Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет401/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   397   398   399   400   401   402   403   404   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

V БӨЛІМ. Әдеби сын тарихы және ғылыми мектептер
Фольклорлық және классикалық мұ-
ра жарияланып, халықтың рухани 
азығына айналды, қазақ әдебиеті 
жанрлық жақтан дами бастады. Қазақ 
әдебиеті сыны туып, әдеби мұра-
ны сыншылдық-эстетикалық талғам 
таразысынан өткізе бастады, ғылы-
ми-зерттеушілік, әдеби-теориялық 
ой-пікір ұлттық әдебиеттің тарихы 
мен теориялық мәселелерін зерттеу 
жұмыстарына батыл ұмтылыс жасай 
бастады. 
Осылайша ғылыми-зерттеушілік 
сипатқа бет бұрған әдеби мұраны 
игеру жұмыстарына қазақ даласына 
қанды қырғыны мен қуғын-сүргінін 
ала келген төңкеріс кері әсер етті, 
дағдарысқа түсірді. 1920 жылдардың 
бас кезінен бастап төңкеріске дейінгі 
әдеби мұраны зерттеу мәселелеріне 
әр түрлі бағыттағы «формальды 
мектеп», «пролеткультшылдық ни-
гилизм», «бірыңғай ағым теория-
сы», «тұрпайы социологизм» секілді 
концепциялар қызу араласып, сын-
шылдық-эстетикалық, ғылыми-зерт-
теушілік, әдеби-теориялық ой-пікір-
де өз үстемдігін құру үшін өзара 
тартысқа түсті. Бұлардың барлығы 
да маркстік-лениндік әдіснаманың 
көркем әдебиет туралы саясаттағы 
бет-бағдарын анықтап алғанға дейінгі 
әр түрлі бағыттағы ізденістер еді.
Бұл концепциялардың орыс әде-
биеттану ғылымында орын алуын 
С. И. Машинский: «Поиски истины 
в научном исследовании никогда не 
даются легко. Особенно тогда, когда 
они лежат в совершенно новой, не-
известной области. Эти концепции 
посвоему были поиском истины, но 
в неверном направлении. Поступа-
тельное развитие марксистко-ле-
нинского литературоведения шло 
в острой идеологической борьбе 
с различными ошибочными кон-
цепциями», – деп жазды [39, 29]. 
Мәдени-тарихи, биографиялық, са-
лыстырмалы тарихи, филологиялық, 
психологиялық 
сияқты 
зерттеу 
мектептері болған орыс әдебиеттану 
ғылымының өзі 1920 жылдары осы 
қате концепцияларға бой алдырып 
алған болса, әдеби сыны енді ғана 
туып, әдебиеттану ғылымы толық 
көрінбеген біз секілді ұлт республи-
каларына тигізген әсері өте қатты 
болғанына дау жоқ. 
Осындай өзекті мәселеге әде-
биеттану ғылымында алғаш қалам 
тартқан Т. Кәкішев қазақ әдебиеті 
сынының тарихы мен әдеби мұраны 
игеру мәселелеріне байланыс ты 
өз еңбектерінде жан-жақты қарас-
тырды. Әсіресе, жоғарыда аталған 
қате концепциялардың сыншылдық-
эстетикалық, ғылыми-зерттеушілік, 
әдеби-теориялық ой-пікірде орын 
алуының объективті және субъективті 
себептері туралы тұжырымды ой-
лар нақты айтылуымен құнды. 
Әдеби мұраны игеру процесінде 
«өткендегі мұраның барлығы үстем 
тап мүддесін жырлайды, соларды 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


425


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   397   398   399   400   401   402   403   404   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет