Хаттамасы №___
«Даму мектеп-лицейі»
9 «А» сыныбы
Күні:
Жалпы:
Қатысқаны:
Қатыспағаны:
Күн тәртібі:
«Әдеп және әдет» туралы тәрбие сағаты.
Тыңдалды
Бірінші мәселе бойынша 9 «А» сынып жетекшісі А. Әубәкір өтілетін тәрбие іс-жоспарымен таныстырып өтті.
Екінші мәселе бойынша оқушыларды адамгершілікке, кішіпейілділікке баулу, жаман әдеттерден аулақ болуға баулу; Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту; Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу;
Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере лтырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Әдепті, ақылды балалар қандай болуы керек екенін мына өлең жолдарынан тыңдап көрсек.
Әдептілік ережелері:
• Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін алғыс аййтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды.
• Әрқашан сыпайы болу керек. Сыпайылық - айналаңдағы адамдарға өзіңді жағымды көрсету. Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды.
• Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді.
•Үлкендерді, ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге көмектеседі.
Шешім:
Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту.
Тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары: Г.Мухтарова
Хатшысы: А. Әубәкір
Достарыңызбен бөлісу: |