Халықты және өрт қауiпсiздiгi саласындағы мамандарды хабарландыру, бiлiмдi насихаттау, оқыту ережесiн бекiту туралы



Дата23.02.2016
өлшемі42.51 Kb.
Халықты және өрт қауiпсiздiгi саласындағы мамандарды хабарландыру, бiлiмдi насихаттау, оқыту ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 19 желтоқсандағы N 1327 Қаулысы

      "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етедi:

      1. Қоса берiлiп отырған Халықты және өрт қауiпсiздiгi саласындағы мамандарды хабарландыру, бiлiмдi насихаттау, оқыту ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 


2002 жылғы 19 желтоқсандағы    
N 1327 қаулысымен бекiтiлген    

       Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша "өртке қарсы қызмет органдары", "Өртке қарсы қызмет органдары", "өртке қарсы қызмет аумақтық органдарының", "өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздер "мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары", "мемлекеттiк өртке қарсы қызмет", "мемлекеттiк өртке қарсы қызмет аумақтық органдарының", "мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкiметiнiң 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.



Халықты және өрт қауiпсiздiгi саласындағы мамандарды
хабарландыру, бiлiмдi насихаттау, оқыту
ЕРЕЖЕСI

      Ескерту. Мәтiндегi "Мемлекеттiк" деген сөз алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2005.06.30. N 662 қаулысымен .

      1. Осы Ереже Халықты және өрт қауiпсiздiгi саласындағы мамандарды хабарландыру, бiлiмдi насихаттау, оқыту тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Ұйымдар қызметiнiң өрттердiң алдын алу және оларды жою жөнiндегi қауiпсiздiкке, салдарларға, шараларға қажеттi өрт қаупiнiң дәрежесi мен ықтимал дәрежесi туралы ақпарат ашық, жариялық болып табылады және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      3. Халыққа қауiп төндiретiн өрт туындаған кезде мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары 24 сағаттың iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарын хабардар етедi, соңғысы болған оқиға туралы ресми хабарды жариялайды не эфирге шығарады.

      4. Өрт ошағына жақын аудандарға қауiп төнген жағдайда, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары жергiлiктi атқарушы органдармен өзара iс-қимыл жасай отырып, өрт туралы ақпарат жинауды ұйымдастырады және бұл туралы 10 сағаттан кешiктiрмей халыққа хабардар етедi.

      5. Ұйымдар қызметкерлердi өрттiң туындау қаупi немесе туындағаны туралы хабарландырады, сондай-ақ өрттiң туындау қаупi немесе туындау сәтiнен бастап тез арада мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң аумақтық бөлiмшелерiне фактi туралы белгiленген тәртiппен хабарлайды.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.

      6. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы бiлiмдi насихаттауды өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган , оның аумақтық бөлiмшелерi, қоғамдық өрт бiрлестiктерi жүзеге асырады.


      Ескерту. 6-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2005.06.30 N 662 қаулысымен .

      7. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары бұқаралық ақпарат құралдарымен, тиiстi жергiлiктi атқарушы органдардың келiсiмi бойынша жыл сайын өрт қауiпсiздiгi ережелерiн насихаттау жөнiнде жоспарлар әзiрлейдi және олардың iске асырылуын қамтамасыз етедi.

      8. Өрт қауiпсiздiгi ережелерiн насихаттау жөнiндегi материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға байланысты шығыстарды қаржыландыру тиiстi жергiлiктi бюджеттерде осы мақсаттарға көзделген қаражат шегiнде жүргiзiледi.

      9. Жергiлiктi атқарушы органдар шаруашылық жүргiзушi объектiлердiң және елдi мекендердiң өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қабылдаған кезде мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң қызметкерлерi бұқаралық ақпарат құралдары, кәсiпорындардағы, оқу орындарындағы, МПК және басқа да ұйымдардағы өрт қауiпсiздiгi бұрыштары арқылы халықты хабардар ету жөнiндегi тиiстi жұмысты жүргiзедi.


       Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.

      10. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары жыл сайын жылыту маусымы басталар алдында аймақтар халқымен өрт қауiпсiздiгi жөнiнде айлық өткiзедi.

      11. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары жыл сайынғы жұмыс жоспарына сәйкес өрт-техникалық орталықтардың базасында өрт саласындағы бiлiмдi және мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң жетiстiктерiн насихаттау үшiн экскурсиялар, конкурстар өткiзедi, мектепке дейiнгi, жалпы орта, бастауыш, орта және кәсiптiк жоғары бiлiм беру ұйымдарын, халықты, журналистердi, жазушыларды, суретшiлердi тарта отырып, көпшiлiк iс-шараларын ұйымдастырады.
       Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.

      12. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы қызмет көрсетулер, оның iшiнде халықты оқыту мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк ұйымдарды қоспағанда, шарттық негiзiнде орындалады және көрсетiледi.

      13. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қоғамдық өрт бiрлестiктерiне өртке қарсы плакаттар, альбомдар, открыткалар, буклеттер әзiрлеуде және шығаруда, өртке қарсы экспозицияларды, стендтердi, витриналарды, және кабинеттердi (бұрыштарды) жабдықтауда әдiстемелiк көмек көрсетедi, қаржыландыру сол бiрлестiктердiң есебiнен жүргiзiледi.

      14. Жоғары, орта, бастауыш кәсiптiк, жалпы орта және мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарында өрт қауiпсiздiгi шараларына мiндеттi оқыту арнайы бағдарламалар бойынша оқу жоспарында сағаттардың сараланған санымен жүзеге асырылады.


       Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.

      15. Ұйымдардың қызметкерлерiн өрт қауiпсiздiгi шараларына оқыту және өртке қарсы насихат жүргiзу заңнамамен ұйымдардың бiрiншi басшыларына жүктелген.


       Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.

      16. Объектiлердегi өрт қауiпсiздiгiне жауап беретiн мамандарды (инженерлiк-техникалық қызметкердi), кәсiпкерлер мен азаматтарды өрт қауiпсiздiгi саласында оқыту:


      кәсiптiк даярлау мектептерi мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет аумақтық органдарының оқу орталықтарында;
      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi жанындағы бiлiктiлiктi арттыру курстарында жүргiзiледi.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2005.06.30. N 662 қаулысымен .

       17. Халықты тұрғылықты жерi бойынша өрт қауiпсiздiгi ережелерiне оқытуды қажеттiлiгiне қарай және жедел жағдайды ескере отырып, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары жиналыстарда, тұрғындардың жиындарында жүргiзедi. Мемлекеттiк инспекторлар қызмет көрсетiлетiн аумақта халықты өрт қауiпсiздiгi шараларына өтеусiз негiзде оқытуға (лекциялар, семинарлар, сұхбаттар, викториналар, тақырыптық кештер және т.б. өткiзуге) қатысады.


      Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2005.06.30. N 662 қаулысымен .
Каталог: npakz -> postanov -> doc
doc -> Мемлекеттiк резервтi сақтауды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң шығындарын өтеу, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою
doc -> Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының және мемлекеттiк меншiктегi аса маңызды объектiлердiң тiзбелерiн бекiту туралы
doc -> Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң және өрт-техникалық оқу орындары курсанттарының нысандық және арнайы киiм-кешектерiнiң үлгiлерi мен тиесiлiлiгi нормаларын бекiту
doc -> Ұйымдарды, азаматтарды және басқа адамдарды қорғаныс сипатындағы жұмыстарды орындауға, қарсылас жақтың қару қолдануының салдарын жоюға, зақымданған, қираған объектiлердi, халықтың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету жүйесiн қалпына келтiруге, сондай-ақ өртке
doc -> Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы
doc -> Мемлекеттiк материалдық резервтiң дебиторлық берешегiн есептен шығару қағидасын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 10 қарашадағы №1184 Қаулысы «Мемлекеттiк материалдық резерв туралы»
doc -> Азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу ережесi мен өлшемiн бекiту туралы
doc -> Азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалуы туралы есеп беру қағидаларын бекiту туралы
doc -> Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия туралы
doc -> Мiндеттi түрде өртке қарсы қызмет құрылуға тиiс ұйымдар мен объектiлерде өрттердi сөндiруге мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары тартылған жағдайда шығатын шығындарды өтеу ережесiн бекiту туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет