Хаттама №6 Е. А. Бөкетов атындағы Қарму студенттерінің академиялық ұтқырлығы: жағдайы мен келешегі



жүктеу 18.57 Kb.
Дата25.02.2016
өлшемі18.57 Kb.
21.12.2011 ж. Ғылыми кеңестің шешімі

(Хаттама № 6)
1. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ студенттерінің академиялық ұтқырлығы: жағдайы мен келешегі.
Қаулы етті:

1. Серіктес жоғары оқу орындарымен академиялық алмасу бағдарламалары шеңберінде қосымша жазғы семестрді ұйымдастыру.

Жауаптылар: оқу ісі жөніндегі проректор, ОӘБ бастығы.

Мерзімі: 30 маусым 2012 жыл.

2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы міндеттеріне сәйкес академиялық ұтқырлықты жүзеге асырудың келешектік жоспары әзірленсін.

Жауаптылар: оқу ісі жөніндегі проректор, факультет декандары.

Мерзімі: 01 ақпан 2012 жыл.

3. Znanie.ksu.kz. білім беру порталының контенті жаңартылсын.

Жауаптылар: Тіркеу және студенттердің академиялық ұтқырлығы Орталығының жетекшісі, ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялар Орталығының бастығы.

Мерзімі: 01 ақпан 2012 жыл.

4. Академиялық ұтқырлық шеңберінде профессорлық-оқытушы құрамның қашықтықтан біліктіліктерін арттыру ұйымдастырылсын.

Жауаптылар: оқу ісі жөніндегі проректор, БЖФ деканы, ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялар Орталығының бастығы.

Мерзімі: 01 қыркүйек 2012 жыл.

2. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың білім беру бағдарламаларын халықарылық аккредиттеу туралы.
Қаулы етті:

1. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың білім беру бағдарламаларын халықарылық аккредиттеу бойынша жоспарлы іс-шараларды жүзеге асыру барысы қанағаттанарлық деп танылсын.


2. Университетті халықаралық аккредиттеудің кезекті кезеңіне дайындау аясында биология-география, заң, экономика және шетел тілдер факультеті білім беру бағдарламаларын өзін-өзі бағалау бойынша есептер құрылсын.

Жауаптылар: бірінші проректор, стратегиялық даму, СМЖ және аккредиттеу Орталығының директоры, білім сапасын бағалау және мониторинг бөлімінің бастығы, биология-география, заң, экономика және шетел тілдер факультеттерінің декандары.

Мерзімі: наурыз 2012 жыл

3. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың Ғылыми кеңес шешімдерінің орындалуы туралы (2011 жыл маусым-желтоқсан айлары.
Қаулы етті:

1. Есеп беру кезеңінде (2011 жыл маусым-желтоқсан айлары) Ғылыми кеңес шешімдерінің орындалуы қанағаттанарлық деп танылсын.


2. Тұрақты орындалу мерзімді шешімдердің әрі қарай жүзеге асырылуын бақылау бірінші проректорға және ғалым хатшыға жүктелсін.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет