Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет230/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
дас былай жауап берді: шындықты 
жаз. Қазіргі шындық не? Ол – 
Кеңестер Одағының қай майданын, 
қай ісін алсақ да үлкен күрестер 
арқасында барлық қиындықты же-
ңіп үстемдік алып отырған соци-
ализм. Социалдық нағызшылдық 
бі реудің ойлап шығарған фантазия-
сы емес, кеңес әдебиетінің қазіргі 
өсу бағытындағы шындықтан өсу 
бағытындағы шындықтан алынып 
отыр» деген түсіндірме жасайды [67, 
94]. Социалистік реализм жолымен 
жазу үшін сол дәуірдің мазмұнын 
түгел түсініп алып, оны шындыққа 
сай толық көрсету қажеттігін ашып 
береді де, Ғ. Мүсірепов шындықты 
жазудың үш түрлі шартын көрсе-
теді. «Бірінші, алған оқиғаның әрбір 
бөлегіне дейін түгел шын көрсету-
мен қатар, оқиға тұтасынан нағыз 
шындық болып шықсын. Екіншісі, 
сурет, көркемдік қатар отырсын. 
Үшіншісі, әрбір геройыңның мінезі, 
ісі, өзгеруі, қысқасы әрбір адымы өз 
жағдайына қарай болады. Геройың 
өзгерсе – жағдайының өзгергені. Та-
қырып етіп алған нәрсеңді әрі толық, 
әрі көркем түрде көрсет». Міне, осы-
дан бастап жазған қазақ әдебиет тану 
ғылымында ғана емес, бүкілодақ тық 
әдебиеттану ғылымы жетпіс жыл 
бойы теориялық тұрғыда негіздеп 
келген және әлемдік әдеби-теориялық 
көзқарастан қызғыштай қорғап кел-
ген бұл әдістің қазақ әдебиетіндегі 
көрінісін, ұлттық әдеби-теориялық 
ой-пікір көп ойланып жатпастан-ақ 
сөз етуге кірісті. 
Негізінен бұл әдісті проф. Х. Әді-
баев айтқандай, «социалистік реа-
лизмнің теориясы мен практикасын 
біздің еліміздегі қоғамдық сана мен 
қоғамдық өмірдің өзі туғызды». Жа-
ңа дәуірдегі әдебиеттің көркемдік 
әдісі қандай болуы керек деген ой 
жазушылар мен әдебиетшілерді 
1920 жылдардың бас кезінде-ақ 
толғандырған болатын. 1923 жылы 
В. Маяковский ендігі жерде негізгі 
әдіс «тенденциозный реализм» бо-
луы керек дегенді ұсынған болса, 
1924 жылы А. Толстой «монумен-
тальды реализмнің» буржуазиялық 
эстетикаға қарсы тұратындығын 
дәлелдеуге ұмтылды. 1929 жылы 
РАПП-шылдар «пролетарлық ре-
ализм» деген терминді қолданды. 
1931 жылы И. Сталин жоғарғы пар-
тия мектебін бітірушілер алдын-
да сөйлеген сөзінде «социалистік 
реализм» деген атауды алғаш рет 
қолданды да, кеңестік идеология 
ғылыми тұрғыда негіздеуге көшті. 
«Халықтар көсемі» өзі басқаратын 
қоғамға қандай әдебиет қажет бо-
латынын білді. Оған тек азусыз, құс 
таңдай, қызыл иек әдебиет керек 
еді. Жазушылар қаламында қандай 
ұлы құдірет жатқанын сезді де, олар-
ды әрдайым ауыздықтап ұстауға
қажет бола қалса, өз жыршысына 
айналдыруға күш салды». Өйткені, 
1920 жылдардың соңы мен 1930 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


249


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет