Хаттама №11 Университеттің 2013 жылғы қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері



жүктеу 21.76 Kb.
Дата12.07.2016
өлшемі21.76 Kb.
17.02.2014 ж. Ғылыми кеңестің шешімі

(Хаттама № 11)
1. Университеттің 2013 жылғы қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері.

Қаулы етті:

1. Университеттің 2013 жылғы қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері қанағаттанарлық деп танылсын.


2. Ұйымдастырушылық-шаруашылық жұмыс жөніндегі проректор мен бас бухгалтердің 2013 жылға арналған есептері бекітілсін.
2. Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-да кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру тәсілдерінің бірі ретінде студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыру: түрлері, үлгілері, әдістері.

Қаулы етті:

  1. Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-да кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру тәсілдерінің бірі ретінде студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыруын қанағаттанарлық деп есептесін.



  1. Тарих, кәсіби-көркем, физика-техникалық, философия-психология, химия және заң факультеттерінің оқытушылары студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру үшін әдістемелік ұсыныстар жасасын.

Жауаптылар: оқу ісі жөніндегі проректор, тарих, кәсіби-көркем, физика-техникалық, философия-психология, химия және заң факультеттерінің декандары.

Мерзімі: жыл ағымында.

3. Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру бойынша оқу-әдістемелік семинарлар ұйымдастырсын.

Жауаптылар: оқу ісі жөніндегі проректор, Оқу-әдістемелік бөлім бастығы.

Мерзімі: оқу жылы ағымында.

3. Университет қызметінде Болон процессі принциптерін жүзеге асыру туралы.

Қаулы етті:

1. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті қызметінде Болон процессі принциптерін жүзеге асыру туралы жұмыстарын қанағаттанарлық деп есептесін.



2. Шетелдік студенттерді тарту мақсатында сыртқы мобильдік бағдарламаларды белсенді түрді дамытсын.

Жауаптылар: оқу ісі жөніндегі проректор, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, ОӘБ бастығы, ЖООББ және ХБ бастығы, факультет декандары.

Мерзімі: 2014 оқу жылы ағымында.

3. Студенттер мен оқытушыларды мобильді қаржыландыру үшін балама дерек көздерін іздеу жүзеге асырылсын.

Жауаптылар: оқу ісі жөніндегі проректор, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, Қызметкерлерді басқару бастығы, ЖООББ және ХБ бастығы, факультет декандары.

Мерзімі: 2014 оқу жылы ағымында.

4. Академиялық мобильдік бағдарламасына қатыстыру мақсатында филология, кәсіби-көркем, дене мәдениеті және спорт факультеттері ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтсін.

Жауаптылар: ЖООББ және ХБ бастығы, филология, кәсіби-көркем, дене мәдениеті және спорт факультеттерінің декандары.

Мерзімі: 2014 оқу жылы ағымында.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет