Хаттамасы өткізу күні: 20. 10. 2015 Өткізу орны



жүктеу 36.31 Kb.
Дата16.07.2016
өлшемі36.31 Kb.
«ҮМЗ» АҚ 2016 жылға Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарының жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар

ХАТТАМАСЫ
Өткізу күні: 20.10.2015
Өткізу орны: «ҮМЗ» АҚ, Көркемдік-ақпараттық орталық, Өскемен қ., Абай д-лы,102
Қоғамдық тыңдауларды Өскемен қ. әкімдігі ұйымдастырды.
Қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы ақпарат жұртшылыққа хабарландыру орналастыру арқылы жеткізілді:

- газеттерде:

«Рудный Алтай» 18.09.2015 №110 (орыс тілінде),

«Дидар» 17.09.2015 №106 (қазақ тілінде),

- «ҮМЗ» АҚ және Өскемен қаласы әкімінің интернет-порталдарында.


Қатысушылар:

- жұртшылық өкілдері,

- ШҚО бойынша Экология департаментінің өкілі,

- қала әкімшілігінің өкілі,

- «ҮМЗ» АҚ құрылымдық бөлімше қызметкерлері,

- БАҚ.


Барлығы тіркелді: 44 адам.
Өскемен қ. әкімінің орынбасары Ысқақов Арман Мұқтарқанұлы бүгінгі қоғамдық тыңдауларда шақырылған жұртшылықтың және БАҚ өкілдері қатысқандығын атап өтті, және өткізу тәртібі сақталғандығын есепке ала отырып, қоғамдық тыңдауларды ашық деп жариялады. Қоғамдық тыңдаулардың төрағасы («ҮМЗ» АҚ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бас маман - Белянинов Михаил Викторович) және қоғамдық тыңдаулардың хатшысы (ҚОҚ жөніндегі инженер - Овчинникова Лариса Ивановна) сайланды.
Белянинов М.В. қоғамдық тыңдаулар Қазақстан Республикасы Экологиялық кодекстің және қолданыстағы Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларының талаптарына сәйкес өткізіліп отырғандығын атап өтті.

Ол тыңдаулардың күн тәртібін жариялады:

«ҮМЗ» АҚ 2016 жылға Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарының жобасын талқылау.

Белянинов М.В. қатысушылардың назарына жұмыс регламентін ұсынды. Жұмыс регламенті бірауыздан қабылданды.


Сөйлегендер:

1. Сидоров С.В. - «ҮМЗ» АҚ өндіріс қауіпсіздігі жөніндегі директорыкәсіпорынның табиғат қорғау қызметі туралы.

Сөйлеу мәтіні қоса берілген.


2. Шефер И.В. – «ҮМЗ» АҚ «Қалдық шаруашылығы» учаскесінің инженер-гидротехнигі -

№5 тоған-буландырғыш (карта) құрылысы туралы, магистральды құбыр эстакадасының құрылымын күшейту туралы.

Сөйлеу мәтіні қоса берілген.
3. Абубакиров В.Т.«ҮМЗ» АҚ уран өндірісі газ тазарту және желдету жөніндегі мастері уран өндірісі газдарды тазарту қондырғыларында сүзгілерді (сүзгі элементтерді) ауыстыру туралы.

Сөйлеу мәтіні қоса берілген.


4. Коркин Е.А.«ҮМЗ» АҚ бериллий өндірісі директорының ЕҚ және ҚОҚ жөніндегі орынбасары - бериллий өндірісі газдарды тазарту қондырғыларында сүзгілерді (сүзгі элементтерді) ауыстыру туралы.

Сөйлеу мәтіні қоса берілген.


5. Хрыкин В.П.«ҮМЗ» АҚ тантал өндірісі №58 цехі №2 бөлімшесінің аға мастері тантал өндірісінде шаңтазарту жүйелерінде «Нитрон» сүзгі матаны ауыстыру туралы.

Сөйлеу мәтіні қоса берілген.


6. Сыромолотов В.А. – «ҮМЗ» АҚ Сервис орталығының бастығы - «ҮМЗ» АҚ әкімшілік аумағын және СҚА көгалдандыру, күту және күтіп-ұстау туралы.

Сөйлеу мәтіні қоса берілген.


8. Недосеков Н.Н. – «ҮМЗ» АҚ Сынау орталығы радиациялық қауіпсіздік тобының жетекшісі «ҮМЗ» АҚ аумағында радиологиялық тексеру жүргізу туралы.

Сөйлеу мәтіні қоса берілген.


7. Осипов И.С. – «ҮМЗ» АҚ Сынау орталығының газ тазарту және желдету жөніндегі инженеріатмосфералық ауаның, жер үстіндегі су қоймаларының, жерасты суларының, топырақтың сапасын зерттеу туралы.

Сөйлеу мәтіні қоса берілген.


Жұртшылықтың өкілдерінен қойылған сұрақтар, ұсыныстар және ескертулер:

Ұсыныстар және ескертулер болған жоқ.


Талқылау нәтижесі бойынша негізгі қорытындылар:

Жиналысқа қатысушылар «ҮМЗ» АҚ 2016 жылға Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту қажеттілігі туралы бірауыздан пікір білдірді.


Қосымшалар:

  1. Қатысушылар тізімі 1 парақта орыс тілінде.

  2. Қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы газеттегі хабарландырулар жарияланған беттерінің көшірмелері 2 парақта.

  3. Қатысушылардың сөйлеу мәтіні 20 парақта орыс тілінде.

Тыңдаулардың төрағасы: Белянинов М.В. 20.10.2015





Тыңдаулардың хатшысы: Овчинникова Л.И. 20.10.2015

Тарату: ӨҚДҚ, ТДДҚ, ПӘҚДҚ, ӨТБ, УӨ, БӨ, ТӨ, СО, ЭО, СО, ОҒЗЗ, ҚШ, ҮЖКИ, ДӨҚ

Орын.Овчинникова Л.И.

Тел.9-86-17

Перевод: Ахмадиева М.С. 20 10. 2015










©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет