Дехлауи – үнді ақыны.
135
Шаих – Низамиді ақындар осылай атаған.
532
Қашанда жақсылардың жаны бірге,
Осылар сыйынатын тәңірің де.
Сәлем бер ортасына сен олардың,
Бас иіп құдіретіне даналардың.
Көрсетпе алдын орап оғаш қылық,
Артын бақ әңгіменің, толас қылып!»
Сол жаққа ентеледім мен бөгелмей,
Қарсы алып, періштелер қол берердей.
Арада жүз қадамдай жер қалғанда,
Кілемнен көтерілді тарландар да.
Тобымен бет алғанда маған қарай,
Үдеттім жүрісімді шабандамай.
Құлшына бас-басына сәлемдестім,
Именіп, сөйлесуге әрең көштім.
Өзіме медет тұтқан абыздардың
Есімін алдыменен ауызға алдым:
Фирдауси
136
, Сағди
137,
Санаи
138
, Әнуариді
139
,
Хақани
140
, Унсуриді
141
һәм Жәмиді.
Сөзімді соза берсем мән шыға ма,
Айтпағым көкейдегі таусыла ма?
Танысып болғаннан соң мен жағалай,
Алқа топ аяңдады төрге қарай.
Низами шайх топтың ең басында,
Шәкірті Хисрау да дәл қасында.
Пірім де қатарласып Шайхпенен,
Барады қадам тастап байыппенен.
136
Фирдоуси - әйгілі «Шахнама» дастанын жазған Әбілқасым Фирдоуси (934-1026).
137
Сағди – Муслихаддин Ширази, «Бостан» және «Гүлстан» дастандарын жазған әйгілі
тәжік-парсы ақыны (1208-1292).
138
Санаи – Ғазнада өмір сүрген парсы ақыны.
139
Әнуари - әйгілі тәжік-парсы балладашы ақыны.
140
Хақаний – Хақани Шируани белгілі Әзербайжан ақыны. (1120-1199).
141
Унсури – Ғазнауилар әулетінен шыққан Сұлтан Махмут сарайында қызмет еткен ақын.
533
Тапқандай көңілімнің көксегенін,
Ынтыға, соңдарынан өкшеледім.
Әңгіме жүре бара қоздады тез,
Ұстазым мен хақында қозғады сөз.
Жан сырын маған деген салды ақтарып,
Бас ұрдым, көзімнен жас саулап тамып.
Пірім мен Хисрау сонда, бәрекелді! –
Жетелеп Низаминге мені әкелді.
Тұтқын боп қайғы-мұңға келген едім,
Табылды жалғандағы ең керегім.
Ашылып жұмбақ қақпа алдымдағы,
Екі әлем екі жақтан қол бұлғады.
Шайхпен дидарласу арман еді,
Жар болып, жарылқады алла мені.
Құладым аяғына қасиетті,
Жосылып жанарымның жасы кетті.
Босаттым көкірегімді шерге көмбей,
Тоғыз қат көкке құлаш сермегендей.
Басымды көтердім де алдым қолын,
Аңғардым даналықтың даңғыл жолын.
Қуандым есім шығып мен бейшара,
Ұлы ұстаз жасағанда белгі-ишара.
Ұсынды өз қасынан орын маған,
Сейілтіп күдігімді арылмаған.
Қиянға қиялымды шарықтатты,
Дүниенің оң мен солын парықтатты.
Жанымды жарқыратты лағыл нұрмен,
Тағы да жерді құшып, табындым мен.
Тіл қатты: «Дарасың сен жалғанда бұл,
Тәңірі тілегіңді алған қабыл!
534
Жаралмас сөз жұлдызы енді сендей,
Жаһанды жайнатасың мәңгі сөнбей.
Ғазалды түрлендіріп өрнектедің,
Жете алар саған, сірә, жер-көкте кім?
Әлемді қос тағанмен тамсандырдың,
Қандырып тұнығына кәусар жырдың.
Іштегі асылыңды ақтар тынбай,
Теңіздей жыр маржанын төк тартынбай.
Бойына жан бітіріп өлі сөздің,
Өзіңнен бұрынғыдан тегіс оздың.
Менен де байқалып тұр үйренгенің,
Ұрпаққа үлгі шашар игі еңбегің.
Мына сөз «Хамсамдағы» талайға сын:
«Менімен тайталасқан абайласын!
Болмаса қайрат-күші асып түсер,
Желкесін алмас жырым кесіп түсер!»
Бұза алмай алдындағы зор қамалды,
Талайлар басын тіккен жолда қалды.
Хисрау келгеннен соң өзі маған,
Кеніштің аштым жұмбақ көзін оған.
Бірнеше пақыр тағы тапты медет,
Шырағын үмітінің жақты кенет.
Аттансаң осы жолға ойың лаулап,
Салғайсың пенделіктен бойыңды аулақ.
Алып тау болсаңдағы оза алмайсың,
Қасында ұлы ойыңның тозаңдайсың.
Тазартып көңіл кірін жас жаңбырың,
Жайнасын өмір нұрын шашқан жырың.
Түлеген Жәмидей де дана пірің,
Астында Низамидің қанатының.
535
Жақсының үлгі жаяр бәрі көпке,
Ол саған жол сілтеді әділетке.
Көз майын таусып талай тамсанып ем,
Үңіліп қайте қоям таң сәріден.
Төгілсін інжу-маржан көмейіңнен,
Одан да рухыммен жебейін мен.
Сыйынып ұлылардың аруағына,
Күн сайын құлшылық қыл, арна дұға!
Неғұрлым медет тұтсаң қорғаныңбыз,
Шалдықсаң сая болар орманыңбыз.
Бітірдің екі жылда «Хамсаны» бұл,
Кетпей ме қолдамасақ қанша ғұмыр.
Маржаны мөлдіреген нұрдан тұнық,
Бес кеніш қазынаға тұрған тұнып.
Бес алқа көзден таса қалып келген,
Жарқылдап сәуле шашып жарық берген.
Жалғанда еш нәрсе жоқ текке келмек,
Осы ғой-тартқан азап, еткен еңбек.
Қарымы жетер сендей ердің ғана,
Көмбеге жалғыз озып келдің дара.
Білсең де тартынбадың тым қиынын,
Ақтардың құпияның тұңғиығын.
Орынсыз төгіп-шашпай сөз қорыңды,
Шиырдан алып шықтың өз жолыңды.
Үңіліп сүрлеуіне ұлылардың,
Сиқырлы өнер сырын ұғына алдың.
Сәулесін сұңғылалар төкті саған,
Сондықтан ауыр жүкке жетті шамаң.
Әлі де үйренерсің бұрынғыдан,
Жүдемес жадау тартып жырың бұдан.
536
Арзымас ақыл алған көп көрегеннен,
Ес қатпас арзан мүлік бөктергенмен.
Ер жігіт жолдан таймас не көрсе де,
Сөз тозбас бүкіл дүние көнерсе де.
Құнықпас мал-мүлікке сенің патшаң,
Кемел жан көңілінің емін тапсаң.
Аспады сабасынан тоқшылықта,
Жабығып, жүнжімеді жоқшылықта.
Дана Шах, халқына шаң қаптырмайды,
Ғазидай
142
әділ сұлтан таптырмайды.
Орнатып байтағының бетіне абат,
Тәңірі көкке өрлетсін жеті қабат!
Тұсына сол жайсаңның келдің де тап,
Өлеңнен өлмес мұра бердің жасап!»
Түрегеп, ізетпенен аттап алға,
Бір тілек айттым Шаих тоқтағанда:
«Халқына жері жоқ бір қатты кеткен,
Жырлайық Шах Ғазиды ақ тілекпен!
Хисрауға толға деді сонда Шайх:
«Асыра мадақтасақ болмас айып.
Сайрауға гүлзарбақта бұлбұл ынтық,
Төгілдір бәйітіңді мың құбылтып.
Тиегің ағытылмас кең көсілмей,
Жеткізші жұрт тілегін көл-көсірдей!»
Құйғандай құдіретімен көктен арай,
Сонан соң сөзін бұрды көпке қарай:
«Шах қана қайырымды, ақын жанды,
Жинайды маңайына ақылманды.
142
Ғазий – Сұлтан Хұсайын, Темір әулетінен шыққан сұлтан Хұсайын Байқара (1469-1506).
Хорасан әкімі. «Хатами және Хұсайний» деген лақап атпен парсы және өзбек тілінде өлең
жазған.
537
Жаңғырсын жыр әлемі жатқан иен,
Хисаруға қуат беріп жаппар ием!
Халықты кенелдірсін бақ телегей,
Тілейік «Әумин!» деп Шахқа мерей».
Бұл сөзді көріп хақтың әміріндей,
Қол жайды түрегеліп бәрі бірдей.
Ақындар жалбарынды сонда былай:
«Батырма адамзатты сорға, құдай!
Ұстатып тақ тізгінін әулекіге,
Халықты ұшыратпа нәубетіңе.
Барғанша қияметке сайран құрсын,
Жер бетін той-думнға айналдырсын.
Жоғалып зорлық-жапа, зәбір біткен,
Дүние тыныстасын әділдікпен!»
Осылай бет сипасты мінәжат қып,
Жақсының сөзінде жоқ, сірә, жаттық.
Үміттің себепші боп шырағына,
Шалынар Жаратқанның құлағына.
Ұлылар үндемесе мен не деймін,
«Хамсаны» қойнымнан ап жерге қойдым.
Алдыға жайып салып еңіредім,
Жалындым медет бер деп төңірегім:
«Тулатып жүрегімді ойнақшытқан,
Сыр еді өзегімнен қайнап шыққан.
Тағдырдың құр қалмадым сыйлығынан,
Шарапат өздеріңнен тиді бұған.
Қолға алып, зейінменен қараңыздар,
Асылға әрбір жолын балаңыздар.
Ұлыстың көкейіне қонсын барып,
Байлыққа ағыл-тегіл болсын қарық!»
538
Бітірген дүниемді бар жігермен,
Қастерлеп Шайх сонда алды жерден.
Сонан соң Жәмиге айтты: «Батаңды бер,
Сүйікті шәкіртіңе қатар жүрер.
Әулетім осы менің-игі арманым,
Секілді соңғы егіннен жиған дәнім.
Ізіңе ұрпақ барда із қосылар,
Жалғайтын болашаққа бізді осылар.
Ұстаздың шәкіртте ғой бар мұраты,
Жақсының ұмытылмас мәңгіге аты!»
Батасын пірім бере бастағанда,
Қол жайды қосыла оған басқалар да.
Тұманы күмәнімнің тарап күпті,
Жадырап, көңіліме қанат бітті.
Жуылып жүректегі қайғы-мұңым,
Арманым аспанға өрлеп, жайды нұрын.
Деді ол: «Ой жүгіртіп әрбір саққа,
Әуелі алғысыңды жаудыр Шахқа!»
Тәубеме келдім мына сөзден кейін,
Өзіме асқар болып өз деңгейім.
Жалғанда пенде бар ма жаны мұңсыз,
Отырып қалды пірім тағы да үнсіз.
Жетелеп шығарғандай шиырымнан,
Байыппен қолын алды иығымнан.
Бас иіп дархандыққа мұншалық кең,
Жыладым қатты толқып, мұң шағып мен.
Сол замат мейіріммен пірім демеп,
Ақырын қақты арқамнан «Мұның не?» деп.
Дедім мен: «Азабымды кім түсінер,
Ойласам көңіліме мұң түсірер».
539
Ол айтты: «Ғажап еңбек тәмамдадың,
Өзіңмен тайталасар ғаламда кім?!
Сүрінбей өттің талай бөгеттерден,
Құдайға құлшылық ет медет берген!»
Бас иіп қоштастым да пірімменен,
Беттедім кең әлемге күлімдеген.
«Хамсаны» мұрат еді аяқтамақ,
Жаратқан жәрдем етті аяп қарап.
Жеткізді мақсатыма аңсағанда,
Айтқанмен алғысымды тауса алам ба!
Жабықпас енді жаным құлазып еш,
Болыңдар сендер-дағы разы-хош!
Қызық пен рақаттың төріне аунап,
Қайтайын біраз уақыт көңіл аулап!..
* * *
Уа, сахи, толтыра құй, кепті қаным,
Қаңсыған көкірегім төкті жалын.
Сергиін сәуле жұтып мен-дағы бір,
Жүйкеме жұпар сеуіп болған ығыр.
Кел, жыршы, бөле тағы мұңлы әсерге,
Ақырғы айтарымды тыңда сен де.
Тербеші тәтті әуенмен маужыратып,
Тапқандай тыныстайын мәңгі бақыт.
Ей, Науаи! Төгілдірдің ән мен күйді,
Жаратқан жүрегіңе дәрмен құйды.
Күніңе шүкірлік қыл өзің кешкен,
Шырқатып таңға дейін көз ілместен.
540
Достарыңызбен бөлісу: |