Халықтық педагогика элементтерін математика сабағында қолдану XX ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»



бет11/13
Дата30.04.2023
өлшемі0.56 Mb.
#473029
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
1a8a7fbd2edb5180cccc885da172a3073d6de106

1-жүргізуші : Біздің мектептің оқушысының жаңалығын тыңдайық .
Оқушы: Мен сіздерге бір оқу жылындағы берілген уақыт жеткіліксіз екенін дәлелдеп беремін . 1 жылда 365 күн , оның ішінде 52 жексенбісі бар
365-52
10 күн мерекелік күндер деп аламыз
313-10
Барлық каникул күндерін 100 деп аламыз
303-100
Түнде мектепке бармаймыз , түндер жылдын жартысын береді
203-183
Сонда бізде 20 күн қалды .
Мектептегі сабақтардың ұзақтілігі тәуліктің бір ширегіне тең деп алсақ , тағы 15 күнді алып тастау керек
20-15
Сонда сабақ оқуға 5 күн ғана қалады !
Осы 5 күн бізге не береді?!
1-жүргізуші: Осындай көтеріңкі көңіл күйде біздің конференциямыз де мәресіне жетті . Қорытынды сөзді қатысушылар мен қонақтарға береміз .
Қорытынды : Санамақ: Сіздерге күнде орындауға арналған нұсқаулық :
Бір- таңертең тұр.
Екі- шынығып бекі.
Үш- тазала тіс.
Төрт- сабындап жу бет.
Бес- сүртін тез
Алты – үйді жина жалпы.
Жеті- киін енді.
Сегіз- асыңды жеп, іш.
Тоғыз- ыдысты жу тегіс.
Он- сабақ оқы.
Осыдан соң, бұл санамақ жаңа
Күнде өстіп сана.
«Сандар мен цифрлар әлемді басқарады» - деп Пифагор мектебінің тыңдаушылары бекер айтпаған . Расында да сандар адамға әлемді басқаруға көмек береді , оны ғылым мен техниканың дамуынан білуге болады . Барлықтарыңызға назар аударып тыңдағандарыңызға үлкен рахмет айтамыз .
Ақын Қ.Қазыбеков «Есеп» туралы былай жырлайды (бұл екі оқушының айтысы ретінде келтірілген):

  • Айдан хабар алғыған,

Зәулім үйді салғызған.
Теңіз суын каналмен
Шөп далаға батырғызған.
Есеп емей немене?
-Табиғат сырын аштырған,
Тоқпен қазан астырған,
Миллион гектар астықты
Комбайынмен бастырған .
Есеп емей немене?
-Шындықты алғаш таратқан,
Жыл, күніңді санатқан,
Тауып ғажап жаңалық
Жоқтан барды жаратқан.
Есеп емей немене?
-Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен.
Роботтай «адамды»
Тіл бітіріп сөйлеткен.
Есеп емей немене?
-Білмегенді білгізген,
Өлшеп киім кигізген,
Барлық істі атқарып,
Пайдасын елге тигізген.
Есеп емей немене?
Кез келген сабақта кез келген сыныпта есептер шығарғанда , оның шыққан жауабындағы санға байланысты оқушы мақал-мәтел, жұмбақ,санамақ айтуды әдетке айналдырдым. Мысалы : Қазақ халқы қай санды киелі сан дейді? Жауабы: 7 саны, көкті жеті қабат, жерді жеті қат деп есептейді, 7 қазына деген атаулар. Балаға жетіге келгенше жерден таяқ жейсің, жеті атасын білмеген жетесіз деген даналық сөзі осы 7 санының киелілігін білдіреді.
Кез келген жаңа сабақты бекіткенде есептерді реттік сан бойынша шығарып, (әр деңгейлі есептер) жауаптары дұрыс болғанда, артқы бетінде тәрбиеге байланысты киелі сөз шығады. «Координаталар бойынша нүктені салу» сабағын өткенді берілген нүктелер арқылы, сәйкес әріптерден мақал-мәтел шығару. Мақал-мәтелді оқу.
Ж(-4;0) , Е(-1,5;1,5), Т(-3;0), І(0;0), Ж(-4;0) ,Ұ(0;-1),Р(-1,5;-1,5), Т(-3;0), Т(-3;0),Ы(0;-3), Ң(4:0), Т(-3;0), І(0;0),Л(1,5;1,5), І(0;0),Н(0;1),Б(0;3), І(0;0), Л(1,5;1,5).
Ж(-4;0) , Е(-1,5;1,5), Т(-3;0), І(0;0), Т(-3;0),Ү(3:0), Р(-1,5;-1,5), Л(1,5;1,5), І(0;0), Б(0;3), І(0;0), Л(1,5;1,5), І(0;0),М(1,5;-1,5) , Б(0;3), І(0;0), Л(1,5;1,5).
Халқымыздың асыл қазынасын сабақта тиімді пайдалану, оқушыларды өз ұлтын сүюге оның салт – дәстүрлері мен мәдениетіне құрметпен қарауға үйретері сөзсіз. Бірақ сабақтан тыс өткізетін іс-шараларда да халық педагогикасының элементтерін қолдануды өз тәжірибемде әдетке алдым. Мысалы: «Алтын сақа» ойыны . Бұл ойынды математика пәнінің апталығы кезінде немесе тарауды аяқтағанда кезінде оқушылармен өткізуге болады . Бұл ойынға 4 оқушы қатысады. Асықты иіріп реттік сандарын анықтады. ( «алшы»-4, «тәйке» -3, « шік»-2, «бүк»-1)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет