«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметрегламенті Жалпы ережелер «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру»



Дата07.07.2016
өлшемі138.43 Kb.
#182970


Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2014 жылғы «24» сәуірдегі

№ 116 қаулысымен

бекітілген



«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызметрегламенті


  1. Жалпы ережелер




  1. «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің (бұдан әрі – мемлекеттікқызмет) қызмет берушісі облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – қызмет беруші) болып табылады.

Мемлекеттік қызметті алуға өтініштерді қабылдау:

  1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);

  2. «электрондық үкіметтің»веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет нәтижесін беру ХҚО арқылы жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және/немесе қағаз түрінде.

  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – халықаралық техникалық байқау сертификаты (бұдан әрі – халықаралық сертификат) қағаз түрінде не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап қағаз және/немесе электрондық түрде.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық және/немесе қағаз түрінде.



  1. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)

iс-қимыл тәртiбiн сипаттау


  1. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсiмдi (іс-қимылды) бастауғаҚазақстан Республикасы Үкіметінің2014 жылғы 26 наурыздағы № 265 қаулысымен бекітілген«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт)1-қосымшасына сәйкес үлгіде берілген қызмет алушының(не сенімхат бойынша оның өкілінің) өтiнiшiне қызмет алушының ЭЦҚ-менкуәландырылған электрондық құжат нысанындаЭҮП-тесұрау салуының болуы негiздеме болып табылады.

  2. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінің құрамына кiретiн рәсімдердің (іс-қимылдардың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

1-іс-қимыл – қызмет беруші кеңсесі қызметкерінің қызмет алушыныңСтандарттың 9-тармағындакөзделген құжаттарын қабылдауы және тіркеу журналына тіркеуі.

Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут;

2-іс-қимыл – қызмет беруші басшысының қызмет алушының құжаттарын қарауы жәнеқызмет берушінің бөлім басшысына қарауға беруі.

Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;

3-іс-қимыл – қызмет беруші бөлім басшысының қызмет алушының құжаттарын қарауы және қызмет беруші бөлімінің маманына орындауға беруі.

Орындалу ұзақтығы –20 (жиырма) минут;

4-іс-қимыл – қызмет беруші бөлім маманының қызмет алушының құжаттарын қарауы, халықаралық сертификаттыне мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдеуі.

Орындалу ұзақтығы – 4 (төрт) сағат;

5-іс-қимыл –қызмет беруші басшысының халықаралық сертификатқа не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қоюы.

Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;

6-іс-қимыл – қызмет беруші кеңсесі қызметкерінің халықаралық сертификатты не мемлекеттік қызметкөрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауаптыХҚО-ғажіберуі.

Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) сағат.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

қызмет алушы ХҚО-ға не порталға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:

халықаралық техникалық байқау сертификатын беру – 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;

мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап беру – 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.



  1. Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 1-іс-қимыл бойынша мемлекеттікқызмет көрсетурәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі қызмет алушының тіркелген құжаттарыболып табылады, олар осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген2-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болып табылады.2-іс-қимыл бойынша нәтижеқызмет беруші басшысыныңқарары болып табылады, олосы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3-іс-қимылдыорындау үшін негіз болып табылады.3-іс-қимылдың нәтижесіқызмет беруші бөлім басшысының қарары болып табылады, ол осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген4-іс-қимылдыорындау үшін негіз болып табылады. 4-іс-қимыл нәтижесіресімделген қағаз түріндегіхалықаралық сертификат не қағаз және/немесе электрондық түрде дайындалған мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады, ол осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 5-іс-қимылдыорындау үшін негіз болып табылады. 5-іс-қимыл нәтижесіқол қойылған халықаралық сертификат не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады, ол осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 6-іс-қимылды орындау үшін негіз болып табылады. 6-іс-қимыл нәтижесі ХҚО курьерінің халықаралық сертификатты не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты алғандығы туралы қолхаты болып табылады.



  1. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара

iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын қызмет берушініңқұрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) қызмет беруші кеңсесінің қызметкері;



2) қызмет берушінің басшысы;

3) қызмет беруші бөлімінің басшысы;

4) қызмет беруші бөлімінің маманы.

8. Мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi рәсiмдердiң(іс-қимылдардың) сипаттамасы:

1)қызмет беруші кеңсесі қызметкерінің қызмет алушыныңСтандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарын қабылдауды және кіріс нөмірі мен қабылдау күнін көрсете отырып, кіріс хат-хабарларын тіркеу журналына тіркеуді жүзеге асыруы. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут;

2) қызмет беруші басшысының қызмет алушының құжаттарын қарауы және қызмет берушінің бөлім басшысына қарауға беруі. Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;

3) қызмет беруші бөлім басшысының қызмет алушының құжаттарын қарауы және қызмет беруші бөлімінің маманына орындауға беруі. Орындалу ұзақтығы –20 (жиырма) минут;

4) қызмет беруші бөлім маманының қызмет алушының құжаттарын қарауы, қағаз түріндегі халықаралық сертификатты не қағаз және/немесе электрондық түрде дайындалған мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдеуі. Орындалу ұзақтығы – 4 (төрт) сағат;

5) қызмет беруші басшысының халықаралық сертификатқа не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қоюы. Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;

6) қызмет беруші кеңсесі қызметкерінің халықаралық сертификатты не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ХҚО-ға жіберуі. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) сағат.

Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес әрбір іс-қимылды (рәсімді) өту блок-сызбасында көрсетілген.





  1. Халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара iс-қимыл тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау




  1. Қызмет алушы(не сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ХҚО жүгінеді және Стандарттың 9-тармағындакөзделген құжаттардытапсырады.

Қызмет алушының сұрау салуын өңдеу ұзақтығы – 15 (он бес) минут.

Қызмет көрсетушіге сұрау салуды дайындау және жолдау тәртiбi:

ХҚО операторының мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы,мемлекеттік қызмет көрсету үшiн сұрау салу нысанын экранға шығаруы және ХҚО операторының қызмет алушы деректерiн енгiзуi;

ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да қызмет алушы деректерiнiң болуын тексеру;

ХҚО операторының қағаз тасығыштағы құжаттардың болуы туралы бөлiгiнде сұрау салу нысанын толтыруы және қызмет алушы ұсынған құжаттарды сканерлеуi, оларды сұрау салу нысанына бекітуі және мемлекеттік қызмет көрсетуге толтырылған сұрау салу нысанын (енгізілген деректерді) ЭЦҚ арқылы растауы;

ХҚО операторының қызмет алушының қоса берілген құжаттарын тексеруі (өңдеуі);

қызмет алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда ХҚО қызметкері Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;

көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:

құжаттың нөмірі және қабылданған күні;

сұрау салынған мемлекеттiк көрсетілетін қызметтiң атауы;

қоса берілген құжаттардың атауы мен саны;

мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні (уақыты) және құжаттарды беру орны;

құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты;

көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлғалар үшін), байланыс деректері көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі;

ХҚО операторының ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (қызмет алушы сұранысын) ықпалдастырылған ЭҮШ арқылы ЭҮП-ке жіберу;

электрондық құжатты ЭҮП-те тіркеу;

қызмет алушының ХҚО операторы арқылыхалықаралық сертификат не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап алуы.

Қызмет берушінің сұрау салуын жіберуге уәкілетті құрылымдық бөлімшелер немесе лауазымды тұлғалар:

ХҚО операторы.

ЭҮП-те қызмет алушының сұрау салуын тіркеу және өңдеу кезінде ХҚО қызметкерлерінің іс-қимылы осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес ЭҮП арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимыл № 1 диаграммасында көрсетілген.

ХҚО-мен өзара іс-қимыл реттілігі және мерзімдері, оның ішінде қызмет берушілердің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша сұрау салуларын қалыптастыру және жолдау рәсімдері (іс-қимылдары):

1 процесс – мемлекеттік қызмет көрсету үшін ХҚО операторының ЭҮП-ке логин мен пароль енгізуі (авторлау үдерісі);

2 процесс – ХҚО операторының мемлекеттік қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшiн сұрау салу нысанын экранға шығаруы және ХҚО операторының қызмет алушы деректерiн енгiзуi;

3 процесс – қызмет алушы деректері туралы сұрау салуды ЭҮШ арқылы ЖТ МДБ / ЗТ МДБ-ға жолдау;

1 шарт - ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да қызмет алушы деректерiнiң болуын тексеру;

4процесс - ЖТ МДБ/ ЗТ МДБ-да қызмет алушы деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкіндігінің болмауы туралы хабарлама қалыптастыру;

5 процесс – ХҚО операторының қағаз тасығыштағы құжаттардың болуы туралы бөлiгiнде сұрау салу нысанын толтыруы және қызмет алушы ұсынған құжаттарды сканерлеуi, оларды сұрау салу нысанына бекітуі жәнеқызмет көрсетуге толтырылған сұрау салу нысанын (енгізілген деректерді) ЭЦҚ арқылы растауы;

2 шарт –ХҚО операторының қызмет алушының қоса берген құжаттарын тексеруі (өңдеуі);

6 процесс – қызмет алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда ХҚО қызметкері Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;

7 процесс – ХҚО операторының ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (қызмет алушының сұрау салуын) ықпалдастырылған ЭҮШ арқылы ЭҮП-ке жіберу;

8 процесс - электрондық құжатты ЭҮП-те тіркеу;

3 шарт – қызмет берушінің қызмет алушының қоса берген құжаттарының Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);

9процесс – қызмет алушының ХҚО операторы арқылы халықаралық сертификат не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап алуы.


  1. ХҚО арқылы сұрау салу нәтижесін алу процесі:

қызмет алушы мемлекеттік қызмет нәтижесін алу үшін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталған соң жүгінеді. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – Стандарттың 4-тармағына сәйкес.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

11. ЭҮП арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жүгіну тәртібі және қызмет беруші мен қызмет алушы рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігі осы Регламенттің 2 қосымшасына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл № 2 диаграммасында көрсетілген.

қызмет алушы ЭҮП-де тіркеуді қызмет алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады (ЭҮП-те тіркелмеген қызмет алушылар үшін жүзеге асырылады);

1 процесс – қызмет алушы компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту және мемлекеттік қызметалу үшін қызмет алушының ЭҮП-ге парольді енгізуі (авторлау процесі);

1 шарт – ЖСН/БСН) мен пароль арқылы тіркелген қызмет алушы туралы деректердің түпнұсқалығын ЭҮП-де тексеру;

2 процесс –қызмет алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты ЭҮП-тің авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;

3 процесс –қызмет алушыныңмемлекеттікқызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы және нысанды толтыруы, сұрау салу нысанына қажетті электрондық түрдегі құжаттарды бекітуі;

4 процесс – ЭҮТШ-те төлемақы жасау, бұдан кейiн бұл ақпарат ЭҮП-ке келiп түседi;

2 шарт – ЭҮП-те мемлекеттiк қызметкөрсеткені үшін төлемақы төленгенін тексеру;

5 процесс – ЭҮП-те мемлекеттік қызмет көрсеткені үшiн төлемнiң болмауына байланысты сұратылып отырғанқызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

6 процесс –қызмет алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

3 шарт – ЭҮП-те ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктері тізімінде болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БЖН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БЖН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкес келуін тексеру;

7 процесс –қызмет алушының ЭЦҚ түпнұсқалылығының расталмауына байланысты сұратылып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

8 процесс –қызмет алушының ЭЦҚ-ның көмегімен мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды куәландыру (қол қою);

9 процесс – ЭҮП-те қызмет алушының электрондық сұрау салуын тіркеу;

10процесс – қызмет алушының ХҚО операторы арқылы халықаралық сертификат не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап алуы.

Қызмет беруші арқылы қадамдық іс-қимылдармен шешімдеросы Регламенттің 2 -қосымшасында (№ 3 диаграммада) келтірілген:

1 процесс – мемлекеттік қызмет көрсету үшін қызмет беруші қызметкерінің ЭҮП-ке логин мен пароль енгізуі (авторлау процесі);

1 шарт –қызмет берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалылығын логин және пароль арқылы ЭҮП-те тексеру;

2 процесс – қызмет берушінің қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторландырудан бас тарту туралы ЭҮП хабарлама қалыптастыру;

3 процесс – қызмет берушініңмемлекеттік қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы және қызмет берушініңқызмет алушының деректерін енгізуі;

4 процесс – ЭҮП-те сұрау салуды тіркеу жәнемемлекеттік қызметті өңдеу;

2шарт – қызмет берушінің қызмет алушының қоса берген құжаттарының Стандарттың 9-тармағындағы талаптарғажәне халықаралық сертификат беру үшiн негiздергесәйкестiгiн тексеруі;

5процесс – талап бұзушылықтардың болуына байланысты ЭҮП-те сұратылып отырған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

6процесс – халықаралық сертификатты қағаз түрінде дайындау.



Ескерту.

Аббревиатуралардың толық жазылуы:

БСН - бизнес-сәйкестендiру нөмiрi;

ЖСН – жеке сәйкестендiру нөмiрi;

ЖТ МДБ – «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасы;

ЗТ МДБ – «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базасы;

ЭҮТШ – «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзi;

ЭҮШ – «электрондық үкiметтiң» шлюзi;

ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.

«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

1 қосымша

Әрбір іс-қимылды (рәсімді) өтублок-сызбасы


Қызмет алушы



Халыққа қызмет көрсету орталығы не «электрондық үкіметтің»веб-порталы
autoshape 4





Қызмет беруші кеңсесі қызметкерінің қызмет алушыныңСтандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарын қабылдауды және кіріс нөмірі мен қабылдау күнін көрсете отырып, кіріс хат-хабарларын тіркеу журналына тіркеуді жүзеге асыруы. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут






Қызмет беруші басшысының қызмет алушының құжаттарын қарауы және қызмет берушінің бөлім басшысына қарауға беруі. Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут



Қызмет беруші бөлім басшысының қызмет алушының құжаттарын қарауы және қызмет беруші бөлімінің маманына орындауға беруі. Орындалу ұзақтығы –20 (жиырма) минут






Қызмет беруші бөлім маманының қызмет алушының құжаттарын қарауы, қағаз түріндегі халықаралық сертификатты не қағаз және/немесе электрондық түрде дайындалған мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдеуі. Орындалу ұзақтығы – 4 (төрт) сағат






Қызмет беруші басшысының халықаралық сертификатқа не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қоюы. Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут


autoshape 77

Қызмет беруші кеңсесі қызметкерінің халықаралық сертификатты не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ХҚО-ға жіберуі. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) сағат



Қызмет алушы

«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

2 қосымша


ЭҮП арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде

функционалдық өзара іс-қимыл № 1 диаграммасы


ЭҮП арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде

функционалдық өзара іс-қимыл № 2 диаграммасы


Қызмет берушіарқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде

функционалдық өзара іс-қимыл № 3 диаграммасы


Шартты белгілер:





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет