Хасанова и. У. Рахметова а. Ж



Pdf көрінісі
бет12/29
Дата01.11.2023
өлшемі1.71 Mb.
#482146
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29
xasanova

12-тапсырмаНе артық? 
а) 
 
ә) 
 
 
б) 
 
13-тапсырма. «Дұрыс па? Бұрыс па?» 
 
Сұрақ 
Дұрыс 
Бұрыс 

Бір жылда 4 жыл мезгілі бар. 

Көктемде күн ыстық болады. 

Наурыз – көктемнің алғашқы айы. 


24 

Көктемде құстар жылы жаққа ұшып 
кетеді. 

Көктемде қар жауады. 

9-мамыр Жеңіс күні. 
 
 
14-тапсырма.
 
Қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс? 
Мынау – қалпақ, 
Мынау – қармақ, 
Мынау – қаңбақ, 
Мынау – қаймақ. 
Аттары ғой бұл әлі, 
Ал осылар туралы 
Былай десем дұрыс па, 
Әлде мұным бұрыс па? 
Көлге салам қалпақты, 
Басқа кием қармақты, 
Күнде жеймін қаңбақты, 
Жонда қуам қаймақты. 
Бұрыс болса, ұрыспа, 
Әлде былай дұрыс па? 
Жонда қуам қалпақты, 
Күнде жеймін қармақты, 
Басқа кием қаңбақты, 
Көлге салам қаймақты. 
Бұрыс болса, ұрыспа, 
Әлде былай дұрыс па? 
Күнде жеймін қалпақты, 
Жонда қуам қармақты. 
Көлге салам қаңбақты, 
Басқа кием қаймақты. 
Бұным-дағы бұрыс па, 
Әлде былай дұрыс па? 
Басқа кием қалпақты, 
Көлге салам қармақты, 
Жонда қуам қаңбақты, 
Күнде жеймін қаймақты. 
 
15-тапсырма.
 
Шарадалар. 
 
Бас буынмын – батырмын, 
Зат есіммен келесі 
Талай асқа батырдың. 
Біріктіріп екеуін, 


25 
Елімде ағып жатырмын. (Ер-тіс) 
Бастайтыным – сан 
Неше? 
Қостайтыным – бір мүшең. 
Енді келер жалғасын 
Асқа күнде саласың. 
Бәрін қоссаң, 
Табасың
Қазақстан қаласын. (Екі-бас-тұз) 
Бір бөлігі – сын есім, 
Екіншісі – топырақ. 
Біріккенде, 
Білесің
Атын үлкен атырап. (Қызыл-құм) 
Басың тәтті дер едім, 
Бұйрық райда – ал соңы 
Тұтас – 
Атын береді 
Таныс көлдің, 
Тап соны. (Бал-қаш) 
 
16-тапсырма. Анаграммалар. 
Жылқышының қолында – 
«Ұ» әрпімен, 
Ондық саны тобында- 
«Ы» әрпімен. (Құрық-қырық) 
«С»-мен айтсаң, 
Тағам ішем онымен. 
«З»-мен айтсаң, 
Қағам жерге оны мен. (Қасық-қазық) 
«Ж»-дан бастасаң, 
Жыл мезгілі болады. 
«Қ»-дан бастасаң, 
Құсқа айнала алады. (Жаз-қаз) 
«Қ»-мен егер бітірсең, 
Ыдыс-аяқ ол бірі. 
«Н»-мен егер бітірсең, 
Балықтың ол бір түрі. (Табақ-табан) 
 


26 
17-тапсырма. Бұл қай мезгіл? 
Ауыл алды ақша қар,
Ақша қарда топ бала. 
Соғып жатыр аққала, 
Жалқауы жоқ жұмысқа. 
Тапталады табанға, 
Судыр – судыр жапырақ. 
Өрттей сары бояуға, 
Малынғандай атырап. 
Көктен тартып күн нұрын, 
Жерден тартып жылылық. 
Әнін тыңдап бұлбұлдың 
Бәйшешектер тұр күліп. 
Күн жайдары алақай, 
Жатыр жайнап даламыз. 
Жүр, қанеки, балақай, 
Шомылуға барамыз. 
 
18-тапсырма. Сәйкестендіру тесті 
1. Кім? 1.Сәкен, Ертіс, Байшұбар
2. Кімдер? 2. домбыра, гүл
3. Не? 3. оқушы , ана
4. Нелер? 4. әндер, құстар
5. Жалқы есім түрі 5. оқушылар, аналар
6. Жалпы есім түрі: 6. қобыз, ән, құс
 
19-тапсырма. 
«
Кресиктер мен ноликтер» ойыны Кім?-О Не?-Х 
Аспаз 
Сатушы 
Бала 
Сиыр 
Айран 
Сүт 
Құрт 
Ыдыс 
Жылқы 
Қымыз 
Нан
Айран 
Қасық 
Малшы
Сауыншы
20-тапсырма.
 
Кім не сыйлады? 
досына 
Қуыршақ қоян қонжық мысық гүл 
сыйлады 
Мадина 

Айжан 
Мадияр 
Санжар 
 
 


27 
21-тапсырма. Сөздерді құрастырып, әр қатардағы артық сөзді табыңыз. 
1. ҚМЛАА, ОРБ, ҚҚЗААНЫ, ААТҚТ. 
2. ҒЫУБ, ММЙАЫЛ, АКІПТ, НЫРТААС. 
3. ЛАМЫШ, СҰТА, ЙЫШОҚЫН, ҰЛАМҒІМ. 
 
22-тапсырма. Бірнеше зат есім жазыңыз. 
 
 
 
 
Тізбекті ел «Қандай?» 
 
1-тапсырма. Зат есімді тиісті сын есіммен байланыстырыңыз. 
Сын есім оқушы дос 
әңгіме жер 
еңбек кеш бөлме 
Үздік

Қызықты
Адал
Дымқыл
 
2-тапсырма. Заттың сынын білдіретін сөздерді қойып жазыңыз. 
… гүл, ….. адам, … оқушы, ….. дәптер, ….. жол, …… қыс. 
3-тапсырма. Сын есімдердің антонимін табыңыз. 
Ақылды – ........ Ақ – .......... Тәтті – .......... Жұмсақ – ......... 
 
4-тапсырма. Үлгіге қарап, бірнеше мысал келтіріңіз. 
Мысық қандай? (ақ, аңқау, ала, әдемі, арық, ...) 
Жұмсақ не? (нан, алақан, ойыншық, ...)
5-тапсырма. Үлгіге қарап, сын есімдерді түрлендіріңіз. Үлгі: Мықты – мықтырақ.
Көк – көкшіл. 
Жақсы, қызыл, терең, әдемі, қымбат. 
 
 


28 
6-тапсырма. Төмендегі сөздерді біріктіріп, сөйлем құраңыз.
Ақ  дүние қалдырмайды. 
Білімдіге ұятқа ашылды.
Ұқыпты сандығым жарық. 
 
 
7-тапсырма. Мақалдан сын есімдерді тауып, мағынасын түсіндіріңіз. 
1. Адам болатын бала алысқа қарайды. 
2. Өнерлі бала сүйкімді. 
3. Есер баладан ерке бала жаман. 
8-тапсырма. Белгілері бар, ал заттың өзі кайда? 
1. Кішкентай, тар.... 2. Сұр, сұсты... 3. Жаңбырлы, бұлтты... 4. Құрғақ, 
хош иісті..... 
 
9-тапсырма. Заттарды сипаттап, жұмбақ құрастырыңыз. Үлгі: қышқыл, сары жеміс. 
(Лимон) 
Тізбекті ел «Қанша?» 
 
1-тапсырма.
 
Көп нүктенің орнына сан есімді қойсаңыз, мақалды толық оқисыз.
1. Білімді............... жығады, білекті............... жығады.
2. ............ауыз сөздің тобықтай түйіні.
3. ............ өлшеп, .......... рет піш. 
2-тапсырма. Сәйкестендіру тесті
 
1. Қанша? Неше? 1. жиырма сегіз  
2. Нешінші? 2. екеу, жетеу.
3. Нешеу? 3. жеті, он бір.
4. Дара сан есім: 4. он, алты.
5. Күрделі сан есім: 5. бесінші, алтыншы.
6. Есептік: 6. бірінші, оныншы
7. Реттік: 7. бір, екі, үш
3-тапсырма. Сандардың көршілерін атап, жазыңыз. 
 

 
 
 
 
13 
 
 
 
25 
 
 
 
33 
14 
43 
 
 
 
 
50 


29 
 
4-тапсырма. Қандай санның атының жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар?
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет