Хаттама №9 Е. А. Бөкетов атындағы Қарму-дың 2009 жылғы ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері және оның әрі қарай даму келешегі



Дата25.02.2016
өлшемі23.98 Kb.
21.01.2010 ж. Ғылыми кеңестің шешімі

(Хаттама № 9)

1. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың 2009 жылғы ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері және оның әрі қарай даму келешегі.
Қаулы етті:

  1. Университеттің 2009 жылғы ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері қанағаттанарлық деп танылсын.

  2. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың 2009 жылғы ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп бекітілсін.

  3. Университет ғалымдарының ғылыми әзірлемелерінің тәжірибелік маңызын арттыру мақсатында жаңа нәтижелерді патенттеу бойынша жұмыс күшейтілсін.

Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, Инновациялық-технологиялық орталықтың директоры, факультет декандары, кафедра меңгерушілері.

Мерзімі: үнемі.



  1. Халықаралық конференцияларды ұйымдастыру барысында қатысушылар географиясын кеңейту мақсатында факультеттердің жұмысы белсендірілсін.

Жауаптылар: факультет декандары, кафедра меңгерушілері.

Мерзімі: үнемі.



  1. Қазақстан Республикасы «Ғылым туралы» Заңының жаңа редауциясының күшіне енуіне байланысты университет ғалымдарының оны тиімді пайдалануы үшін оның ережелерін түсіндіру және талқылау бойынша семинар өткізілсін.

Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, Инновациялық-технологиялық орталықтың директоры.

Мерзімі: жыл ағымында.



  1. Жергілікті және республикалық деңгейдегі мемлекеттік органдар өткізетін мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысу үшін бастамашыл топтар құрылсын.

Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, Инновациялық-технологиялық орталықтың директоры.

Мерзімі: үнемі.



  1. Факультеттер магистратура мен PhD-докторантура пәндері бойынша оқу-әдістемелік әдебиеттер әзірлеу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізсін және олардың жоспарын құрсын.

Жауаптылар: факультет декандары, кафедра меңгерушілері.

Мерзімі: жыл ағымында.



  1. Факультеттер жасалған халықаралық келісімшарттарды пайдалана отырып, екі дипломдық білімді жүзеге асыру бойынша жұмысты белсендірсін.

Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім басқармасының бастығы, факультет декандары.

Мерзімі: жыл ағымында.



2. Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2030» Жолдауы тұрғысынан Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың 2008-2010 жж. арналған стратегиялық даму бағдарламасының орындалуы туралы: 2009 жылдың қорытындылары.
Қаулы етті:

1. 2009 жылдың қорытындылары бойынша «Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2030» Жолдауы тұрғысынан Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың 2008-2010жж. арналған стратегиялық даму бағдарламасының» орындалуы қанағаттанарлық деп танылсын.

2. 2010 жылы сәтті аяқтау мақсатында «Бағдарламаның» ағымдағы жылы толық жүзеге асырылмаған тармақтарын орындау бойынша жұмыс белсендірілсін.

Жауаптылар: оқу ісі жөніндегі проректор, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор.

Мерзімі: үнемі.

3. «Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2030» Жолдауы тұрғысынан Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың 2008-2010жж. арналған стратегиялық даму бағдарламасына» қажетті өзгертулер уақытында енгізілсін.



Жауаптылар: бірінші проректор, оқу ісі жөніндегі проректор, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор.

Мерзімі: жыл ағымында.
Каталог: files -> Kollegialnye organy -> Academic council
Academic council -> Хаттама №4 2008-2009 оқу жылындағы университеттің қызметі туралы ректордың есебі және алдағы оқу жылындағы міндеттер туралы
Academic council -> Оқу жылына арналған Ғылыми кеңес жұмысының жоспары
Academic council -> Ғылыми кеңестің 2010-2011 ОҚу жылына арналған жұмыс жоспары
Academic council -> Ж. Ғылыми кеңестің шешімі (Хаттама №5)
Academic council -> Ж. Ғылыми кеңестің шешімі (Хаттама №2)
Academic council -> Хаттама №6 Е. А. Бөкетов атындағы Қарму студенттерінің академиялық ұтқырлығы: жағдайы мен келешегі
Academic council -> Хаттама №7 Ұлттық аккредиттеуге дайындық аясында Қарму-дың өзін-өзі бағалау нәтижелері туралы
Academic council -> Ж. Ғылыми кеңестің шешімі (Хаттама №4) 2011 жылғы «Ғылым туралы»
Academic council -> Хаттама №8 Е. А. Бөкетов атындағы Қарму-дың 2011 жылғы ғылыми-зерттеу қызметі туралы есебі
Academic council -> Ж. Ғылыми кеңестің шешімі (Хаттама №1)


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет