтау барысында ішкі аудит қызметінің жұмысы қолданылған болса, қызмет аудиторының сенімділік есептемесі сол есептемедегі қызмет аудиторының басқару істерін сынақтау мен оның нәтижелерін сипаттайтын бөлігінде ішкі аудитор жұмысының сипаттамасы мен қызмет аудиторының осы іске қатысыт процедураларын сипаттауы керек.(Cілт.: Тарау А41)

Жазбаша көрсетілімдер

  1. Қызмет аудиторы қызмет ұйымының жазбаша көрсетілім қамтамасыз етуін сұрауы керек:(Cілт.: Тарау А42)

(а) Жүйенің сипаттамасын сүйемелдейтін бекітпені нақтылағанын;

(ә) Қызмет аудиторын барлық қажетті ақпаратпен және келісілген рұқсатпен қамтамасыз етуін;23 және



(б) Қызмет аудиторына жарияланғанын:

  1. Заңдар мен ережелермен сәйкессіздік, алаяқтық, қызмет ұйымына қатысты бір немесе бірнеше қолданушы болмысқа зиянын тигізуі мүмкін түзетілмеген өзгерістер;




  1. Басқару істеріндегі әрленім/дизайн тапшылығы;




  1. Басқару істері сипатталғандай орындалмаған дәлелді мысалдар; және




  1. Қызмет ұйымы жүйесінің сипаттамасы қамтитын, қызмет аудиторының сенімділік есептемесіне маңызды әсер ететін сенімділік есептемесіне дейінгі тіркес кез келген оқиғалар.

  1. Жазбаша көрсетілімдер қызмет аудиторына жолданған көрсетілім хаты түрінде болуы қажет. Жазбаша көрсетілімдердің уақыты қызмет аудиторының сенімділік есептемесінің уақытына неғұрлым жақын болуы керек.

  2. Егер, мәселені қызмет аудиторымен бірге талқылай отырып, қызмет ұйымы осы КМХС-нің 38 ((a) және (ә) тарауына сәйкес бір немесе бірнеше жазбаша көрсетілімдерді қамтамасыз етпесе, қызмет аудиторы өз пікірін білдіруі қажет. (Cілт.: Тарау А43)

Басқа ақпарат

  1. Қызмет аудиторы қызмет ұйымы жүйесінің сипаттамасын және қызмет аудиторының сенімділік келісімін қамтитын құжатты материалдық тұрақсыздықтарды анықтау үшін басқа да ақпараттарды оқуы керек. Басқа ақпаратты материалдық тұрақсыздықтарды анықтау мақсатында оқи отырып, қызмет аудиторы сол басқа ақпараттағы фактілер туралы мүмкін болатын бұрмалануларды кездестіруі мүмкін.

  2. Егер қызмет аудиторы басқа ақпараттағы материалдық тұрақсыздықтарды немесе фактілер туралы мүмкін болатын бұрмалануларды кездестірсе, қызмет аудиторы бұл мәселені қызмет ұйымымен қоса талдауы керек. Егер қызмет аудиторы қызмет ұйымы түзетіге ұмтылмайтын тұрақсыздық немесе материалдық бұрмалану бар деген қорытынды жасаса, қызмет аудиторы ары қарай сәйкес шаралар қолдануы керек.

Кезекті оқиғалар

  1. Қызмет аудиторы қызмет ұйымынан оның жүйесінің сипаттамасында қамтылған уақыттан қызмет аудиторының сенімділік келісімі жасалған уақытқа дейінгі сол сенімділік келісіміне айтарлықтай әсер етуі мүмкін кезекті оқиғалардан хабары бар-жоғы екендігі жайлы сұраныс жасауы керек. Егер қызмет аудиторының осы сияқты оқиғалардан хабары болса, және ол туралы ақпаратты қызмет ұйымы әйгілемеген болса, қызмет аудиторы бұл оқиғаны қызмет аудиторының сенімділк келісімінде жариялауы керек.

  2. Қызмет аудиторы сенімділік келісімінің уақытынан кейін қызмет ұйымының жүйесінің сипаттамасына байланысты, немесе басқару істерінің әрленімінің лайықтылығы мен олардың қызмет өнімділігіне байланысты ешбір процедураны өткізуге міндетті емес.

Құжаттама

  1. Қызмет аудиторы келісімге қатысы жоқ кәсіби аудиторға келесі нәрселерді түсінуі үшін қажетті құжаттарды дайындауы керек:

(а) Бұл КМХС-мен және қолданыстағы заңдық және реттеуші талаптармен сәйкестікке келу үшін өткізілетін процедуралардың табиғатын, уақытын және дәрежесін;

(ә) Өткізілген процедуралардың нәтижелері және қол жеткен дәлелдемелер; және

(б) Келісімнен туындайтын айтарлықтай мәселелер, және содан шыққан қорытындылар мен сол қорытындыларды жасаудағы айтарлықтай кәсіби шешімдер.


  1. Өткізілетін процедуралардың табиғатын, уақытын және дәрежесін құжаттауда қызмет аудиторы жазуы керек:

(а) Сынақталатын арнайы заттар мен мәселелердің сипаттамаларын айқындауын;

(ә) Жұмысты кім орындағанын және сол жұмыс орындалған уақытты; және

(б) Орындалған жұмысты кім қарағанын және сол қайта қараудың уақыты мен дәрежесін.


  1. Егер қызмет аудиторы ішкі аудиторлардың арнайы жұмысын қолданған болса, қызмет аудиторы сол ішкі аудиторлардың жұмысының жеткіліктілігін бағалауда қол жеткізілген қорытындыларды және соған қатысты өткізілген процедураларды құжаттауы керек.

  2. Қызмет аудиторы маңызды мәселелердің қызмет ұйымымен бірге және басқалармен бірге талдауын, олардың табиғатын және сол талдауларды кім және қашан қарағанын құжаттауы керек.

  3. Егер қызмет аудиторы ақпаратты маңызды мәселеге қатысты қызмет аудиторының қорытындысымен үйлеспейді деп тапса, қызмет аудиторы сол үйлеспеушілікті қалай шешкенін құжаттауы керек.

  4. Қызмет аудиторы құжаттаманы келісім құжатына жинауы керек және қызмет аудиторының сенімділік келісімінің уақытынан кейін уақытылы негізде қорытынды келісім құжатына жинау секілді әкімшілік процесті орындап отыруы керек.24

  5. Қорытынды құжатқа жинау орындалып болған соң, қызмет аудиторы оның ұстап қалу периодына дейін сол құжаттаманы өшірмеуі немесе лақтырмауы керек.(Cілт.: Тарау А46)

  6. Егер қызмет аудиторы сол келісімге өзгеріс енгізу керек деп немесе қорытынды құжатқа жинау біткен соң жаңа құжат қосу қажет деп тапса, және сол өзгеріс қызмет аудиторының есептемесіне әсер етпейді десе, қызмет аудиторы, өзгерістер мен қосымшалардың табиғатына байланыссыз, құжаттауы керек:

(а) Соларды жасауға арнайы себептер; және

(ә) Сол өзгерістер қашан және кіммен орындалғанын және қаралғанын.



Қызмет аудиторының сенімділік келісімін дайындау

Қызмет аудиторының сенімділік келісімінің мазмұны

  1. Қызмет аудиторының сенімділік келісімі келесі басты нәрселерді қамтуы керек:(Cілт.:Тарау А47)

(а) Бұл есептеме тәуелсіз қызмет аудиторының есептемесі екенін көрсететін тақырып;

(ә) Алушы;

(б) Айқындамалар:


  1. Қызмет ұйымы жүйесінің сипаттамасының, және қызмет ұйымының бекітпесі, 9(и)(ii) тарауында көрсетілген мәселелерді қамтиды.

  2. Қызмет аудиторының пікірі қамтымаған қызмет ұйымы жүйесінің сипаттамасының бөліктері;

  3. Егер сипаттама толықтауыш қолданушылық басқару істеріне қажеттілік барына сілтеме жасаса, қызмет аудиторы толықтауыш қолданушы басқару істерінің әрленімінің лайықтылығын немесе олардың қызмет өнімділігін бағаламағаны туралы, және сипаттамада көрсетілген басқару мақсаттары тек толықтауыш басқару істері лайықты түрде әрленіп, жоғары қызмет өнімділігін көрсеткен жағдайда ғана қол жетімді болатыны туралы және қызмет ұйымындағы басқару істерін туралы есептеменің;

  4. Егер қызметтерді қызмет ұйымының бөлімшесі орындаған болса, сол қызметтердің сипаттамада көрсетілген табиғаты және оларға қатысты қолданылған тәсіл: қосу тәсілі немесе алшақтау тәсілі. Алшақтау тәсілі қолданылған жағдайда, қызмет ұйымы жүйесінің сипаттамасы сол сәйкес қызмет ұйымы бөлімшесіндегі басқару мақсаттары мен қатысты басқару істерін қамтымайтыны туралы және қызмет аудиторының процедуралары қызмет ұйымы бөлімшесіндегі басқару істеріне дейін ұлғаймайтыны туралы мәлімдеме. Егер қосу тәсілі қолданылған болса, қызмет ұйымы жүйесінің сипаттамасы сол сәйкес қызмет ұйымы бөлімшесіндегі басқару мақсаттары мен қатысты басқару істерін қамтитыны туралы және қызмет аудиторының процедуралары қызмет ұйымы бөлімшесіндегі басқару істеріне дейін ұлғаятыны туралы мәлімдеме.

(в) Өлшемнің айқындамасы, және басқару мақсаттарын айқындайтын жақ.

(г) Есептеме және 2 типті есептеме жағдайында, басқару істерінің сынақтарының оны қарастыруға жеткілікті білімі бар қолданушы болмыстар мен олардың аудиторларына ғана арналған, қаржылық мәлімдемелердегі материалдық бұрмаланулардың тәуекелтерін/тәуекелдерін бағалау кезінде қолданушы болмыстардың өздерімен орындалған басқару істері туралы басқа ақпаратты қамтитын сипаттамасы;(Cілт.:Тарау А48)

(ғ) Қызмет ұйымы міндетті болып келетін мәлімдеме:


  1. Жүйенің сипаттамасын дайындау, және сол сипаттаманың және бекітпенің толықтығы, дәлдігі және көрсетілім тәсілін қамтитын қосақталған бекітпе;

  2. Қызмет ұйымы жүйесінің сипаттамасымен қамтылған қызметтерді қамтамасыз ету;

  3. Басқару мақсаттарын мәлімдеу (заңмен немесе реттеумен, немесе қолданушы топ немесе кәсіби тұлға сияқты басқа жақпен айқындалмаған жағдайда);

  4. Қызмет ұйымы жүйесінің сипаттамасында көрсетілген басқару мақсаттарын жүзеге асыруға көзделген басқару істерін дайындау мен жүзеге асыру.

(д) Қызмет аудиторының жауапкершілігі қызмет ұйымының сипаттамасы, сипаттамада көрсетілген басқару мақсаттарына қатысты басқару істерінің әрленімі, және 2 типті есептеме жағдайында қызмет аудиторының процедураларына негізделген басқару істерінің қызмет өнімділігі туралы пікір білдіру екенін көрсететін мәлімдеме.

(е) Келісім КМХС 3402-мен, Қызмет ұйымындағы Басқару істері жайлы сенімділік есептемелерімен сәйкес жасалғанын көрсететін мәлімдеме. Ол қызмет аудиторынан, барлық материалдық қатыстарда, әдептілік талаптарымен сәйкес келуін және қызмет ұйымы жүйесінің сипаттамасы шынайы көрсетілгені және басқару істері дұрыс түрде жасалғаны, 2 типті есептеме жағдайында сол басқару істері өнімді қызмет атқарып тұрғаны туралы саналы сенімділікке қол жеткізуге арналған процедураларды жоспарлау және жүзеге асыруды талап етеді.

(ж) Саналы сенімділікке қол жеткізу туралы қызмет аудиторының процедуралары туралы қорытынды және алынған дәлелдемелер жеткілікті және қызмет аудиторының пікір білдіруіне лайықты екені жайлы қызмет аудиторының сенім мәлімдемесі; 1 типті есептеме жағдайында қызмет аудиторы басқару істерінің өнімділігіне байланысты ешқандай процедуралар жүргізбегені және ешқандай пікір білдірмегені туралы мәлімдеме.

(з) Басқару істерінің шектемелері туралы мәлімдеме. 2 типті есептеме жағдайында басқару істерінің қызмет өнімділігінің бағалауының болашақ уақыттарға проекциялау тәуекелтері туралы мәлімдеме.

(к) Барлық материалдық қатыстарда лайықты критерийге негізделген қызмет аудиторының оң пікірі:


  1. 2 типті есептеме жағдайында:

а. Сипаттама арнайы уақыт аралығында дайындалған және жүзеге асырылған қызмет ұйымының жүйесін шынайы көрсететінін;

ә. Сипаттамада көрсетілген басқару мақсаттарына қатысты басқару істері арнайы уақыт аралығында лайықты түрде дайындалғанын; және

б. Сипаттамада көрсетілген басқару мақсаттарына жетуде саналы сенімділікке қол жеткізуге арналған сынақталған басқару істері арнайы уақыт аралығында өнімді қызмет жасағанын.


  1. 1 типті есептеме жағдайында:

a. Сипаттама белгілі бір уақытта дайындалған және жүзеге асырылған қызмет ұйымының жүйесін шынайы көрсететінін;

ә. Сипаттамада көрсетілген басқару мақсаттарына қатысты басқару істері белгілі бір уақытта лайықты түрде дайындалғанын.

(қ) Қызмет аудиторының сенімділік есептемесінің уақыты. Бұл уақыт қызмет аудиторы пікірін негіздеуге жеткілікті лайықты дәлелдемелер алған уақыттан ерте болмауы керек.

(л) Қызмет аудиторының аты-жөні, және қызмет аудиторы қызмет жасайтын юрисдикцияның орналасқан жері.



  1. 2 типті есептеме жағдайында, қызмет аудиторының сенімділік есептемесінде пікірден кейін бөлек тармақ, немесе орындалған басқару істерінің сынақтары мен сол сынақтардың нәтижелерін қамтитын бекіту болуы керек. Сынақтардың нәтижелерін сипаттауда қызмет аудиторы қандай басқару істері сынақталғанын анық түрде баяндауы, сынақталған нәрселер тұрғындардың арасындағы барлық немесе таңдалған нәрселерді көрсететінін айқындауы, және қолданушы аудиторларға сол сынақтардың қолданушы аудиторлардың тәуекелтерді бағалауларына жасайтын ықпалын анықтауға мүмкіндік беретін сынақтардың табиғаты туралы жеткілікті мағлұмат беруі керек. Егер бұрмаланулар табылған болса, қызмет аудиторы бұрмалануларды анықтауға бағытталған орындалған сынақтаудың дәрежесін (үлгілеу қолданылған жағдайда үлгілердің өлшемдері), және осы өзгерістердің табиғаты мен санын қамтуы керек. Қызмет аудиторы сынақтардың негізінде қатысты басқару мақсаттары жүзеге асырылған болса да, өзгерістер туралы есеп беруі керек.(Cілт.:Тарау А18 және А49)

Өзгертілген пікірлер

  1. Егер қызмет аудиторы қорытынды жасаса:(Cілт.:Тарау А50-А52)

(а) Қызмет ұйымының сипаттамасы барлық материалдық қатыстарда жүйенің әрленгендей және жүзеге асырылғандай қызмет атқарып жатқанын шынайы көрсетпейтіні туралы;

(ә) Барлық материалдық қатыстарда сипаттамада көрсетілген басқару мақсаттарына қатысты басқару істері лайықты түрде дайындалмағаны туралы;

(б) 2 типті есептеме жағдайында, сипаттамада көрсетілген басқару мақсаттарына қол жеткізілгені туралы саналы сенімділік алатын сынақталған басқару істері барлық материалдық қатыстарда өнімді қызмет атқармағанын; немесе

(в) Қызмет аудиторы лайықты жеткілікті дәлелдеме ала алмайды, қызмет аудиторының пікірі өзгертілуі керек, және қызмет аудиторының сенімділік есептемесі сол өзгерістердің барлық себептерінің анық сипаттамасын қамтуы керек.



Басқа қатынас жауапкершіліктері

  1. Егер қызмет аудиторы заңдармен немесе реттеулермен сәйкес еместігі туралы, алаяқтық, немесе бәр немесе бірнеше қолданушы болмыстарға әсер етуі мүмкін түзетілмеген қателер туралы хабардар болса, қызмет аудиторы мәселемен әсер етілген қолданушы болмыстарға сәйкес қатынас жасалғанын анықтау керек. Егер мәселе жайлы қарым-қатынас жасалмаса және қызмет ұйымы оны жасауға дайын болмаса, қызмет аудиторы сәйкес шаралар қолдануы керек.(Cілт.:Тарау А53)


***

Қолдану және басқа түсіндірме материал



  1. Бұл КМХС-ның пәні(Cілт.:Тарау 1,3)

А1. Ішкі басқару қаржылық есептеменің сенімділігі, операциялардың өнімділігі мен тиімділігі және қолданылмалы заңдармен және реттеулермен сәйкестігіне қол жеткізуге қатысты саналы сенімділікке қол жеткізуге арналған процесс. Қызмет ұйымының операциялары мен сәйкестік мақсаттарына қатысты басқару істері қолданушы болмыстың қаржылық есептемеге қатысты ішкі басқару істеріне сәйкес болуы мүмкін. Осындай басқару істері есеп баланстарына, транзакциялардың немесе жариялаулардың кластарына қатысты көрсетілім және жариялануы жайлы бекітпеге қатысты болуы мүмкін, немесе қызмет аудиторы бағалайтын немесе аудит процедураларында қолданатын дәлелдемеге қатысты болуы мүмкін. Мысалы, соған ұқсас, қызмет ұйымының инвестиция транзакцияларын қабылдауға байланысты басқару істері реттеудің көзқарасы бойынша қолданушы болмыстың қаржылық есептемесіндегі транзакциялар мен есеп баланстарына сәйкес деп қарастырылуы мүмкін. Қызмет ұйымындағы операциялар мен сәйкестіктерге қатысты басқару істерінің қолданушы болмыстардың ішкі басқаруына сәйкес болуын анықтау кәсіби шешім жасау мәселесі болып табылады, ол қызмет ұйымымен қойылған басқару мақсаттары мен критерий/өлшемдердің ескере отыруы керек.

А2. Қызмет ұйымы жүйенің лайықты түрде дайындалғанын бекіте алмауы мүмкін, мысалы, қызмет ұйымы қолданушы болмыс дайындаған жүйемен жұмыс істесе, немесе қолданушы болмыс пен қызмет ұйымы арасындағы келісіммен айтылмаған болса.Басқару істерінің лайықсыз әрленімі мен олардың қызмет өнімділігі арасындағы шиеленіскен байланысы себепті әрленім лайықсыздығына қатысты бекітпенің жоқтығы қызмет аудиторының басқару мақсаттары орындалмағаны және олардың қызмет өнімділігі жайлы саналы сенімділік қорытындысын жасауға кедергі болуы ықтимал. Оған балама ретінде практикалаушы басқару істерін сынақтауға арналған келісімде келісілген процедураларды қабылдауды, немесе КМХС 3000 мен басқару істерінің негізінде басқару істері сипатталғандай қызмет атқарғаны туралы сенімділік келісімін таңдауы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет