Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет392/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   388   389   390   391   392   393   394   395   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

V БӨЛІМ. Әдеби сын тарихы және ғылыми мектептер
зерттеушілік ой-пікірдің даму про-
цесін, әдіснамалық мәселелерін 
ғы лыми тұрғыда жүйелі тексерген 
күр делі ғылыми зерттеу, моногра-
фиялық еңбек болмағанмен, бізде бұл 
мәселені арнайы да, жанама түрде де 
сөз еткен мақалалар мен еңбектер 
біршама баршылық. Әдебиет ту-
ралы ұлттық ғылымның туу, даму 
жолдары мен тарихының көптеген 
мәселелерін, келешек зерттеу жұмыс-
тарына бағыт-бағдар беретін соны 
көзқарастарды қазақ әдебиеті сыны 
тарихын зерттеген еңбектерден кө-
реміз. 
Қазақтың ұлттық әдебиеттану 
ғылымының қалыптасу кезеңдерін 
сөз еткенде ғалым Е. Ысмайылов: 
«Қазақ әдебиеттану ғылымының та-
рихына көз жіберсек, оның негізгі екі 
кезеңді бастан кешіргенін байқауға 
болады. Бірінші – үйрену, идеялық-
творчестволық принциптерді игеру 
кезеңі. Бұл революцияның алғашқы 
кезеңінен соғысқа дейінгі дәуірді 
қамтиды. Екіншісі – соғыстан ке-
йінгі дәуір, яғни қалыптасу, даму 
дәуірі» – деп екіге бөле отырып, 
алғашқы кезеңде, «өмірдің талап-
тілектеріне байланысты дүниеге ке-
луіне» әдеби мұраны игеру процесі 
мен қазақ әдебиетінің мектептер 
мен оқу орындарда жүргізіле баста-
уына сай, алғашқы оқулықтар мен 
хрестоматиялардың жазылуы түрткі 
болғанын атап көрсетеді [1, 35]. Ал 
академик М. Әуезов бұл турасында: 
«Қазақ әдебиеттану ғылымы бүгінгі 
жеткен сатысымен, түгелімен Ұлы 
Октябрь революциясының жемісі 
болды... Қазақ әдебиеті тарихы мен 
әдебиеттану жүйесі бізде орта мек-
тептерде оқу құралын жасаудан 
туды», – деп жазды [1, 355].
Осы жоғарыда келтірілген пікір-
лерге қарасақ, ұлттық әдебиеттану 
ғылымының тарихын кеңестік дә-
уір ден бастап зерттеу керек деген 
көзқарас негізінен дұрыс болғанмен, 
бұл ғылым саласының туу дәуіріне 
дейінгі тарихи бастаулары назар-
дан тыс қалғаны байқалады. Тари-
хымыз жаңаша таразыланып жатқан 
қазіргі уақытта европацентристік 
ой-пікір мен марксизм-ленинизм ілі-
мінің және зерттеу жұмыстарына 
қате қаулы-қарарлармен үнемі бағыт-
бағдар беріп отырған кеңестік идео-
логия ықпалында айтылып, қағидаға 
айнала жаздаған көзқарастарға сыни 
тұрғыда жаңаша қарау – әдебиет-
тану ғылымының қалыптасу тарихын 
зерттеу мәселелерімен тығыз байла-
нысты. 
Қандай да болсын ғылым сала-
сы аяқ астынан туа салып, бірге да-
мып кетпейтіні дәлелдеуді қажет 
етпейтін шындық. Ендеше әдебиет 
туралы ғылым да өзінің алғашқы 
адымын көркем шығарманың мә-
нін ұғып, рухани азық ретіндегі қо-
ғамдық маңызын түсінуден баста-
латын қарапайым ой-пікірден, баға-
лаушылық сипаттағы алғысөздер 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


416


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   388   389   390   391   392   393   394   395   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет