Хаттамасы №___
Даму негізгі орта мектебі»
8 «Ә» сыныбы
Күні:
Жалпы:
Қатысқаны:
Қатыспағаны:
Күн тәртібі:
«Қыз қылығымен көрікті» тәрбие сағаты.
Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша 8 «Ә» сынып жетекшісі Ф.Әбдірахман өтілетін тәрбие іс-жоспарымен таныстырып өтті.
Қыз балалар тәрбиесін, қыз баланың әдептіліктің, әдеміліктің, сұлулықтың жаршысы екенін сөз ету. Ұл бала мен қыз баланың бірін – бірі шынайы құрметтеп, қастерлей білуге баулу, өзара сыйластықты, достық қарым – қатынасты қалыптастыру.
Мақсаты:
- Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттықылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б. жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу;
- Оқушылардың ойлау, есте сақтау, танымдық қасиеттерін дамыта оқыту;
- Қазақ халқының әдет – ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру, жаман әдеттерден бойларын аулақ сақтап, жақсы қасиеттерді дарыта білу;
- Есте сақтау қабілеттерін және елестету элементтерінің кемшіліктерін түзету.
Көрнекілік:
1) «Қыз – елдің көркі» газет.
2) Мақал – мәтелдер.
3) Қыздардың қолдарынан шыққан әртүрлі өнерлер көрмесі (тоқыма, іс, кесте, бисер, сурет).
Шешім:
Бүгінгі заман жастарымыздан терең білімді, салауаттылықты, ұлттық тіліміз бен дінімізді құрметтейтін мәдениетті талап етеді. Осы талап тұрғысынан көріне білуге мемлекеттімізде барлық жағдай жасалған. Біз, ата – аналар, мұғалімдер өмірден көрген – білгенімізді жастарға үлгі – өнеге, ұлағат ретінде айта жүру парызымыз. Оларға әркез аялы алақан, мәпелеген бап керек.
Тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары: Г.Мухтарова
Хатшысы: Ф.Әбдірахман
Достарыңызбен бөлісу: |