Хасанова и. У. Рахметова а. Ж



Pdf көрінісі
бет17/29
Дата01.11.2023
өлшемі1.71 Mb.
#482146
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29
xasanova

 
20-тапсырмаТілдік бөлшектерді үлкенінен кішісіне қарай жазыңыз. 
Сөз тіркесі, буын, мәтін, сөйлем, дыбыс, сөз. 
 


34 
Сөз маржаны 
1-тапсырма. Мәтіннің түрін анықтаңыз. 
Ірімшік – қазақтың ұлттық тағамы. Ол сиырдың сүтінен жасалады. 
Алдымен ұйытылады. Сосын қайнатылады. Қайнауы жеткен соң ірімшікті сүзіп 
алып, кептіреді.
2-тапсырма. Мәтінді жалғастырыңыз. 
 
Қазақстан – үлкен мемлекет. Оның жері кең байтақ. 
3-тапсырма. Мәтінде неше сөйлем барын анықтаңыз. 
Күн жексенбі болатын. Жерде жылтылдаған қырбық қар бар. Есет қалың 
киініп далаға шықты. Ол қар күреп жатқан атасына көмектесті. 
4-тапсырма. Мәтін бойынша графикалық диктант. 
 
Біздің Еркін биыл тұңғыш рет мектептегі жаңа жыл мерекесіне барды. 
Жасыл шыршаны айнала қоршаған өз достарымен бірге ән салып би биледі. 




 
5-тапсырма. Мәтінді өз бетіңше аяқтап жазыңыз. 
Әли мектептен келе жатты. Ағаштың басында ілулі тұрған ұяны көрді. 
6-тапсырма. Мәтін бойынша талдау жасаңыз. 
Су – табиғатта ең көп таралған зат. Жер шарының төрттен үш бөлігін су 
алып жатыр. Мұхиттар, өзен, көлдерге қоса жер асты сулары да бар. Су бұлт, 
тұман, бу, жаңбыр түрінде атмосферада да болады. Мұздықтар мен айсбергтер 
де су болып есептеледі. 
Су барлық тірі ағзаның құрамында бар. Адамның, өсімдіктер мен 
жануарлар денесінің белгілі бір бөлігі судан тұрады. 
Су – негізгі тіршілік көзі. Сусыз тіршілік жоқ. «Судың да сұрауы бар» 
дейді дана халқымыз. Сондықтан суды үнемдеп жұмсау керек. 
 
I Тірек сөздерді табыңыз: 
II Cұрақтарға жауап беріңіз. 
1. Су жер шарының қандай бөлігін алып жатыр? 
А. үштен бір бөлігін 
Ә. үштен екі бөлігін 
Б. төрттен бір бөлігін 


35 
В. төрттен үш бөлігін 
2. Су табиғатта қалай таралған? 
7-тапсырма. 
Өлеңді оқып, ұйқасын табыңыз. 
Сен үшін бақша бұлбұлы 
Сұлу әнін ... .
Сайдың сұлу гүлдері 
Сенің үшін ... .
 
8-тапсырма. Метаграмманың жауабын табыңыз. 
Ол не? 
Балықшының құралы, 
Екі әріптен тұрады. 
Бір әріпті жалғадым, 
Содан тыныс алғаным.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет