БҰРЫНДЫҚ ХАН
Керей мен Жҽнібек хандар қайтыс болғаннан
кейін хан тағына Бұрындық отырады. Бұрындық –
Керей ханның үлкен ұлы, шамамен 1430 – 1510
жылдары ҿмір сүрген. Бұрындық хан билік басында
отыз жылдан астам уақыт отырады. Оның кезінде
≪
Қазақ хандығы≫ Сырдария ҿзенінің бойындағы
ежелгі қазақ қалалары – Түркістан, Отырар, Сауран
жҽне т.б. үшін күрестер жүргізеді, бұл күрестер ҿте
ұзаққа созылады. Ақыры, Бұрындық хан жаулармен
соғысты тоқтатып, бейбіт келісімге келеді. Бірақ
жаулар аз уақыт ішінде күшейіп алып, қазақтарға
қарсы бірнеше рет жорықтар жасайды.
Кҿптеген қазақ
ауылдары тоналады, адамдары тұтқынға алынады. Ал,
Бұрындық хан болса, жауға қарсы ешқандай ҽрекет
жасамайды. Сол кезде жауға қарсы Жҽнібек ханның ұлы
Қасым сұлтан бас кҿтереді. Ол Ұлытау деген жерде жау
ҽскерін тас-талқан етіп жеңіп, ҿз жерлеріне дейін қуып
жібереді. Содан кейін халық Бұрындық ханды ≪хан≫
санамай, Қасымды ≪хан≫ ретінде тани бастайды.
ҚАСЫМ ХАН
Бұрындық ханнан соң хан тағына атақты Қасым хан келеді. Қасым
хан Жҽнібекұлы (1445 – 1518 жж.) – қазақтың ұлы хандарының бірі,
Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі Жҽнібек ханның ұлы. Ол
Бұрындықтың тұсында ханның атты ҽскерлерін басқарып, қолбасшы
батыр болған. Талай шайқастарда қол бастап, жеңіске жетіп отырған. Ол
қан майдандағы жеңісті ерлігімен, ел басқаруға қосқан ақыл-кеңесімен,
кҿрші елдермен байланыс орнатудағы саясаткерлігімен, жұртты соңына
ертер шешендігімен ел кҿзіне ерте түссе де, жеке билікке ұмтылмаған.
Бұрындық ханның дегеніне кҿніп, қалтқысыз қызмет еткен. Бірақ
Бұрындық елдің сенімін ақтай алмай, Самарқандқа кетуге мҽжбүр
болады. Сонда қаза табады. Осыдан кейін барып, Қасым хан билікті ҿз
қолына алады. Ол он жылдай хан тағында билік жүргізеді. Қасым ханның
тұсында Қазақ хандығы ҿзінің дҽуірлеу биігіне кҿтеріледі. Қазақ
халқының саны артады, жері ұлғаяды. Қазақ ҽскерінің де саны кҿбейіп,
атты ҽскері 300 мыңға жетеді. Оның кезінде Сырдария ҿзені бойындағы
қалалардың барлығы қазақтарға ҿтеді.
Ол таяу кҿршілермен ғана емес, сырт
елдермен, мысалы, Мҽскеумен терезесі тең дҽрежеде дипломатиялық қарым-
қатынас орнатады. Ешбір жау елге соғыс аша алмайды. Халық тыныш ҿмір сүреді.
Осылайша, дүние жүзіне қазақтардың даңқы тарап кетеді. Қазақ еліндегі барлық
сұлтандар Қасым ханды сыйлап, оның жарлықтарын екі етпей орындайды. Сол
замандағы бір тарихшы: «Бұл елде Қасым хандай күшті хан болған емес», – деп
жазады. Ал, қазақ халқы болса, Қасым ханды ұмытпай, оның ел басқарудағы
тҽртібін «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап, бүгінге дейін айтып келеді. Керей
хан мен Жҽнібек хан тарихта Қазақ хандығының іргесін қалап, шаңырағын
кҿтерумен ерекшеленсе, Қасым хан – сол хандықты нығайтып, жерін кеңейтіп,
халқын кҿбейтіп, даңқын
дүние жүзіне танытумен, қазақтың тұңғыш заң
ережелерінің негізін жасаумен ҽйгілі болған ұлы хан.
Достарыңызбен бөлісу: |