Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет395/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   391   392   393   394   395   396   397   398   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

V БӨЛІМ. Әдеби сын тарихы және ғылыми мектептер
бас тауларын зерттеуге көп уақыт қол 
байлау болып келгені рас [1, 360]. 
Қағидаға айнала бастаған көзқарасты 
бұзу оңай емес. Бұл бағыттағы ғы-
лыми-зерттеу жұмыстарға ал ғаш 
қадам жасаған профессор Т. Кә кі -
шевтің еңбегін, ұлттық тарихи та-
мырға қалам тартқан жылт еткен 
бір ой болса «ұлтшылдық» деп бай-
балам салып шыға келетін кеңестік 
идеология кезеңінде, үлкен ерлік деп 
бағаласақ, артық айтқандық емес. 
«Төңкеріске дейін 3 проценті ғана 
сауатты болды, біз барлығы үшін 
орыс халқына, оның революциясы-
на қарыздармыз» деген тұжырымды 
қайталай-қайталай санамызға сіңіріп 
алған тоқырау дәуірінде төңкеріске 
дейін қазақ әдебиетінің сынының 
туғандығын ғылыми дәлелдеп шығу, 
бүгінде ғана айтуға оңай. Мәселе – 
қазақ әдебиеті сынының төңкеріске 
дейін туғандығын білімдарлықпен 
жүйелеуде ғана емес, бастысы біздің 
төңкеріске дейін «надан» емес 
екенімізді, әдебиеті мен мәдениеті 
өзіндік ұлттық сипатта дамыған ха-
лық екенімізді танытуға ұмтылған 
ұлтжандылықтың жан айқайында жа-
тыр. 
Соның нақты бір дәлелі – «Қа-
зақ әдебиеті сынының туу және 
қалыптасу жолдары» атты 1971 жылы 
қорғаған докторлық диссертациясы. 
Ондаған жыл тірнектей зерттеген 
мехнатты еңбегі қазақ әдебиет сыны-
ның Октябрь революциясына дейін 
туғандығын, Ұлы Отан соғысына 
дейін жанрлық жағынан әбден қа-
лыптасып, оңаша отау тіккендігін 
дәлелдеп беріп отыр. Оның алғашқы 
бөлімі 1971 жылы «Сын сапары» 
атты монография болып жариялан-
ды. Екінші бөлімі – «Оңаша отау» – 
1982 жылы басылды. Қазақ әдебиеті 
сыны саласындағы еңбегі қазір ре-
спублика жоғары оқу орындарының 
негізгі оқу құралына айналып, оның 
алғашқы бағдарламасын 1982 жылы 
жасап, 1994 жылы 25 баспа табақ 
көлемінде оқулығын шығарды. Т. Кә -
кішевтің қазақ әдебиеті сынының 
тарихы саласындағы еңбегі қазақ 
әдебиеттану ғылымына қосылған 
зор үлес болып, ұлттық әдебиеттану 
ғылымындағы сын мен зерттеуде 
ғылыми мектептің негізін қалады.
Т. Кәкішевтің қазақ әдеби сы-
ны жайлы зерттеулері – ұлттық әде-
биеттануда тың жатқан келелі зерт-
теу нысаналарын зерттеуге баста-
ма салуымен құнды. Бұрын қазақ 
әдебиеттану ғылымында зерттелмей 
келген оның құрамдас үш бөлігінің 
бірі – әдеби сынды қолға алып, оның 
тың тарихына ғылымның түренін 
салған Т. Кәкішев екенін баса айт-
қан жөн. Ғалымның осы саладағы 
ізденістеріне көз жіберсек, үлкен 
ғылыми ерліктің куәсі боламыз. Әде-
би сын – әдебиеттанудың аса қиын да 
күрделі саласы. Нәтижесінде «Сын 
сапары» (1971), «Оңаша отау» (1982) 
монографиялары өмірге келді. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


419


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   391   392   393   394   395   396   397   398   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет