Хандық дәуіріндегі ақын-жыраулардың МоральдыҚ ілімдері арынғазиева Б. Б



Дата02.07.2016
өлшемі84.85 Kb.
ӘӨЖ 10(09) (574)+130.12 (574)
Хандық дәуіріндегі ақын-жыраулардың

МоральдыҚ ІЛІМДЕРІ

Арынғазиева Б.Б. – филос.ғ.к., доцент

ОҚМПИ, Шымкент қаласы


Резюме

Акынская поэзия как своеобразный феномен в истории казахской культуры демонстрирует превалирование антропологической тематики.

В частности, в творчестве Бухар жырау, Шалкиизе, Шортанбая, Актамберды и др., на первый план выдвигается проблема личностного самовыражения (кісілік).

В данной статье рассматриваются сущность и формы проявления личностного самовыражения в творчестве казахских акынов-жырау.
Rezyme

Akin’s poctry as peculiar in the history of Kazakh culture shows the prevalent anthrophological themes.

In particular in the works of Bukhar zhyrau, Shalkiiz, Shortfnbay, Aktanberdy and others the problem of peculiar self-expression is scrutinized to the first plfn.

In the diven article the essence and the forms of appearance of the pecular soltexpression of the works of Kazakh akin-zhyrau are taken.
Бұдан 550 жыл бұрын Қазақ хандығының іргесі қаланғанын баршамыз білеміз. Бірақ, одан кейін Қазақ халқын тағдыр сан түрлі сынаққа салып, үш ғасыр тарихымыз бен ар-ожданымыз табанға тапталып, түрлі нәубетті бастан өткіздік. Дегенмен, мың өліп мың тірілген қазақ халқы ақыры 1991 жылы егемендігін (азаттығын) алып, биыл, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтудеміз. Сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрмет ретінде, осы мақаланы хандық дәуіріндегі ақын-жыраулардың моральдық ілімдеріне арнап отырмын.

Хандық дәуіріндегі қазақ әдеп жүйесінің философиялық мәселелері әлі жеткілікті қарастырылмаған және пікір-таласты мәселеге жатады. Қазақтарда кездесетін моральдық ұстанымдар мен батыстық этикалық принциптерді көшпелі халықтың адамгершілік түсініктерімен жақындата айқындауға болады. Мысалы, Асан Қайғының (ХV ғасыр) мына жолдарына назар аударалық:

«Таза мінсіз асыл тас

Су түбінде жатады,

Таза мінсіз асыл сөз

Ой түбінде жатады .

Су түбінде жатқан тас

Жел толқытса шығады,

Ой түбінде жатқан сөз,

Шер толқытса шығады» [1, 25-26 бб.]

Бұл жолдардың сыртқы мазмұнына назар аударсақ, тіпті, қазақ әдеп жүйесіне рационалистік ұстаным тән деген салғырт пікірлерге келуге болады. Алайда, философия тарихы тұрғысынан терең зерделесек, онда рационализм жеке-дара батыстық тұлғаның қоршаған ортаны игеру құралы екендігіне көзіміз жетеді. Бір Құдай барлығы үшін, әркім өзі үшін әрекет ететін қоғамда тұлғалық ақыл-ойды жетілдіру басты стратетик болып табылады. Мәселенің бұл жағы қазақ философиясы тарихын зерттеушілердің назарынан да тыс қалған жоқ.

2001 жылы қорғалған «Хандық дәуіріндегі ақын-жыраулар философиясындағы кісілік құндылықтар жүйесі (ХV-ХVІІІ ғасырлар)» атты кандидаттық диссертацияның «Хандық дәуіріндегі ақын-жыраулардың этикалық ойларының философиялық негіздері» атты бөлімінде Б.Б.Арынғазиева (осы мақаланың авторы) қазақ дүниетанымындағы интелектуалдықтан тыс бастаулардың маңыздылығын атап өткен болатын. Сол кездегі ойы бойынша, қазақы дүниетанымда рационалды білім шегінен шыға алатын интелектуалды пайымдау мен аңдау ерекше қызмет атқарады. Мысалы, «Нұрлану (озарение), интуиция дегендердің көмегімен XV-XVIII ғасырларда қазақ ақын-жыраулары эпостың көркемдік қуатын қамтыған философиялық толғаулар тудырды..., интелектуалдық нұрланудың жарығын интуицияның жарқылын адамгершілік санамен күштің көтерілуін сезбеу қалайша мүмкін болған болар еді» [2, 74 б.]. Сол кезде айтылған бұл ойлар Шоқан Уалихановтың қазақ халқының жоғары аңдағыштық қасиеті туралы пайымдауларымен де сәйкес келеді. Қазақ ғұламасы осы парасаттылық үлгілерін кең даланы еркін иемденген көшпелілік тұрмыс бітімімен түсіндірген. Бірақ, бір нәрсені ескеру қажет. Интелектуалдық интуицияның өзі батыстық рухани мәдениеттің туындысы және оны далалық руханиятқа қолданудың шегі бар. Осы тұрғыдан алғанда, жоғарыда келтірілген Асан Қайғы даналығындағы шешуші түсінікке «асыл сөздің шер тарқатса шығатындығы» жатады. Өйткені, даналық қазақы дүниетанымда дараланған объект ретінде емес, керісінше, адамның ішкі дүниесімен тығыз байланыста қарастырылады. Қазақтың төлтума мәдениеті сөз құдіреттілігі мен қасиеттілігіне (сакральность) арқа сүйейтін рухани жүйеге жатады. Қасиетті, аузы дуалы, асыл сөзді кім көрінген айта алмайды. Ол үшін шер тарқату, халық үшін қам жеу, қиналу, кейде, тіпті, түңілу де қажет. Босқа айтылған сөз – ғаріп. Тағы да Асан жолдарынан:

«Бұл заманда не ғаріп?

Жақсыларға айтпаған

Асыл шырын сөз ғаріп» [1, 27 б.]

Сөз құдіреттілігі және әдептік реттеуші күші, әсіресе, билердің шешендік өнерінен анық көрінеді:

«Ең тәтті де – тіл, ең ащы да – тіл

Ең жұмсақ та – тіл, ең қатты да – тіл

Қызыл тілден – қан да тамады, бал да тамады» [3, 16 б.]

Сөз құдіреттілігі адамдық қарым-қатынастарды реттеуші тетіктер әдеп пен құқықтың мәдени құндылығымен де айқындалады. Өйткені, көшпелілік тұрмыс жағдайында сөзге тоқтау құқықтық норманы жүзеге асыратын басты құрал болып табылады. Осы туралы қазақ халқы «айтылған сөз – атылған оқ» – дейді. Бұл, нақыл бір жағынан, халықтың сөзді қалай бағалағандығын көрсетсе, екінші жағынан, оған немқұрайлы қарауға болмайтындығын ескертеді. Үшіншіден, сөздің әсер етуін, қызмет жасау қуатын, оның адам ойы мен ісіне жүріс-тұрыс тәртібіне ықпал ету қабілетінің қарымдылығын көрсетеді. «Су – тас жарады, сөз – бас жарады» деген қазақ елі аузындағы мәтел ойымызды қуаттай түседі. Жалпы, әдептік-құқықтық реттеуші ауызекі мәдениеті көшпелі қазақ болмысының басты өмірлік принциптеріне жатқан. Бұл мәдениет адам руханилығының тек ақылдылық бастауларына ғана емес, сонымен бірге, көңіл-күймен (шер, мұң, асқақтық, қуаныш) арман-қиялға да сүйенген. Тіл тек ойды білдіруші ғана емес, оған қоса адамдық коммуникациялық тетік болып табылады. Осы туралы Сәбетқызы Ақатай «Жыраулық философиясындағы әлеуметтік тарихи болмыс» атты еңбегінде мәшһүр Жүсіп Көпеевтің мынадай орынды пікірін келтіреді: «Адамның ғазизлігі сөзбен болады. Хайуан сөз өнері болмағаннан хайуан болды. Көңіл – бір жатқан кеннің дариясы. Сонан шыққан сөз жауһар. Ауыздан шыққан сөз көмір. Тіл – болаттан жасалған өткір қанжар. Оның майдалап, уақтап, жасап шығарып жатқанының бәрі інжу. Көп адамның бір жерге бас қосқаны бау-бақша жасалған сияқты. Соның ішінде сөз жеміс секілді. Бұл дүние бір қараңғылықтай нәрсе. Оны жанды қылатын ақиқат сөз. Сөздің ізетінен адам рахат алар» [4, 61 б.]. Мәшһүрдің бұл пайымдаулары белгілі батыстық философ Мартин Хайдеггердің «сөз болмыстың үйі» [5, 216 б.] деген қағидасын еске салады. Егер, ақын-жыраулар шығармашылығына оралсақ, онда жоғарыдағы ойлармен дөп келетін бір шама жолдарды кездестіреміз. «Ең қиыны – не?» деген сұраққа Бұхар жырау (1668-1781) былай деп жауап берген:

«Ел бастау қиын емес, қонатын жерден көл табылады.

Қол бастау қиын емес, шабатын жерден ел табылады.

Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ» [1, 93 б.].

Ақын-жыраулар шығармашылығында көтерілген сөз құдіреттілігі үрдістері кейінгі қазақ мәдениетінде де өз жалғасын таба білді. Осы туралы үзінділер келтірейік:

Түзулік көрсе күйленген, зұлымдық көрсе жиренген.

Күншілдік, найза түйренген, қызыл тілім, кел бері!

Танам жанның мінін айт, жалған айтпай шынын айт,

Аяп, ішің жылып айт, адамды бастар ілгері!

Сөккенің болсын сүйгенің! Достығың болсын күйгенің,

Ащы тілмен тілгенің, жоғалсын деп міндері!» [6, 74 б.] – деп, Шәкәрім әдеп пен тілді тікелей байланыстырса, Ғұмар Қараш көркем сөзді рухани емші деп қарастырған:

«Өлшемнен елдің түрі көрінеді,

Өлшеніп таразыға ілінеді.

Дәрігердің шекісіндей өте сезгіш,

Кей сөзден нәзік мағына білінеді.

Өз мінін өзі бірақ өлшер жерде,

Әркім де біразырақ кідіреді.

Кісінің жайын көргіш болғанымен,

Келгенде өз басына мүдіреді.

Шұбырып жұрт өлшеніп шығып жатыр,

Тартқанын неше мысқал кім біледі» [6, 81 б.].

XV-XVIII ғасырлардағы қазақ ақын-жыраулардың моральдық, этикалық түсініктерінің тағы бір қайнар көзі «ұстамдылық» ұғымы адамды дүниенің тірегі кісі деп ұғынумен байланысты. Орта ғасырлардағы батыстық дүниетанымда (бұл сипатта исламдық адамтануда христиандық ілімнен алыс кеткен жоқ) адам өз табиғаты бойынша екі ұдайлы болып келеді: бір жағынан, ол өз рухы арқылы Құдаймен жалғас болып келсе; екінші жағынан, адам тәндік бастаулары бойынша – пенде. Тек, Жаңа заманда адам мәдени-әлеуметтік әрекеттің иегері тұлға (субъект, «личность», «персона») деңгейіне көтеріле алды. Алайда, «тұлғалық жоғарылық адамгершілік қасиеттерді толық меңгеруге кепілдік бере алмайды. «Кісі» ұғымы еуропалық тілдерге тура, дәл мағынасында аударылмайды. Кісілік – адамдық руханият пен әдептің жеке тұлғада ұялануы, дамуы және көріністері. Нағыз кісі тынымсыз ұмтылыстың, өмірді қастерлеудің жігердің нәтижесі. Мысалы, Бұхар жырау жырлағандай :

«Әлемді түгел көрсе де, алтын үйге кірсе де,

Аспанды жұлдыз аралап, ай нұрын ұстап мінсе де –

Қызыққа тоймас адамзат!

Ілімді түгел білсе де, қызығын қолмен бөлсе де,

Қызықты күні қырындап, қисынсыз күйге түссе де –

Өмірге тоймас адамзат!

Жақындап ажал тұрса да, жанына қылыш ұрса да,

Қалжырап көңілі қарайып, қарауытып көзі тұрса да –

Үмітін қоймас адамзат!» [1, 121 б.]

Қазақ ақын-жырауларына тән оптимистік, өмірсүюлік позиция Асан Қайғының «Жерұйық» арман-үлгісінен бастау алатындығы белгілі. Бұл оптимизмнің негізінде адам болу шарты жатыр. «Кісі» ұғымы қазіргі философиялық әдебиетте жеткіліксіз талданған түсінікке жатады. Оның негізгі белгілері Қ.Жарықбаев пен Т.Х.Ғабитовтың «Әдеп негіздері» атты еңбегінде қарастырылған. «Халқымыз – дейді авторлар, – кез-келген адамды «кісі» деп атай бермеген. Кісілік имандылық пен адамгершіліктің басты белгісі. Ол ес жиып, етек жабу нәтижесінде біртіндеп қалыптасатын, адамның азаматтық ар-ожданы, кескін-келбеті, адамшылықтың өлшемі» [7, 48 б.].

Ақын-жыраулар шығармашылығында моральдық ілімдер, оның ішінде адамгершілік пен кісілік мәселесі негізінен дидактикалық өлеңдер мен батырлық жырларда айрықша қарастырылады. Мысалы, әр жолынан «кісілік асқақтықтың» буырқанып тұрғанын Қазтуғанның (ХV ғасыр) төмендегідей мақтау жырынан көруге болады:

«Бұдырайған екі шекелі, мұздай үлкен көбелі,

Қары ұнымы сұлтандайын жүрісті,

Адырнасы шайы жібек оққа кірісті,

Айдаса қойдың көсемі, сөйлесе қызыл тілдің шешені,

Ұстаса қашағанның ұзын құрығы,

Қалайылаған қасты орданың сырығы,

Билер отты би соңы, би ұлының кенжесі,

Буыршынның бұта шайнар азуы,

Бидайықтың көл жайқаған жалғызы,

Бұлтты болған айды ашқан, мұнар болған күнді ашқан,

Мұсылман мен кәуірдің, арасын өтіп бұзып дінді ашқан

Сүйінішұлы Қазтуған!!!» [1, 31 б.]

Бұл жерде кісілік асқақтық батыр бейнесінде берілген. Батыр – қауымнан дараланып, бөлініп шыққан алғашқы мәдени тұлға. Ру, қауым, тайпа, жүз – дәстүрлі көшпелілік мәдениеттің іргетасы болғандығы даусыз. «У ішсең – руыңмен іш» дейді қазақ халық мақалы. Қазақтың дәстүрлі рулық қоғамы туысқандық қатынастарға негізделгені де белгілі. Шоқан Уалиханов атап өткендей, жүз бен жүздің, жүз ішіндегі рулардың бір-бірімен арасындағы қатынас нағыз тығыз туысқандыққа сәйкес, ал, рулардың өз жүзіне деген қатынасы баланың әкеге, үлкен жүздің аға руына жиеннің нағашыға қатынасындай. Әрине, рулық адамның классикалық көшпелілік қоғамдағы оң құндылықтары туралы жеткілікті жазылған. Алайда, бір жағдайды ескеру қажет. Қауым жеке тұлғаны, кісіні емес, алдымен тұтастықты қайталауға ұмтылды. Бұл тұлғалық енжарлықтың бір себебі де болып табылады. Тұтастық қатынастар қоғамдық құрлымға сегментарлық сипат береді. Сондықтан, батырлық жырларда шыққан тегіне қарамай, өзінің жеке басының айрықша қасиеттері арқылы дараланған кісі туралы баяндау көркем шығарманың желісіне айналды. Яғни, батырда «мендік» сезім жоғары деңгейде болған.

Ақын-жыраулар жырлаған кісіліктің басты белгілеріне жататындары: атамекен мен туған халқына деген сүйіспеншілдік, ар-ұятты қастерлеу, намыстылық, мейрімділік, ізеттілік, ата-бабалар әруағы мен ақсақалдарды сыйлау, ата-аналық парыз бен балалық қарыз, әділдік, қанағатшылдық, яғни, этиканың басты категориялары төңірегінде топтасқан. Бірақ, қазақ хандығы дәуіріндегі ақын-жыраулар айшықтаған әдеп ұстанымдары (моральдық ілімдері) батыстың моральдық ілімдерінен басқаша, өзіндік бітімі бойынша тұжырымдалады. Біріншіден, кісілік қасиеттер ауызекі поэтикалық арнада көркем суреттемелер арқылы берілген. Екіншіден, моральдық ілімдер (адамгершілік, кісілік белгілері) қазақы руханиятта құқықтық діни, көркем өнерлік нормалармен синкретті әрекет еткен. Үшіншіден, моральдық ілімдер ақын-жырауларда ауызекі мәдениеттің көне үлгілерін қамти отыра жырланған.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Бес ғасыр жырлайды. -Алматы,1984, 3 томдық, 1 том. -255 бет

2. Арынғазиева Б.Б. Хандық дәуіріндегі ақын-жыраулар философиясындағы кісілік құндылықтар жүйесі (ХV-ХVІІІ ғасырлар). Философ. ғыл. канд. диссертация. ҚазҰУ. -Алматы, 2001.

3. Қайырғалиева К. Билер мәртебесі. -Ақтөбе: А-Полиграф ЖШС, 2013. - 147 б.

4. Сәбетқызы А. Жыраулық философиясындағы әлеуметтік тарихи болмыс. –Алматы, 2006. -100 б.

5. Антология культурологической мысли. -Москва,1996. 288 б.



6. Есім Ғ. Фалсафа тарихы. -Алматы, 2000.

7. Жарықбаев Қ., Ғабитов Т.Х. Әдеп негіздері. Үшінші басылымы, -Алматы, 2013. -188 бет.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
publications -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
publications -> Тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы Отандық тарих ғылымының методологиялық мәселелері
publications -> Магистр юридических наук Муйденова А. К., магистр юридических наук Э. О. Тойлыбекова
publications -> Қызылорда облысының экологиялық Қолайсыз аймақтарында тұратын халықТЫҢ медициналық-демографиялық жағдайының сипаттамасы
publications -> К. э н. Айдосова Б. Х., Магистр экономических наук Жунусова Э. Ж
publications -> Ибн сина, оның Өмірі, философия мен медицинадағЫ Үлесі
publications -> Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының негізі
publications -> Программа аудита денежных средств
publications -> Әож 351. 79: 556. 536. 2 Трансшекаралық суларды қҰҚЫҚТЫҚ реттеу тарихы жайында


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет