ІV БӨЛІМ. Қазақ библиографиясының тарихы
қолтық ұзақ жылдар еңбек етіп
келе жатқан орыс, ұйғыр, неміс,
тағы басқа ұлт өкілдерінің жазушы,
ақындарының «Қазақстан» баспа-
сында жарияланған олар туралы ма-
териалдарды да енгізген. Жоғарыда
атап өткендей бұл библиография лық
көрсеткіш маркстік-лениндік по-
зицияны берік ұстағандықтан, «әсі-
ресе, жиырмасыншы жылдардың
әдебиетінің библиографиясына өте-
мөте сақтықпен қарау біздің ең не гізгі
міндетіміз. Сол жылдардағы алаш-
ордашылардың, яки оларды қолда-
ған ұлтшыл-уклонистердің идея-
лық теріс бағытта жазылған әдеби
шатпақтары ғылыми библиографи-
ядан еш уақытта орын алмауға тиіс.
Сондай-ақ сол жылдарда қатты адасу-
да болған кейбір ірі жазушылардың,
әдебиетшілердің идея жағынан теріс,
саяси жағынан ұстамсыз жазылған
көркем шығармалары, яғни әдеби
мақалалары библиографияға кір меу
керек»,-дегендей
тұжырымдарды
со ла қай саясаттың салқыны деп
түсі нуіміз керек. Жиырма жылдық
мер зімде бірнеше мың мақалалар
мен кітаптар жайлы мол мағлұмат
бере отырып қазақ әдебиеттану
ғылымы және сынының қандай
дәрежеде өсіп-өрбігенінен, ұлттық
библиографияның қалыптасып, даму
үстінде екенін бұл библиография-
лық көрсеткіштің әдебиеттануда,
қа зақ библиографиясында алатын
бағасы зор. Дәуір талабына сай
партиялық позицияны берік ұс-
тап, материалдың саяси сипатына,
идеялық мазмұнына үнемі мұқият
назар аударса да Ә. Нарымбетовтің
бұл еңбегі – 1970 жылдардағы қазақ
библиографиясының қол жеткізген
үлкен табысы, В. Сидельников пен
Ғ. Әбетов еңбектерінен кейінгі қа-
зақ библиографиясының үлкен бір
жемісі болып саналады. Библиограф
Ә. Нарымбетов 1941-1955 жылдарды
қамтитын «Қазақ совет әдебиетінің»
екінші томын 1986 жылы «Ғылым»
баспасынан жарыққа шығарды. Бұл
еңбек 1970 жылы шыққан бірінші
томның жалғасы. Көрсеткіштің екінші
томына қазақ совет әдебиеті мен
өнері жайлы 1941-1955 жылдардың
арасында қазақ және орыс тілдерінде
жарық көрген ғылыми-теориялық,
сын мақалалар мен монографиялар
енді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына
қажетті бұл құрал жоғарыда аталған
бірінші томдағы хронологиялық
тәртіпті сақтап, он бес жыл арасын-
да жарық көрген, құнды мақалалар
мен кітаптар жайыннан мол мәлімет
беретін еңбек.
«Қазақ ССР кітап палатасының
жылнамасы» жүйелеген көрсеткішін
Қазақ ССР баспа, полиграфия және
кітап саудасы істері жөніндегі
мемлекеттік комитет, Қазақ ССР кі-
тап палатасы қазақша, орысша екі
тілде 1971 жылдан бастап шығарды.
Алғашқы еңбекті құрастырушылар –
П. А. Тоқжанова, З. М. Мұсалиевалар.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
408
Достарыңызбен бөлісу: |