Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет301/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
ілім мен әдіснаманы бақайшағына 
дейін шаға меңгерген, оның қағи-
даларын дәріптеудің соңы өрес-
кел бұрмалаушылықтар мен қате-
ліктерге апарып соқтыратынын ал-
дыңғы толқындағы әдебиетші-сын-
шылардың іс-тәжірибесінен үйре ніп 
өскен ұрпақ болды. Коммунис тік 
идеологияның 
көркемөнер 
мен 
әдебиетті, ғылымды саяси қыра-
ғылықтағы қыспағынан босата бас-
таған кезеңдегі ауыр жүкті қайыс пай 
көтеріп әкетуге ғылыми-теория лық 
дайындықпен келді де, бірден көзге 
түсе бастады.
Қазақ әдебиеттану ғылымының 
өз даму жолын қайта жалғастыра 
бастаған осы соңғы екі жыл ішіндегі 
соны қадамдарын жеке басқа та-
бынудан туындаған кемшіліктерді 
түзетуге бағытталатын алдағы үлкен 
өзгерістерге іштей дайындығы болды 
десек қателеспейміз.Ол СОКП-ның 
1956 жылғы ХХ съезінен басталған 
бетбұрыста, яғни жаңару, жаңғыру 
кезеңінде жүзеге асты. 
Тапсырмалар мен сұрақтар
1. Ұлы Отан соғысы кезіндегі ұлттық мүддедегі ғылыми-зерттеушілік ой-
пікір мен әдеби сын.
2. Маркстік-лениндік әдіснама қағидаларының әдебиет тарихын зерттеуде 
басшылыққа алынуының зардаптары.
3. 1940 жылдар басындағы оқулықтар мен хрестоматиялардағы әдебиет 
тарихының дәуірленуі.
4. Әдеби-теориялық және сыншылдық ой-пікірдің 1940-жылдардағы ізде-
ністері қандай?
5. Әдеби мұраны зерттеудегі тың ізденістер сипаты.
6. 1940 жылдардың ІІ жартысындағы партиялық қаулы-қарарлардың әдеби 
мұраны зерттеуге кері ықпалы.
7. «Тұрпайы социологизм» мен солақай сыншылдықтың 1940 жылдардың 
соңындағы кескін-келбеті.
8. 1940-50 жылдардағы әдеби сынның соны ізденістерін тап.
9. 1947 жылғы «Қазақ ССР Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет 
институтының жұмысындағы өрескел саяси қателер туралы» қаулының ұлттық 
әдебиеттану мен сынға тигізген зардаптары.
10. 1950 жылдар басындағы Абай ақындық мектебінің шәкірттері туралы 
айтыс.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


321
ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
11. «Тұрпайы социологизм» теориясы ықпалындағы «солақай» сыншылар 
және ұлттық әдебиет.
12. Қазақстан тарихын зерттеудегі «буржуазияшыл-ұлтшылдыққа» қарсы 
идеологиялық күрес және ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің дағдарысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет