Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының


Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды; 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен



бет2/4
Дата24.02.2016
өлшемі0.56 Mb.
#12706
1   2   3   4
Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды; 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара); 2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)  9) тармақша өзгертілді; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеуге және бекітуге;

9-1) халықты жұмыспен қамту орталығының үлгі жарғысын әзірлеуге және бекітуге;

9-2) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының азаматтарын өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарына жатқызу критерийлерін айқындау тәртібін бекітуге;



9-3) ағымдағы бос орындар және болжамды жұмыс орындары дерекқорына енгізу үшін қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер ұсынуға арналған нысандарды әзірлеуге және бекітуге;

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 9-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9-4) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялар туралы үлгі ережелерді әзірлеуге және бекітуге;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға міндетті.

2007.11.01. № 218-III ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды



3. Орталық атқарушы орган өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетеді.

 

ҚР 27.01.04 ж. № 524-II Заңымен (01.03.04 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР 2005.13.04 ж. № 40-III Заңымен 7-бап өзгертілді



7-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар

Жергiлiктi атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту саясатын iске асыруды:

2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер аумағында тұратын нысаналы топтарды және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтiк шараларды жыл сайын анықтап отыру;

3) жеке кәсiпкерлiктi, шағын және орта бизнестi дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын ашуды қолдау;

ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) жұмыссыздарға әлеуметтiк қорғау көрсету;

5) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;

2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен 5-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5-1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру, сондай-ақ аталған рұқсаттарды тоқтата тұру және кері қайтарып алу;



5-2) жұмыс орындарының жалпы санының үш процентi мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу;

5-3) мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшiн арнаулы жұмыс орындарын құру;

ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 5-4) тармақшамен толықтырылды

5-4) әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру;

2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен 5-5) тармақшамен толықтырылды; 2012.15.02. № 556-ІV ҚР Заңымен 5-5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



5-5) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;

2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен 5-6) тармақшамен толықтырылды

5-6) интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;

2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен 5-7) тармақшамен толықтырылды



5-7) жастар практикасын ұйымдастыру;

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 5-8) тармақшамен толықтырылды



5-8) еңбек ресурстарына қажеттілікті қалыптастыру, халықты жұмыспен қамтуды ұйымдастыру және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 5-9) тармақшамен толықтырылды

5-9) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



6) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетiн басқа да iс-шараларды жүзеге асыру;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

7) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етеді.

 

ҚР 27.01.04 ж. № 524-II Заңымен 8-бап өзгертілді (01.03.04 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



8-бап. Уәкiлеттi орган

1. Уәкiлеттi органның:

1) өтiнiш жасаған азаматтар мен жұмыссыздарға - жұмыс табу мүмкiндiгi туралы, ал жұмыс берушiлерге жұмыс күшiмен қамтамасыз ету мүмкiндiгi туралы хабарлап отыруға;

2) азаматтар мен жұмыссыздарға жұмыс таңдауда жәрдемдесуге, жұмысқа орналасу және оқу үшiн жолдама беруге;

3) еңбек рыногы бойынша деректер банкiн түзуге;

ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



4) адамдар өтiнiш жасаған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешiктiрмей тiркеуге, оларды есепке қоюға;

 5) кәсiби бағдарлау iсiнде азаматтар мен жұмыссыздарға тегін қызметтер көрсетуге;

6) жұмыссыздарды олардың келісімiмен қоғамдық жұмыстарға жiберуге;

ҚР 2009.05.05. № 159-IV Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

7) жұмыссыздарды еңбек рыногының қажеттіліктеріне сәйкес, кейіннен оларды жұмысқа орналастыруға көмек көрсете отырып, кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберуге;

ҚР 2009.05.05. № 159-IV Заңымен бап 7-1) тармақшамен толықтырылды

7-1) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды өздері өтініш білдірген жағдайда еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберуге;

ҚР 2009.05.05. № 159-IV Заңымен бап 7-2) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады)



7-2) 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)

8) жұмыссызға оның жұмыссыз ретiнде тiркелгенi туралы анықтама беруге;

9) халықтың экономикалық тұрғыдан белсендi бөлiгiне (жұмыс күшiне) сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға және халыққа, жергілікті және орталық атқарушы органдарға еңбек рыногының жай-күйi туралы хабарлауға;

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



10) құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясатты және нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді қамтамасыз ететін арнайы iс-шараларды iске асыруға мiндеттi.

2. Уәкiлеттi органның:

1) жұмыс берушiге жұмыс күшi қажет болған жағдайда, оларға азаматтар мен жұмыссыздарды жiберуге;

2) жергiлiктi атқарушы органдарға олардың аумағында орналасқан ұйымдарда қоғамдық жұмыстарды дайындау мен жүргiзу жөнiнде ұсыныс енгізуге;



ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) білім беру мәселелерiн қарайтын мемлекеттік органдардан, білiм беру ұйымдарынан, әртүрлi ұйымдардың мамандар даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктiлiгiн арттыруды жүзеге асыратын оқу курстарынан бiтiрушiлердi жұмысқа орналастыру туралы мәлiметтер, оқыту жүргiзiлетiн кәсiптер (мамандықтар) туралы, нақты кәсiптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлануы жоспарланып отырған мамандар саны туралы ақпарат сұратуға;

ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды; 2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); ҚР 2009.05.05. № 159-IV Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) еңбек делдалдығын көрсетуге құқығы бар.

2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды

5) ҚР 2009.05.05. № 159-IV Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

ҚР 27.01.04 ж. № 524-II Заңымен 9-бап толықтырылды (01.03.04 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара); 2007.15.05. № 253-III (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 320-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді



9-бап. Жұмыс берушiлердiң халықты жұмыспен қамтуға қатысуы

1. Жұмыс берушiлер мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын iске асыруға:

1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарттары мен ұжымдық шарттардың талаптарын сақтай отырып, жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету;

2) қызметкерлердi кәсiби даярлау және өндiрiс iшiнде оқыту жүйесін дамыту;

2-1) кадрларды техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары арқылы даярлау;

3) құрылымдық өзгерістер барысында білiктi қызметкерлердің кадрлық әлеуетiн сақтау және ұтымды пайдалану;

4) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргiзуге жәрдемдесу;

5) өз қаражаты есебiнен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру;

6) жұмысқа орналастыру мәселесi бойынша өтiнiш жасаған адамдарды ұйымдарда белгiленген біліктiлiк талаптарына сәйкес бос орынға жұмысқа қабылдау;

7) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қызметкерлерді сақтандыру арқылы қатысады.

2. Жұмыс берушi:

2009.05.05. № 159-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердiң жұмыстан босайтыны, босатылатын қызметкерлердiң қызметтерi мен кәсіптері, мамандықтары, біліктiлiгi және еңбекақы мөлшерi көрсетiле отырып, босатылуы мүмкiн қызметкерлердiң саны мен санаттары туралы және олар босатылатын мерзiмдер туралы жұмыстан босату басталардан кемінде екі ай бұрын уәкiлеттi органға толық көлемде ақпарат беруге;

2009.05.05. № 159-IV ҚР Заңымен тармақ 1-1) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады)

1-1) 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)

2) бос жұмыс орындары (бос қызметтер) пайда болған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде олар туралы уәкiлеттi органға мәлiмет жiберуге;

ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) уәкiлеттi орган берген жолдамаға тиiстi белгi қою арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебiн көрсете отырып, ол туралы дер кезiнде (уәкiлеттi орган оған азаматтарды жiберген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде) хабарлауға;

ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды; 2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



4) мүгедектер, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының белгіленген квотасын орындауға;

ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды; 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)



5) уәкiлеттi органға алған мамандығы мен біліктiлiгiн көрсете отырып, кәсiптiк даярлықтан, қайта даярлықтан және өндiрiсiшiлiк оқытудан өткен адамдардың саны туралы мәлiметтер беруге;

2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды

6) жұмысқа қабылдау үшін бос жұмыс орындары туралы ақпараттарда еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптарға жол бермеуге міндетті.

ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Осы баптың талаптарын бұзғаны үшiн жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес туындайды.

 

ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



10-бап. Жеке жұмыспен қамту агенттiгi

1. Жеке жұмыспен қамту агенттiгiнiң:

1) өтiнiш жасаған адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы және Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының мәселелерi бойынша консультация беруге;

2) жұмысқа орналасу мүмкiндiгi туралы ақпарат беруге және өтiнiш жасаған адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге;

3) жұмыс берушiлер мен жұмысқа орналасқысы келетiн адамдар туралы мәлiметтер қалыптастыруға;

4) жұмыскерлердiң жұмыс берушiлердiң біліктiлiк талаптарына сәйкес келуiн ескере отырып, оларды iрiктеудi жүзеге асыруға;

5) халықаралық шарттар бар болған кезде, бiр елден екiншi елге жұмысқа орналастыру үшiн жұмыскерлер жинауды жүзеге асыруға;

6) өтiнiш жасаған адамдарды кәсiптiк даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастырып, бұдан кейiн жұмысқа орналастыруға;

7) адамдарды шет елде жұмысқа орналастырған жағдайда, оларды әкету үшiн рұқсат құжаттарын ресiмдеуге құқығы бар.

2. Жеке жұмыспен қамту агенттiгi:

1) кемсiтушiлiктiң кез келген нысанына жол бермеуге;

2) өтiнiш жасаған адамдардан алынатын ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;

3) бала еңбегiн пайдалануға, адамдарды жыныстық және (немесе) өзге де мақсатта пайдалану үшiн тартуға жол бермеуге;

4) өтiнiш жасаған адамдармен еңбек делдалдығы бойынша қызметтер көрсету туралы шарттар жасасуға мiндеттi.

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



3. Жеке жұмыспен қамту агенттiктерi жұмысқа орналастыру, жұмыс орындарын құру мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдармен, жұмыс берушiлермен өзара iс-қимыл жасайды.

2007 ж. 6 шілдедегі № 276-ІІI ҚР



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет