ІV БӨЛІМ. Қазақ библиографиясының тарихы
Александр Ефимович Алекто-
ров қазақ балаларын оқыту жөнінде
прогресшіл көзқараста болды. Бас-
тауыш мектептерде ана тілінде оқы-
тудың пайдалы екенін дәлелдейді.
Орыс пен қазақ арасын жақындату
үшін қазақ кітаптарын орыс графи-
касымен бастырудың дұрыстығын,
жалпы қазақтар үшін орыс графи-
касын қабылдаудың маңызын атап
айтқан.
Орыс әрпімен қазақ тілінде
1898 жылы Орынборда басылып
шыққан «Киргизская хрестоматия»
оқулығына қазақтың 105 ұсақ әңгіме,
мысалдарын берген. Бұл оқулықпен
қазақ балалары талай жыл сауаттарын
ашқан. Революциядан бұрын Ақмо-
ла, Семей, Орал облыстарының қа-
зақ мектептерінде Ы. Алтынсариннің
«Хрестоматиясы» мен қатар Алекто-
ров құрастырған оқулықтар да көп
жыл пайдаланылды.
А. Е. Алекторовтың 1900 жылы
Қазанда басылған «Указатель книг,
журнальных и газетных статей и за-
меток о киргизах» деген мазмұндал-
ған көрсеткіші – аса құнды еңбектер-
дің бірі. Көрсеткіште қамтылған
3000 астам мақалаларда қазақ, орыс
тілдерінде төңкерістен бұрын жарық
көрген кітаптар, журналдар мен га-
зеттер бетінде жарияланған қазақ
елінің тарихы, этнографиясы, тілі,
әдебиеті, шаруашылығы жайын-
дағы мақала-хабарлардың мазмұны
және олар жайлы сол кезде жарық
көрген азды-көпті сыни ой пікірлер
берілген. Қазақ өмірінің бар жайынан
аса бай, бірден-бір құнды мағлұмат
беретін бұл еңбектің әдебиет зерттеу
жұмыстарында алатын орны да ерек-
ше.
Кітапта қазақ елі жайындағы
сол кезде шыққан орыс тіліндегі
ғылыми еңбектерге тоқтала отырып ,
қазақ тілінде жарық көрген кітаптар
мен мақала, хабарлар да молынан
қамтыған.Қазақ тілінде орыс әріпімен
басылған оқулықтар мен хрестома-
тиялар туралы көп мәліметтер ала-
мыз. Көрсеткіштің соңында қосым-
ша ретінде қазақ тілінде басылған
50 шақты кітаптың қысқаша маз-
мұны, қайда, қашан басылып шық-
қандары туралы, кейбіреуіне сын
пікір берілген. Солардың ішінде
1862 жылы Қазан қаласында алғаш
жарық көрген ұлттық эпостық кітап
«Ер Тарғын» поэмасын араб әрпімен
Н. И. Ильминский жариялағаны ту-
ралы, оны 1870 жылы орыс графика-
сымен қазақ тілінде В. В. Радлов оны
өзінің атақты жинағының ІІІ томын-
да бергені, кітаптың 1862 жылдан
1892 жылға дейін бес рет қайта
басылғаны туралы мәліметтер бар.
Қазақ тілінде алғаш басылған
кітаптардың бірі «Сейфүл-Мәлік-
тің» 1807 жылғы басылымы туры-
лы деректі де А. Е. Алекторовтың
осы көрсеткішінен оқимыз. Онда:
қазақтың бұл повестік әңгімесі
Қазан татарлары мен қазақ арасына
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
388
Достарыңызбен бөлісу: |